Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың барысы

  • (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі

  • Жаңа сабаққа кіріспе (Ұ) «Миға шабуыл»

  • Мадақтау Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп

  • Сұрақ

  • Жауап жазады

  • «Еркін микрофон» әдісі.

  • «Жапондық бағалау»

  • тапсырма. 9 тапсырма. Мейоз. Мейоз фазалары. Мейоз бен митозды салыстыру


    Скачать 231.22 Kb.
    НазваниеМейоз. Мейоз фазалары. Мейоз бен митозды салыстыру
    Анкортапсырма
    Дата18.05.2023
    Размер231.22 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла9 тапсырма.docx
    ТипДокументы
    #1142013

    Сабақтың тақырыбы:

    Мейоз. Мейоз фазалары. Мейоз бен митозды салыстыру.


    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    9.2.2.3 - мейоз кезеңдерін сипаттау;

    Сабақтың барысы:

    Сабақ кезеңі/Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы


    (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

    1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

    2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру




    Жаңа сабаққа кіріспе


    (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

    Өзгенің пікірін толықтырады.
    Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

    1.Мейоз дегеніміз не?

    2. Ол қандай негізгі екі сатыдан тұрады?

    3. Гамета , зигота дегеніміз не?

    4. Оларда қандай хромосома жиынтығы бар?

    5. Мейоз арқылы бөлінген кезде хромосома мөлшері қалай өзгереді?


    Мадақтау

    Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

    Сабақтың ортасы


    Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

    Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

    Дескриптор: Жалпы - 3 балл

    1.Мейоз үдерісіне сиаттама береді.

    Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.




    Тапсырмалар айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

    1. Мейоз арқылы түзілген жасушалардағы хромосома жиынтығы неге өзгеретінін түсіндіреді. Қанша еншілес жасуша түзіледі?

    2. Мейоз фазаларының реті қандай? Қандай фаза ең ұзақ?
    3. Гомологиялық хромосомалар және коньюгация мен кроссинговер үдерістері арасындағы байланысты анықтайды.
    4. І және ІІ анафазаны салыстырады.

    Дескриптор: Жалпы - 3 балл

    1. Тапсырманы орындайды.


    ДК экраны

    9-сынып оқулығы.

    Жұмыс дәптерлері.




    Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

    1. І мейоз фазаларын талдайды. Оның түбегейлі айырмашылықтары қандай?

    2. «Мейоз фазалары» деген сызба сызады.



    Дескриптор: Жалпы - 3 балл

    1. Тапсырмаларды орындайды.

    2. Сұлбаны дәптерге сызып алады.

    Жұмыс дәптерлері.

    Пиза тапсырмасы

    Сұрақ: ҚАН ЖАСУШАЛАРЫ, ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

    Осы суретке сүйене отырып, қанның құрамындағы негізгі химиялық элементтерді атаңыздар. Адам денесіндегі қанның түсі қызыл түсті, ал басқа ағзаларда көк, жасыл, күлгін болуы мүмкін. Мәселен, көк түсі қан-өрмекшітәріздестерге, жасыл түсті қан-сүліктерге, күлгін түсті қан-сегізаяққа тән. Неліктен?


    Жауап жазады




    Жұмыс дәптерлері

    Сабақтың соңы

    Ой толғаныс.

    Рефлексия


    «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
    .

    Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


    Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






    написать администратору сайта