Главная страница
Навигация по странице:

  • Сынып:7 Қатысқандар: Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы

  • Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар

  • Оқушылардың басым бөлігі

  • Тілдік мақсаттар Пəнге қатысты сөздікқор мен терминдер

  • Оқытудың тілдік мақсаты

  • Пәнаралық байланыс Ағылшын тілі, орыс тілі, жаратылыстану Алдыңғы білім

  • Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

  • Сабақтың басы (3 мин)(5 мин) Ұйымдастыру. Амандасу.Түгендеу. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Үйге тапсырма

  • Топқа бөлу Стикерге жазылған сөздер (жасуша, ұлпа, мүше) арқылы 3 топқа бөлінеді. 1-топ Жасуша

  • 2. топ Ұлпа

  • «Миға шабуыл» Топтың атаулары арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Жұптық жұмыс: Адасқан әріптер.

  • Сабақтың ортасы (15мин) (10 мин) 1- тапсырма.

  • Бағалау: Жұптарымен алақан түйістіру

  • Сабақтың соңы ( 9 мин)( 3мин) 3- тапсырма Түйінді сөздер. Миллион кімге бұйырады.

  • ҚБ. «Шапалақ» әдісі Үйге тапсырма беру

  • Айгул 7 сынып ашық сабақ. Мектеп 2 Малімні атыжні лмырзаева Айгул


    Скачать 1.14 Mb.
    НазваниеМектеп 2 Малімні атыжні лмырзаева Айгул
    Дата14.01.2021
    Размер1.14 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАйгул 7 сынып ашық сабақ.docx
    ТипДокументы
    #168217

    Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Жасушалық биология

    Мектеп: 2

    Мұғалімнің аты-жөні: Құлмырзаева Айгул

    Күні: 19.10.2018

    Сынып:7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

    Сабақтың тақырыбы:

    Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру.

    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

    7.4.2.2 жануарлар және өсімдіктер жасушаларын ажырату


    Сабақтың мақсаты

    Барлық оқушылар:

    Жасуша бөліктерін, органоидтарын атау

    Оқушылардың басым бөлігі:

    Берілген суреттерден, перепараттардан жасуша құрылысын, органоидтар қызметін ажыратады.

    Кейбір оқушылар:

    Өсімдік және жануарлар жасушасының айырмашылығын анықтайды.

    Бағалау критерийі

    Жасуша бөліктері мен органоидтерінің құрылысын, қызметін түсіндіре алады.

    Өсімдік және жануарлар жасушасын ажырата біледі

    Тілдік мақсаттар

    Пəнге қатысты сөздікқор мен терминдер: органоид, сыртқа мембрана, жасуша қабығы, вакуоль, пластидтер, хромопласт, лейкопласт, хлоропласт, фотосинтез, крахмал, гикоген.

    Оқытудың тілдік мақсаты: Жасушаның өсімдік және жануар жасушасы деп екі топқа не себепті бөлінгенін айтады, Жасушалар құрылысындағы айырмашылық белгілерін атайды.

    Жазылым дағдысы: Өсімдік пен жануар жасушасының айырмашылығын жаза алады.

    Құндылықтарға баулу

    Жеке жұмыс өмір бойы білім алу, жұптық жұмыс адалдық, топтық жұмыс жауапкершілік, ұйымшылдық

    Пәнаралық байланыс

    Ағылшын тілі, орыс тілі, жаратылыстану

    Алдыңғы білім

    Жаратылыстану

    5.4.2.3 Микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қолданады.

    5.6.2.1 Ағзаларды тірі табиғат дүниесіне жіктеу.

    7.1.1.1 - жүйелеудің маңызын түсіндіру;

    Сабақтың жоспарланған кезеңдері

    Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    (3 мин)

    (5 мин)

    Ұйымдастыру. Амандасу.Түгендеу. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

    Үйге тапсырма. 7.4.2.1.Жасуша – ағза құрылысының негізгі бөлшегі

    Топқа бөлу

    Стикерге жазылған сөздер (жасуша, ұлпа, мүше) арқылы 3 топқа бөлінеді.

    1-топ Жасуша – тірі ағзалардың құрылымының ең қарапайым бірлігі

    2. топ Ұлпа — шығу тегі, құрылысы және ағзадағы атқаратын қызметі бір бірімен байланысты жасушалар тобы. 

    3.топ Мүше — өзіне тән пішіні мен құрылысы және организмде алатын орны бар, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген, бір бірімен заңды түрде өзара байланысқан түрлі ұлпалардан құралған ағзаның бір бөлігі.

    «Миға шабуыл»

    Топтың атаулары арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

    Жұптық жұмыс: Адасқан әріптер.

    Қазір сіздердің алдарыңызға адасқан әріптерден құралған сөздерді берем, солардан сіздер қазір әр әріпті орнына қою арқылы тақырыбымыздағы жаңа термин сөздерді табуларыңызды сұраймын.

    1. ықшақаб-

    2. лазмацитоп-

    3. дриялармитохон-

    4. шықядро-

    5. Куольва-

    6. дроя -

    7. дтерпласти -

    8. опласттаропласттар-

    9. ттархромоплас-

    10. копласттарлей-


    Топтың ережелері

    стикер

    Интербелсенді тақта


    Сабақтың ортасы

    (15мин)


    (10 мин)


    1- тапсырма. Өсімдік және жануар жасушасының құрылысын салыстыру, кесте толтыру.

    а) Тыңдалым.

    ә) Жануар мен өсімдік жасушасын салыстыру.

    б) Суреттеріне назар салу.

    Берілгені

    Өсімдік

    жасушасы

    Жануар

    жасушасы

    Қабықшасы







    Цитоплазма







    Ядро







    Вакуоль







    Пластидте







    Хлоропласт







    Хромопласт







    Митохондрия







    Лейкопласт







    2- тапсырма. Жасуша құрылысы көрсетілген суреттерді қолдана отырып жасуша органоидтарын анықтау.

    1-топ өсімдік жасушаларының құрылысымен таныстырады

    2-топ жануар жасушаларының құрылысымен таныстырады

    3-топ Өсімдік және жануар жасушасының айырмашылықтарын түсіндіреді.

    Деспкриптор

    1. Жасуша бөліктерін тани білу

    2. Әр жасуша бөліктерінің ерекшелігін табу

    3. Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан ерекшелігін ажырату

    Бағалау: Жұптарымен алақан түйістіру

    Биология

    7-сынып

    Е.А.Очкур,

    Ж.Ж.Құрманғалиева

    Алматы «Мектеп» 2017

    § 13 48-50 бет
    Кесте


    Өсімдік жасушасы



    Сабақтың соңы

    ( 9 мин)

    ( 3мин)

    3- тапсырма Түйінді сөздер. Миллион кімге бұйырады.

    1. Алғаш Р. Гук қолданған ұғым(жасуша,клетка, cell)

    2. Жасушаның ішін толтырып тұратын зат(цитоплазма,cytoplasm)

    3. Жасушаның көбеюге жауапты бөлімі(ядро,nucleus)

    4. Іші жасуша шырынына толған, мөлдір көпіршік (вакуоль, vacuole)

    5. Өсімдік жасушасында кездеседі(пластид, plastid)

    6. Хлоропластың түсі (жасыл, зеленый, green)

    7. Хромопластың түсі (қызыл, красный, red

    сары, желтый, yellow)

    1. Лейкопластың түсі (түссіз, бесцветный, colorless)

    2. Ми мен жұлынның қызметін қамтамасыз ететін ұлпа

    3. Фотосинтездеуші және қор жинаушы ұлралардан тұратын ұлпа

    Дескриптор

    1.Жасуша ұғымын кім енгізгенін білу

    2, Жасуша бөліктерінің сипатын, қызметін ажырату.

    3.Жасуша органоитерін, олардың ерекшеліктерін ұғу.

    4.Ағылшынша, орысша атау.

    4- тапсырма Ашық сұрақ «Неліктен?»

    1. Өсімдік жасушасының қабықшасы жануар жасушасының қабықшасынан неліктен өзгеше?

    2. Жануар жасушасында неліктен пластид болмайды?

    Дескриптор

    1. Өз ойын дәлелді жеткізе білу

    ҚБ. «Шапалақ» әдісі

    Үйге тапсырма беру: Оқулық §11,§12 Жасуша суреті (өсімдік, жануар)

    Кері байланыс « Өзін өзі бағалау ағашы »





    Таратпа кесте


    Таратпа қағаз













    написать администратору сайта