Главная страница

курсова. Мазмны


Скачать 78.29 Kb.
НазваниеМазмны
Дата26.01.2020
Размер78.29 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлакурсова.docx
ТипДокументы
#105889
страница1 из 3
  1   2   3

Мазмұны


Кіріспе 3

1. Кәсіпорынның амортизациялық саясатының қалыптасуының теоретикалық негіздері 4

1.1 Кәсіпорынның негізгі қорларының мазмұны және құрылымы 4

1.2 Амортизациялық саясаттың мәні және элементтері 11


Кіріспе



Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді.

Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.

Бірақ, амортизация, ең алдымен, негізгі қорлар тозуының орнын толтыруға кұрылғандықтан, оның сомалық мөлшері қор құнынан аспауы тиіс.

Амортизация жүйесіндегі маңызды экономикалық элемент — оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизацияны есептеу әдісі амортизациялық қордың көлеміне, негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, төлемдер мөлшеріне (өнімнің құны қосылған) тікелей әсер етеді. Амортизацияны есептеу әдісі деп, әдетте, негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәсілі түсіндіріледі. Бірақ оған өнеркәсіптің әр түрлі саласында амортизациялық аударымдарды жүргізу тәсілі немесе тәсілдер кешені ғана емес, сонымен бірге бүкіл қызмет мерзімі ішіндегі негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәртібі де кіреді. 

Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады. Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.

1. Кәсіпорынның амортизациялық саясатының қалыптасуының теоретикалық негіздері




1.1 Кәсіпорынның негізгі қорларының мазмұны және құрылымы



Кәсіпорынның негізгі белгісі – оның өз бетінше шаруашылықты жүргізу немесе белгілі бір мүлікті жедел басқару. Дәл осы кәсіпорынның материалдық–техникалық мүмкіндігін бақылауды, экономикалық дербестігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Анықталмаған мүлкінсіз үлкен немесе шағын кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асыра алмайды.

Негізгі қорлар – ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық–заттай құндылықтардың жиынтығы. Олар осы кезең бойында өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, сонымен бірге өз құнының бір бөлігін жаңадан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.

Өз кезегінде өндірістік қорлар қайта өндіруді кеңейту процесіне тигізетін үлесі бойынша өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларға бөлінеді.

Негізгі өндірістік қорлар өндірістің материалдық сферасын қалыптастырып, соның ішінде өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, соның нәтижесінде баяу істен шығатын, бірақ олардың құны жаңадан пайда болған өнім құрамына қолданылуы шегіне қарай көшіріп отырады және де олар күрделі салымдардың арқасында толығып отырады.

Негізгі өндірістік емес қорларға – кәсіпорынның балансында есептелінетін тұрғын үйлер, балаларға арналған және спорттық мекемелер және де басқа мәдени-техникалық қызмет көрсететін объектілер жатады. Негізгі өндірістік қорларға қарағанда негізгі өндірістік емес қорлар, өндіріс процесіне қатыспайды, сонымен бірге өзінің құнын басқа өнімге көшірмейді ,немесе ол қалыптаспайды. Ал олардың құны қолдануда жоғалады, қайтарым қоры қалыптаспайды, соған орай ұлттық табыстың ңәтижесінде қайта өндіріледі.

Осыларға қарамастан негізгі өндірістік емес қорлар өндіріс көлеміне және еңбектің өнімділігінің көтерілуіне әсер етпейді, олардың күнделікті жоғарылауы кәсіпорындағы жұмысшылардың өмір сүруіндегі материалдық немесе мәдени деңгейінің жоғарылауы мен жалпы жағдайының жақсаруымен байланысты. Соңында бұлар кәсіпорынның қызметінің нәтижесіне әсер етеді.

Негізгі өндірістік қорлар – қоғамдық өндірістің материалды-техникалық базасы. Олардың көлемі кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы, еңбектің техникалық қамтылу деңгейімен байланысты. Негізгі қорлардың жинақталуымен және еңбектің техникамен қамсыздануының жоғарылауы еңбек процесін жетілдіреді, оған творчестволық қасиет береді және қоғамның мәдени-техникалық деңгейін жоғарылатады.

Нарықтық экономика жағдайында негізгі қорлар –болашақтағы ең басты экономиканың өндіріс қарқындылығы жоғарылауының алғышарты. Негізгі қорлар құрамына маңызды бір бөлім енеді, ол - қоғамның материалдық ресурстары.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбектегі ауқымды қаражаттар, олар экономиканың біріңғайлығына қарамастан, өзінің қызмет ету мерзімімен ерекшеленеді.Осыдан белгілі бір топтар бойынша негізгі қорлардың қажеттілігі мен әртүрлі өндіріс саласындағы спецификаны ескеру қажеттілігі туындайды.

Кәсіпорындағы негізгі өндірістік қорлардың қолданылуының түрлері көрсетілген.Олар топтар бойынша былай бөлінеді:

  • кәсіпорынның меншігіндегі жер учаскелері және табиғи қолданыстағы

объектілер (су, жер қыртысы,т.б табиғи ресурстар);

  • ғимараттар (өндірістік-техникалық, қыметтік және т,б);

  • құрылыс ғимараттары (өндіріске қызмет көрсететін инженерлік-құрылыс объектілері);

  • тасымалдау құралдары (электржелілері, жылу жүйелері);

  • машиналар және құрал-жабдықтар;

  • лабораториялық құралдар , өлшеуіш және бақылау құралдары;

  • есептеу техникалары;

  • еңбекақының орташа құны, яғни 50 ден жоғары құнды құрайтын құралдар мен құрал-жабдықтары;

  • көлік құралдары (ішкі және өндірістік емес);

  • өндірістік және шаруашылық құралдар;

  • ішкі шаруашылық жолдар.;

  • жерді және арендаға берілген ғимараттарды, құрылыстарды, құралдарды және тағы басқа негізгі құралдар жағдайын жақсартуға бағытталған күрделі салымдар.

Жекелеген негізгі қорлар топтарының байланысы ортақ көлемде түрлік (өндірістік) негізгі қор құрылымын құрайды. Қоғамға қай негізгі қорлардың кейбір топтары өз үлесін қаражаттарға қосатыныны бәрібір емес. Ол машина мен құрал-жабдықтардың меншікті салмағының оптималды жоғарылауына қызығушылық танытады. Бұлар қордың - активті бөлігін құрайды, сонымен қоса кәсіпорынның әрбір бұйымдарын жасауда өндірістік учаскелерді қамтамасыз етуде маңызды орынға ие.

Ғимараттар, құрылыс ғимараттары, құралдар негізгі қорлардың активті элементтері негізгі қордың - пассивті бөлігіне қарағанда қамсыздандырады.

Негізгі өндірістік қорлардың құрал-жабдықтарының құны жоғары болған сайын, тепе-теңдік жағдайда өнім шығару көбейеді де, қор қайтарымының көрсеткіші жоғары болады. Сондықтан негізгі қордың құрылымының жақсаруы өндірістің өсуі жағдайымен, өзіндік құнның төмендеуімен, кәсіпорынның ақша салымдарының көбеюімен қарастырылады.

Негізгі өндірістік қорлардың түрлік құрылымы әртүрлі өндіріс саласындағы кәсіпорындарда бірдей емес. Мысалы, негізгі қордағы ғимараттардың ортақ құны жеңіл және азық-түлік өндірісі саласында (44%), құрылыс ғимараты мен жанармай өндірісінде (17%), электр энергетикасында (32%), машина мен құрал - жабдықтар машина құрастыратын кешенді кәсіпорындарда (45% жоғары) салымдарының көбеюімен қарастырылады.

Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер етуші маңызды факторлар болып:

  • шығарылған өнім сапасы;

  • шығарылған өнім көлемі;

  • автоматтандыру және механикаландыру деңгейі;

  • мамандандыру және кооперацациялану деңгейі;

  • кәсіпорынның климаттық және географиялық орналасу жағдайлары .

Алғашқы фактор ғимараттың құны мен оның көлеміне, транспорттық құралдарға әсер етеді. Өнім шығару көлемі (екінші фактор) жоғары болса, онда арнаулы прогрессивті жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтарының меншікті салмағы да жоғары болады. Мұндай көрініс мінездемесі үшінші және төртінші факторлардың қор құрылымына да тән. Ғимараттар мен құрылыс ғимараттарының үлесі климаттық жағдайларға да байланысты.

Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсарту мыналарға байланысты:

  • құрал - жабдықтарды модернизациялау мен жаңарту;

  • ғимараттар мен құрылыс ғимараттарын тиімді қолдану үшін қосымша құрал-жабдықтарды бос аумақтарда орналастыру;

  • құрылыс жобасын дұрыс жасау мен кәсіпорынның құрылыс жоспарының жоғарғы дәрежеде орындау;

  • артық және аз қолданылатын құралдар мен оларды орнатуды жою.

Негізгі қорларды есепке алу мен жоспарлау натуралды және ақшалай формада жүреді. Негізгі қорларды натуралды формада бағалау кезінде машиналардың саны, олардың өндіргіштігі, қуаттылығы, өндірістік аумақтың көлемі және де басқа да сандық көлемдер анықталады. Бұл аталғандар кәсіпорын мен оның әртүрлі саласындағы өндіргіштік қуатын есепке алуда және өндіргіш программасын жобалауда, құрал-жабдықтар резервтерін жоғарлатуды орындауда және де балансын құрастыруда қолданылады. Бұл мақсатпен құрал-жабдықтарды құжаттау (паспорттау) мен жабдықтау, оның келуі мен кетуін есепке алу жүргізіледі. Құжат негізінде кәсіпорын және оның цехтарын өнідірістік профилі бойынша: материалды-техникалық мінездемелерді, жұмыстың техника-экономикалық көрсеткіштерді, құралдардың құрамын анықтауға болады. Құжатта сонымен бірге құралдардың эксплуатациялау мерзімі, тозу деңгейі, техникалық аумақтармен, машиналар және құрал-жабдықтардың техникалық мінездемесі толықтай көрсетіледі. Негізгі өндірістік қорларды ақшалай немесе өзіндік құн бойынша бағалау негізгі қорды қайта өндіру кезінде кеңейтуді жоспарлау үшін, істен шығып қалу дәрежесі мен амортизациялық аударым көлемін анықтау үшін, жекешелендіру көлемін анықтау үшін қолданылады.

Негізгі қорларды бағалауда өндіріс процесіне ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі бар. Олар – бастапқы (номиналды) құн КБ, қайта қалпына келтіру құны КҚ және де қалдық құндар Кқал.

Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны – бұл қорды жасаумен немесе сатып алумен, оларды жеткізу мен монтаждауға кеткен шығындар сомасы. Ол амортизация нормасын және амортизациялық аударым көлемін анықтауда, кәсіпорынның табысы мен рентабельділігінің активтерін, олардың қолданылу көрсеткіштерін есептеуде қолданылады.

Кәсіпорын тұтынатын барлық негізгі қорлар, бастапқы құн бойынша оның балансына енеді. Бұл бағалаудың экономикалық мағынасы негізгі өндірістік қорларды пайдалану кезінде нақты шығындар арқылы көрінеді. Осы әдістің бір кемшілігі – бірдей (біртектес) негізгі қорлар әртүрлі уақытта өндірілген, қолданылған және сатып алынған. Бұл ғылыми –техникалық прогреспен байланысты.

Қайта қалпына келтіру құны – негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.

Қалдық құн – негізгі қорлардың тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – еңбек құралдарының құндық көрінісі. Негізгі қорлардың басты анықтаушы белгісі ретінде құнды өнімге аудару әдісі көрінеді – біртіндеп: өндірістік циклдердің ағымындағы тозу шамасы бойынша бөліктері арқылы. Негізгі қорлардың тозуы амортизацияның белгіленген нормалары бойынша есептеледі, олардың сомасы өнімнің өзіндік құнына қосылады. Өнімді іске қосқаннан (пайдаланғаннан) кейін аударылған тозу сомасы жаңа капитал салымдарына арналған арнайы амортизациялық қорға жиналады.

Осылайша, жарғылық қорға бір уақытта авансталған құн негізгі қор бөлігінде ақшалай түрден натуралды, тауарлық және қайтададан ақшалай түрге ауысып тұрақты айналым жасап отырады. Негізгі қорлардың экономикалық мәні осыдан тұрады.

Негізгі қорлардың барлық түрлеріне қатысты экономикалық белгілері:

  1. Негізгі қорлардың барлық түрлері, өндіріс процесіне қатыса отырып, еңбек өніміне натуралды түрімен кірмейді, ең алдымен еңбек құралдарынан ажыратылады – шикізаттардан, материалдардан және т.б.;

  2. Негізгі қорлардың барлық түрі ұзақ мерзім бойына көптеген өндірістік циклдерге қатысады;

  3. Негізгі қорлардың барлық түрі өндіріс процесінде тұрақты тозады, және олардың құны тозу шамасына қарай біртіндеп дайын өнім құнына кіреді;

Мысалы, резервуарлар, құбырлар өндірісте бірнеше жылдар бойына жұмыс жасайды, пішіндері де өзгермейді және өзінің құнын біртіндеп тасымалданған мұнайға көшіреді.

Өнекәсіптің әртүрлі салаларында өндірістік қорлардың жалпы сомасында негізгі және айналым қорларының арақатынасы өндірістік процесстің ерекшелігіне байланысты.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл өндіріске қызмет көрсете отырып, табиғи-заттай нысанын сақтай отырып, құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнімге көшіретін еңбек құралдары. Негізгі қорларды қайта өндіру заңы өндіріске салынған құны, еңбек құралдарының әрдайым технологиялық жаңару мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, толығымен қалпына келтірілетіндігінде көрінеді. Жәй қайта өндірісте амортизациялық қорлардың қаржысының есебінен кәсіпорын тозғандардың құнына тең еңбек қаруының жаңа жүйесін қалыптастырады. Өндірісті кеңейту үшін қосымша пайдадан, құрылтайшы жарналарынан, бағалы қағаз эмиссияларынан, несиелерден және т.б. тартылатын қаржылардың жаңа салымдары қажет.

Қолданыстағы негізгі капиталдың үлкен масштабында ірі және үлкен кәсіпорындар амортизациялық қор қаржысының есебінен тек жай ғана емес, сонымен қатар күрделі көлемде еңбек құралдарының кең ұдайы өндірісін қаржыландыруға мүмкіндігі бар. Негізгі қорларды жоспарлау және есепке алу үшін мемлекетпен барлық халық шаруашылығына арналған бірегей классификация жасалады. Еңбек құралдары түрлері, топтары және топшалары бойынша бірігеді, сол арқылы оларды типтендіруге, кодтауға, есеп берудің және есептеменің бірегей түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде негізгі қорларды басқару үшін еңбек құралдарының функционалдық-түрлік топталымы аса маңызды болып табылады. Ол кәсіпорынның экономикалық әлуетінде (потенциалында) болып жатқан маңызды сапалы өзгерістер туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Түрлік құрылымның динамикасы өндірістің техникалық қамсыздануын, инновацияны енгізу қарқынын, мамандандырудың дамуын, шоғырландыруды және құрамдастыруды бейнелейді.

Негізгі құралдар мақсатты бағытына және қызметтеріне қарай төмендегідей бөлінеді:

І. Жер учаскелері мен табиғатты пайдалану объектілері - субъектімен меншік құқығына алынған жердің саны мен құны. Жерге меншік құқығы «Жер үлесіне меншік құқығы Актісімен» расталуы тиіс. Инвентарлық болып меншік құқығына берілген әрбір жер үлесі табылады.

ІІ. Ғимараттар – негізгі және көмекші өндіріс процестері жүргізілетін құрылыстар мен ғимараттар. Бұл объектінің құнының құрамына құрылыс бөлігінің құнынан басқа жылу жүйесі, су құбыры құны да кіреді.

ІІІ. Құрылыстар – еңбек құралдарының өзгеруімен байланыссыз сол немесе одан басқа функцияларды орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері. Инвентарлық болып бір тұтасты құрайтын барлық қолайлы жағдаймен әрбір бөлек құрылыс табылады.

ІV. Жіберу құралдары – электр, жылу және механикалық энергияны (құбыр жолдары, жылу жүйесі, электрожіберу линиялары) жіберу құралдары болып табылады.

V. Машиналар мен жабдықтар – мұнда әрбір машина инвентарлық болып табылады, егер ол өзінің құрамына кіретін керек-жарақтарды, аспаптар мен қоршауларды қосатын, басқа объектінің бір бөлігі болмаса. Негізгі құралдардың бұл тобы 5 бөлімнен тұрады:

- Күш машиналары мен жабдықтар, оған энергетикалық агрегаттар мен двигательдердің барлық түрі жатады;

- Жұмыс машиналары мен жабдықтар, технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар (станоктар, терминалық пештер, көтеру-тасымалдау механизмдері);

- Өлшеу, реттеу приборлары мен құралдары, лабораториялық жабдықтар, өндіріс процесін қол еңбегімен немесе автоматтандыру арқылы реттеуге, технологиялық процестің параметрлерін өлшеуге және бақылауға, лабораториялық зерттеулер жүргізуге қажетті.

- Есептеу техникасы: электронды есептеуіш машиналары, сонымен қатар технологиялық процестер мен өндірісті басқару үшін қолданылатын машиналар мен құралдар;

- Басқа машиналар мен жабдықтар, берілген топта көрсетілмегендер.

VI. Тасымалдау құралдары – кәсіпорынға тиесілі темір жол, су және автомобиль көлігі, сонымен қатар заводішілік тасымалдау құралдары.

VII. Құрал-сайман – бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбегінің қаруы немесе металл, ағаш өңдеу үшін машиналарға жалғанған заттар. Инвентарлық объект болып тек басқа инвентарлық объект құрамына кірмейтін заттар табылады.

VIII. Өндірістік инвентарь мен түгендеме, өндірістік операцияларды орындауды жеңілдету мен жеке еңбек заттарын сақтауға арналған.

IX. Шаруашылық инвентарь – шаруашылық және кеңсе бағытындағы заттар.

X. Жұмыс және өнім малдары.

Жұмыс малдары – жылқы, түйе және т.б. жұмыс малдары.

Өнім малдары – ірі жұмыс малдары, айғырлар, бие, киік, қозы, маралдар. Инвентарлық объект әрбір үлкен мал болып табылады.

ХІ. Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер – жасанды, көпжылдық көшеттер, жасына қарамастан.

ХІІ. Жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығындар – ауыл шаруашылығында қолданатын жерді жақсарту шаралары үшін инвентарлық шығындар.

ХІІІ. Басқа да негізгі қорлар – кітапханалық қорлар, спорттық инвентарь, мұражайлық бағалы заттар.

Негізгі өндірістік қорларды кешенді экономикалық категория ретінде топтастыру әдісі көмегімен жан-жақты зерттелуі мүмкін.

Амортизация –бұл негізгі қорларды пайдалану кезінде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты, өздерінің көлемін жаңадан жасалған өнімдермен біртіндеп ауыстырылуы. Бұл негізгі қорлардың табиғи және моральдық тозуының ақшалай көрінісі. Амортизация негізгі қорлардың толықтай ауыстырылуы барысында шығып қалу мақсатында жүзеге асады. Амортизациялық аударым сомасы негізгі қорлардың құнына, олардың эксплуатациялау уақытына байланысты болып келеді.

Амортизация процесі негізгі қорлардың қызмет ету уақыты ішінде өзінің құнын бөлектеп шығарылатын өнімге ауыстырылуын және тұтынылған негізгі қорларды өтеу үшін осы құнның келесі пайдалануын айтамыз.

Негізгі қорлардың ауыстырылған өнім құрамындағы құны өндіріс сферасынан кетіп айналу сферасына түседі.

Өнімді шығарғаннан кейін сәйкесінше негізгі қор құнына ауыстырылған ақша бөлігі амортизациялық қорға түседі, онда толық мөлшерге дейін негізінде бастапқы құнына сәйкес жиналады (тозған негізгі қорларды шегергенде). Бұл амортизациялық қор (жиналған ақша сомасы) тозған негізгі қорлар орнына жаңа негізгі қорлардың заттық элементтерін сатып алуға пайдаланылады, яғни негізгі қорлардың қайта қалыптасуы жүреді.

Амортизацияның негізгі функциялары – қайта өндірісті қамтамасыз ету, негізгі қорлардың есебі және қайта қалыптасуы.

Одан басқа анықталған деңгейде негізгі қорларды толық пайдалануын қарастырып ынталандырушы функцияны да орындайды: құрал-жабдықтың қызмет ету мезгілі қанша ұзақ болса, сонша көп өнім шығарылады және сонша тез негізгі қорлардың құны ауыстырылады.

Шаруашылық практикада амортизацияны есептеу үшін амортизациялық аударымдар қолданылады, яғни аударылған құнның ақшалай көрінісі.

Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетулердің өзіндік құнын құрайтын негізгі бір элементтері болып табылады. Амортизациялық аударымдардың сомасын көтеру немесе төмендету өндірісте шығындардың, қосылған жылдық табыстың мөлшерінің бұзылуына, сәйкесінше салық салуда қайшылықтарға алып келеді.

Амортизацияның объективті негізі болып өндірістік процесте және бағаның қалыптасуында еңбек құралдарының қатысу ерекшеліктері табылады. Осыдан негізгі қорлардың жұмыс уақытының ұзақтығы олардың құны бір өндірістік циклда өнімге түгел емес бөлшектен ауыстырылады, олардың табиғи және моральдық тозу шамасына байланысты. Амортизация өнім құнының бір бөлігі есебінде бірнеше кезеңдерден өтеді: бітпеген өндіріс элементі ретінде, дайын және шығарылған өнім ретінде. Бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдерінде оның қозғалысы айналым құралдарының аванс беруін қажет етеді.

Амортизациялық аударымдар шығып кеткен негізгі қорларды қайта өндіруге бағытталады. Сондықтан функционирленуінің барлық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар оның бастапқы құнына тең болуы керек, олардың жоюдан түскен таза түсімінен басқа.

Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз, ол әдетте пайызбен көрсетіледі. Осы пайызбен берілген амортизация нормасы баланстық құн бойынша өз үлесінің қандай бөлігін жыл сайын еңбек құралдары көмегімен өндірілетін өнімге көшірілетінін көрсетеді. Бекітілген амортизациялық аударым нормасы, өзіне дайын өнім құнын қосады.

  1   2   3


написать администратору сайта