| Топикалық диагнозы қандай? (зақымдану ошағын көрсетіңіз суретін салып)
| Мишықтық афференттік жолдарының зақымдануы.Мишықтың табан бөлігі зақымдалған.
|
| Синдром қалай аталады?
| Мишықтық атаксия.Оның ішінде статикалық атаксия.
|
| Мүмкін болатын болжам диагноз қойыңыз (неврологиялық)
| Фридрейх ауруы.Себебі қарапайым белгісі болып бұлшықет гипотониясы болып табылады.
|
| Клиникалық диагнозды негіздеу үшін қандай неврологиялық зерттеулер жүргізу қажет?
| Ромберг сынағы,өкше-тізе сынағы, саусақ-мұрын сынағы, Бабинский асинергиясы, Стюарт-Холмс, нысанаға дәл тигізе алмау.
|
| Диагнозды дәлелдеу үшін қосымша қандай инструменталды зерттеу әдісі қажет?
| КТ,УДЗ,эхо-энцефолография,ЭЭГ,МРТ.
|
| Мишықтың зақымдану симптомдарын жазыңыз.
| Атония- бұлшықеттердің тонусының бұзылуы.Атаксия-қозғалыс координациясы ның бұзылысы.
Афазия-сөйлеудің бұзылысы.
Дезэквилибрация - тепе-теңдіктің бұзылысы.
Жалпы мишық табан бөлігі және жарты шар зақымдалуымен бөлінеді.Табан бөлігі зақымдалса:жүрү тұру бұзылады,терең теңдік сақтау мүмкін емес,вестибулярлы бузылыстар,нистагм.
Ал жарты шар бузылысы болса:
Қолдардың кординациясы мен синергизмі бұзылады,гиперметрия,буындап сөйлеу,мегалография(әріптерді ірі жазуы )адиодохокинез.
|
| Ромберг жай және күрделі сынағын қалай зерттеледі?
| Ромберг сынамасы – статикалық тепе-теңдік тұрақтылығын бағалау мақсатында жүргізіледі
Жай Ромберг сынамасыі: орнында тұрған науқасқа көзін жауып, аяқтарын бірге, қолдарын алға және бүйірлеріне(екі жаққа) жылжыту ұсынылады.
Күрделі Ромберг сынамасы: бір аяғымен қатты бетке тұрып, қолдар ын алға созып, саусақтарының арасын алшақ ашып, көздерін жұмады.
|
| Саусақ-мұрын және өкше-тізе сынағы қалай жүргізіледі. Бұл зерттеудің мақсаты қандай? Егер оң болса, нені дәлелдейді?
| Саусақ-мұрын сынағы науқас көзі жұмылған күйде мұрынның ұшын көрсету керек .Патология болса тремор күшейеді.
Өкше-тізе сынағы науқас жатқан қалыпта аяғын көтеріп екінші аяғының тізесінен асықты жілік сүйегі нің бойымен төмен қарай жалғастырып өту керек.
Патология болса өкшеде тремор пайда болады.Бұл сынамаларды аяқ-қолдың ұсақ моторикасының бұзылуын, аяқ-қолдардың мақсатты қозғалыс соңында дірілдеуі түрінде көріну көрінбеуін анықтау мақсатында жасаймыз.
|
| Бабинский асинергиясын зерттеу әдісін сипаттаңыз.
| Бабинский асинергия науқасты шалқасынан жатқызып,екі қолын айқастыруын сұраймыз.
Қалыптыдан науқас кеудесін көтеріп отырады,ал егерде патология болса науқастың кеудесімен қоса аяғы да көтеріледі.
|
| Стюарт-Холмс феномені деген не? Суретін қойыңыз, мағынасын түсіндіріңіз.
| Стюар-Холмс кері соққылау синдромы.Науқас қолын шынтақ буынынан бүгіп ұстап тұрады,дәрігер бүгілген қолды өзіне тартып бірден жіберіп қалғанда қалыптыдан өзін ұстап тұру қажет ал патология болса денесіне соғылады.
|