Главная страница
Навигация по странице:

  • Бұл жағдайда жалпы тәжірибиелі дәрігердің кеңесін алу мүмкін бе

  • Қандай приоритеттер жайлы айтылуда

  • Реабилитацияның бұл түрі қалай аталады

  • Мейіргер ісіндегі жоспарлау принциптері мен зерттеулер ж_ргізу. Мейіргер ісіндегі жоспарлау принциптері мен зерттеулер жргізу


    Скачать 182.2 Kb.
    НазваниеМейіргер ісіндегі жоспарлау принциптері мен зерттеулер жргізу
    Дата17.11.2022
    Размер182.2 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМейіргер ісіндегі жоспарлау принциптері мен зерттеулер ж_ргізу.docx
    ТипДокументы
    #793524
    страница2 из 6
    1   2   3   4   5   6
    Берілген клиникалық жағдай аурушаңдықтың қандай түріне жатады?

    a)Эпидемиялық емес

    b)Эпидемиялық

    c)Госпитальды

    d)Еңбекке жарамсыз

    e)Жұқпалы

    1. Жұқпалы аурухананың қабылдау бөліміне 42 жастағы әйел жүрегінің айныуна,ішінің өтуіне шағымдарымен жеткізілді. Дене қызуы көтерілмеген. Ауруын үйде дайындалған баклажандармен байланыстырады. Қабылдау бөлімінде ботулизм деп қауіптенді. Эпидемиологиялық қадағалау органдарына дәрігер қанша уақыттан кешікпей шұғыл хабарлама беру керек?

    a)12 сағат

    b)3 сағат

    c)10 сағат

    d)1 сағат

    e)24 сағат

    1. 25 жастағы еркек тері-венерологиялық диспансерге зәр шығару жолдарының ауырсынуына, іріңнің бөлінуіне шағымданды. Бұрын мұндай шағымдар болмаған. Трихомониаз диагнозы қойылды. Бұл клиникалық жағдайда құжаттың қандай түрі негізгі болып табылады?

    a)алғаш рет анықталған ауру хабарламасы

    b)шұғыл хабарлама

    c)Амбулаторлық карта

    d)стационарлық науқастың ауру тарихы

    e)ауру тарихынан көшірме

    1. Жұқпалы аурухананың қабылдау бөлімшесіне ұзақ уақыт қант диабетімен ауыратын науқас «Геморагиялық қызба» Асқазаннан қан кетуі диагнозымен түсті. Диагноз расталды. Сонымен қатар науқаста асқазан жарасы және жедел пиелонефрит бар екені анықталды. Берілген жағдайда науқастың негізгі диагнозы қайсысы болады?

    a)Геморрагиялық қызба

    b)Қантты диабет

    c)Асқазан жарасы

    d)Асқазан қан кетуі

    e)Жедел пиелонефрит

    1. Перзентханаға 39 жастағы жүкті әйел 39 апта жүктілігімен түсті. Босануы қалыпты өтті. Бала тірі болып туылды. 55 минуттан кейін баланың демі тоқтап, өлім куәланды. Бұл жағдайда өлімнің қандай түрі көрсетілген?

    a)Неонатальды

    b)Антенатальды

    c)Интранатальды

    d)Клиникалық

    e)Биологиялық

    1. Цистит аурушаңдығын талдауда А қаласына қарағанда Ш қаласында бұл көрсеткіш 10% жоғары. А қаласына қарағанда Ш қаласында бұл аурулар жиі кездеседі деп есептеуге болады ма?

    a)Жоқ , бұл қалаларда 100% алынған жалпы аурулар саны белгісіз

    b)Жоқ. Мәліметтер жинау барысында ықтимал қателері белгісіз

    c)Ия. Ш қаласында циститпен ауыратын науқастар көрсеткіші жоғары

    d)Ия. Осы көрсеткіштер цистит аурушандығының деңгейін көрсетеді

    e)Ия. Осы көрсеткіштер Ш. қаласындағы аурушылық деңгейін көрсетеді

    1. 33 жастағы науқас 12 жыл көлемінде созылмалы пиелонефритпен ауырады. Профилактикалық байқауға тұрғылықты жер бойынша емханаға жылына екі рет көрінеді. Қандай құжат және қанша рет осы жылдар бойы толтырылған?

    a)12 статистикалық талон

    b)амбулаторлық картаның 24 көшірмесі

    c)амбулаторлық картаның 12 көшірмесі

    d)24 статистикалық талон

    e)24 тағайындау парағы

    1. Бұл әдіс статистика департаментінде аймақтағы аурушаңдық көлемін анықтауға қолданған, соңында осы әдіс жылдық есебті құрастыруда қателікке алып келді. Жылдық есебті құрастыруда қандай көрсеткіштер пайдаланылған?

    a)санақ мәліметтері

    b)кәсіптік байқау мәліметтері

    c)өлім себептер мәліметтері

    d)келу мәліметтері

    e)мақсатты бақылау мәліметтері

    1. 62 жастағы науқас 10 жыл көлемінде полиартрит ауруымен ауырады. Жыл сайын емханаға көрінеді. Бұл жағдайда статистикалық есебтің түрі қалай аталады?

    a)жалпы аурушаңдық

    b)алғашқы аурушаңдық

    c)мүгедектік

    d)аурулық

    e)патологиялық зақымдалу

    1. 54 жастағы науқасты онкодиспансерде тамақты жұтуының қиындауы жөнінде тексергенде өңеш қатерлі ісігі анықталды. Эпидемиялық емес ауру туралы хабарлама қайда және қандай мерзімде жіберіледі?

    a)1 ай көлемінде онкологиялық диспансерге

    b)СЭС ке 12сағат көлемінде

    c)СЭС 5сағат көлемінде

    d)12сағат көлемінде онкологиялық диспансерге

    e)СЭС 24 сағат көлемінде

    1. Облыстың бас урологымен әртүрлі жастағы топтарда уролитиаздың таралуы туралы есеп құрастырылған. Осы бойынша қандай көрсеткіштер қолданылған?

    a)интенсивтік

    b)экстенсивтік

    c)айқындық

    d)қатынас

    e)ақпараттандыру

    1. Урологиялық бөлімшенің төсектік фондтың жұмысын талдағанда науқастың төсектік саны 10 күннен 8 күнге дейін қысқартылды. Бұл төсектің босамау көрсеткішіне қалай әсер етеді?

    a)жоғарылайды

    b)төмендейді

    c)өзгермейді

    d)жоғарылайды және төмендейді

    e)мағыналар байланысы жоқ

    1. Хирургияның ғылыми орталығымен асқазан жара ауруының ойлау және физикалық еңбекпен айналысатын адамдар арасындағы таралуы зерттелді. Осы зерттеуде бақылау бірлігі болып кім табылады?

    a)жұмыстағы адам

    b)гастритпен ауыратын

    c)рефлюкс-эзофагитпен ауыратын

    d)алкоголді тыс мөлшерде

    e)ауыр физикалық еңбекпен айналысатындар

    1. 22 жастағы пациент ЛОР бөлімшесінде созылмалы тонзиллиттен емделіп, ары қарай тұрғылықты жер бойынша дәрігердің бақылауына жіберілді. Мекеменің жұмысының көптігіне байланысты емхананың қандай маманы ары қарай динамикалық бақылау жүргізе алады?

    a)жалпы тәжірибиелі дәрігер

    b)ЛОР-дәрігер

    c)инфекционист

    d)иммунолог

    e)дәрігер-аллерголог

    1. 12 жасар жасөспірімді зәр шығару кезіндегі ауырсыну, жыныс мүшесінің қызаруы мазалайды. Тәбеті сақталған. Дене қызуы қалыпты. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық.


    Бұл жағдайда жалпы тәжірибиелі дәрігердің кеңесін алу мүмкін бе?

    a)ия, заңды құқығы бар

    b)жоқ, заңды құқығы жоқ

    c)жоқ, педиатр қарау керек

    d)жоқ, андролог қарау керек

    e)жоқ, уролог қарау керек

    1. Нефрология бөлімшесінде жалпыауруханалық мүлікті түгелдеуде 10 матрац жетіспейтіні белгілі болды. Бұл жағдайда аурухана қызметкерлерінен кім жауапты?

    a)Шаруа бике

    b)Бас мейірбике

    c)Меңгеруші

    d)Шаруа меңгеруші

    e)Аға мейірбике

    1. 43 жастағы еркек іссапарда жүріп жергілікті тері-венерологиялық диспансерде тексерілді. «Сифилис» диагнозы қойылды. Бұл пациенттің емі қай жерде жүргізіледі?

    a)қаралу жері бойынша тері-венерологиялық диспансерде

    b)тұрғылықты жер бойынша тері-венерологиялық диспансерде

    c)жеке медициналық орталық

    d)үйде

    e)емханада

    1. Балалар емханасында 3 жасар қызда жиі болатын вирустық инфекциялардың әсерінен лейкопения байқалды. Учаскелік педиатрға қандай емдік шаралардан бас тарту керек?

    a)профилактикалық егулер

    b)қан алмастыру

    c)витаминотерапия

    d)иммунотерапию

    e)антивирустік, антибактериальды терапия

    1. Созылмалы бронхитпен ауыратын 52 жастағы науқас жаңа жылдық мейрамнан кейін дәрігерге көрінуге келді. Шағымдары жоқ. Қабыну белгілері байқалмайды. Дәрігер қашан рецидивке қарсы ем тағайындай алады?

    a)көктемде-күзде

    b)дереу

    c)ай сайын

    d)жазда

    e)квартал сайын

    1. Учаскелік емханаға 10 жасар бала келді.Ата-анасының айтуы бойынша бала беймаз, тұрақсыз, тәбеті төмендеген, әрдайым субфебрильді температура байқалады. Консилиумнан кейін дәрігерлердің пікірлері бөлінді. Бұл жағдайда қандай маман негізгі тұлға болып табылады?

    a)учаскелік педиатр

    b)бас дәрігер

    c)орынбасар

    d)педиатр-ветеран

    e)меңгеруші

    1. Дәрігер жұмысқа келе жатып өзінің автокөлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Науқасты қарағанда жамбас аймағында қанды жара байқалады. Шок. Автокөлік аптечкасында шокка қарсы препараттар болмады. Науқасты қанша уақытта және қайда жеткізу керек?

    a)ең жақын ауруханаға 1 сағат көлемінде

    b)жедел көмек ауруханасына 30 минут көлемінде

    c)жедел көмек ауруханасына 1 сағат көлемінде

    d)өзінің үйіне 1 сағат көлемінде

    e)сол жерде көмек көрсету

    1. Прокуратура облыстың бір мекемесінің еңбекке жарамсыздық парақтарын тексеру барысында, кейбір қызметкерлердің еңбекке жарамсыз уақытында жұмыс орнында болғаны анықталды. Парақтарды берген ауруханада есеп, беру , сақтау жөнінде кемшіліктер табылды. Бұл жағдайда заң алдында жауапкершілікке кім тартылады?

    a)бас дәрігер

    b)тіркеуші

    c)бас дәрігердің орынбасары

    d)бас бухгалтер

    e)кадрлар бөлімінің меңгерушісі

    1. 28 жастағы ер адамды жедел көмек бригадасы бүйрек шаншуымен жеткізген. Шаншу тоқтатылды. Тексергенде бүйректің тас ауруы анықталды. Жатқызуға көрсетілім жоқ. Науқасқа қандай құжат беріледі?

    a)анықтама

    b)1 күнге жарамсыздық парағы

    c)ауру тарихынан көшірме

    d)3 күнге жарамсыздық парағы

    e)дәрігердің қорытындысы

    1. Пульмонологиялық бөлімшеде бронх демікпесімен ауыратын науқастың рентген зертеуінде өкпе туберкулезі анықталды. ВКК қандай мерзімге деиін жарамсыздық парағын бере алады?

    a)12 айға

    b)стационардан шыққанша

    c)6 айға

    d)1 айға

    e)3 айға

    1. Әкімшіліктің шешімі бойынша денсаулық сақтаудың даму приоритеттеріне байланысты бір онкодиспансердің орнына 4 отбасылық амбулатория салынуы шешілді.


    Қандай приоритеттер жайлы айтылуда?

    a)бастапқы көмекті дамыту

    b)стационарлық көмекті дамыту

    c)шұғыл көмекті дамыту

    d)реабилитациялық қызметті дамыту

    e)дәстүрлі емес медицинаны дамыту

    1. Науқас Артериалды гипертония диагнозымен аймақтық терапевт дәрігерінде диспансерлік есепте тұрады? Дәрігер осы науқасқа диспансеризация бойынша жылына қанша статистикалық карта толтыруы керек ?

    a)1 статистикалық карта

    b)3 статистикалық карта

    c)2 статистикалық карта

    d)5 статистикалық карта

    e)4 статистикалық карта

    1. Кардиологиялық бөлімшеге түскен 45 жастағы науқасқа кезекші дәрігер ұйқы шақыратын дәрілерін ішуге медициналық көрсеткіштер бойынша тыйым салды. Пациент өзінің құқықтарын бұзылған деп шешті. Өз құқықтарын қорғау үшін пациент кімге шағымданады?

    a)ЕПМ басшылығына

    b)ЕПМ бас мейірбикесіне

    c)әкімшілікке

    d)Страсбург сотына

    e)экономикалық сотына

    1. Қабылдау бөлімшесіне 34 жастағы әйел оң жақ мықын аймағының ауырсынуына, жүрегінің айнуына байланысты түсті. Хирургтармен қаралды, соқыр ішек болжамдалды. Науқас отадан бас тартты. Тіл хат алынды. Тағы қандай жағдайда науқас тіл хат береді?

    a)жатудан бас тартқанда

    b)емдеумен келіскенде

    c)сационардан шыққанда

    d)режим бұзғанда

    e)басқа бөлімшеге ауысқанда

    1. Облыстағы демографиялық жағдайды талдағанда статистика департаментімен 0-14 жас аралығындағы тұрғындар саны 50 жастағы тұрғындар санына сәйкес. Бұл жағдайда тұрғындардың жастарының типі қалай аталады ?

    a)стационарлық

    b)стабильды

    c)прогрессивті

    d)интенсивті

    e)регрессивті

    1. Республика бойынша ДСМ аурушаңдық деңгейін талдауда геронтологиялық аурулардың санын көбейгенін байқалды. Бұл мемлекет тұрғындарында қандай жас түрі басым?

    a)регрессивті

    b)стабильді

    c)прогрессивті

    d)интенсивті

    e)стацинарлы

    1. БДҰ Польшаны демографиялық ұлғайған мемлекет қатарына қосты. Осы тізімге ілігу үшін 65 жастағы тұрғындар саны қанша % құрауы керек?

    a)0-4

    b)4-7

    c)8-10

    d)11-15

    e)16-20

    1. Белгілі эстетикалық хирургия клиникасында 22 жасар поциентке мұрнын дұрыстау отасы жасалды. Отадан кейінгі кезеңде науқастың өзін-өзі бағалауы жоғарыламай, қайта төмендеді. Бойжеткен сотқа шағымданды. Бұл жағдайда кім жауапты?

    a)заңды тұлға ретінде клиника

    b)хирург-дәрігер

    c)клиникаға қызмет көрсететін сақтандыру компаниясы

    d)денсаулық сақтау департаменті

    e)клиниканы жарнамалайтын агенттік

    1. Мұнай өндіретін зауыттың қызметкері, өзінің ұзақ жылдар бойы экземамен ауыратынын өзінің кәсіптік қызметімен байланысты екенін білді. Денсаулыққа зиян келтіретінін санит, бөлімінің қызметкерлері білген, бірақ қызметкерлерге айтпағаған. Осы жағдайда қызметкердің қандай құқықтары бұзылған?

    a)денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы ақпарат

    b)еркіндік

    c)тегін емдеу

    d)денсаулық қорғау

    e)кейбір қызметпен айналысатын қызметкерлер денсаулығын қорғау

    1. 44 жастағы еркек өндірістік жарақат алып, екі қолының саусақтарынан айырылды. Арнайы өңделген реабелитациялық бағдарлама нәтижесінде пациент жазуды, қасық ұстауды, киінуді үйренді.


    Реабилитацияның бұл түрі қалай аталады?

    a)әлеуметтік

    b)медициналық

    c)кәсіптік

    d)психологиялық

    e)адаптациялық

    1. Спортшы-гимнаст қыз брусьядан құлап, омыртқасын жарақаттады. Соның нәтижесінде екі аяғы салданды. Спорт -дәрігері емдеу-профилактикалық шаралар кешенін өңдеді, соның нәтижесінде 2 жылдан кейін қимыл белсенділігі қалыпқа келді. Реабилитацияның бұл түрі қалай аталады?

    a)медициналық

    b)әлеуметтік

    c)кәсіптік

    d)психологиялық

    e)адаптациялық

    1. Н. өндірістік қаласында еңбекке қабілетті тұрғындар арасында бронх демікпесі аурушаңдық деңгейінің жоғарылауы байқалады. Еңбекке қабілетті тұрғындар арасында бронх демікпесі аурушаңдық деңгейінің таралуын анықтауға медициналық байқаудың қандай түрі қолданылады ?

    a)мақсатты медициналық бақылау

    b)алдын алу медициналық бақылау

    c)мерзімді медициналық бақылау

    d)кәсіптік медициналық бақылау

    e)жоспарлы медициналық бақылау

    1. Денсаулық сақтау департаментімен аудандық ауруханалар базасында урологиялық орталықтар ашуға шешім қабылданды. Нәтижесінде мамандандырылған урологиялық көмек алуға алыс ауылдың тұрғындарына жеңіл және қолжетімді болды. Бұл жағдайда науқастарды жүргізудің қандай принципі қолданылған?

    a)қолжетімділік

    b)үзінділік

    c)кезеңділік

    d)мерзімдік

    e)ауытқулық

    1. 11 жастағы науқас учаскелік педиатрде «Созылмалы гастродуоденит» диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. Бала ішінің ауыруына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Ата-анасының айтуынша дене температурасы қалыпты, іштің өтуі, құсуы жоқ. Ата- анасын телефон арқылы тыңдап, учаскелік педиатр үйге келуден бас тартып, емханаға келуге кеңес берді. Қандай жағдайда балаларға үйде қызмет көрсетілмейді?

    a)созылмалы аурудың өршуі

    b)бастапқы аурумен

    c)жедел жұқпалы ауру

    d)жұқпаны қауіптенген жағдайда

    e)қызуы бар науқастарға

    1. Қабылдау бөліміне 40 жастағы ер адам денесінің қызуы ұзақ уақыт 39-40°с дейін көтерілуі, әлсіздік, дене қалтырауы шағымдарымен түсті. Ауруханаішілік инфекцияны алдын алу мақсатында диагноз анықталғанға дейін науқас қайда болуы керек?

    a)диагностикалық палата

    b)бокс

    c)жансақтау бөлімі

    d)коридор

    e)ем алу кабинеті

    1. Ірі аурухананың бас дәрігерінің алдында хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі зейнеткерлікке шығуына байланысты босаған орынға 5 кандидатты таңдау мақсаты тұр. Барлық кандидаттар хирургтер. Осылардың ішінде меңгерушінің орнына кімді таңдау керек?

    a)жоғары дәрежелі дәрігер,жұмыс өтемі 17 жыл

    b)жұмыс өтемі 3 жыл

    c)2 ай шетелде оқыған жұмыс өтемі 6 жыл 1 категориялы дәрігер

    d)62 жастағы дәрігер, жұмыс өтемі 30 жыл

    e)кафедра меңгерушісі, соңғы 12 жыл тәжірибесіз

    1. Токсикологиялық бөлімшеге 30 жастағы науқас улы газбен улану белгілерімен түсті. Жиналыста меңгеруші пациентке аса мұқият күтім жасауды ескертті. Науқастың күтім жүйесі қанша дәрежеден тұрады?

    a)екі

    b)бір

    c)үш

    d)төрт

    e)бес

    1. Балалар ауруханасында жиналыста хирургиялық бөлімше меңгерушісінің есебі тыңдалды. Анықталғаны былтырғы жылы емдеу ұзақтығы 10 күн болған, ал бұл жылы 12 күнді құрады. Емделудің ұзақтығына қандай фактор әсер етті?

    a)ауыр науқастың санының көбеюі

    b)науқастың сұранысы

    c)дәрілердің жетіспеуі

    d)ұзақ госпитализация

    e)талдаудың кешігуі

    1. Облыстық аурухананың қабылдау бөлімшесіне көкірек тұсынан пышақ жарақатымен 25 жасар еркек түсті. Кезекші дәрігер науқасты 8 минуттан кейін көрді. 5 минуттан кейін науқас қайтыс болды. Бұл жағдайдағы өлім түрі қалай аталад?

    a)редуцирленген

    b)клиникалық

    c)стационарлық

    d)медикаментозды

    e)ятрогениялық

    1. Жедел көмек беру ауруханасының қабылдау бөлімшесіне эпигастр аймағының қатты ауырсынуы анальгетиктермен, спазмолитиктермен басылмаған 40 жасар науқас түсті. Науқас хирургия бөліміне жатқызылды. Бөлімшеде ауырсынуды басуға наркотикалық препараттар беру шешілді. Наркотикалық препаратты жіберуге меңгерушіден басқа кімнің рұқсаты керек?

    a)бас дәрігердің орынбасары

    b)емдеуші дәрігер

    c)дәріхана меңгерушісі

    d)бас мейірбике

    e)нарколог

    1. Цемент зауытының қызметкерлеріне (1800 жұмыс орны) берілген емдік нұсқауларды талдау барысында, оның ауыр зардаптар әкелгені, оларға емдік нұсқауларды цех фельдшері бергені анықталды. Неге байланысты осы зауытқа терапевтті тағайындау мүмкін емес?

    a)жұмысшылардың саны 2 мыңнан кем

    b)фельдшер

    c)қауіпті кәсіпорын

    d)басшының келісімінсіз

    e)терапевттің қызметін төлеуге қаражат жеткіліксіз

    1. 30 жасар науқас емханаға профилактикалық тексеруден өту үшін шақырумен келді. Қарап тексерген кезде артериялық қан қысымы 120/80 мм. с.б., индекс Кетле 24. Анамнезінен: 6 жыл бойы темекі шегеді. Осы науқасты терапевт дәрігер қандай динамикалық бақылау тобына жатқызады ?

    a)I Б

    b)I А

    c)II

    d)III

    e)I В

    1. Қабылдау бөлімшесіне 32 жастағы ер адам қан құсуға, дене қызуының 39 градусқа көтерілуіне шағымданып түсті. Науқасты көрген дәрігер геморагиялық қызба деп қауіптенді. Науқас және дәрігер 3 күн карантинде болды. Кіммен бұл жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық анықталады?

    a)эпидемиологпен

    b)көрген дәрігермен

    c)инфекционистпен

    d)меңгерушімен

    e)бас дәрігермен

    1. Жол апатынан кейін 33 жасар науқас ортопедиялық бөлімшеде емдеуде болды. Стационардан кейін әйелі науқас күтіміне байланысты жарамсыздық парағын алуды шешті. Қандай жағдайда күтімге байланысты жарамсыздық парағы берілмейді?

    a)туысқандардың талабы бойынша

    b)егер күтімсіз өміріне қауіп төнгенде

    c)егер күтімсіз денсаулығына қауіп төнгенде

    d)госпитализацияға мүмкіндік жоқта

    e)басқа туыстары жоқта

    1. 45 жасар еркек мас күйінде екінші қабаттан құлап түсті. Урологиялық бөлімшеге: Белінің ауыр жарақаты. Бүйректің ұрылуы, гематурия диагнозымен түсті. Емдеуде 10 күн болды,жағдайы жақсарып үйге шығарылды. Стационардан шыққаннна кейін науқасқа қандай құжат беріледі?

    a)стационарда жатқан жөнінде анықтама

    b)жарамсыздық парағы

    c)наркодиспансерге жолдама

    d)дәрігерлік комиссиясының қорытындысы

    e)ешқандай құжат берілмейді

    1. 1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта