Главная страница

ҚМЖ Митоз, мейоз фазалары. Мектеп . Дамитов атындаы орта мектебі кммсі


Скачать 50.09 Kb.
НазваниеМектеп . Дамитов атындаы орта мектебі кммсі
Дата28.02.2023
Размер50.09 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ Митоз, мейоз фазалары.docx
ТипДокументы
#959175

Мектеп

«Қ.Дамитов атындағы орта мектебі» КММ-сі

Күні




Мұғалімнің аты-жөні:

Кабдыкаримова Гульназ Сабыржановна

Сынып

Барлығы - 17 Қатысқандар – Қатыспағандар -

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

9.3С Жасушалық цикл

Сабақтың тақырыбы:

Мейоз, оның фазалары. Мейоз бен митоз үдерістерін салыстыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.2.3 мейоз кезеңдерін сипаттау; митоз және мейоз үдерістерін салыстыру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: мейоз кезеңдерін сипаттау; митоз және мейоз үдерістерін салыстыру.

Оқушылардың басым бөлігі: митоз бен мейоз үдерісінің айырмашылықтарын және ұқсастықтарын салыстыру

Кейбір оқушылар: митоз бен мейоз үдерісін қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіріп салыстыру. Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындау.

Бағалау критерийі

-Мейоздың профаза, метафаза, анафаза, телофаза кезеңдерін (фазаларын) түсіндіреді;

-мейоздың кезеңдерін сипаттайды;

-Мейоз кезеңдерінің ерекшеліктерін өзара салыстырады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ... істей алады

-мейоз үдерісі бойынша ресурстарды оқып, мәтіндегі негізгі ойды бірлесе сипаттайды (оқылым);

-өз ойын ауызша жеткізеді, ауызша диалогқа түсе алады, өзара ой бөліседі. (айтылым);

-шағын топтарда өз ойын жеткізіп өзара пікіралмасады, салыстыра алады (тыңдалым)

-мәліметтерді пайдалана отырып мейоз үдерісінің кезеңдеріне қорытынды жасап жаза алады (жазылым)

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері

Мейоз, хромосомалардың гаплоидті жиынтығы, хромосомалардың диплоидті жиынтығы, редукциялық бөліну, мейоздың фазалары, профаза, метафаза, анафаза, телофаза, гаметалардың алуантүрлілігі, мейоздың биологиялық маңыздылығы.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар:

Мейоздың биологиялық маңызы зор, өйткені........ мейоз кезінде хромосомалардың айқасуы жүреді, гомологтік хромосомалардың тәуелсіз ажырауы, осы үдеріс арқылы ата-анадан ұрпаққа тұқым қуалау заңдылықтары айқындалады.

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Мейоз үдерісі болмаса, неліктен жыныстық көбею болуы мүмкін емес.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Митоз бен мейоз үдерістерін салыстыра отырып, жасушалық көбеюдің мәнін түсінуге болады, себебі......

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығы арқылы оқушылардың өмір бойы білім алуына, салауатты өмір салтын, денсаулық сақтау нормаларын ұстануға баулу.

«Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу» құндылығы бойынша жұпта және топта жұмыс жасау барысында ынтымақтастықта болуға, өзіне жүктелген тапсырманы жауапкершілікпен орындауға, өзіне, басқалардың көзқарасына құрметпен қарауға, өз ойын ашық жеткізу құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс

Математика –«жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептеу»

География -« экватор полюстері»

Алдыңғы білім

9.2.2.2. митоздың фазалары

8.2.2.1. тірі ағзалардың тіршілік әрекетіндегі митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру.

7.2.2.2 «соматикалық және жыныс хромосомаларындағы хромосомалар санының әртүрлілігін түсіндіру»

7.2.4.3 «көбею түрлері»

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Құрылымдалған топтарға біріктіру.

Тірек сөздер бойынша құрылымдалған топқа біріктіру

І-топ. Мейоз

ІІ-топ. Конъюгация.

ІІІ-топ. Кроссинговер

Оқушыларға қағаз қиындылары таратылады. Қиындыларда тірек сөздер берілген.

Тапсырма 1.

Үй тапсырмасын тексеру. «Қарлы кесек» ойыны, «Суреттер сөйлейді» стратегиясы арқылы митоздың фазаларын бір-бірінен ажыратады

  1. Митоз дегеніміз не?

  2. Митоздық көбею қандай жасушаларда жүреді?

  3. Митоз үдерісінің фазаларын ата.

  4. Хромосомалардың диплоидты жиынтығы деген не?

  5. Хромосомалардың гаплоидты жиынтығы деген не?

  6. Ядроның бөлінуі, жас жасушалардың ядросының қалыптасуы қалай аталады?

  7. Цитоплазманың бөліну үдерісі?

  8. Интерфаза сатысыі

  9. Профаза

  10. Метафаза

  11. Анафаза

  12. Телофаза

Қолданатын әдіс-тәсіл: «Қарлы кесек» ойыны арқылы «Суреттер сөйлейді» стратегиясымен мұғалім сұрақты нақты оқушыға бағыттайды, оқушылар алдыңғы білім бойынша жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: «Нысана» әдісі (оқушыға «нысана» парағы таратылады, оқушы әр тапсырмада өз деңгейін белгілеп отырады.

Тірек сөздер жазылған қима қағаздар

интерактивті тақта, қар кесегі, қима қағаздар
дайын нысана суреті


Сабақтың ортасы

25 минут

«Ой шақыру»

Жасуаның бөлінуі «Мейоз үдерісі» бейнеролик көрсету

Сұрақтар қойылады:

- Бейнероликте не туралы көрсетілді?

- Сендер ол туралы не ойлайсыңдар?

- Сабағымыз не жайлы болмақ? (тақырып анықталады)

Тапсырма 2.

Мейоз және митоз үдерістерін салыстыру мәтінімен танысып, инсерт әдісі арқылы берілген тақырып бойынша бұрыннан білемін «+», жаңадан білдім «!», түсініксіз жерлерін «?» белгілеңіздер.

Дескриптор:

- мәтінмен жұмыс жасап, түсініп оқиды;

- тың, жаңа ақпаратпен танысады;

- мейоз бен митоз процестерін салыстырады.

Қолданатын әдіс-тәсіл: «Инсерт»

ҚБ: өзін-өзі бағалау «Плюс, минус, керемет»
Тапсырма 3. Митоз бен мейоздың жүру фазалары туралы материалды талдай отырып, оқулықтағы кестені және суреттерді пайдаланып салыстырыңыздар, негізгі термин сөздерді, анықтамаларды ретімен орналастырыңыздар.
1-топ. «Тәртіппен орналастыр» стратегиясын пайдаланып ретсіз орналсқан анықтамаларды мәтінді пайдалана отырып, дұрыс жауабын дәптерге жазады.

2- топ оқулықпен, 7 -кестемен жұмыс жасайды




Ұқсастығы

Айырмашылығы

Митоз







Мейоз






3-топ. «Венн» диаграммасына митоз және мейоз үдерісінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, ортақ белгілерін мәтіннен тауып жазыңыз.


Дескриптор:

-мәтіндегі анықтамаларды ретімен орналастырады

- митоз бен мейоз үдерісінің жүру фазаларын салыстыра-ды

- ерекшелігін анықтайды, кестеге толтырады

- үдерістің ұқсастығын сипаттайды

Қолданатын әдіс-тәсіл: «Ойлан. Жұптас. Талқыла»

ҚБ: Активатор «3.2.1» (маңызды, түсінгенім, іске асырамын)
Тапсырма 4.

Түрлі түсті қағазды пайдаланып «мейоздық бөлінудегі хромосомалардың тарқатылуы» моделдерін жасаңыздар және магниттік тақтаны пайдаланып «Мейоз кезеңдері» сызбасын құрастырыңыздар

1-топ: Мейоздың дайындық кезеңі. Редукциялық бөліну

2-топ: Мейоз-1. Профаза, метафаза, анафаза, телофаза.

3-топ: Мейоз-2. Профаза, метафаза, анафаза, телофаза экваци

Дескриптор:

- түрлі түсті қағазды пайдаланып «мейоздық бөлінудегі хромосомалардың тарқатылуы» моделдерін жасайды

-мейоздың дайындық кезеңі, І бөліну және ІІ бөліну фазаларын ажыратады.

- магниттік тақтаға митоз үдерісінің үлгілік сызбасын құрастырады

Қолданатын әдіс-тәсіл: «Модельдеу» әдісі

Қ.Б: «Үш жақты түсіндірмелі күнделік» әдісі –

оқушының өзін-өзі бағалауы.
1.Мәтінде сізді не таңқалдырды?

2. Неліктен, неге қызығушылық таныттыңыз?

3.Қандай сұрақ туындады?

Не таңқалдырды

Неліктен, неге

Сұрақ












https://youtu.be/ohuEBWEjFHo?t=8

Биология: 9-сынып оқулығы

Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьев, Б.Т. Ибраимова . – Алматы: Атамұра, 2019

Ретсіз орналасқан терминсөздер, қимақағаз

Салыстырма

лы кесте

диаграмма


Жұмыс дәптері


Модельдеу, түрлі түсті қағаз, магнит, желім, жіп

Жұмыс дәптері, кесте


Сабақтың соңы

7 минут

Тапсырма 5.

«Жалған және шындық» әдісі

Мейозға қатысты тұжырымдардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін белгілеңіз.

Мейозға қатысты тұжырымдар

Жалған

Шындық

Мейоз нәтижесінде хромосома саны екі есе азаяды




+

Мейоз кезінде жасуша диплоидты күйден гаплоидты күйге ауысады




+

Мейоз жыныстық көбеюді қамтамасыз етеді




+

Мейоздың нәтижесінде ұрпақ қасиеті ата-анасының қасиеттерімен бірдей болуы мүмкін




+

Мейоз эукариоттардың сомалық жасушаларында жүреді

+




Мейоздың нәтижесінде ұрпақ жаңа қасиеттерге ие болады




+

Мейоз кезінде жыныс жасушалары жетіледі.




+

Мейоздың дайындық кезеңі профаза

+




Интерфазада хромосомалар екі еселенеді

+




Мейоздың 3 бөлінуі, 8 фазасы бар

+




Конъюгация хромосомалардың айқасуы

+




Кроссиговер хромомсоманың сәйкес бөліктерінің алмасуы




+

Дескриптор

-Мейоз кезеңдерінің ерекшеліктерін салыстырады.

-Хромосомалар типтері туралы ақпарат жинақтайды.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Жалған және шындық» әдісі

Қалыптастырушы бағалау: «+» және «- » мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау.

Үйге тапсырма.

§32. 139-144 бет, Түраралық будандар неге тұқым бермейді, кроссинговермен қалай байланысты?

Кері байланыс

«Чемодан, еттартқыш, себет» әдісі арқылы

Чемодан-салып аламын, бұл маған керек.

Етартқыш-алған ақпаратты өңдеймін.

Себет- қажетін аламын, қажет емесін тастаймын.



Үлестірмелі кесте, интербелсенді тақта

Оқулық.
Интер

белсенді тақта, сурет

Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат. Хромосома типтері

https://stud.kz/prezentatsiya/id/21862.

Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

-Саралауды ұйымдастырудың пайдалы әдіс-тәсілдері негізінде аралас құрылымдалған топ құруымның мақсаты, қабілетті (дарынды) оқушылар топты жетелеп отырады.

Тапсырма 1:«Қарлы кесек» ойыны, «суреттер сөйлейді» стратегиясы арқылы сұрақты нақты оқушыларға бағыттап алдыңғы білімі тексеріледі.

Саралау: Диалог құру, қолдау көрсету, нәтиже бойынша саралау

– тапсырманы барлығы орындау үшін оқушылар тақырып бойынша жетекші сұрақтарды пайдаланады, бұл оқушыларды қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді;

Тапсырма 2: « Инсерт» әдісі

Саралау: Ресурс немесе мәтін бойынша

-бұл тапсырмада оқушылар жұптарға бөлініп, бір-біріне көмек береді.

-ортақ тапсырма берілгенімен, жауаптарын мәтінмен негіздей алады.

Тапсырма 3: «Тәртіппен орналастыр», «кестемен жұмыс жаса», «Венн» диаграммасы арқылы 3 топқа тапсырма сараланып беріледі.

Саралау: Қарым-қатынас формалары бойынша (топтық жұмыс)

Ынтымақтастықта оқыту, шағын топта орта деңгейдегі оқушы көмек алады, қабілетті оқушы ойы мен идеясын жүзеге асырады

Тапсырма 4: «Модельдеу» әдісі арқылы топта шығармашылық қабілеттері артады.

Саралау: әр оқушының мүмкіндігіне, қабілетіне қарай топта жобаның бөліктерін орындайды.

-Бұл тапсырма ақпаратты зерттеуге мүмкіндік береді, себебі оқушылар ақпаратты саралап рөлдер мен жауапкершілік бөлініп топтық жұмыс сараланып жүргізіледі.

Тапсырма 5: «Жалған және шындық»

Саралау: сабақтағы жылдамдық бойынша

А деңгейі- «Жалған шындық» әдісі

В деңгейі – Графикалық әдіс

С деңгейі – «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі


Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?

-«Нысана» әдісі арқылы әр тапсырмада оқушы өз деңгейін анықтайды

-«+» ,«-», «керемет» өзін өзі бағалау

-Активатор «3.2.1» (маңыздысын, түсінгенін, іске асыратынын саралап алады)

-«үш жақты түсіндірмелі күнделік» өзін-өзі бағалауы



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

-сыныптағы жарық мөлшерінің жеткілікті деңгейде болуы

-ауаның тазалығы, желдетіп отыру

-интерактивті тақтаның уақытымен жұмыс жасауы

-өткір заттармен (қайшы, желім) жұмыс істеу қауіпсіздігін қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен?




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


написать администратору сайта