| Топикалық диагнозы қандай? (зақымдану ошағын көрсетіңіз сурет салып)
| Жұлынның артқы сезімтал түбірінің зақымдалуы, L5-S1
|
| Синдром қалай аталады? Сезімталдықтың бұзылу типі қандай?
| Сезімталдықтың зақымдану синдромы. Сезімталдықтың бұзылу типі – шеткі тип.
|
| «Бел-сегізкөз жарықшағы» (грыжа) ауруына әкелген себептер қандай?
| Омыртқаға ұзаққа созылған физикалық, статикалық жүктеме (отыру, тұру кезінде);
гиподинамия; ауыр салмақты жүкті күрт көтеру.
|
| Клиникалық диагнозды негіздеу үшін қандай неврологиялық зерттеулер жүргізу қажет?
| Ласег симптомы, Вассерман симптомы, Моцкевич симптомы, Бехтерев симптомы, Нери симптомы, жөтелу симптомы (симптом кашлевого толчка)
|
| Диагнозды дәлелдеу үшін қосымша қандай инстурменталды зерттеу әдісін жүргізу қажет?
| Электромиография, МРТ.
|
| Ласег симптомын қалай зерттейтіндігін сипаттаңыз.
| Шалқасынан жатқан сырқаттың созылып жатқан аяғын өкшесінен ұстап жоғары көтерген кезде белі мен аяғы шоңданай нерві бойымен сыздап ауырады және аяқты созатын бұлшық еттер ширығып қатаяды (бірінші фаза). Аяқты тізесінен қайта игенде шонданай нерві босап, қайта өз қалпына келгендіктен ауырсыну сезілмейді (екінші фаза)
|
| Нери симптомы қалай анықталады?
| Шалқасынан жатқан сырқаттың басын дәрігер колымен иіп қозғаса бел-сегізкөз тұсы сырқырап ауырады.
|
| Вассерман және Мацкевич-Штрюмпель симптомдары бұл науқаста оң болады ма?
| Вассерман және Мацкевич-Штрюмпель симптомдары бұл науқаста оң болады
|
| Беткей сезімнің нейрондары қайда орналасқан?
| Ми қыртысына сезімталдық импульстерін жеткізетін жолдар 3 нейроннан тұрады.
1: омыртқа-аралық жұлын түйіндерінде,
2: жұлынның артқы мүйізінде,
3: таламустың латеральды ядросында орналасқан.
|
| Терең сезімталдыққа не жатады және зерттеу әдістерін сипаттап жазыңыз.
| Терең сезімталдыққа бұлшықет-буын сезімі, вибрациалық сезім, қысым сезімі, салмақты сезу, кинестетикалық сезім жатады.
Бұлшықет-буын сезімі: пациенттің көзін жұмуын сұрап, саусақтың буынын әр бағытта қимылдатады. Қалыпты жағдайда науқас буындарының оңға, солға, жоғары және төмен қимылдағанын ажырата алады.
Вибрациалық сезім: дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын адам беткей орналасқан сүйектің (толарсақ, тізе тобығы, жамбас сүйегінің қыры, омыртқалардың қылқанды өсінділері, біз тәрізді өсінділер, бұғана, бас сүйектегі емізік тәрізді өсінді) жанастырады да сырқаттан дірілдің сезілу немесе сезілмеу деңгейін симметриялык екі жағын сұрап біліп отырады. Осындай жерде тексерістер кезінде сырқат камертонның дірілін сезбеуі (апаллестезия) немесе оны болар-болмас қана сезінуі (гипопаллестезия) мүмкін.
Қысым сезімі: дәрігер сырқаттың денесі мен аяқ-қолдарының әрбір бөлшектерінің симметриялы тұстарын саусағымен немесе барэстезиометр деп аталатын арнайы аспаппен батыра сығып байқайды. Адам қалыпты жағдайда батырудың әр түрлі деңгейін ажырата алады.
Салмақты сезу: Дәрігер сырқаттың екі қолын алдына созғызып, алақанына әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып бақылайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 10 % шамасында айырмашылығы анықталады.
Кинестетикалық сезім: дәрігер саусағымен сырқаттың терісін әр тұсынан қатпарлап ұстап, жоғары-төмен, оңға-солға қозғайды. Пациент тері қатпарының қозғалу бағытын ажырата білуге тиіс
|