Главная страница

Тыныс алу кдн методичка. Медицина факультеті пропедевтика жне ішкі аурулар кафедрасы Клиникалы дадылар негіздері


Скачать 214.52 Kb.
НазваниеМедицина факультеті пропедевтика жне ішкі аурулар кафедрасы Клиникалы дадылар негіздері
Дата13.12.2022
Размер214.52 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТыныс алу кдн методичка.docx
ТипДокументы
#843401


Ф-ОБ-012/062


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ




МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ


ПРОПЕДЕВТИКА ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ


«Клиникалық дағдылар негіздері» пәні бойынша тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

(тыныс алу жүйесі)



Курс 3

Семестр 5


6В10155–Жалпы медицина

Құрастырған: м.ғ.к., доцент Л.Т.Алимбекова магистр-оқытушы С.И.Ибрагимова



2022 -2023 о.ж.


Түркістан


№5.


  1. Тақырып: Кеуде сарайын қарау және пальпациялау, өкпенің салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы.



  1. Сабақтың мақсаты:


  1. Кеуде сарайын қарау және пальпация жасауды үйрену.

  1. Кеуде сарайын қарау және пальпация жасау арқылы тыныс алу жүйесінің қалыпты көрсеткіштерін және патологиясын анықтауды үйрену.

  2. Салыстырмалы және топографиялық перкуссия әдістерінің техникасын меңгеру арқылы алынған мәліметтерді талдап,қорытынды жасауды үйрену.

3.Оқыту мақсаттары:


Б1.МЕДИЦИНА САРАПШЫСЫ

Білім (когнитивті) домені:

Есте сақтау:


  • Науқастың кеуде сарайын қарау барысындағы реттілігін және ерекшеліктерін;

  • Дауыс дірілінің анықтау техникасын және өзгеруінің себептерін;

  • Салыстырмалы перкуссия жүргізудің техникасын және реттілігін;

  • Топографиялық перкуссия жүргізудің реттілігін, ерекшеліктерін;

Түсіну:


  • Науқастың кеуде сарайын қарау барысындағы реттілігін және ерекшеліктерін;

  • Дауыс дірілінің анықтау техникасын және өзгеруінің себептерін;

  • Перкуссия тәсілінің физикалық негіздерін, перкуссия ережелерін, түрлерін, техникасын;

  • Салыстырмалы перкуссияның мақсатын және реттілігін;

  • Топографиялық перкуссияның мақсатын және реттілігін;

- Салыстырмалы перкуссия дыбысының өзгерістері және олардың сипаттамасын;

Қолдану:


- Науқастың кеуде сарайын қарауды жүргізуді;

- Кеуде сарайына дұрыс және реттілікпен пальпация жүргізуді;

- Дауыс дірілін анықтауды, оның өзгерістерін табуды;

- Қарау, пальпация нәтижелерін дұрыс қорытындылай білуді.

- Өкпе тіні тығыздалғанда, плевра қуысында сұйықтық немесе ауа жиналғанда өкпе тінінің ауалылығы жоғарылағанда, өкпеде ауалы қуыс болғанда дауыс дірілінің өзгерістерін;

- өкпенің салыстырмалы перкуссиясын жүргізуді;

- өкпенің шекараларын анықтау мақсатында топографиялық перкуссиясын жүргізуді

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлдік:


Кеуде сарайын қарау, пальпациялау, окпенің салыстырмалы және топографиялық перкуссия дағдыларын дәлділікпен орындайды;

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үлестіру:

жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады;
Б6. ӨМІР БОЙЫ БІЛІМ АЛУШЫ

Қолдану:


  • Клиникалық дағдылар негіздері пәнін игеру барысында пререквизиттерден және осы пәннен алған білімін қолданады;

Қарым-қатынас/мінез-құлық(аффективті)домені:

Құндылықтарды үлестіру:


  • іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үлестіреді.



  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:


А.Базистік пәндерден:

  1. Қалыпты анатомиядан – тыныс алу жүйесінің құрылысын;

  2. Қалыпты физиологиядан – тыныс алу жүйесінің функциясын;

  3. Гистологиядан – тыныс алу жүйесінің морфофункционалдық ерекшеліктерін;

  4. Патологиялық анатомиядан – тыныс алу жүйесі құрылымдарының патологиялық ауытқуларын;

5.Патологиялық физиологиядан – тыныс алу жүйесі қызметінің функционалдық ауытқулары, олардың даму механизмін.

Б.Осы тақырып бойынша:


  1. Кеуде сарайын қараудың мақсаттары, диагностикалық маңызы

  2. Кеуде сарайының пішіні, патологиялық түрлері.

  3. Тыныстың түрлері. Тыныс жиілігі, қалыпты түрі, санау әдісі.

  4. Тыныс ырғағының патологиялық өзгерістері, түрлері.

  5. Кеуде сарайында пальпация жүргізудің мақсаты, ауырсынуын анықтау.

  6. Дауыс дірілін анықтау әдісі, диагностикалық маңызы.

  7. Кеуде сарайының серпімділігі, патологиялық өзгерістері.

  8. Перкуссияның ережесі, диагностикалық маңызы.

  9. Салыстырмалы перкуссия жүргізу ережелері және техникасы, диагности-калық маңызы.

  10. Топографиялық перкуссия жүргізу ережелері және техникасы, диагности-калық маңызы.
  1. Білім берудің және оқытудың әдістері:


А) SGL, тәжірибелік дағдыларды дамыту, тиімді кері байланыс.

Б) Ауызша сұрастыру, тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша жауапты бағалау

(ОЕ–oral examination)




Жауабы жоқ

Жауабында күрделі қателіктері бар

Жауабыжартылай

Жауабы толық, бірақ білімін әлі жетілдіруқажет

Жауабы толық

Жауабытолық,жоғары деңгейде меңгерген




0

4

8

12

16

20

1 сұрақ



















2 сұрақ



















3 сұрақ




















Ұпайдың максимум саны: 60 (100%). Алған ұпай саны
В) тәжірибелік дағдыларды дамыту: кеуде сарайын қарау, пальпациялау, перкуссиялау; SAS (қарау, пальпация, перкуссия)
Емтихан қабылдаушыға: критерийді қолдана отырып, студенттің дағдысын бағалаңыз
Студенттің аты-жөні:______________________________________Курсы______________

тобы_____________ курсы __________ Мамандығы_______________________________


Құзіреттілік




Өкпеге салыстырмалы перкуссиясы дағдысын бағалау

Балл түріндегі баға

Жоқ

Ия, бірақ әлі де жетілдіру керек


Ия

0

1

2

Б.2

1

Пациентпен сәлемдесті.










2

Пациентке өкпенің салыстырмалы перкуссиясын жүргізетінін айтты.










3

Пациенттің жоғарғы киімдерін шешуін сұрады.










4

Қолдарын дене бойымен төмен қарай түсіртіп тұруын өтінді.










5

Мұрынмен еркін тыныс алуын сұрады.










6

Пациенттің алдыңғы жағынан өзіне ыңғайлы тұрды.










Б.2.1. Дәрігер – клиницист Б.2.2 Науқастарды жүргізу

7

Оң жақ бұғана үсті ойығына плессиметр саусақты бұғанаға параллелді қойып, 2 күшті соққы жасады.










8

Сол жақ бұғана үсті ойығына да плессиметр саусақты бұғанаға параллелді қойып, 2 күшті соққы жасады.










9

Қайтадан оң жақ бұғана үсті ойығына 2 орташа соққы жасады.










10

Қайтадан сол жақ бұғана үсті ойығына 2 орташа соққы жасады.










11

Екі жақтан да салыстырмалы түрде плессиметр саусақты қолданбай тікелей бұғананың өзіне ортасынан 2 күшті және 2 орташа күшпен перкуссия жасады.










12

І қабырға аралыққа плессиметр саусақты L.parasternalis бойынша қойып симметриялы нүктелерге 2 күшті және 2 орташа күшпен перкуссия жасады.










13

ІІ қабырға аралықта L.parasternalis және L.mediaclavicularis ортасындағы cызықтар бойынша симметриялы нүктелерге 2 күшті және 2 орташа күшпен перкуссия жасады.










14

ІІІ қабырға аралықта L.mediaclavicularis бойынша симметриялы нүктелерге 2 күшті және 2 орташа күшпен перкуссия жасады.










15

Марренгейм ойығында симметриялы нүктелерге 2 күшті және 2 орташа күшпен перкуссия жасады.










16

Пациенттің екі қолын желкесіне қойып тұруын сұрады.










17

Екі жақтан қолтық орта сызығымен плессиметр саусақты қолтыққа вертикальді қойып, симметриялы нүктелерге 2 күшті және 2 орташа күшпен перкуссия жасады.










18

Қолтық орта сызығымен плессиметр саусақты ІV қабырға аралықтарға паралелльді қойып, симметриялы нүктелерге 2 күшті және 2 орташа күшпен екі жақтан перкуссия жасады.










19

Қолтық орта сызығымен плессиметр саусақты V қабырға аралықтарға паралелльді қойып, симметриялы нүктелерге 2 күшті және 2 орташа күшпен екі жақтан перкуссия жасады.










20

Пациенттің арқа жағынан жауырын үстінен плессиметр саусақты иық орамына перпендикуляр қойып, симметриялы нүктелерге 2 күшті және 2 орташа күшпен перкуссия жасады.










21

Пациенттен екі қолын алдыңғы жағынан айқастырып, иықтарына койып тұруын сұрады.










22

Жауырын аралыққа жоғарғы деңгейінде плессиметр саусақты омыртқа жотасына паралелль қойып симметриялы нүктелерге 2 күшті және 2 орташа күшпен перкуссия жасады.










23

Жауырын аралыққа төменгі деңгейінде плессиметр саусақты омыртқа жотасына паралелль қойып симметриялы нүктелерге 2 күшті және 2 орташа күшпен перкуссия жасады.










24

Жауырын сызығымен жауырын астынан плессиметр саусақты қабырға аралыққа паралелль қойып симметриялы нүктелерге 2 күшті және 2 орташа күшпен перкуссия жүргізді.










25

Дәл жоғарыдағыдай етіп, тағы бір қабырға аралыққа төмен түсіп, симметриялы нүктелерге 2 күшті және 2 орташа күшпен перкуссия жүргізді.










26

Перкуссия нәтижесіне сипаттама берді (қалыпты жағдайда салыстырмалы перкуссияда анық өкпе дыбысы).











Тапсырмаға берілген уақыт - 5 мин.

Ұпайдың максимум саны: 52 (100%), жинаған ұпай саны: _______ ( _____%).
Г) Тестілеу нәтижесі%.

6.Әдебиеттер:


Негізгі әдебиеттер:

1. Ішкі аурулар пропедевтикасы, Оқулық. ГЭОТАР-Медиа, Москва, 2015ж. Н.А. Мухин, Б.С.Моисеев, Б.Б.Абдахина

Қосымша:

1. Гастроэнтерология және эндокринология циклдары бойынша іскерлікке арналған жетекшілік. Түркістан 2014ж. Сайденова М.А, Аскарова С.С., Шарабитдинова Г.Г., Айтметова Г.А.

2. Пульмонология циклы бойынша іскерлікке арналған жетекшілік. Түркістан 2014ж. Алимбекова Л.Т., Абдирамашева К.С.

3. Клиникалық электрокардиография негіздері. Оқұ құралы. Алматы, 2014ж. Н.Г.Малюченко, Алина А.Р., Бакирова Р.Е.

4. Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдісі және техникасы. Оқу құралы. Алматы. 2014ж. С.Д.Нурсултанова, Р.Е.Бакирова.

Электрондық оқулықтар:

Ішкі аурулар пропедевтикасы, I-том,2020, https://www.Kcl.elib.kz, В.Х. Василенко ,

В.В. Василенко. Жауапты редактор: Асқамбай К.

Ішкі аурулар пропедевтикасы, IІ-том,2018, https://www.Kcl.elib.kz, В.Х. Василенко ,

В.В. Василенко. Жауапты редактор: Асқамбай К.

Ішкі аурулар пропедевтикасы, IІІ-том,2020, https://www.Kcl.elib.kz, В.Х. Василенко ,

В.В. Василенко. Жауапты редактор: Асқамбай К.

Халықаралық дерекқорлар:

https://www.pubmed

https://www.ncbi.nlm.nih.gov/books/NBK361/#A246

https://www.ncbi.nlm.nih.gov/books/NBK562240/#article-25697.s2

https://www.ncbi.nlm.nih.gov/books/NBK470444/#article-25713.s2

Жалпы медициналық сайттар:

1. med-site.narod.ru

2. www.medicusamicus.com

3. www.medprof.ru

4. www.rusmedserv.com/topsites/

5. www.doktor.ru.

6. medinfa.net

7. www.spasmex.ru

8. www.webmedinfo.ru

9. www.medicum.nnov.ru

10. medcompany.ru

11. meduniver.com

12. badis.narod.ru

13. studentdoctorprofessor.com.ua

14. www.med39.ru

15. www.kovostok.ru

16. www.drugme.ru

17. lepila.tyurem.net

18. top.medlinks.ru

19. doctor-doctor.ru

20. mepmed.ru

21.www.pubmed

22. http://lib.ayu.edu.kz


7. Бақылау:



Студенттердің білімін тексеруге арналған тесттік сұрақтар:



  1. Крупозды пневмонияда зақымдалған өкпе үстінде дауыс дірілі қалай өзгереді?

A. күшейеді

B. өзгермейді

C. әлсірейді

D. анықталмайды

E. барлық бөліктерде әлсірейді

2. Өкпе тіні тығыздалғанда дауыс дірілі қалай өзгереді?

A. күшейеді

B. өзгермейді

C. әлсірейді

D. анықталмайды

E. барлық бөліктерде әлсірейді

3. Плевра қуысында көп мөлшерде сұйықтық жиналғанда дауыс дірілі қалай өзгереді?

A. күшейеді

B. өзгермейді

C. әлсірейді

D. барлық бөліктерде бірдей күшейеді

E. дауыс дірілі анықталмайды

4. Тыныс алудың жиілеуі:

A. асфиксия

B. тахикардия

C. тахипноэ

D. апноэ

E. брадипноэ

5. Тыныс ағзалары ауруларындағы кеудедегі ауырсыну ненің тітіркенуіне байланысты?

А. өкпе тіні

B. өкпенің интерстиций ткані

C. бронх және бронхиолалар

D. плевра

E. өкпенің қан тамырлары

6. Кеуде сарайының қалыпты түрі:

A. конус тәрізді

B. эмфизематоздық

C. қайық тәрізді

D. паралитикалық (семген кезде)

E. құйғыш тәрізді

7. Кеуде сарайы көлемінің бір жақтан үлкеюі байқалады:

A. эксудативті плевритте

B. жедел бронхитте

C. өкпеде қуыс пайда болғанда

D. қабыну кезіндегі өкпенің тығыздалуында

E. құрғақ плевритте

8. Терең, сирек, қатты, шулы тыныс – бұл...тыныс:

A. қалыпты

B. Биотт

C. Чейн-Стокс

D. Куссмауль

E. толқын тәрізді Грокк

9. Кеуде сарайының бір жартылық көлемін азайтатын себептерге жатпайды:

A. құрғақ плеврит

B. обтурациялық ателектаз

C. өкпе резекциясы

D. өкпенің бүрісуі

E. плевра жабысқақтарының пайда болуы

10. Дауыс дірілін күшейтетін себептерге жатпайды:

A. ошақты пневмония

B. пневмоторакс

C. өкпе инфаркті

D. өкпе туберкулезі

E. ателектаз
7. Клиникалық есептер

Есеп 1.

Науқаста өкпе эмфиземасы. Пальпация әдісімен анықтағанда өкпе эмфиземасында дауыс дірілі қалай өзгереді?

Есеп 2.

Науқаста сол жақтан жауырын аралық кеңістікте және жауырын ұшынан төмен қарай дауыс дірілі күшейген. Не себептен деп ойлайсыз?

Есеп 3.

Науқаста сол жақта қолтық астында дауыс дірілі сезілмейді. Не болуы мүмкін деп ойлайсыз?

Есеп 4.

Пациенттің тыныс алу жилігін санағанда минутына 24. Қалай аталады? Не себептен деп ойлайсыз?


написать администратору сайта