курсова. Мазмны
Скачать 78.29 Kb.
|
1.2 Амортизациялық саясаттың мәні және элементтеріАмортизациялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі.Ол елдегі экономикалық процестерге мемлекеттік әсер етудің маңызды тетігі ретінде қызмет етеді. Ен алдымен амортизациялық саясат негізгі өндірістік қорлардың жаңару процесіне, ғылыми техникалық прогресстің қарқындауына, инвестициялық қызметке әсер етеді, кейін осы арқылы қоғамдық өндірістің тиімділігіне әсер етеді. Экономикалық әдебиеттердің көздерін талдау көрсеткендей, ғалым экономистердің арасында амортизациялық саясат мәнін макроэкономикалық және микроэкономикалық денгейде тұтас жүйе ретінде түсінуде бірдей көзқарас, тұрғы жоқ. Экономиканың ғылыми техникалық прогресін анықтайтын салалар үшін, мемлекет жедел амортизацияны белгілейді, ол қолданатын енбек құралдарын тез істен шығаруға, оларды неғұрлым жетілген түрлерімен алмастыруға мүмкіндік береді.Оларды енгізу өз алдына физикалық жағынан әлі тозбаған құрал жабдықтарды істен шығарғаннан гөрі тиімді болады .Бұл жаңа техника өндірушілерді жаңа модельдерді өндіріп, шығаруға ынталандырады. Сатып алушы сатып алынған техниканың жоғары өнімділігі және аз енбек сыйымдылығы сияқты жоғары параметрлері есебінен ұтады.Бірақ оның жағымсыз жағы да бар: істен шыққан техника, оның негізінде сұранысы бар өнім өндіретін кәсіпорындарға сатылуы мүмкін. Бұл схеманы іске асыру үшін белгілі бір шарттар қажет. Біріншіден машина жасау кешені өндіріс құралдарына сұранысты қанағаттандыру керек. Екіншіден жаңа техниканың тұтынушылық сапасының өсу қарқыны амортизация қарқынын озу керек. Бағалау бойынша жаңа құрал жабдық алмастырылатын жабдықтан 40-50% жоғары, әрі күшті болуы керек.Бұл шектен төмен болса ,реновацияның ешқандай мағынасы болмайды: жұмыс атқарып тұрған станокты дәл сондай станокпен алмастыру үшін оны үш жыл бұрын істен шығарудың қажеттілігі болмайды. Амортизациялық саясат бұл - шаруашылық субъектілердің дамуына қолайлы шарттар туғызу, ғылыми техникалық прогрессті жеделдету және мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыру мақсатымен, амортизацияланатын мүліктің жай және кенейтілген ұдайы өндіріс саласында мемлекеттің іске асыратын ғылыми негізделген және мақсатты шаралар жүйесі. Уақытқа байланысты өндіріс процесіне қатысатын негізгі құралдар,уақыт өте келе жойыла бастады,яғни физикалық,техникалық күшке байланысты,өздерінің қызметін экономикалық факторға байланысты жойып жібереді. Тозу –бұл физикалық,моральдық процестің жойылуы.Негізгі құралдардың екі жойылу түрі болады:физикалық және моральдық.Негізгі қордың қолданыстағы процесінде жүзеге асатын физикалық тозу мен негізгі қордың бастапқы тұтынушылық құнының бірте бірте жоғалуы.Негізгі қордың физикалық тозуы олардың сапасына байланысты болады,оның техникалық дамуын (материалдық түрі, сапасы, құрылыстың сапасы) технологиялық процестің ерекшелігі,уақытқа байланысты қозғалысы (жылдық жұмыс күшінің сапасы,тәулік ауысым,тәулік жұмыс сағаты) негізгі қордың сыртқы шарттарын қорғау, негізгі қордың сапасына қарау және оған қызметтер көрсету,негізгі қордың қарым –қатынасы эәне квалификациялық жұмысқа байланысты болады. Негізгі қордың физикалық тозуы элементі бірдей болады. Негізгі қордың тозуын толық және біріңғай айырмашылығы бар.Негізгі қорға толық тозу кезінде жойылады және жаңаларымен ауыстыруға әсер етеді.Негізгі қордың ескірген маңызды бөлігі өндірісте яғги,ұлттық шаруашылық өнеркәсібінің жойылуына акеледі.Біріншіден,салымдардың көбейуін талап етіп,ескірген құрылғыларды,капитал ремонт жасап,жұмыстың жағдайын жақсарту. Екіншіден,жаңа техниканы қолданылуына мүмкіншілігі болмаса да,ескірген өндірісті толық пайдалануын қадағалау. Осыған байланысты өнімнің көлемі мен қызметтері азаяды. Моральдық тозу –қондырғылардың қысқаруына,машина бағасының төмендеуіне өндіріске шығындар болып табылады.(бірінші түрдегі моральдық тозу) қорытындысында,прогрессивті және экономикасы эффективті машиналар мен қондырғылар осы екінші жаңа енгізудің моральдық тозудың түріне жатады.Моральдық тозу әсерінен негізгі қорлар техникалық және экономикасы тиімді түрі жағдайында артта қалып қояды. - Моральдық тозудың бірінші түрі-машына бағасының жойылуы физикалық тозумен сәйкеспеуі,осы машиналарды дайындап,қорытындысында,жаңа қызметтерді пайдаланып арзандату болып табылады.Моральдық тозудың бұл түрі ,осындай машина жасаудың жұмыс уақытының қысқаруына байланысты шақырады.Осы қызмет көрсету уақытының өнімді дайындау бағасының төмендеуіне құрылғылардың жалғауына байланысты физикалық тозу емес,техникалық прогресі,еңбек өндірісінің өсуі,жаңа негізгі құралдардың өндірілуіне байланысты болады.Моральдық тозудың бірінші түрі негізгі құралдың бағасының талабы өзгерілмейді,жаңа маннаның құрылымы өзгерілмейді және өндірістік құралдар да солай болып қалады,тек қана негізгі құралдардың бағасы өзгереді. Моральдық тозудың екінші түрі –ол машиналардың қолма–қол қозғалысының,құрал жабдықтардың,өндіріс қуатының қысқаруына байланысты болады. Қазіргі заман талабына сәйкес мерзім өтілген құрылғыларды есептен шығару өте күрделі.Өтілім шығарылған қондырғылардың ’’жаңа оперативті түрлері кәсіпорындарда пайда болуы ең қызмет көрсету түрлері,жедел турде экономикалық айырбасталуы негізгі қор бойынша физикалық тозу дейік.Ескірген қондырғылардың өз уақытында,жаңа техникалық қондырғылармен ауыстырылмауынан олардан шығатын өнімдердің әрі қымбат,әрі төмен сортты өнім шығарылады Амортизациялық саясат ғылыми техникалық, инвестициялық, қаржы несиелік саясаттармен тығыз байланысты, бірақ олардың барлығы да мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының құрамдас бөліктері болып табылады. Амортизациялық саясат мақсаты – ғылыми техникалық прогрессті жеделдету, инвестициялық қызметті белсендендіру, айналымнан тыс активтердің ұдайы өндіріс және жаңару процестері үшін шаруашылық субъектілерге қолайлы шарттар, жағдайлар жасау. Амортизациялық саясат экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан, ол өндіріс тиімділігін арттыруға және отандық экономиканы көтеруге бағытталады. Амортизациялық саясат келесі бағыттар бойынша міндеттерді шешуге бағытталуы керек: Ғылыми техникалық прогрессті дамыту; Негізгі капиталдың жаңару процесін жеделдету және елдің ұлттық байлығын аттыру; Мүліктің пайдалы қолдану мерзімін оңтайландыру; Жай және кенейтілген ұдайы өндіріс процесі үшін құралдар жинақтау; Негізгі өндірістік қорларды объективті бағалау және қайта бағалау үшін шарттар жасау. Амортизациялық саясатты жасаған кезде мемлекет келесі принциптерді ұстануы керек: Негізгі қорларды қайта бағалауды іске асырудың өз уақыттылығы және дұрыстығы, әсіресе инфляция шарттарында; Негізгі қорлардың жай және кенейтілген ұдайы өндіріс поцесін амортизациялық аударымдар есебінен қамтамасыз ету; Барлық меншіктегі және ұйымдық құқықтық фопмадағы кәсіпорындарда амортизациялық аударымдардың қолданылуының мақсатты сипатын қамтамасыз ету; Барлық кәсіпорындардың жедел амортизация саясатын өткізу мүмкіндігі; Негізгі қорлардың өз уақытында жаңаруын ынталандыру және ғылыми техникалық прогерессті жеделдету; Амортизациялық саясатты өткізу облысында кәсіпорындарға үлкен құқықта беру. Амортизациялық саясаттың мәні, мақсаттары және міндеттерінен шыға отырып, амортизациялық саясат әрбір мемлекеттің экономикасында маңызды роль атқарады деген нәтиже жасауға болады. Тиімді амортизациялық саясатты өткізе отырып, мемлекет келесі міндеттердің шешілуіне ықпалын тигізеді: Ғылыми техникалық прогресс қарқынының жеделдеуі; Елдің ұлттық байлығын арттыру; Негізгі қорлардың сапалық жағдайын жақсарту; Инвестициялық қызметті жандандыру; Отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету; Ұлттық экономиканы дамыту. Қазіргі кезде мемлекет амортизацияланатын мүліктің пайдалы қолданылу мерзімін қысқату, сонымен қатар амортизациялық аударымдарды есептеудің жаңа тиімді механизмдерін қолдану бағытында, халықаралық стандарттарға негізделген жаңа амортизациялық саясат өткізуде. Амортизациялық саясаттың негізгі элементтері: Амортизациялық саясаттың инвестициялық және инновациялық саясаттармен тығыз байланысы. Амортизациялық аударымдар -инвестицияларды қаржыландыру көздерінің бірі және амортизацияланатын активтердің ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Амортизациялық аударымдардың мөлшері елдегі инвестициялық қызметті анықтайды. Амортизациялық аударымдар мен жалпы инвестициялар арасындағы қатынас экономиканың даму қарқынын сипаттайды. Егер жалпы инвестициялар амортизациялық аударымдардан көп болса, экономика жағдайы көтеріледі. Бұл жағдайда тек негізгі капиталдың ұдайы өндірісі қамтамасыз етіліп ғана қоймай, қаржыландырудың басқа көздері есебінен, әсіресе пайда есебінен оның өсімі қамтамасыз етіледі. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасы үшін өндірістің төмендеуі тән болды, амортизациялық аударымдар айналым құралдарын қаржыландыруға жұмсалды, нәтижесінде өндірістік қорлардың ескіруіне әкелді. Қазіргі кезде амортизациялық аударымдар негізгі қорлардың жай ұдайы өндірісін қамтамасыз ете алмайды. Инвестициялау бағыттары инвестициялық ресурстардың қалыптасуына әсер етеді. Осыған байланысты амортизациялық аударымдарды ен алдымен инновацияларды енгізуге бағыттау керек, себебі нарықтық қатынастар шарттарында бәсекелестік күшейеді, технологиялық инновацияларды игеру нәтижесінде негізгі қорларға көп шығын жұмсамай ақ енбек өнімділігін, өнім сапасын көтеруге болады. Амортизацияланатын мүліктің пайдалы қолдану мерзімін экономикалық жағынан өндеу. Пайдалы қызмет мерзімі - компания активтерін қолданудың күтілетін (есептік) мерзімі немесе активтерді қолдана отырып, компания өндіретін бұйым саны. Сонымен бірге активтерді эксплуатациялаудан алынатын тиімділікті максимизациялауға кері әсер тигізетін бірнеше факторлар бар. Сондықтан активтің пайдалы қызмет мерзімін анықтаған кезде жоғарда аталған стандартқа сәйкес келесі факторлар есепке алынады: активті қолданудың күтілетін көлемі, ол қуаттылық немесе активтің физикалық өнімділігі бойынша бағаланады; өндірістік факторлардан тәуелді ,күтілетін физикалық тозу.Ол мынадай факторлардан тәуелді: берілген активті қолданатын смена саны, компаниядағы жөндеу және қызмет көрсету бағдарламасы,жұмыс жасамаған кезде активті сақтау шарттары. өндірістік процесті жетілдіру немесе өзгерту, нарықта берілген өнімге сұраныс көлемінің өзгеруі нәтижесіндегі рухани тозу. активті қолдануға заңды немесе басқа да шектеулер (мысалы аренда мерзімі). Амортизациялық аударымдарды есептеудің тиімді механизмін іске асыру. Қазіргі нормативті актілерге сәйкес мемлекет амортизациялық аударымдарды есептеудің бірнеше механизмін қарастырады.Оларға келесі жатады: сызықтық әдіс; жеделдетілген (сызықтық емес) әдіс. (төмендетілген коэффициенттерді қолдану, жоғарылатылған коэффициенттерді қолдану, амортизациялық аударымдарды есептеудің жеңілдетілген тәртібін қолдану (шағын кәсіпорындар үшін), жеделдетілген амортизацияны қолдануға шектеулі сипаттағы шаралар қолдану). Қолдануға рұқсаты бар механизмдер негізінде әрбір шаруашылық субъект кәсіпорын дамуының нақты мақсаттары мен міндеттерінен шыға отырып, оңтайлы вариант таңдайды. Функционалды қолданылуына сәйкес амортизациялық аударымдардың қолданылуын қамтамасыз ететін шарттар жасау.Соңғы бірнеше жыл барысында қазақстандық нарықтағы инвестициялардың ұсынысы, оларға деген қажеттіліктерді қанағаттандырмайды, сондықтан бәсекеге қабілетті отандық техникалық базаны құру үшін қосымша ресурстар тарту қажет.Осыған байланысты қазіргі кезде негізгі капиталдың массалық жаңару мүмкіндігі болмайды, әсіресе меншікті инвестициялық ресурстар есебінен.Сыртқы көздерден ресурстар тарту қажет.Қалыптасқан жағдайларда айналымнан тыс активтердің ұдайы өндірісін қаржыландырудың жалғыз, әрі тұрақты көзі – амортизациялық аударымдар. Ол үшін мемлекет амортизациялық аударымдардың олардың функционалды мақсатына сәйкес қолданылуын қамтамасыз ету үшін қажетті шарттар жасау керек. Амортизацияланатын мүліктің жаңаруын жеделдетуді салықтық жағынан ынталандыру.Жеделдетілген амортизация механизмін инвестицияларды және жаңа техниканы енгізуді ынталандыру мақсатын көздейтін , салық женілдіктерінің өзіндік формасы ретінде қарастыруға болады. Амортизациялық саясатты өндеу және іске асыру поцестерін әдістемелік басқару. Амортизациялық саясатты әдістемелік басқару нормативті актілер пакетін дайындау,персоналды оқыту бойынша шаралар өткізу, сәйкес бағытта тәжірибе алмасу, амортизациялық аударымдар есептеудің жаңа әдістерін, ережелерін енгізу процестерін басқару, есепке алу, есептеме дайындау,құжаттарды өз уақытында жеткізу және басқа да шаралар. Амортизациялық саясатты әдістемелік басқару басқарудың барлық денгейлерінде жүзеге асырылуы тиіс: республикалық және жергілікті, себебі амортизациялық саясаттың тиімділігі бұл процеске қатысатын қатысушылардың қабылдайтын басқару шешімдерінің сапасынан тәуелді болады. Амортизациялық саясатты іске асыруды бақылау және мониторинг. Мониторинг –амортизациялық саясат саласында ,оның іске асуын бақылау және болжау мақсатымен жүргізілетін бақылау қызметі.Мониторинг келесілерді қамтиды : белгілі бір форма бойынша мәліметтер алу, соңғы мәліметтерді жинақтау және дайындау, амортизациялық аударымдарды есептеу механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру,оладың қолданылуының мақсаттылығын қамтамасыз ету, олардың рационалды қолданылуын бақылау. Мониторинг көмегімен алынатын ақпарат инвестиция көлемін бағалауға, кәсіпорынның ағымдық шаруашылық қызметін және кәсіпорын стратегиясын бағалауға, амортизациялық саясат механизмінің сапасын және оның даму перспективасын бағалауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің амортизациялық саясатының нәтижелерін бағалау. Мониторинг процесінің нәтижесінде алынған ақпарат негізінде тиімділік тұрғысынан амортизациялық саясаттың нәтижелілігі бағаланады. Амортизациялық саясаттың тиімділік көрсеткіштері ретінде мыналарды алуға болады: негізгі қорларды енгізу және олардың істен шығу қарқынының қатынасы; негізгі қорлардың тозу дәрежесі; амортизациялық аударымдарды функционалды қолданылуына сай қолдану; негізгі қорларды орташа жасы; айналымнан тыс активтер құрылымында материалды емес активтердің үлесі; жеке өнім түрлерін өндіру бойынша өндірістік қуаттылықтың қолданылу дәрежесі; негізгі өндірістік қорлардың құрылымында олардың белсенді бөлігінің үлесі; амортизацияланатын мүлікті қолдануды жақсарту есебінен табыстың өсімі. Амортизациялық саясаттың , оның механизмдерінің тиімділігін, оның даму перспективаларын бағалау, негізгі капиталға инвестицияларды іске асыратын кәсіпорындар үшін де, республикалық, аймақтық, жергілікті денгейде экономикалық процестерді реттеп отыратын басқару органдары үшін де маңызды болып табылады. Өндірістік әдіс амортизациялық аударымдар тек қана объектіні пайдалану мерзімен анықталады, яғни амортизация сомасының және өндірістік қуаттылықтың арасында тікелей байланыс бар. Бұл кезде амортизацияны анықтау үшін жұмыс жасау мезгілі ескерілмейді. Өндірістік қауттылық өнім шығару бірлігімен, эксплуатация сағатымен, жүріс бірлігімен және т.б. берілуі мүмкін. Активтің қалдық құны жойылу құнына жеткенше өндіріс қуаттылығына тіке пропорционалды жыл сайын төмендей береді. Бұл әдіс эксплуатация уақыты техникалық көрсеткіштерге немесе субъекттің шаруашылық қызметінде өзгерулермен шектеулі болған кезде қолайлы. Өндірістік әдісті таңдауда объектінің өндірістік қуаттылығын пайдаланудан байланысты амортизацияның ауытқу көлемі жылдан жылға амортизацияның өзгеретін тенденциялар туралы нақты анықтамалар бермейтінін және өзіндік құнды және қаржылық жағдайын анықтауда тікелей әсерін тигізетінін ескеру қажет. Технологияны жетілдіру жағдайында құрал-жабдықтар моральды тез тозады. Сондықтан қаржылық шарттарды құру мақсатында өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуді тездету үшін және негізгі қорларды жаңартуда мүдделігін көтеру үшін субъектілер амортизацияның жеделтілген есептеу әдісін қолдануларына болады: а) сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару әдісі (кумулятивті); б) кішірейетін қалдық әдісі. Сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару әдісі есептік коэффициентін анықтаудан тұрады, коэффициент бөлімі пайдалы жұмыс істеу жылдарының сомасына тең, ал алымы кері қатардағы қызмет мезгілінің қалған жыл мөлшерінен тұрады. Бұл коэффициент әр түрлі эксплуатация мезгілінде әр түрлі, бірақ амортизацияланатын құнның тұрақты мөлшеріне қолданылады. Бұл әдісті қолданғанда бірінші жылдары амортизациялық аударымдар сомасы келесі жылдарға қарағанда айтарлықтай жоғары болады. Кемитін қалдық әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнмен емес баланстық құнмен жүргізуден тұрады. Тіке сызықты әдісте амортизация нормасы екі еселенеді. Бұл кезде амортизация сомасы жылдан-жылға төмендейді, алғашқы жылдары ол айтарлықтай көп болады. Амортизацияны есептеген кезде қалдық құнды жойылу құнына дейін төмендету үшін пайдаланатын амортизация сомасы мөлшерімен шектелетін соңғы жылды қоспағандағы жоспарланатын жойылу құны амортизацияны есептеген кезде ескерілмейді. Соңғы жылдары дамыған елдерде машиндердің құнын тез тізімнен шығарудан жаңа әдісі – амортизацияның регрессивті және прогрессивті әдістер комбинациясы қолданылады. Кәсіпорын үшін амортизациялық саясатты таңдаудың мәні және міндеттері Ұйымның амортизациялық саясатын - негізгі операциялық капиталды басқарудың жалпы саясатының құрамдас бөлігі ретінде, меншікті инвестициялық ресурстардың қалыптасуының саясатының бөлігі ретінде,операциялық айналым активтерін басқару саясатының құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады. Ұйымның амортизациялық саясатының міндеттері: Амортизацияланатын мүлікті бағалау және қайта бағалау. Амортизациялық аударымдарды дұрыс есептеу үшін амортизацияланатын мүлікті бағалау және қайта бағалау маңызды орын алады. Негізгі қорлар бухгалтерлік есепке алғашқы құны бойынша алынады,мұның өзі шетелдік стандарттардың негізгі талаптарына сай келеді. Сондықтан кәсіпорын айналымнан тыс активтердің объектілерін ала отырып, олардың құнының қалыптасу ерекшеліктерін есепке алу керек. Алғашқы құны бойынша негізгі қорларды есепке алу қалпына келтіру құнынан ерекшеленеді (әсіресе инфляцияның жоғары қарқынында) және есептелген амортизациялық аударымдар суммасы негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне шығындарды жаппайды.Бұл шарттарда оларды қайта бағалау қажеттілігі туындайды. Жоспарлы экономика шарттарында негізгі қорлардың қайта бағалануы он жылда бір рет жүргізілген болатын, нарықтық қатынастарға өту,шаруашылық жүргізу шарттарының өзгеруі, инфляция қарқынына байланысты қайта бағалау жиі жүргізіледі. Негізгі қорларды қайта бағалау екі әдіспен жүргізіледі: индексті әдіс, бұл жағдайда бухгалтерлік баланста көрсетілген негізгі қорлар объектілерінің қалпына келтіру құны ҚР –ның Госкомстат белгілеген коэффициентке көбейтіледі. тікелей есептеу әдісі, бұл жағдайда негізгі қорларды қайта бағалау,ұқсас объектілердің баға денгейіне негізделген, эксперттік нәтиже негізінде жүргізіледі. Негізгі қорларды қайта бағалауға нарықтық көзқарас тұрғысынан , негізгі қорлардың нақты құнын есептеуге мүмкіндік беретін халықаралық стандарттарда қарастырылған әдістерді қолдануды қарастырады. 2. Негізгі қорлардың және материалды емес активтердің пайдалы қолдану мерзімін анықтау. Қазақстан экономикасында амортизациялық топтарға кіретін негізгі қорлардың классификаторын қолданбастын бұрын ,негізгі қорлар объектілерін қолданудың пайдалы мерзімдері айтарлықтай болатын, олар шетелдік стандарттардан 3-4 есе асып кететін. Мысалы биік ғимараттардың пайдалы қолдану мерзімі 250 жыл, көп қабатты ғимараттар – 100 жыл, темір бетонды көпірлер– 100 жыл, қолмен басқарылатын металл кесуші станоктар – 20 жыл, цемент өндірісінде қолданылатын пештер– 20 жыл, орташа класс автокөліктері -9 жыл. Эксплуатациялаудың халықаралық нормаларына бағытталған, 2002 жылдан бастап өткізіліп жатқан амортизациялық саясат объектілердің пайдалы қолдану мерзімін бірнеше есе қысқартуға мүмкіндік беріп, амортизацияны есептеудің халықаралық тәжірибесін қолдануға мүмкіндік береді. "Амортизациялық топтарға кіретін негізгі қорларды топтастыру" туралы ҚР –сы Үкіметінің қаулысына сәйкес , салық салу мақсатына енгізілген берілген топтама бухгалтерлік есеп мақсаттарына да қолданыла алады.Бухгалтерлік есепте бұл топтаманы қолдану негізгі қорлардың пайдалы қолдану мерзімін анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі қорлардың пайдалы қолдану мерзімі келесі жағдайларға байланысты анықталады: күтілетін өнімділік немесе қуаттылыққа сәйкес, берілген объектіні қолданудың күтілетін мерзімі: эксплуатация тәртібі (смена саны) ,табиғи шарттар, агрессивті орта әсері, жөндеу өткізу жүйесі және басқа да жағдайлардан тәуелді күтілетін физикалық тозу; объектіні қолданудың нормативті – құқықтық және басқа да шектеулері. 3. Амортизация есептеудің әдістерін таңдау және негіздеу. Шетелдік тәжірибеде амортизациялық аударымдарды есептеудің көптеген әдістері қолданылады. Прогрессивті (жеделдетілген) және дигрессивті амортизацияның оншақты арнай әдістері белгілі. Өнеркәсіптік дамыған елдерде амортизацияны есептеудің әдістерінен мыналарды атап көрсетуге болады: - алғашқы құннан сызықтық амортизация; - нарықтық құннан сызықтық амортизация; - объектіні пайдалану денгейіне сәйкес амортизация; - анықталған базалық шаманы алып тастағаннан кейінгі амортизация; - қалдық құнды алып тастағаннан кейінгі амортизация; - төтенше амортизация; -күрделі проценттерді қолдануға негізделген амортизация әдісі; - функционалды амортизация әдісі; -пропорционалды рентабельділік әдісі. Амортизацияны есептеу әдістерінің кең тізімі тек жекелеген елдердің ұлттық ерекшеліктерін емес , сонымен қатар белгілі бір кәсіпорындардың қызмет етуінің жеке шарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстандық заңдар амортизацияның қолданылатын спектрін шектейді, сонымен бірге заңмен рұқсат етілген амортизациялық аударымдарды есептеу әдістері де толық мөлшерде қолданылмайды. 4. Амортизациялық аударымдардың мақсатты қолданылуын қамтамасыз ету. Амортизациялық аударымдар өнім өндіру және өткізу шығындарының құрамына кіреді, өнім өткізгеннен кейін түсім құрамында ұйымның есептік шотына түседі. Бухгалтерлік есеп шотының жаңа жоспарына сәйкес амортизациялық аударымдар жалпы ақша айналымында жүреді және ақшалай құралдардың жеке қоры ретінде құрылмайды. Нәтижесінде олар функционалды қолданылуымен қатар, басқа да мақсаттарға жұмсалуы мүмкін (мысалы айналым құралдарын қаржыландыруға). Бірақ егер қаржылық жағынан тұрақты ұйымдарда амортизациялық аударымдар қысқа мерзімді кезенде мақсатты емес қолданылса, кризистік жағдайларда амортизациялық аударымдар меншікті айналым құралдарының тапшылығын қаржыландырудың тұрақты көзіне айналады. Нәтижесінде ұйым негізгі қолардың және басқа амортизацияланатын мүліктің ұдайы өндірісін қаматамасыз ете алмайды. Амортизациялық аударымдардың мақсатты емес қолданылуының негізгі себебі қаржылық ресурстардың жетіспеушілігімен қатар, амортизациялық аударымдар бұл меншікті құралдар, сондықтан көпшілік пікір бойынша ол тегін болып саналады. Осыған байланысты қаржылық ресурстарда қажеттілік туындаған жағдайда бұл қаржыландыру көзі бірінші орында тұрады. 5. Амортизацияланатын мүліктің шектен тыс физикалық және рухани тозуын болдырмау.Негізгі қорлардың физикалық тозуы – негізгі қорлардың материалды тозуы, эксплуатация немесе қызмет етпеу, табиғи күш әсерінің,төтенше жағдайлар (жер сілікінісі, су тасқыны, өрт және т.б.) әсерінің нәтижесінде негізгі қорлардың өзінің табиғи қасиеттерін (физикалық,химиялық,биологиялық) және құнын жоғалтуы.Физикалық тозу негізгі қорларды жарамсыздыққа әкеледі, нәтижесінде оларды жаңа қорларға ауыстыру қажеттілігі туындайды.Физикалық тозудың абсолютті көлемі жинақталған амортизациялық аударымдар суммасымен бейнеленеді. Рухани тозу – қызмет етіп тұрған негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің арзандауымен немесе негізгі қорлардың жаңа жетілген түрлерін өндіру, енгізуге байланысты негізгі қорлардың өз құнын жоғалтуы. Кәсіпорында амортизацияланатын мүліктің шектен тыс физикалық және рухани тозуын болдырмаудың, алдын алудың негізгі бағыттарына мыналарды жатқызуға болады: -жаңа техника мен технологияны енгізу; - негізгі қорларды енгізу қарқынының олардың істен шығу қарқынынан озуы; - негізгі қорларды жөндеу-эксплуатациялық қызметті жетілдіру; -рухани тозуға ұшырау дәрежесінен тәуелді активтердің пайдалы қолдану мерзімін дифференциациялау. 6. Айналымнан тыс активтердің жаңаруының қажетті көлемін анықтау. Әрбір ұйым өндіріс процесін қажетті санда және сәйкес сападағы негізгі қорлармен қамтамасыз етуге бағытталған, анық ұдайы өндірістік саясат өткізеді.Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің сандық сипаттамасы толық алғашқы құн бойынша негізгі қорлардың балансында бейнеленеді.Оны келесі түрде көрсетуге болады: Фк=Фн+ Фв-Фл, (1) Мұндағы Фк - жыл соңына негізгі қорлардың құны; Фн- жыл басына негізгі қорлардың құны; Фв-жыл ішінде енгізілетін негізгі қорлар құны; Фл - жыл ішінде жойылатын негізгі қорлар құны; Жай ұдайы өндіріс шарттарында іске қосылатын негізгі қорлар құны, физикалық және рухани тозу себебінен істен шығарылған негізгі қорларды алмастыруға жіберілетін негізгі қорлар құнын қамтиды.Осылайша, бұл жағдайда іске қосылған негізгі қорлар құны сәйкес кезендегі есептелген амортизациялық аударымдар суммасына сәйкес келеді.Сәйкесінше жойылатын негізгі қорлар құны физикалық және рухани тозу себебінен істен шыққан объектілер құнын қамтиды. Кенейтілген ұдайы өндірісте, амортизациялық аударымдармен қатар, негізгі қорларды сатып алуға басқа да көздер қолданылуы мүмкін: таза пайда, неселік ресурстар, займдар және т.б. Сондықтан іске енгізілетін негізгі қорлар құрамында өнім өндірісін кенейтуге арналған негізгі қорлар да кіреді.Жай ұдайы өндіріс шарттарында негізгі қорлар қажеттілігін келесі формула бойынша анықтауға болады: Фвп= Фф+Фм (2) Мұндағы, Фвп - жай ұдайы өндіріс шарттарында негізгі қорларды жаңартудың жалпы қажеттілігі. Фф - физикалық тозу себебінен істен шыққан негізгі қорларды алмастыруға жіберілетін негізгі қорлардың алғашқы (қалпына келтіру) құны. Фм- рухани тозу себебінен істен шыққан негізгі қорларды алмастыруға жіберілетін негізгі қорлардың алғашқы (қалпына келтіру) құны. Кенейтілген ұдайы өндіріс шарттарында негізгі қорлар қажеттілігін келесі формула бойынша есептеуге болады: Фвр= Фф+Фм +Фув (3) Мұндағы, Фвр- кенейтілген ұдайы өндіріс шарттарында негізгі қорларды жаңартудың жалпы қажеттілігі. Фф - физикалық тозу себебінен істен шыққан негізгі қорларды алмастыруға жіберілетін негізгі қорлардың алғашқы (қалпына келтіру) құны. Фув -өнімнің кенейтілген өндірісін қамтамасыз ету үшін қосымша іске қосылатын негізгі қорлардың алғашқы құны. 7. Негізгі қорлар ұдайы өндірісінің ен тиімді формаларын тандау.Ұйымның амортизациялық саясатын жасауда ен маңызды сәт, негізгі қорлардың ұдайы өндірісі іске асатын форманы таңдай білу, себебі одан жобаларды іске асыру тиімділігі тәуелді болады. Негізгі өндірістік қорлардың ұдайы өндірісінің ен тиімді формалары: техникалық қайта қаруландыру, өндірісті реконструкциялау және модернизациялау. Бұл жаңа құрылысқа қарағанда неғұрлым аз капитал салымдарын қажет етеді. 8. Негізгі қорлардың түрлік, технологиялық, жастық құрылымын жетілдіру.Мұндай жетілдіру күрделі салымдардың технологиялық және ұдайы өндірістік құрылымының өзгеруіне байланысты. Күрделі салымдардың технологиялық және ұдайы өндірістік құрылымын жетілдіру келесі позитивті өзгерістер тудырады: - күрделі құрылыстың жалпы цикл ұзақтығының қысқаруы; - үлестік капитал салымдарының төмендеуі; - объектіні уақытынан бұрын іске қосу және қосымша өнім өндіру, пайда табу. 9.Кәсіпорынның салық төлемдерін оңтайландыру. Дәстүрлі отандық тәжірибеде амортизация бухгалтерлік категория ретінде және амортизацияланатын мүліктің жай ұдайы өндіріс көзін жинақтаудың әдісі ретінде қаастырылады.Көптеген батыс елдерінің тәжірибесінде амортизация салық салу тұрғысынан қарастырылады және негізгі қорлардың дамуы мен жаңаруына салынған қаржылық ресурстарды кәсіпорынға қайтару әдісі ретінде қарастырылады.Сондықтан бұл елдерде жедел амортизация қолданылады.Бұл пайда салығының ынталандырушы потенциалын белсендендіруге мүмкіндік береді, себебі амортизациялық аударымдардың ұлғаюы салық төлемдерінің төмендеуіне және кәсіпорынның меншікті қаржылық ресурстарының көбеюіне әкеледі. Резервтер деп пайдаланбаған, өндірістік күштердің өнімділігін көтеретін нақты мүмкіндіктер саналады. Резервтерді зерттеу олардың сандық бағасын белгіленген уақыт кезеңіне, өндірістің түріне, оның қызметінің орнына және мақсатына байланысты, сонымен қатар лимиттенген ресурстардың бар болуына қолданылатын өзінің мақсаты бар. Резервтерді толық немесе жартылай қолдану өндіріске нақты шаралардың әсерін анықтайтын шараларды жүзеге асыратын жолдармен қол жеткізеді. Бұл шаралардың топталуы мүмкін болатын негізгі бағыттар өндірістің тиімділігін арттыратын факторлар болып есептелінеді. Өндіріс процесінде негізгі өндірістік негізгі қорлармен жабдықталған жұмысшылар қатысатын болғандықтан негізгі қорларды иентенсивті пайдаланудың резервінің көпшілік бөлігі біржола еңбек өнімділігінің өсуінің резерві де болып табылады. Бірақ жекеше еңбек өнімділігінің жоғарылауы оның өндіргіш күшінің өсуі негізінде қол еңбегінің бірлігіне де өнімнің бірлігіне де негізгі қорлардың шығынының көтеріліп кетуіне байланысты болуынан олардың арасында толықтай түйісуі жоқ. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың жоғарылауы дәл осы себептен де, яғни оның өнім бірлігіне шығындарын азайтуы жекеше еңбек өнімділігінің көтерілуіндей өндіріс тиімділігінің жеке көрсеткіштерінің көрінісі ретінде тең қаралады, адекваттығы тек қана олардың арасындағы анықталған қатынасы кезінде қамтамасыз етіледі. Қазақстанда амортизация түсінігі енгізілгеннен бастап 100 жылдан астам уақыт өтті, бірақ амортизация туралы көптеген анықтамалар қазіргі күнде де өз күшін жойған жоқ. Совет Одағы кезінде қызмет еткен кәсіпорындар үшін амортизацияның келесі белгілері тән еді: амортизацияның бірегей нормалары; есептеудің сызықтық әдісі; екі норманың болуы: күрделі жөндеуге жұмсалатын амортизация және ауыстыруға (реновация) жұмсалатын амортизация; амортизациялық аударымдарды өнімнің өзіндің құнына қосу; енбек құралдарының нақты кызмет ету уақытына амортизацияны есептеу; мемлекет тарапынан қайтарымсыз негізде кәсіпорындар арасында реновацияға амортизациялық аударымдарды бөлістіру. 1991 жылдан бастап амортизациялық саясатта айтарлықтай позитивті өзгерістер пайда болды: амортизация негізгі қорларды толық қалпына келтіруге (реновацияға ) жүзеге асырылатын болды, ал күрделі жөндеуге жүргізілмейтін болды; негізгі қорлардың белсенді бөлігін (машина, құрал жабдықтар және көлік құралдары) толық қалпына келтіру үшін амортизациялық аударымдар олардың қызмет етуінің нормативті мерзімі бойынша есептелетін болды.Негізгі қорлардың қалған түрлері бойынша толық қалпына келтіруге амортизациялық аударымдар негізгі қорлардың нақты қызмет ету мерзімі бойынша есептеледі; кәсіпорынның амортизациялық аударымдары толық кәсіпорын иелігінде болады; өндіріске ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін енгізуді жеделдету және кәсіпорын тарапынан негізгі қорлардың активті бөлігінің техникалық дамуын, жаңаруын жеделдету үшін қаржылық жағдайлар жасау мақсатында, 1991 жылдың 1-ші қантарынан бастап кәсіпорындар жеделдетілген амортизация әдісін қолдануға мүмкіндік алды; амортизация облысында қосымша жеңілдіктерге шағын кәсіпорындар ие болды. Осы жаңашылдықтар өз амортизациялық саясатын өндеуде кәсіпорындардың құқықтарын кенейте түсті. Бірақ нарықтық қатынастарға өту барысында елде пайда болған кризистік жағдай кезінде берілген артықшылықтарды толық пайдалануға мүмкіндік берген жоқ. Төлем жүйесінің кризисі амортизациялық саясатқа жағымсыз әсер тигізді. Төлем-есептік жүйедегі қайшылықтар амортизация есептеу процесінің өнім құнынан ажырауына әкелді. Нәтижесінде нарықтық қатынастарға өту барысында,амортизациялық аударымдар нақты ақшамен бекітілмеген көзге айналды. Туындаған қаржылық қиыншылықтар әсерінен көптеген кәсіпорындар амортизациялық аударымдарды айналым капиталын қаржыландыруға пайдаланды, нәтижесінде негізгі қорлар физикалық, рухани тозуына әкелді. Қазіргі кезде жағдай жақсы жаққа өзгеруде. Бұрын кәсіпорындар айналым құралдарының жетіспеушілігін инвестициялық ресурстар, соның ішінде амортизациялық аударымдар есебінен толықтыратын болса, жаңа қаржылық жағдайда қарама қарсы тенденция байқалуда.Кәсіпорындар инвестициялық мақсаттарға айналым капиталының бір бөлігін пайдаланады, оның жетіспеушілігін қысқа мерзімді банк несиелерін тарту арқылы жабады.Амортизациялық аударымдарды инвестициялық ресурс ретінде қолдану мүмкіндігі кеңеюде. Кәсіпорында амортизациялық саясатты жетілдіру бірінші кезекте негізгі қорлар объектілеріне амортизация есептеудің оңтайлы әдісін табу. Зерттеліп отырған кәсіпорында ен тиімді әдіс ретінде амортизация есептеудің сызықтық әдісі қолданылады. Басқа әдіспен негізгі қорлардың активті бөлігіне амортизация есептеу негізгі қорлардың рентабельділігінің төмендеуіне, қор қайтарымдылығының төмендеуіне және қор сыйымдылығының өсуіне әкеледі. Амортизация есептеудің сызықтық әдісі негізгі қорларды толық пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша, ұйым шенберінде амортизациялық саясатты жетілдіру әсер етудің мынадай рычагтарын қолдануды қарастырады: амортизация есептеудің оңтайлы әдісін таңдау; тозған жабдықтарды өз уақытында істен шығару; негізгі өндірістік қорларды өз уақытында жөндеу, модернизациялау, ауыстыру. Бұдан басқа амортизациялық саясатты жетілдіру тек кәсіпорын денгейінде емес, заң нормативті базаны жетілдіру арқылы, амортизация әдістерін таңдау мәселесінде ұйымдарға еркіндік беру, салық саясатын жетілдіру арқылы мемлекет денгейінде өткізілуі тиіс. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары экономикалық потенциалдық материалдық базасын, олардың өндірістік аппаратын құрайды. Негізгі қорлардың құрамын сапалы жетілдіру, оларды пайдаланудың тиімділігін жақсарту еңбек өнімділігін көтерудің, өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторлары болып табылады. Кәсіпорынның техникалық потенциалын тиімді пайдалануды көтерудің негізгі жолдары – бұл өндіріс процестерінің механизациясы және автоматизациясы, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын резервтік қуаттылықтың жүктеуін реттеу жолымен төмендету, негізгі номенклатураға кірмейтін өнім дайындау, құрал-жабдықтардың ауыстыру коэффициентін көтеру техниканы автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтандыру, ғылыми техникалық прогресс шараларын жүргізу және т.с.с. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өнім өндірісінің көлемін көбейтудің ең маңызды факторы болып – оларды қажет мөлшерде негізгі қорлармен және олардың толық және тиімді қолданылуын қамтамасыз ету. Талдау міндеттері: кәсіпорынның қамтамасыз етілуін, негізгі қор бойынша құрылымының бөлімшелерін, жалпылағыш және жеке көрсеткіштер бойынша олардың қолданылу деңгейін анықтау; олардың деңгейінің өзгеру себептерін белгілеу; өнім өндірісінің көлеміне және басқа да көрсеткіштерге негізгі қорларды қолданудың ықпал етуін есептеу; кәсіпорынның өндірістік қуаттылығымен құрал – жабдықтарды қолдану деңгейін зерттеу; негізгі қорларды қолдану қарқындылығы және тиімділігіне резервтерді көбейтуді анықтау. Әдетте, талдау негізгі қорлардың қолданысымен, олардың құрылымын және динамикасын зерттеуден басталады. Кәсіпорынның негізгі қорлары өнеркәсіптік және өндірістік емес, басқа салалардың өндірістік қорлары болып бөлінеді. Кәсіпорынның өндірістік қуатын өнеркәсіптік - өндірістік құралдар анықтайды. Сонымен бірге, негізгі қорлардың актив (жұмыс машиналары, құрал – жабдықтар) және пассив бөлігін бөліп қарастырады. Мұндай бөлшектендіру оңтайландыру негізінде негізгі қорларды қолданудың тиімділігін жоғарлату резервін анықтау үшін қажет. Актив және пассив бөліктерінің ара-қатынасына, күш және жұмыс машиналарына көп мән беріледі, осылардың оңтайландырылуы көбіне қор қайтарымы, қор пайдалылығы және кәсіпорынның қаржылық жағдайларына әсерін тигізіп отырады. 1.1 Амортизация түсінігі, есептеудің жеделдетілген тәсілін қолдану Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады. Амортизация нормасы – бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы. Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады (есептелмейді өнім беретін малдарға, кітапхана қорларына, консервацияға салынған негізгі құралдарға). Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады. Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс. Амортизацияның объективті негізі болып өндірістік процесте және бағаның қалыптасуында еңбек құралдарының қатысу ерекшеліктері табылады. Осыдан негізгі қорлардың жұмыс уақытының ұзақтығы олардың құны бір өндірістік циклда өнімге түгел емес бөлшектен ауыстырылады, олардың физикалық және моральдық тозу шамасына байланысты. Амортизация өнім құнының бір бөлігі есебінде бірнеше кезеңдерден өтеді: бітпеген өндіріс элементі ретінде, дайын және шығарылған өнім ретінде. Бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдерінде оның қозғалысы айналым құралдарының аванс беруін қажет етеді. 4 Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі капиталдың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық өнімнің өзіндік құнына қосылатын сомасы. Амортизацияның міндеті – негізгі қорлардың тозу орнын толтыруға байланысты амортизациялық қор оның орнын толтыру құнына сәйкес болуы тиіс. Осылайша, амортизация өндірісті бұрынғы қалпында ұстап тұратын жай ұдайы өндіріс көзі болып табылады. Бірақ, амортизациялық аударымдар негізгі қорлар қызметін аяқтаған соң ғана қалпына келтіруге жұмсалады. Сол себепті, осы кезең ішінде көрсетілген төлемдер резервтік қор түрінде сақталып, толығымен тозған еңбек құралдары табиғи түрде қалпына келтіруді кажет еткенше тұрады. Бұл уақыт жеткенге дейін машиналар құны резервтік ақша қоры түрінде жинала береді. Демек, амортизациялық қордың өзі жинақтау көзі болып табылады. Бірақ, амортизация, ең алдымен, негізгі қорлар тозуының орнын толтыруға кұрылғандықтан, оның сомалық мөлшері қор құнынан аспауы тиіс. Амортизациялық қорды дәл санау үшін амортизациялық мөлшердің негізделінген жүйесі қажет. Амортизациялық мөлшер деп негізгі қорлар құнының белгілі бір пайызын айтады. Амортизациялық мөлшерлер амортизация көлеміне қарай ерекшеленуі мүмкін: ол уақыт бірлігіне (бір жылға) – негізгі қор құнының пайыздық бөлігі (%); шығарылатын өнім бірлігіне – теңге; жұмыс бірлігіне (тонна – км жүріс жолы, ұшу сағатына) сәйкес белгіленеді. 1.2 Амортизация әдістері Амортизация әдістері жүйесінде маңызды рөл оның айыбын атқарады. Сызықтық (бірқалыпты) және сызықтық (жедел): іс жүзінде тозу екі әдісі бар. Сызықтық әдісі, жыл сайынғы амортизация сомасы жыл ішінде біркелкі есептелген және негізгі құралдардың бастапқы құны негізінде айқындалады. 5 Амортизация аударымдарын есептеу келесі қадамдарға сәйкес жүзеге асырылады: активтерді бөлу • бірдей амортизация ставкасын және олардың құнының анықтау ие топтар үшін жоспарлау кезеңнің басында; • тобында тіркелген активтердің орташа жылдық құнының есебі; • ескере осы қаражатты пайдалану туралы нақты жағдайлар дүкенде немесе кәсіпорында жұмыс көрсетуі түзету факторларды ескере отырып, ақша қаражатын құнын орташа жылдық қарқынын көбейту арқылы амортизация сомасын айқындау; • амортизацияны есептеу барлық амортизацияланатын тiркелген активтер бойынша жоспарлау жылға тозу жалпы сомасы анықталады. Тозу құнын айқындау сызықтық әдісі тіркелген активтер бірыңғай физикалық және моральдық тозу бағытталған. Бұл болжам физикалық нашарлауына қатысты өте заңды болып табылады. Ғылым, технология, біркелкі дамыған өндірістік технологиясы. Амортизация ережелер көзделген, жеделдетілген гөрі бірыңғай ставкалар бойынша болып жатқан көпшілік жағдайда негізгі активтердің тозуы. Бірыңғай амортизация белсенді ескіру әсеріне ұшыраған жабдықтарды тез ауыстыру үшін қажетті ресурстардың шоғырлануын қамтамасыз етпейді. Сондықтан, компания оған ескіруі жағдайда қолданыстағы тіркелген активтерді ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін амортизацияны бар болуы қажет. Бірыңғай амортизация тәсілі өнімдеріне бағаның жыл сайын тіркелген активтердің құнын бірдей үлесін қамтиды деп болжайды. Құнының беру бөлігі оңайлатылған формулалар (тарату құнын қоспағанда) арқылы анықтауға болады: OP= * N (В)/100% FP - құны бөлігі ауыстырылды; OР – амортизациялық мөлшерлеме (%); 6 Амортизацияның бірыңғай әдісінін негізгі артықшылықтары болып табылады: • батып бара жатқан қорына жарналар алған бірізділігін; • өндірістік шығындарды амортизацияны бөлу тұрақтылық пен барабарлық; • қарапайымдылығы мен есептеу дәлдігі жоғары. Ескере салыстырмалық төзімділік құн бірнеше факторларға: • Біріншіден, бірыңғай әдісі тарату құнының өмірінің соңына арқылы 0 тең болады деп болжайды (осы тарату құны, әдетте, металл бағасы анықталады, іске асыру құны және тіркелген активтерді өндіру тозған қамтиды ); • Екіншіден, бұл әдіс барлық қызмет ету мерзімі негізгі құралдардың амортизациясын біркелкі қамтамасыз етеді. Бірақ өмір бойы тұрып, ақаулық және бір ауысымда толық жүктеу, яғни бар нақты өндірістік жабдық тозуы біркелкі және өндіруге арналған активтерді тіркелген, сондай – ақ біркелкі ауыстырылды. Бірыңғай әдістің тағы бір кемшілігі – негізгі қорлардың моральдық тозу қарау жоқтығы. Оның жетекші нормативтік амортизациялық кезең соңына дейін ескірген жабдықтарды кәдеге жарату, мына формула бойынша анықталады, оның мәні: H=(Fo + Pn) - - H Fl, Н – тiркелген активтер амортизациясы мерзім өткенге дейін лақтыруға; Fo – қалдық құны; PL – осы тіркелген активтерді жоюға байланысты шығындар; FL - тіркелген активтердің қалдық құны. Толық амортизацияланған емес тіркелген активтерді тарату шығындары қызметінің нәтижелері көрсетіледі. Жылдамдығы (сызықтық емес) амортизация әдісін азайып қалдық әдісі жылдық амортизация сомасы қалдық құны негізінде жыл сайын есептеліп табылатындығында. 7 1.3 Амортизациялық аударымды есептеу әдістері Амортизация жүйесіндегі маңызды экономикалық элемент — оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизацияны есептеу әдісі амортизациялық қордың көлеміне, негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, төлемдер мөлшеріне (өнімнің құны қосылған) тікелей әсер етеді. Амортизацияны есептеу әдісі деп, әдетте, негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәсілі түсіндіріледі. Бірақ оған өнеркәсіптің әр түрлі саласында амортизациялық аударымдарды жүргізу тәсілі немесе тәсілдер кешені ғана емес, сонымен бірге бүкіл қызмет мерзімі ішіндегі негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәртібі де кіреді. Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады. Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады. ҰҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар (1 – сызбада көрсетілген). 1 – сызба Амортизациялық аударымды есептеу әдістері |