Главная страница
Навигация по странице:

  • Білім беру ұйымы «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ Бөлімі

  • Педагогтің аты жөні: Күні

  • Сабақтың мақсаты: Сабақтың барысы

  • Ресурстар Сабақтың басыСабақтың ортасы Амандасу.

  • Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық

  • Педагогтің аты жөні: Балтабекова Ә.Ә Күні

  • Сабақтың тақырыбы: Бейнехостинг (YouTube) Сабақтың мақсаты

  • Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі (уақыты) Педагог әрекеті

  • Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды....

  • Медиакеістікте жне кпшілік алдында cз сйлеу


    Скачать 57.81 Kb.
    НазваниеМедиакеістікте жне кпшілік алдында cз сйлеу
    Дата07.02.2023
    Размер57.81 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла07.12.22.docx
    ТипДокументы
    #923878

    Жаһандық құзіреттілік 7 а сынып

    07.12.2022ж Медиакеңістікте және көпшілік алдында cөз сөйлеу
    Көпшілік алдында сөйлеу – бұл кез келген адамға беріле бермейтін дарын да, қабілет те емес, бұл – дағды. Дағды деген кез келген кітапты оқи салғаннан жетілмейді. Оның өзіндік құпиясын, әдіс-тәсілдерін меңгермей жету мүмкін емес. Шешен сөйлеу де сол сияқты. Егер сіз көпшілік алдында мүдірмей, шешен сөйлеуге бел бусаңыз бұл сіздің жеңісіңіз.

    Сонымен көпшілік алдында сөйлеудің мынадай үш факторларын қарастыруға болады: мұқият дайындық, қолданылатын әдістер, қорқынышты жеңу тәсілдері.

    Сіз мұқият дайындалып, әдіс-тәсілдерді меңгеруге ұмтылсаңыз, жұрт алдына шығып сөйлеуді іс жүзінде игере аласыз. Бірақ сіздің бойыңызды қорқыныш билесе, бүкіл дайындығыңыз, үйренген дағдыңыз, қолданылатын әдістеріңіздің күл-талқаны шығады. Өйткені қорқыныш – cіздің көпшілік алдында табысты сөйлеуіңізге бірден-бір үлкен кедергі.

    Көпшілік алдында сөз сөйлей білу мамандарға аса қажет. Өздерінің кәсіптері бойынша көп қарым-қатынас жасауды қажет ететін адамдар: бұл жоғары буын басшылары, менеджерлер, заңгерлер, әкімшілік және т.с.с. Қазіргі қоғам адамын өз мақсатына қол жеткізіп, табыс биігіне көтерілу үшін әрекет жасаумен бірге көпшілілікпен қарым-қатынас жасай білуді, сөз сөйлеуді, ойын жүйелі жеткізуді талап етеді.

    Егер сіз көпшілік алдында сөз сөйлеуді меңгергіңіз келсе, онда тап болатын бірнші кедергі – ішкі үрей. Оны еңсере білу керек.

    Дауысында дірілі жоқ, айтатын ойын шатаспай жеткізе білетін, еш мүдірмейтін, өзіне сенімді іскер адамды тыңдаған қандай тамаша. Өйткені сөз сөйлеу шеберлігі оның ойын тыңдаушыларға дәл жеткізіп, сенімділігіне тікелей ықпал етеді. Осындай сенімділікті өзіңізге қалай ұялатасыз? Бұл тек адамдар алдында сөз сөйлей білу тәжірибесімен ғана мүмкін. Осы факторлар өзіне деген сенімсіздіктен және адамның ішкі ой-түйсіктерімен байланысты.

    Топ алдында сөйлеуге қабілеті жоқ адамдардың болмайтындығын психологиялық зерттеулер көрсетіп отыр. Барлық адамдар үшін қазіргі уақытта ақпараттармен алмасу өте маңызды, көпшілік алдында сөйлей білу де қажеттілік болып отыр.

    Көпшілік ортада әдеп сақтау, әдеппен сөйлеу, көрегенділік таныту, жан мен тән тазалығы, мұның барлығы мәдениетке жатады. Мәдениет адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық-эстетикалық, саяси т.б талаптардың орындалуын білдіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында адам бойында мәдениеттің қалыптасып, дамуына ерекше көңіл бөлінген, мәдениет жөніндегі көзқараастар кемел адам ұғымымен үндестік тауып, адамгершілік, кісілік қасиеттерінің қалыптасуы арасында дамыды.

    Кез келген адамның көпшілік алдына шығып сөйлеуге батылы жете бермейді. Себебі жұрт алдына шығып сөйлеудің өзіндік біршама қиындықтары бар: сөйлеуші мен тыңдаушының арасында көзбе-көз байланыс болғандықтан шешенге тапқырлық, сөзіне елді ұйыта білу қабілеті қажет және сөйлеуші шешеннің өзін еркін ұстай білуі де ерекше маңызды. Еркін болуы үшін көп ізденіс, көп жаттығу қажет.

    Білім беру ұйымы

    «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ

    Бөлімі

    Жаһандық құзіреттілік

    Педагогтің аты жөні:




    Күні:

    07.12.2022ж

    Сынып:

    7

    Қатысқандар саны:


    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Медиакеңістікте және көпшілік аллында сөз сөйлеу

    Сабақтың мақсаты:




    Сабақтың барысы:

    Сабақтың кезеңі (уақыты)

    Педагог әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Ресурстар

    Сабақтың басы
    Сабақтың ортасы

    Амандасу.

    Миға шабуыл

    -Суреттен нені байқадыңдар?
    Кез келген адамның ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал», — деген ұлы Абай ескертуін ойдан шығармағанымыз абзал. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретін түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді.

    Сөз шеберлігін қалыптастырудың жолы – тілдің нәрін ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдебиет арқылы бала бойына сіңіру. Оқыған шығармасы бойынша ойын көркем етіп жеткізе білу – тіл мәдениетін меңгерудің бірден бір шарты.

    Шешен сөйлеу – адамның тұлғалық қасиеттерінің көрінісі. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндес. Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуі және оны әрі қарай дамытудың басты белгісі де сөз сөйлеу шеберлігінде жатыр.
    Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық
    - Алдымен, қанша уақыт сөйлейтініңізді толық біліп алыңыз. Соған қарап дайындалыңыз. Әдетте, жұрттың алдында көп уақыт сөйлеу аудиторияны жалықтырып жіберуі мүмкін.
    - Материал жинауды жүйелей білу, көздеген мақсат-нысанаға ыңғайластыра, сәйкестендіре алу, ауызша сөйлеу мен аудиторияның ерекшеліктеріне үйлестіре білу басты рөл атқарады. Айтар ойыңызды дайындық кезінде жазбаша жазып, ойларыңызды бір арнаға тоғыстырыңыз.
    - Дайындалатын ақпарат көздерін, кітаптарды, газет-журналдарды іріктеп алыңыз. Кезегімен оқып шығыңыз. Мәнін түсініңіз. Өз көзқарасыңызды қалыптастырыңыз. Яғни, сіздің ойыңыз маңызды рөл атқаратынын естен шығармаңыз.
    - Сөзді дауыстап айту немесе оқу өнерін меңгеру, мінбеде өзіңді-өзің билеу ережесін қатаң сақтау, аудиторияның тілеу, қалауы қандай бағытта болатынын ескерген дұрыс. Сонымен қатар, айтар ойыңызды қағазға қарамай немесе қарап айту мәселесін шешіп алуыңыз маңызды. Қағазға қарап айтқан күннің өзінде көпшілік оң көзімен қарайтындай деңгейде дайындалуыңыз керек. Қағаздан бас алмай оқуға болмайды.



    Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашады.

    .



    Презентация


    Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22432/?ysclid=lbd98xk7nm342391244


    Сабақтың соңы

    Кері байланыс

    -Бүгін сабақты өте жақсы түсіндім

    -Бүгінгі сабақта маған қызықты болды

    -Бүгін мен үшін қиын болды





    Кері байланыс тақтайшасы







    Білім беру ұйымы

    «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ

    Бөлімі

    Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық

    Педагогтің аты жөні:

    Балтабекова Ә.Ә

    Күні:

    08.12.2022ж

    Сынып:

    8

    Қатысқандар саны:


    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Бейнехостинг (YouTube)

    Сабақтың мақсаты:

    Хостинг сөзіне түсініктеме беру. Шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу.

    Сабақтың барысы:

    Сабақтың кезеңі (уақыты)

    Педагог әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Ресурстар

    Сабақтың басы


    Сабақтың ортасы

    Амандасу.
    ХОСТИНГ ОЛ Сіздің сайтыңыздың интернеттегі орны, яғни сайтыңыздағы материалдардың сақталатын жері. Олар арнайы серверлерде сақталып, ол информацияның қауіпсіздігін хостинг беруші компания қамтамасыз етеді. Ақысын ай сайын немесе жылына бір рет төлейсіз. Хостинг пен қатар домен сөзін де естіген шығарсыз, бұл екеуі әдетте қатар жүреді. Домен ол сіздің сайтыңыздың атауы. Яғни сайтыңыздың атын тіркеуден өткізіп, бұл үшін де жылына бір рет ақшасын төлейсіз. Қазір көптеген хостинг компаниялары 12 айға хостинг ақысын төлесеңіз доменіңізді тегін тіркеп береді.

    Техникалық емес қарапайым тілде түсіндіріп көрейін. Мысалы сіз бір дүкен немесе бутик ашқыңыз келеді. Ашу үшін алдымен орын керек, яғни бір сауда орталығынан арендаға жер аласыз. Сол жер үшін ай сайын немесе жылына бір рет ақысын төлейсіз. Өйткені ол сіздің жұмыс орныңыз немесе заттарыңыз тұратын, сақталатын жер. Ол жердің үлкен бола ма кішкентай бола ма көлемін өзіңіз анықтап алып сәйкесінше жер іздейсіз. Егер болашақта сыймай бара жатса, кеңейту жолдарын іздейсіз. Хостинг те дәл сондай. Сіздің сайтыңыздың интернеттегі орны, яғни сайтыңыздағы материалдардың сақталатын жері. Олар арнайы серверлерде сақталып, ол информацияның қауіпсіздігін хостинг беруші компания қамтамасыз етеді.
    Шығармашылық жұмыс




    Оқушылар жалпы түсініктеме алады.


    https://www.youtube.com/watch?v=jDIlnDkRBw8

    Презентация


    Сабақтың соңы

    Кері байланыс

    -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

    -Сен үшін маңызды ақпарат болды....





    Кері байланыс тақтайшасы







    написать администратору сайта