Главная страница

мектеп ережесі стенд. Мектеп ережелері


Скачать 21.14 Kb.
НазваниеМектеп ережелері
Дата24.12.2022
Размер21.14 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файламектеп ережесі стенд.docx
ТипДокументы
#862180

МЕКТЕП ЕРЕЖЕЛЕРІ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

  1. Қазақстан Республикасы рәміздерін білуге;

  2. Елбасының өмірбаянын, еңбектерін зерттеп оқуға;

  3. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстауға;

  4. Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге, ынтамен жұмыс істеуге, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысуға;

  5. Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосуға, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыруға;

  6. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұтуға;

  7. Мектеп директорының, мұғалімдердің, педагогикалық ұжымның нұсқаулары мен бұйрықтарына, сондай – ақ сынып жетекшісінің нұсқаулары мен қарарларына бағынуға;

  8. Мінез-құлық ережелерін сақтау: - үлкендерді құрметтеуге; - басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушыларға жол бермеуге; - өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға;

  9. Мектеп оқушылары темекі тартпауға, ішімдік ішпеуге, нашақорлықпен айналыспауға;

  10. Әрдайым таза және ұқыпты болып жүруге, мектепке тек қана оқушы формасымен келуге;

  11. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі таза ұстауға;

  12. Өндірістік және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділікпен қатысуға;

  13. Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындауға міндетті.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫ

  1. Мектеп ҚР білім стандартына сәйкес тегін жалпы білім алуға;

  2. Өз көзқарасы мен ойын еркін айтуға;

  3. Міндетті жалпы білім беру стандартына сай білім алумен бірге заңдастырылған арқылы, жеке жоспар бойынша қосымша білім беру қызметін пайдалануға;

  4. Мектеп кітапханасын тегін пайдалануға, тегін медициналық қызмет алуға, мемлекеттік көліктерде жүру жеңілдіктерін пайдалануға;

  5. Жарғыға және актілерге сүйене отырып, мектеп басқару ісіне араласуға, кез келген басқа мектепте оқуға;

  6. Мектепте білім беру мен тәрбиелеу үрдісінің ҚР заң актілерімен жалпы білім беру стандартына қаншалықты сәйкес екенін және нақты жауап талап етуге, өз ойын қосуға, мектептегі барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, белсенді түрде білім алуға;

  7. Басқа біреудің ар-ожданына нұсқан келтірмей, мектеп пен сынып өмірі туралы өз көзқарасын ашық білдіруге;

  8. Білімі мен мүмкіндіктерін түрлі байқау, олимпиада, жарыстарда мектеп намысын қорғауға дұрыс пайдалана білуге;

  9. Өз білімі мен білігіне сәйкес әр пәннен тиісті бағаны алуға;

  10. Мектепте сабақтан тыс, сыныптан тыс өміріне белсенді араласуға;

  11. Еркін ойлау мен діни сенімді таңдауға, шығармашылық қарым-қатынас жасауға, ақпарат тарату және қабылдау бостандығына;

  12. Өз шығармашылығы мен қабілетін дамытуға, спортпен шұғылдануға, әлеуметтік тұрғыдан қорғалуға құқылы.

МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

  1. Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңын орындауға, мектептің ішкі еңбек кестесін сақтауға, өзіне берілген қызметі, кәсіптік деңгейін жоғары ұстауға, мектеп Жарғысын орындауға;

  2. Қазақстан Республикасы заңдылықтарын басшылықа ала отырып, өз қызмет орнының тазалығының сақталуына, еңбек тәртібінің бұзылмауына, қауіпсіздік ережені орындауға;

  3. Оқушының шығармашылық оқуына жағдай жасай отырып, оны және ата-анасын сыйлауға, өзінің серіктесі ретінде қарауға;

  4. Білім беру стандартын жүзеге асыруға, жаңашыл дәстүрді қолдануға;

  5. БҰҰ-ның балалар құқығы Конвенциясын, мұғалім, оқушылар құқықтарын, Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңын, тілдер саясаты тұжырымдаларын және басқа да заң актілерін білуге, басшылыққа алуға, өмірде дұрыс қолдануға;

  6. Білім беру мен тәрбие тұжырымдамаларын, жалпыға міндетті білім беру стандартын, тәрбиелеудегі гуманитарлық идеяларды ұстануға, баланың бойындағы ерекше дарынды байқауға, оқушыны қазақстандық патриотизм негізінде тәрбиелеуге, оның бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге, еліміздің Елтаңбасын, Туын, Гимнін сыйлай білуге үйретуге; өзінің педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жаңалықтарына сүйене отырып, оны жеке тұлға ретінде танып-білуге тәрбиелеуге;

  7. Өзінің және оқушының денсаулығына әрдайым көңіл бөлуге, баланың шаршамай, алаңдамай оқуына жағдай жасауға, оның рухани ой-өріс деңгейінің дамуын қадағалап отыруға, көмектесуге міндетті.

МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫ

  1. Мектеп жарғысында көрсетілгендей, мектеп-гимназия жұмыстарына араласуға;

  2. Өзінің кәсіптік абыройын қорғауға;

  3. Өзінің кәсіптік қызметінде түрлі шығармашылықпен, әр түрлі жаңашыл әдістермен педагогикалық қызметін ұйымдастыруға;

  4. Кез келген білім мекемелеріндегі кез келген деңгейдегі сайланатын қызметке өз кандидатурасын ұсынуға;

  5. Мектеп қызметіне, педагог қызметкерлерге, ұжымға өзінің сын ескертпелерін айтуға, кез-келген басқару ұйымдарына шағымдануға, өтініш жасауға, пікір айтуға;

  6. Еркін шығармашылық қарым-қатынасқа, оқу-тәрбие кешенінде өз жемісін көрсеткен жағдайда еркін оқу бағдарламасын таңдауға;

  7. Оқу бағдарламасына сәйкес кабинетін жаңа техникалық құралмен жабдықтауға;

  8. Өзінің педагогикалық қызметін ғылыми-зерттеу орындарымен байланыс жасау арқылы ұштастыруға;

  9. Педагогикалық кеңесте бекітілген немесе білім беру мекемелерінде көрсетілген ережелерге сай түрлі тәжірбиелер жасауға;

  10. Білім беру қызметіндегі көрсеткен жетістіктері үшін марапатталуға;

  11. Педагогикалық оқуларға, байқауларға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуға құқылы.

АТА-АНАЛАР (ОЛАРДЫ АЛМАСТЫРУШЫЛАР) МІНДЕТІ

  1. Баланың дұрыс білім алуына жағдай жасауға, көмектесуге, мектеп Жарғысының ата-аналарға байланысты бөлімдерін орындауға;

  2. Халықтық салт-дәстүрге, ұлттық құндылықтарға сүйене отырып бала бойына адамгершілік қатынастарды сіңіруге, салауатты өмір сүруіне жағдай жасауға, оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге;

  3. Ұстаздардың шығармашылық еңбегін бағалай отырып, оларды сыйлауға;

  4. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруға, баламен бірге мектеп намысын қорғай білуге;

  5. Мектеп өмірінен хабардар бола отырып, ұстаздармен жиі кездесіп тұруға, сыныптың, мектептің өміріне белсене араласуға:

  6. Қоршаған ортаны, туған жердің тарихын, мәденитін, үлкендерді сыйлауға;

  7. Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеуді үйретуге міндетті.

АТА-АНАЛАР ҚҰҚЫ

  1. Балалардың заңды құқылары мен мүдделерін қорғауға;

  2. Мектептегі түрлі ұйымдастыру жұмыстарында сайлауға, сайлануға, өз пікірін айтуға, бақылауға, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласуға;

  3. Ата – аналарға міндеттелген заңдылықтарды орындауға;

  4. Мектептегі сабақтардың өткізілу мазмұнымен танысып тұруға;

  5. Мектеп білім беру және тәрбие жұмыстарына қатысты шешімдерін орындауға құқылы.


написать администратору сайта