Реферат М. Мазмны Кіріспе 1 Операциялы жйелерді даму баыттары
Скачать 106 Kb.
|
Реферат Тақырыбы: Операциялық жүйе Студент: Муратхан Е. Мазмұны Кіріспе 1 Операциялық жүйелердің даму бағыттары 1.1Операциялық жүйелердің функциялары және міндеттері .............3-5 1.2.Операциялық жүйе мен бір мезетте жұмыс жасайтын пайдаланушылар санына байланыстылығы ............................................6-8 1.3. Операциялық жүйені тұрғызу принципі....................................9 1.4. Операциялық жүйенің құрылымы..............................................10 1.5. Операциялық жүйенің негізгі түсініктері................................11-12 1.6.Жүйелік программалардың түрлері...........................................12 Пайдаланған әдибеттер тізімі.......................................................13 Кіріспе. Операциялық жүйелердің даму бағыттары. Операциялық жуйенің функциялары және міндеттері. Бір жағынан компьютердің аппаратурасы мен пайдаланушының есептері арасындағы интерфейс болып табылатын, ал екінші жағынан есептеуіш жүйесінің қорын тиімді қолдану және сенімділік есептеу ұйымдастыруына арналған басқарушы және өндеу программаларының комплексін операциялық жүйе дейміз. Әрбір программалық жасау құрауыштары операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс жасайды. ЭЕМ аппаратурасына операциялық жүйеден басқа программалық жасау құрауыштарының еш қайсысы қатыспайды. Пайдаланушының өз программаларымен әрекеттестігі операциялық жүйенің интерфейсі арқылы өтеді. Олардың әрбір командалары қолданбалы программаларға өту үшін операциялық жүйеден өтеді. Операциялық жүйенің орындайтын негізгі функциялары. пайдаланушыдан қабылдайтын командалар және олардың өңдеуі. басқа программаларды іске қосу, тоқтату, кідіру үшін қабылданатын және орындалатын программалық сұраныс; орындалатын программаларды оперативті жадыға жүктеу; 4. программаның инициациясы (передача ей упр-я в рез-те пр-р исп-т прогр-му) барлық программалар мен деректердің идентификациясы, деректер базасын басқару жуйесінің жұмысын жасау, программалық жасаудың тиімділігін көтереді; мультипрограммалау режимін жасау (екі және одан да көп программалардың бір процессорда орындалуы); барлық енгізу-шығару операцияларын ұйымдастыру және басқару функцияларын жасау; жадыны үлестіру; берілген стратегиялар және қызмет көрсету пән бойынша есептердің жоспарлауы мен диспетчерлеуі; орындалатын программалар арасындағы деректер мен хабарлардың алмасу кетігін ұйымдастыру; деректердің сақтауын жасау; бір программаны баска программаның қатерінен сақтау; жүйенің бөліктік жаңылысу кезінде берілетін қызмет; программалау жүйесінің жұмысын жасау арқылы пайдаланушылар өз программаларын дайындайды; Операциялық жүйенің міндеттері:дербес компьютерлердің аппараттық бөлігінің қосымшасы.Ол мәселелік программаларды сыртқы құрылғылармен байланыстыруды қамтамасыз етеді. Ал пайдаланушыға команда арқылы дербес компьютерлердің жұмысын басқаруға мүмкіндік береді. Операциялық жүйемен қатынасу қызметін алу үшін программаларға қажет интерфейсті операциялық орта дейміз (енгізу-шығару операциясын орындау, жадының участкесін алу немесе босату). Әр бір программалау жүйесі өзіне сәйкес операциялық жүйеде жұмыс жасайды. Операциялық жүйені қызметтеу үшін арнайы жүйелік программалар утилит дейміз. ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ – лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың ОЖ –лерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы — Ethernet, 1985 — Token Ring, 80ж. аяғында — FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды.. Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты. Windows операциялық жүйесі қолданушының дербес компьютерде жұмысын ыңғайлату үшін ойлап табылған. Оның пайда болуына дейін, кез-келген операциялық жүйе, қолданушыдан компьютердің басқару командалар тілін білуді талап еткен. Windows жүйелік ортаның бейнесін және онымен жұмыс жасау ережелерін өзгертті. Қолданушыға арналған қарапайым жұмыс ережелері бар ыңғайлы графикалық интерфейс пайда болды. Бірақ бұл өнімнің алғашқы версиялары суық қабылданып, қолданушылар арасында да, кәсіпкерлер арасында да үндес таппады. 1985-1990 жылдар арасында сұраусыз болған Windows, келесі бесжылдықта, MS-DOS операциялық жүйесінің алғашқы версиясының графикалық қабықшасынан Windows 95, Windows 98 және Windows XP версияларының толық операцияларық жүйесіне дейін өтіп, компьютерлік әлемнің бейнесін күрт өзгертті. Microsoft компаниясы IBM дербес компьютерлеріне арналған графикалық қабықшаларды жасауды 1981 ж. бастады. Жұмыстың бірінші этапы 1983 жылдың сәуір айында Interface Manager программасымен аяқталды. Бірақ, өкінішке орай, бұл программа да қабылданбады. Тек 1985 жылдың маусым айында ғана Interface Manager программасы Windows 1.0. атауымен жарық көрді. Бұл вариант та алдыңғылар сияқты үндес таппады, бірақ бұл бағытта жұмыс жалғаса берді. 1987 жылдың қазан айында Windows 2.0. версиясы жарық көріп, үндес тапты. Жартыжылдың ішінде осы программаның бірінші миллион көшірмесі сатылды. Windows 2.0. үшін Microsoft Excel кестелік процессоры және бірқатар мәтіндік процессорлар, солардың ішінді Word 1.0. программасы жасалынды. 1990 ж. мамыр айында Windows 3.0. жарық көрді. Бұл версия қолданушылардың арасында тез үндес тапты. Windows 3.0.-да толық графикалық интерфейс қана болмай, сонымен қатар ол көпмәселелік режимін қолдады. Windows жүйесінің ең маңызды жақсы жағы – сырт құрылғылармен жұмысты үйлестіру: бұл жүйе қосымшаларға типті интерфейсті ұсына отырып, сырт құрылғылардың жұмысын ұйымдастырады. Компьютерді тышқанның көмегімен басқаруға мүмкіндік беретін, программалар диспетчері де (Program Manager) пайда болды. Бірақ та Windows 3.0. жұмысының сенімділігі жоғары болған жоқ. Бұл кемсіздік 1992 ж. сәуір айында шыққан Windows 3.1. версиясында жойылды. Сонымен, 1993 ж. қазан айында пайда болған, 3.11. жұмыс топтарына арналған Windows-тың версиясы, жергілікті желілерді күтетін программалық қамтамасыздандыруды орнатумен байланысқан, кіші кәсіпорындардың мәселесін шешті. 1995 ж. қыркүйек айында шыққан Microsoft Windows 95 операциялық жүйесі IBM PC компьютерлік платформасына арналған тұңғыш графикалық операциялық жүйе болды. Windows 95 жақсы жақтарының маңыздылығы, оның компьютерлік әлемдегі триумфты бастамасы болды. Бірақ бұл жүйені пайдаланған кезде, оның көптеген кемшіліктері шыға бастады, біріншіден жұмыс деңгейінің сенімділігі жоғары емес. Олардың көбісі Windows 95-тің OSR 2 атты модификациясында жойылды. 1998 ж. шыққан Windows 98 операциялық жүйесі маңызды деңгейде болашаққа бағғытталды. Оған, бұған дейін бөлек бөлек қойлыған, стандартты программалар комплектіне кіретін программалар өнімдері енгізілді. Маңызды деңгейде коммуникациялық мүмкіндіктер күшейді. Windows 95 пен Windows 98-дің бірдей тұжырымдамасына қатысты, олар орындалатын функцияларымен бір-біріне өте жақын және қолданушы жұмысына өте ұқсас интерфейстерді ұсынады. 2000 жылдың аяғында Windows 2000 ізбасары Windows Whistler деген кодты атауы бар операциялық жүйе кең тарады. Алдымен жетілдірушілер жаңа операциялық жүйенің желілік жұмысқа ғана бағдарын емес, сонымен қатар оның ішкі құрылғыларының жаңашылдығын көрсету үшін, оған Windows NET1.0 деген атауды беруге жоспарлаған. 2001 ж. жазына қарсы бұрынғы Whistler Windows XP деген атау алды. XP – ағылшын тілінен аударғанда тәжірибе, сынау дегенді білдіретін experience деген сөздің қысқартылған түрі. Оның негізгі басқару құрылғылары – графикалық манипулятор және перне тақта. Бұл жүйе жеке компьютерді басқаруға арналған, бірақ шағын жергілікті компьютер желісін құруға арналған керекті құралдары және де компьютердің ауқымды желіге қосылуға арналған құрылғылары да бар. Операциялық жүйені жіктеу. Операциялық жүйелер біріншіден жалпы және арнайы тағайындалады. Есептерді өңдеу режимінде операциялық жүйе бір программалы және мультипрограммалы режимдерге бөлінеді. Бірсанашықтық есептеу жүйесінде бірнеше программаның бір уақытта орындалып жатқандай көріністі біз мультипрограммалық есептеуді ұйымастыру тәсілі деп атаймыз. Операциялық жүйе- дербес компьютерлердің ақпараттық бөлігін және мәселелік программаларды басқаруды қамтамасыз ететін және пайдаланушы мен өзара байланысты қамтамасыз ететін программалық құралдардың жиынтығы. Операциялық жүйені келесі нышандары бойынша жіктеуге болады: Микропроцессордың разрядтығына байланысты(8,16,32,64 разрядты) Есептеу жүйесіндегі процессорлардың санына байланысты:көп процессорлық және бір процессорлық. Паралельді орындалатын тапсырмалардың санына байланысты:бір тапсырмалық операциялық жүйе және көп тапсырмалық операциялық жүйе. Операциялық жүйемен бір мезетте жұмыс жасайтын пайдаланушылар санына байланыстылығы. Пайдаланушылық операциялық жүйе Көп пайдаланушылық операциялық жүйе Көп пайдаланушылық операциялық жүйе пайдалану саласына байланысты : Пакеттерді өңдеу. Уақытты бөлу. Нақты уақыт режимі. Есептеу жүйесіндегі дербес компьютерлердің санына байланысты:желілік және жергілікті. Дискілік операциялық жүйе-бір тапсырмалы операциялық жүйе.Оның командалық жол интерфейсі бар. Жалпы міндетті операциялық жүйе-уақытты бөлу режимінде бір немесе бірнеше пайдаланушының жұмыс жасауына арналған. Виртуалды машиналарының операциялық жүйесі- бірнеше программалардың бір уақытта жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Желілік операциялық жүйе- бірлесіп қолдану үшін бір желіге біріктірілген компьютер қорларын басқаруға арналған. Операциялық,мәтіндік қаптамасы-бұл дегеніміз операциялық жүйенің барлық мүмкіндіктерін сақтайтын,ақпаратты ыңғайлы және көрнекі түрде беретін DOC кейбір командаларын тез енгізетін дербес компьютер,оперативтік жады және олардың жүктелуі туралы тез арада ақпарат алу тағы басқалардың жүйесі. мысалы:Нортон команда. Операциялық графикалық қаптама-пайдаланушымен дербес компьютер арасында “Достық интерфейсін” құруға арналған. Операциялық жүйені тұрғызу принципі. Жилік принципі-программаларды және өңделетін массивтегі әрекет және деректердің пайдалану жилігін бөліп алу. Модульдік принципі-операциялық жүйелердің алдағы уақытта пайдалануына байланысты операциялық жүйелердің кейбір бөліктерін бөлу тәсілі. Операциялық жүйенің құрылымы. Тәжірибе жүзінде кез-келген операциялық жүйе ядро ұғымына ие.Операциялық жүйе ядросы-оның резидентті бөлігі болып табылады.Ол үнемі жедел жадыда болады және операциялық жүйе режимінде жұмыс жасайды немесе супер визор режимінде.Операциялық жүйеде негізінен ядро құрамына басқарудың базалық құралы енгізілген және бірнеше физикалық құралдарды басқаруды қамтамасыз ететін программалар жиынтығы енуі мүмкін. Ядроның негізгі қызметіне- көбіне үзуді өңдеу кіреді.Біз программаларды көбінесе қорларды басқарушы құрылғыларды драйверлер деп атаймыз. Мысалы:Операциялық жүйе ядросында жедел есте сақтау қүрылғысының драйвері болуы қажет.Сонан соң есептеу жүйесінің қорларын басқару программаларды ядроның айналасында жетілдіреді. 1-деңгей негізінен физикалық құрылғылардың драйверлерінен тұрады.Келесі деңгей логикалық құрылғыларды басқару.Осындай деңгейлер көп болуы мүмкін.мысалы:Біздің сұлбада(схемада) файлдарды басқару драйверлері пайда болуы мүмкін.Олар логикалық дискті басқару драйверлерімен байланысты.Ал басқалары өз кезегінде нақты физикалық құрылғылар драйверлерімен байланысты,т.с.с. Операциялық жүйенің барлық компаненттері супер визор режимінде және операциялық жүйе режимінде жұмыс істеуі міндетті емес.Ядродан логикалық қашықтықта орналасқан компаненттердің көпшілігі қарапайым қолданбалы режимде жұмыс істей алады.Операциялық жүйенің барлық компанеттері резидентті режимде жұмыс істеуі міндетті емес. Операциялық жүйенің негізгі түсініктері. Мәліметтерді,текстерді және программаларды дискілерді ұзақ уақыт сақтау үшін файлдар пайдаланылады.Файл біртектес информациялардың жиыны.ЭВМ-де жұмыс істеу барысында енгізетін және шығаратын мәліметтер саналуан файлдар түрінде болады.Әрбір файлдың өзіндік аты бар болуы тиіс,ол дискіде файлдар мазмұнында тіркеледі.Дискіде аттары бір-бірінен өзгеше көптеген файлдар сақталады.Файлдың аты толық екі сөзден тұрады,біріншісі-файлдың өз аты(ол сегіз таңбадан аспауы қажет),екіншісі-файлдың түрі не тіркеу деп аталады(ол үш таңбадан аспауы тиіс).Екі файлдың аттары бірдей болмауы тиіс.Файлдың аты мен түрі нүкте арқылы бөлініп жазылады.Уақытша құрылған файл аттарына тіркеу жазбай кетуге де болады.Олар үлкен немесе кіші латын әріптері мен цифрлардан тұрады.Файл аттарының мысалдары: COMMAN.COM ALMA.BAS NORTON.EXE TANLA5.DOC OLEG.TXT START Файлды алғашқы рет жазғанда операциялық система арқылы оның құрылған мерзімі мен уақыты және көлемі автоматты түрде тіркеледі.Бұл көрсеткіштерді файл сипаттамалары не атрибуттары деп атайды.Олар дискіде жазылып қалады. Файл атының тіркеуі онда сақталатын информацияның мазмұнына,түріне қарап беріледі.Файлдарды мазмұнына қарап біріктіруге мүмкіндік беретін мына төмендегідей стандартты тіркеулер бар,мысалы: .ASM ассемблер тілінде жазылған программа; .BAK негізгі файлды уақытша сақтап қоятын резерв(көшірме) файл; .BAS BASIC тілінде жазылған программа; .BAT OC жүйесінде жазылған командалық файл; .COM тәуелсіз орындалатын командалық файл; .DAT берілген мәліметтер файлы; .DOC текст түрінде берілген құжаттар файлы; .EXE OC басқаруымен жұмыс істейтін,екілік жүйедегі бірден орындылатын файл; .PAS Паскаль тілінде жазылған программа; .TXT текстілік файл; .CAL Supercale пакетінде жасалынған таблицалық файл; Алғашқы тақырыптарда компьютердің жұмысы операциялық жүйе арқылы басқарылатыны,ал пайдаланушының машинада түрлі информацияны өңдеу үшін арнайы дайындалған программаларды пайдалануы тиіс екені ескертілген болатын. Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған программалар жеткілікті.Олар негізінен мынадай кластарға бөлінеді: -Жүйелік программалар. -Қолданбалы программалар. Қолданбалы программалар- белгілі бір мамандық саласында берілген нақты есептерді шығара алатын әмбебап программалар жиынтығы(мәтіндік редакторлар,Excel электрондық кестесі,программалау тілдерінің программалары,т.с.с.).Практикада түрлі мәліметтерді өңдеуге арнап пайдаланушының(адамның) өзі құратын программалардың түрлері де көп.Мысалы,студенттердің мәліметтік тізімдері,оларды дискіде сақтап,өңдеу;бухгалтерияда айлық және стипендия ақпартізімдерін(ведомостарын) дайындау,т.б.Бірақ мақсатта пайдаланылатын программалар жиынтығын қолданбалы программалар дестесі(пакеті) деп атайды. Жүйелік программалардың түрлері: -операциялық жүйелер(ОЖ); -утилиттер; -сервистік программалар. Операциялық жүйе –компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар.Оның негізгі қызметі – программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру,жылдам жадты бөлу,компьютердің жұмыс істеуі кезінде қате жіберілу сияқты оқиғаларды анықтау,дискіні жұмыс істеуге дайындау,монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату,пайдаланушының программасын іске қосып,оны орындау,т.б.Яғни ОЖ- машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе.Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіде сақталып қойылады.Сондықтан ОЖ-ны дискілік операциялық жүйе (ДОЖ,DOS) деп те атайды. Процессордың типіне қарай, DOS-тың түрлі-түрлі нұсқасы бар. Әдетте оларға арналған атаулар беріліп қойылған.Мысалы,16 не одан жоғары разрядты IBM PC-ге үйлесімді компьютерлерде пайдаланылатын операциялық жүйе -MS DOS(Microsoft Disk Operating System). Алғашқыда оның да бірнеше нұсқалары жарыққа шықты: MS DOS 1.0,1.1,2.0,...,5.0. Одан соң шыққан кәсіби компьютерлер командалар жүйесі кеңейтілген MS DOS-тың 6.0 және т.б. нұсқаларын,ал қазіргі кездегі ЭЕМ-дер мен ДК-лер MS DOS-тан жүздеген есе күшті,параллель түрде бірнеше есепті шеше алатын MS Windows 95,98, Windows 2000, UNIX және т.б. операциялық жүйелерін пайдаланады. Windows операциялық жүйесімен жұмыс істеуді меңгеру үшін MS DOS операциялық жүйесінің командаларымен танысып алған дұрыс.Төменде осы жүйе жөнінде біраз мәліметтер берілген. Басқа операциялық жүйелер сияқты, MS DOS жүйесі мынадай бөлімдерден тұрады:BIOS,BIO.SYS(IBMBIO.SYS), DOS.COM(IBMDOS.COM) және COMMAND.COM. BIOS(Basic input/output System-негіздік енгізу/шығару жүйесі)-операциялық жүйенің ТЕСҚ-ға жазылып қойылған бөлімі.Оның орындайтын іс-әрекеттері: -компьютер электр желісіне қосылған соң автоматты түрде оның ішкі құрылғыларының жұмыс істеуге дайындығын тексеру(компьютерді тестілеу); -одан әрі,жүйелік болатын иілгіш не қатты магниттік дискіден операциялық жүйенің жүктеуші деп аталатын программасын жадқа енгізу(“Жүктеуші” жадқа өз жұмысын аяқтаған соң,жүйенің өзі MS DOS-тың келесі бөлімдерін жадқа енгізіп,қалған жұмыстармен айналысады); -жүйелік үзілісті ұйымдастыру.Мысалы,программаны орындау кезінде нөлге бөлу кездессе,ол оның мүмкін емес екенін хабарлап,машина жұмысын тоқтатады;пернетақтадан символ терілсе,ол процессордың осының алдындағы ағымдық жұмысына үзіліс жасайды(бұл кезде процессор пернетақтадан терілген символдың кодын қабылдауға дайындалады), т.б. BIOS-тың құрамында сыртқы құрылғылардың жұмысын басқару драйверлері де бар. BIO.SYS(IBMBIO.SYS)- BIOS жүйесінің жұмысын толықтырушы бөлім.Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды. DOS.COM(IBMDOS.COM)-ның жұмысы – пайдаланушының программалары мен түрлі информацияны дискіге тиеу не одан оператифті есте сақтау құрылғысына ендіру,дискіде тиеулі программаны жою және т.б.Ол жад ұяшықтарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады(ұяшықтарды белгілеу,бос ұяшықтарды есте ұстау,т.б.). COMMAND.COM- ның негізгі жұмысы- пайдаланушының программалары мен берілгендерді жадқа енгізу және оларды өңдеу. COMMAND.COM –ды командалық процессор деп те атайды.Ол ішкі не резиденттік деп аталатын мынадай командаларды да орындайды:DIR,CLS,COPY,DELETE,CD,MD,RD,DATE,TIME,VER және т.б.Бұл командалардың кейбірінің орындайтын іс-әрекеттері келесі тақырыптарда баяндалған. MS DOS – пен жұмыс істейтін компьютер іске қосылған кезде монитор экранының төменгі жағында операциялық жүйенің шақыруы деп аталатын C:\> не осы сияқты белгілеме көрінеді.Әдетте шақыру шыққан жол командалық жол делінеді.Пайдаланушы компьютерге беретін командасын шақыру белгісінен соң командалық жолда теріп алып,Енг(енгізу) пернесін басуы тиіс. 1985 жылы Microsoft Windows фирмасы алғашқы рет MS DOS-қа қосымша пайдаланатын Microsoft Windows 1.0 атаулы жүйелік программаны,ал соңғы жылдары оның кеңейтілген түрлі нұсқарын дайындап шықты(Windows - терезе).Одан соңғы жылдары мүмкіндіктері MS DOS-тан жүздеген есе артық 3.0,3.1,3.11 және т.б. нұсқалары жарыққа шықты.Мұндай MS Windows MS DOS жұмысын жеңілдететін Norton Commander(NC) сияқты қабықша программа,бірақ оған қарағанда мүмкіндігі мол және пайдаланудың басқа принципіне негізделген.Соңғы кездерде шыққан мүмкіндігі мол Windows 95, Windows 98, Windows 2000- MS DOS сияқты жеке операциялық жүйелер.Бұл жүйелерді 486 DX4,Пентиум және т.б. күрделі мүмкіндікті дербес компьютерлер пайдаланады. Утилиттер-программалау ортасында белгілі бір қызмет атқаруға пайдаланатын қосымша программалар.Мұндай программалар берілгендер қорын басқарушы жүйелерде,түрлі программалау тілдерінде жиі кездеседі.Мәліметтерді қысатын (архивтейтін),компьютерді вирусқа тексеретін,мүмкін болса,оларды жоятын программалар да утилиттер. Сервистік программалар- адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Жүйелік программалар мен қолданбалы программалар бірігіп компьютерді программалық қамтамасыз ету не жабдықтау программалары деп аталады. Ескерту. Windows жүйесімен жұмыс істейтін компьютерді ток көзінен ажырату үшін алдымен оны MS Windows жүйесімен жұмыс істеу режимінен шығарып алу міндетті. Пайдаланушы компьютерде иілгіш магниттік дискіні (дискетті) пайдалану үшін оны А: дискіжетегіне енгізіп,іске қосып алуы тиіс. MS DOS – та ағымдық(іске қосылған) С:-тен А:-ға өту командасы мынадай: С:\>А:Енг MS DOS – пен жұмыс істейтін компьютерді алғашқы рет іске қосқан кезде машина жадына MS DOS – пен бірге қажетті басқа жүйелік программалар да енгізіліп қойылады.Мысалы: Config.sys,Autoexec.bat,BASIC,TURBO, т.б. Олардың кейбірі операциялық жүйе қатарында жоқ болса(мысалы,Basic,Turbo Pascal), қажеттісімен жұмыс істеу үшін сәйкес жүйе жазылған иілгіш магниттік дискіні пайдалануға болады не алдын ала оны ағымдық болатын С: дискісіне жүктеп алу керек. Config.sys – үйлестіруші программа.Оның қызметі- жаңадан қосылатын сыртқы құрылғылардың драйверлерін MS DOS – қа қосу,орыс/қазақ әріптерін пайдалану,пернетақтаның функционалды пернелерімен және виртуальді жадпен жұмыс істеуін ұйымдастыру,т.б; Autoexec.bat – тың қызметі- шақыру символын экранға шығару;қажетті программаны каталогтардан іздеу;ағымдық ай,күн және уақытты көрсету; Norton Commander программалар пакетін жадқа тиеу,т.б. BASIC,TURBO – Бейсик,Турбо Паскаль программалау тілдерінің жүйелік программалары. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ О.Камардинов «Информатика». Алматы-2006. А.Жапарова «Информатика». Алматы-2006. Дейт К.Дж. «Введение в системы баз данных», Киев-1998. Бралиева Н.Б, Байшоланова Қ. С. «Ақпарат жүйесінің технологиясы». Алматы-2004. Айдарханов М.В. «Методологии и современные информационные технологии создания баз данных автоматизированных управляющих систем». Алматы-1998. Инчин А.С. «Система управления база данных». Москва-2006. |