курсова. Мазмны
Скачать 78.29 Kb.
|
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (тозу сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына 9 байланысты болып келеді. Бұл әдісте амортизациялық соманы аудару үшін: - қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді (жөндеу мәселесі және техникалық жағдайы, ауа райының оған тигізетін әсері т.б.) - Қазақстан Респупбликасының салық заңдылықтарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық заңды- лығының нормасынан аспауы тиіс. Қорытынды Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизация жүйесіндегі маңызды экономикалық элемент — оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизацияны есептеу әдісі амортизациялық қордың көлеміне, негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, төлемдер мөлшеріне (өнімнің құны қосылған) тікелей әсер етеді. Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады. Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады. Қазіргі кезде негізгі қорлардың жаңарту процесі машиналардың және құрал-жабдықтардың бағасы қымбаттауына байланысты жүзеге асыру қиынға соғып отыр. Құрал-жабдықтарды ауыстыруға және жаңа технологияларды құруға көп ақша мөлшері қажет. Кәсіпорынның өзінің қаражаттары жеткіліксіз, сондықтан бұл жерде инвесторлардың көмегісіз қиынға соғады. Кәсіпорында болашақта шығындарды бақылайтын оперативті басқару жүйесін құру және кәсіпорында толықтай бәсекеге қабілеттілігін және экономикалық тиімділігін көтеруге үлкен әсерін тигізетін бағдарламасын жасап шығару жоспарда. Жалпы алғанда негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін көтеру келесі бағыттарды кірістіреді: Өндірістік процестердің автоматизациясы; Құрал-жабдықтардың модернизациясы және оларды ауыстыру; Еңбекті және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру және т.с.с. Барлық берілген бағыттар кәсіпорынды дамыту жоспарында қарастырылады. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 3-4 жылдан кейін кәсіпорынның бір қалыпты өзінің дамуы қамтамасыз етіледі және әр түрлі тұрақсыз сыртқы факторлар кәсіпорынға айтарлықтай әсерін тигізбейді. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Абдильдина Л. И., Абдильдин С. С. Экономика предприятия. Алматы. 2004 жыл. Әлімбетов Қ. Ә., Мейірбеков А. Қ. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2003 жыл. Булатов А. С. Экономика. Москва. 1994 жыл Экономика предприятия под ред. Горфинкеля Б. Я., Швандара Б. А. Москва, ЮНИТИ-ДАНА, 2000 жыл. Жолдасбаева Г. Ө. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы –Алматы: Экономика, 2002 жыл. Қалдыбаев О., Темірбаев А. Экономика предприятия. Алматы "Санат" 1997 жыл. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы " Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 19 маусым 1995 жыл. Раицкий К.А. Экономика предприятия. Москва 1999 жыл. Родостовец В.К. Бухгалтерский учет. Алматы: Бико 1998 ж. Русак Н.А. Основы финансового анализа. Мн: Меркаванне, 1995 ж. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности промышленных предприятий. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық: 2002 ж. Сейітқазиева А. М., Бекназарова А. Т. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкершілік. Оқу құралы,- Алматы 2001 жыл. Экономика предприятия под ред. В.М. Семенова, - М., 1998 ж. Статистикалық есептеме, форма 11 «Кәсіпорын негізгі қорларының қозғалысы және бар болуы» 2005-2006 ж. Указ Президента РК, имеющий силу закона «О хозяйственных товариществах"- Казахстанская правда, 1995, 17 мая. Грузинов В.П. Экономика предприятия – М.:Юнити – 1998 г. Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия – М.:ИНФРА 1999 г. Раицкий К.А. Экономика предприятия. – Москва. 1999 г. Справочник директора предприятия. Под ред. М.Г.Лапусты- М.ИНФРА- 1996г. Экономика предприятия.Учебник для вузов. Под ред Н.А.Сафронова- М. Юрист- 1998 г. Экономика предприятия. Учебник под ред. проф. О.И.Волкова, В.К. Скляренко – М.: Инфра 2000 г. Экономика предприятия. Учебник по ред М Швайтцера- М.:Инфра 1999г. Жиделева В.В.,Коптейн Ю.Н. Экономика предприятия.Учебное пособие- М.:Инфра 2000г. Зайцев Н.Л. Экономика организации.- М.,2000 г. Экономика предприятия. Под ред В.Я.Хрипача.- М.:2000г. |