Главная страница

Мектеп . А. Жолдасбеков атындаы 9it лицейі


Скачать 291.66 Kb.
НазваниеМектеп . А. Жолдасбеков атындаы 9it лицейі
Дата18.01.2023
Размер291.66 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаdocx1575631857.docx
ТипДокументы
#893384



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8.4органикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс

Мектеп: Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9IT лицейі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шеримбетова Е.Е

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.12-органикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу



Сабақтың мақсаты

  • органикалық қосылыстардың генетикалық байланыстарын іске асыруға болатын реакция теңдеулерін құрастыру

  • органикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыстың схемасын құрастыру

  • органикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстардың ерекшеліктерін сипаттау

Бағалау критерийі

органикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттейді

Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсат: органикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты анықтамасын өз сөзімен айтады.Металдар,бейметалдар және екідайлы элементтер түзетін генетикалық байланыстардың ерекшеліктерін сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика және терминология

Оксидтер,негіздер, қышқылдар, тұздар,генетикалық байланыс

Диалогқа/ жазылымға /қажетті тіркестер

Оксидтер..., ... , ... анықтамасын түсіндіреді

Негіздер дегеніміз......

Қышқылдар дегеніміз.....

Тұздар дегеніміз...

Үштілділік: генетика-genetics,бейорганика- inorganic, oxides -оксидтер, bases -негіздер, acids- қышқылдар, salts - тұздар

Құндылықтарға баулу


Топтық жұмыс -ұйымшылдық, жауапкершілік, шығармашылық іздену,

қарым -қатынас жасау қабілеті,өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарау дағдылары дамиды.

Жеке жұмыс -өз бетінше еңбектену,сын тұрғысынан ойлау, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, жаратылыcтану

5.3.2.3 - заттардың жіктелуі

5.3.3.2 – Заттардың түзілуі және алынуы

Алдыңғы білім


7.3.4.4 бейметалдар оксидтері қышқылдық,ал металдар оксидтері негіздік болып табылатынын білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

(жаңа тақырыпты жариялау, өткен сабақты бекіту)

12 мин

Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

Жағымды ахуал туғызып оқушылардың көңіл күйілерін көтеру мақсатында үш түсті стикерлерді таңдату топқа бөлемін.

  1. Жасыл «Қышқылдар»

  2. Сары «Негіздер»

  3. Көк «Тұздар»

О й қозғау. Оқушыларға суретте көрсетілген айналымдар арқылы жаңа тақырыптың мағынасын ашамын. Біз сан рет жапырақтың сарғайып, солуын көбінесе жаңбырдан кейін болатынын байқаймыз. Сіздер неге бұлай болатынын ойланып көрдіңіздер ме?

О: Жорамалдауым бойыншы, қышқылдық жаңбырдың әсерінен.

М: Дұрыс, оның қалай және неге түзілетіндігін білесіздер ме?

О: Жаңбыр әрдайым әлсіз қышқыллды қасиет көрсеткен: ауа құрамындағы көмірқышқыл газы сумен әрекеттесіп, әлсіз көмірқышқылын түзеді.

М: Өнеркәсіп пен транспорттың дамуынан жаңбырдың қышқылдығы бірден өсті. Газ өндіретін зауыт орналасқан өңірлерде күкіртсутегі өндіріліп, бөлінеді

Олай болса біз бүгінгі сабақта генетикалық байланысты зерделейміз



қышқылдар



негіздер



тұздар





Сабақтың ортасы



«Кинометафора» әдісі сабақ тақырыбына байланысты бейнетаспа үзінді көрсету арқылы оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытып, өз ойлары мен пікірлерімен бөлісуге жағдай жасаймын. Топтарда талдау жасалады

Сұрақтар:

  • Жай заттардан күрделі заттарды түзілуі...................

  • Бір класс заттарынан басқа басқа класс заттарын алуға болады . Мұндай .....

  • Металдар мен бейметалдардан алынатын оксидтер мен гидроксидтер реакцияға түсіп,соңында .........алуға мүмкіндік туады.

Саралау тапсырмалары:

1 тапсырма «Домино» әдісі

Т.Ж. Генетикалық байланыс айналымдары көрсетілген қатардың дұрыс ретін анықта

А) Start ...3 s2 3p1

B) Al + O2

C) Al2O3 + H2SO4

Д) Al2O3 + NaOH

E) Al (OH) 3 Finish

Дескриптор

Генетикалық байланысты көрсететін айналымдарды ретімен орналастырады

Қалыптастырушы бағалау: Топтар сағат тіліміен жүріп бір біріне бағалау жүргізеді. «Смайликтер»арқылы бағалайды

5 тас дұрыс

3.4 тас дұрыс

1.2 тас дұрыс
(Ж Ж) 2 тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

берілген заттардың формулаларын анықтап генетикалық байланыс құрастыр:


Кальций түйіршігі
Сөндірілмеген әк
Сөндірілген әк
Гипс
Жауабы: Бұл тізбекте әртүрлі класс заттарына жататын бір элемент қайталанып, айналулар нәтижесінде CaSO4 тұзына айналады. Ca→ CaO → Ca(OH)2 → CaSO4

Дескриптор

Берілген үлгілердің формуласын жазады

Генетикалық байланыс құрады


1 2 3 4 5



Қалыптастырушы бағалау

«Сызғыш»арқылы бағалайды

5 тізбек дұрыс «бес»

3.4 тізбек дұрыс «төрт»

1.2 тізбек дұрыс «екі,үш»
(Т ж) 3 тапсырма «Қайтадан құрастыру» әдісі

Берілген сызбанұсқа бойынша генетикалық байланыс құрастыр

Металл ► негіздік оксид ►негіз___ ►тұз

Бейметалл ►қышкылдық оксид ►қышқыл ►тұз
екідай.

Дескриптор:

  • Сызбанұсқа бойынша генетикалық қатар құрастырады

  • Айналымдарды жүзеге асыратын химиялық реакция теңдеулерін жазады

Қалыптастырушы бағалау

Математикалық фигуралар бойынша топтар бір бірін бағалайды.

Толық орындалмаған



Жартылай орындалған



Тапсырма дұрыс орындалған






Жеке жұмыс

«Жедел хат» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмалары конвертпен үлестіріледі. Оқушылар өз алдына жеке орындайды

Бағалау критерийі Білім алушы

• Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

арасындағы генетикалық байланысты зерттейді

Ойлау дағдыларының деңгейі: Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

1.(a) Төмендегі тізбекті жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз.


Дескриптор Білім алушы

− белгісіз заттарды дұрыс анықтайды және сәйкес реакция теңдеулерін жазады;

− металдың оттегімен реакция теңдеуін жазады;

− бейметалдың оттегімен реакция теңдеуін жазады;

− күрделі заттардың сумен реакция теңдеулерін жазады;

тізбек соңында түзілетін затты анықтайды

Бағалау

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі. (Өзін-өзі бағалау)

Қызыл түсті - мүлдем орындамадым

Сары түсті - жартылай орындадым

Жасыл түсті - толық орындадым
Сабақты қорытындылау: Тапсырма: «Kahoot» тест

4 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын онлайн режимнде орындайды. Нәтиже көрсеткішін онлайн арқылы көреді

1 сұрақ

Магний қосылыстарының генетикалық қатары

1.HCl,2.MgO,3.NaOH,4.Mg,5.HNO3,6.MgSO4,

7.Mg(OH)2,8.K2CO3, 9.KCl MgCl2

А) 4, 2, 7, 6

Ә) 3, 4, 5, 8

Б) 1, 8, 9, 2

В) 2, 9, 4, 6

Г) 4, 2, 8, 9

2 сұрақ

Дұрыс тұжырымдарды көрсет.

Күкірт диоксиді суда еріп, қышқыл түзеді.

Кальций мен хлор әрекеттескенде тұз түзіледі.

Натрий оксиді суда еріп, сілті түзеді.

А)2 және 3

Ә)1, 2 және 3

Б) 1 және 3

В) 1 және 2

Г) тек 1

3 сұрақ

«Генетика» сөзінің ағылшынша атауы

А) genetics,

Б) inorganic

В) bases

Г) salts

4 сұрақ

Қышқылдың ағылшын тілінде атауын тап

А) inorganic

Ә) genetics

Б) oxides

В) acids

Г) salts

Кері байланыс: Мұғалімнің ауызша кері байланысы

Электронды оқулық





Сабақтың соңы


Кері байланыс «Топқа СМС» әдісі. Әр топ бір-біріне хат жазу арқылы қай жерде қандай қате жібергендігін айтады. Бірін-бірі бағалайды

Рефлексия: Шульманың «Үш көмекшісі» Оқушылар өз ойларын жасыл түске жазады

Бас

Бүгінгі сабақта басың арқылы нені меңгердің?




Қол

Бүгінгі сабақта қолың арқылы нені жасай алдың?




Жүрек

Бүгінгі сабақта жүрегің арқылы нені сезіндің?










СаралауСіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





.Оқушылардың қажеттілігіне қарай

«Домино»,«Ойлан, жұптас, бөліс», «Қайтадан құрастыру» әдістерін жаңа білімді анықтау мақсатында саралаудың «Қарқын» тәсілі арқылы қолданылды.

«Кім жылдам» әдісі арқылы оқушылар орындаған тапсырмаларда әртүрлі нәтижеге қол жеткізеді, сол себепті саралаудың «Нәтиже» тәсілін пайдаландым.

«Kohoot» әдісі баланың АКТ ны қолдану қабілетін дамытатындықтан, саралаудың «Қорытынды» түрі арқылы саралаймын.

Критерийалды (дескриптор) бағалау,өзін-өзі бағалау, «Топқа СМС», «Бас бармақ», «Бағдаршам» «Екі жұлдыз,біртілек» «Математикалық фигуралар»бағалау , Шульманың «Үш көмекшісі»кері байланыс арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істей алу және топ ішінде белсенділік қабілеттерін арттырамын.


Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері.

Интербелсенді тақтамен жұмыс жасау ережелерін сақтау



Сабақ бойынша рефлексия









Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





написать администратору сайта