Главная страница
Навигация по странице:

  • Күні: Мұғалімнің аты-жөні

  • Фотоэффект құбылысы

  • Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер.

  • Қазақша Орысша Ағылшынша

  • Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер

  • Құндылықтарға баулу Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

  • Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

  • Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері

  • Бағалау критерийі Дескриптор

  • II топ Фотоэлемент туралы

  • Санағыш тетікті жұмысқа қосып отыратын фотоэлементтік реленің құрылысы

  • Дескриптор: - Формулаларды табады;- Фотоэлементті анықтайды;- Құбылыстарды ашқан ғалымдар бойынша сәйкестендіреді;Хронологиялық кесте

  • Дескриптор Ғалымдардың ашқан жаңалықтары бойынша хронологиялық кестені толтырады; ҚБ: «Бас бармақ» ІІІ Жеке жұмыс

  • ҚБ: « Бағдаршам» әдісі Қызыл = Барлығы түсінікті Сары = Жартылай түсіндім Жасыл = түсінбедімБелсенді оқу әдісінің «IDEAL»

  • Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз

  • Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

  • Мектеп Жалпы білім беретін Оян орта мектепббекжайбаша кешені


    Скачать 1.53 Mb.
    НазваниеМектеп Жалпы білім беретін Оян орта мектепббекжайбаша кешені
    Дата18.08.2022
    Размер1.53 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1603393411.docx
    ТипДокументы
    #648239

    Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

    Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар

    Мектеп: Жалпы білім беретін Оян орта «мектеп-бөбекжай-бақша» кешені

    Күні:

    Мұғалімнің аты-жөні:Нурманова Алмагул Есеновна

    Сынып: 9

    Қатысқандар:

    Қатыспағандар:

    Сабақтың тақырыбы

    Фотоэффект

    құбылысы




    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

    9.6.1.3-фотоэффект құбылысын сипаттау және фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіру

    9.6.1.4-фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын есептер шығаруда қолдану

    Сабақтың мақсаты

    - Фотоэффект құбылысын сипаттау

    - Фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіру

    - Эйнштейн формуласын түрлендіріп,есептер шығаруда қолдану және тәжірибелік дәлелдемелер келтіру

    Бағалау критерийі

    Фотоэффект құбылысын сипаттайды

    Фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіреді

    Эйнштейн формуласын түрлендіріп,есептер шығаруда қолданады және тәжірибелік дәлелдемелер келтіреді

    Тілдік мақсаттар


    Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер.


    Қазақша

    Орысша

    Ағылшынша

    Толқындық-корпускулалық дуализм

    Корпускулярно-волновый дуализм

    Wave-corpuscular duality

    Электронның шығу жұмысы

    Работа выхода электрона

    Electron liberation

    фотоэффектінің қызыл шекарасы

    Красная граница фотоэффекта

    Photoelectric threshold

    фотон

    фотон

    photon
    Бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады. Физикалық терминдердің айтылым, жазылым,оқылымын үш тілділікте көрсету, оқушының есте сақтау қабілетін қалыптастыру.Эйнштейн формуласы, фотоэлемент, фотоэффектінің қызыл шекарасы

    Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

    Жарық екі жақтылығымен сипатталады: толқындық және бөлшектік, яғни фотондар ағыны ретінде көрінеді. Бұл құбылыс жарықтың толқындық-корпускулалық дуализмі деп аталады.

    Құндылықтарға баулу

    Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

    Оқушыларды жаһандық бәсекеге қабілетті кәсіби маман ретінде даярлау

    Жалпыға бірдей еңбек қоғамы Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену қабілеттерін арттыру. Өмір сапасын тұрақты жақсарту, оқушылардың шығармашылық және әлеуметтерін толықтай ашу кешені

    Пәнаралық байланыс

    Математика,тарих,химия, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерімен байланыстыра оқыту.

    Алдыңғы білім

    8 сынып.Физика. Электр құбылыстары тарауынан (электрон) ұғымын, разряд ұғымын (газдардағы электр тогы) тақырыбынан біледі.

    Сабақ барысы

    Сабақтың жоспарланған кезеңдері

    Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    5 минут


    1.Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесіп түгендеймін. Барлығын ортаға шеңбер жасап тұрғызып, «Шаттық шеңбері» арқылы ынтымақтастық атмосферасын құрамын.Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтып,бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

    2.Үй тапсырмасын тексеру «Серпілген сауал» әдісі

    Доп лақтыру арқылы оқушылар бір-біріне өткен сабақ бойынша сұрақ қойып, пысықтау жұмысы орындалады

    Ширату сұрақтары

    - Квант дегеніміз не?

    - Планк қандай гипотеза ұсынған?

    - Планк тұрақтысы неге тең?

    - Фотон дегеніміз не?

    Бағалау критерийі

    Дескриптор

    Квант,фотон ұғымдарын, Планк тұрақтысының сан мәнін біледі.Планк формуласын түрлендіріп, қолдана біледі

    Квант,фотон ұғымдарының анықтамасын біледі Белгіленуімен формуласын,өлшем бірліктерін біледі

    ҚБ: Оқушылар бір – бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

    Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

    Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

    Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

    Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім







    Сабақтың ортасы
    30 минут

    «Болжау» әдісі фотоэффект тақырыбына бейнеролик көрсетіледі. Оқушыларға сұрақ қою арқылы диологқа тартамын.

    • Бұл бейнероликтегі осы сәттен не түсіндіңіздер?

    • Не туралы баяндалып тұр?

    • Жетекші сұрағына жауап беріп болжау жасайды


    Бағалау критерийі

    Дескриптор

    Сабақтың тақырыбын болжай алады.

    Сабақтың тақырыбын айтады


    Одан кейін «Атом молекула» арқылы 3 топқа бөлемін.

    1-топ Фотоэффект

    2-топ Фотоэлемент туралы

    3-топ Фотоэффектінің қолданылуы

    Топтық жұмыс «Галерияны шарлау»әдісі бойынша мәтінді бөліп беру.

    Оқушыларға нұсқау:Мәтінді мұқият оқып,келесі мәтіндерді оқып,ең соңында өз мәтініне барып,әр топ өз мәтіндерін түсіндіреді

    I-топ Фотоэффект

    Сәулелердің әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құбылысын сыртқы фотоэлектрлік эффект деп атайды.

    Жарық екі жақтылығымен сипатталады: толқындық және бөлшектік, яғни фотондар ағыны ретінде көрінеді. Бұл құбылыс жарықтың толқындық-корпускулалық дуализмі деп аталады.

    Электронның металдан босап шығуы үшін оған берілетін ең аз энергияны электронның шығу жұмысы деп атайды.

    Энергияның сақталу заңы бойынша жұтылған жарық фотонының hν энергиясы электронның шығу Ашығу жұмысына және оның кинетикалық энергиясына жұмсалады:

    . Эйнштейн формуласы.

    me-босап шыққан электронның массасы;

    υ –оның жылдамдығы.

    h- Планк тұрақтысы

    Аш- электронның шығу жұмысы.

    Фотоэффект құбылысы мына шарт орындалса ғана байқала бастайды:

    0 ≥Aшығу.

    Электронның шығу жұмысы жарықтың жиілігіне немесе толқын ұзындығына ғана тәуелді.

    Фотоэффект байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немес оған сәйкес келетін толқын ұзындығын фотоэффектінің қызыл шекарасы деп атайды.

    II топ Фотоэлемент туралы

    Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құралды фотоэлемент дейді,ол техникада көптеп қолданылады.

    Фотоэлементтің сыртқы түрі мен құрылысы:

    А уасы сорып алынған шыны баллонның ішкі беті (сәуле түсетін саңылаудан басқасы) жарық сезгіш қабатпен қапталған.Бұл қабат катод (үзік сызықпен көрсетілген) қызметін,ал анод қызметін баллон ішіне бекітілген сым сақина атқарады.Анод тұрақты ток көзінің(батареяның) оң полюсімен,ал катод теріс полюсімен жалғасқан.Саңылаудан жарық түскенде, катод бетінен электрондар жұлынып шығып,анодқа қарай қозғалады да тізбекте ток пайда болады.Оны G сезгіш гальванометр көрсетеді.Сырттан жарық түспесе,электрондар ағыны тоқталады да, тізбектегі ток үзіледі.

    Сонымен қатар фотоэлементтер өндірісті автоматтандыруда айрықша роль атқарады.Санағыш тетікті жұмысқа қосып отыратын фотоэлементтік реленің құрылысы:




    Ф –фотоэлемент,

    S –жарық көзі,

    С –санағыш тетік,

    А –саналатын бұйым, М-электромагнит

    Фотоэлементтерде қолданатын реле (айырғыш) фотореле деп аталады.Суреттен көріп отырғанымыздай, А нәрсе сәуле жолына тап болғанда,тізбектегі ток үзіледі.Ал нәрсе сәуле жолынан өткен соң фотореле токты қайтадан қосып,санағыш тетік әрбір нәрсе сәуле жолынан өткен сайын оларды тіркеп,санақтан өткізіп отырады.

    III топ Фотоэффектінің қолданылуы

    Фотоэффект өндірісте,тұрмыстық техникада және ғарыш аппараттарында кең қолданылады.Оның дәстүрлі қолданылатын орындары фототелеграф(кескіндерді сым арқылы алысқа беру), теледидар және дыбысты кино болып табылады.Сонымен қатар фотоэлементтер өндірісті автоматтандыруда айрықша роль атқарады,адамдардың ешбір қатысынсыз,берілген сызбалар бойынша бөлшектер дайындап шығаратын станоктар жасауға мүмкіндік берді.Фотоэффектіге негізделген аспаптар бұйымдардың өлшемдерін кез келген адамнан артық бақылайды, дер кезінде шырақтарды және көшелерді жарықтандыру жүйесін іске қосады және сөндіреді.Қақпалар,шлагбаумдар автоматты түрде жабылады, апатты жағдайда қуатты престер тоқтайды. Осының бәрі жеткілікті түрде дамыған құрылғылар-фотоэлементтердің жасалып шығарылуының арқасында мүмкін болды,фотоэлементтердегі жарық энергиясы электр энергиясын басқарады немесе соған түрленеді.Фотоэффект құбылысының арқасында бейнелерді қашықтыққа тасымалдау мүмкін болып, телебейне пайда болды.Киноға дыбыс берілді, қозғалатын кескіндер алуға мүмкіндік туды.

    • Бұйымдардың өлшемін анықтау.

    • Маяктар мен көше шамдарының автоматты ажыратылып, қосылуы.

    • Зауыттардағы станоктарды автоматтандыру.

    • Метродағы «көретін» автоматтар.

    • Күн батареялары (ғарышкемелерде)



    ҚБ: «Екі жұлдыз,бір ұсыныс»

    Дескриптор:

    - Фотоэффекті туралы түсінік алады;

    - Фотоэлемент туралы түсінік қалыптастырады;

    -Фотоэффекттінің қолданылу аймағын анықтайды;
    ІІ Жұптық жұмыс (Сәйкестендіру)

    Фотоэффект құбылысын ашты

    Фотоэффект құбылысын түсіндірді

    Фотон энергиясы






    Е=һν

    Фотоэлемент

    Г.Герц пен А.Г. Столетов

    А.Эйнштейн

    Эйнштейн формуласы


    Дескриптор:

    - Формулаларды табады;

    - Фотоэлементті анықтайды;

    - Құбылыстарды ашқан ғалымдар бойынша сәйкестендіреді;
    Хронологиялық кесте


    Жылы

    Ғалымдар

    Ашқан жаңалығы

    1887







    1888







    1905







    Дескриптор

    • Ғалымдардың ашқан жаңалықтары бойынша хронологиялық кестені толтырады;

    ҚБ: «Бас бармақ»
    ІІІ Жеке жұмыс (Деңгейлік тапсырмалар)

    1.λ=6∙10-7 м толқын ұзындығына сәйкес келетін фотон энергиясын анықтаңдар.

    2.Толқын ұзындығы 450 нм сәуле әсерінен цинкте фотоэффект байқала ма? Цинктен электрондардың шығу жұмысын тап. (Аш = 4,2 эВ; h = 4,136 * 10-14 эВ*с )

    3. Натрий үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы 647 нм. Электронның натрийден шығу жұмысын табыңдар.

    4. Егер электронның металдан шығу жұмысын 5,3∙10-19 Дж болса,фотоэффектідегі бақыланатын жарықтың ең кіші жиілігін есептеңдер

    5. Электрондардың күмістен шығу жұмысын 6,85∙10-19 Дж.Күміс үшін фотоэффектінің қызыл шекарасының толқын ұзындығын анықтаңдар.

    6.Электрондардың платинадан шығу жұмысы 9,1∙10-19 Дж.Толқын ұзындығы 0,3 мкм жарық платинадан жұлып шығарған электрондардың максимал кинетикалық энергиясы қандай?
    Дескриптор:

    • Фотон энергиясының,электрондардың шығу жұмысының формуласын қолданады;

    • Берілгендерді ХБЖ-де жазады;

    • Формулаларды түрлендіреді;

    • Математикалық есептеулерді орындайды;

    ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

    Қызыл = Барлығы түсінікті

    Сары = Жартылай түсіндім

    Жасыл = түсінбедім

    Белсенді оқу әдісінің «IDEAL» тәсілін оқушыларға шығармашылық, ізденіс жұмыстарында қолданамын.

    Фотоэффект құбылысының ашылуы физика ғылымының дамуында аса маңызды роль атқарады.Кванттық физика саласы қарқынды дамып,көптеген құпиялар айқындалды.Фотоэффект тақырыбын түсіндіруде компьютерлік үлгі арқылы тәжірибе демонстрациялау,компьютермен тексеруге арналған есептерді шығаруда,тәжірибелік,зерттеулік,ізденістік тапсырмаларды оқушылардың өздері орындағаны тиімді

    Фотоэффект құбылысы туралы мәліметтер білгеннен кейін,нақты тәжірибені компьютерлік үлгіде көрсетеміз.1-сурет бойынша фототок шамасының анод пен катод арасындағы кернеуге тәуелділігін және фотоэлементке түсетін жарықтың толқын ұзындығын өзгерте отырып бұл тәуелділікті зерттеу, фотоэффектінің қызыл шегін анықтау.Оқытушы жарық әсерінен электрондардың металдан шығуының қызыл шегі болатынын демонстрация нәтижесінде көрсетуі қажет.

    Оқушыларға ізденіс мақсатында берілетін тапсырмалар:

    1. Компьютерлік үлгіні қолданып Планк тұрақтысын анықтаңдар;

    2.Компьютерлік үлгіні қолданып фотоэлементтен электронның шығу жұмысын анықтаңдар;

    3. Компьютерлік үлгіні қолданып фотоэлементтің қандай материалдан жасалғанын анықтаңдар;

    Дескрипторлары

    • Планк тұрақтысын анықтайды

    • Электронның шығу жұмысын есептейді

    • Фотоэлементтің қандай материалдан жасалғанына тәжірибе жасай отырып, дәлелдей алады



    https://youtu. be

    /i766iHw9zAM

    Маркер,плакат

    https://ppt-online.org



    Сәйкестендіру парағы





    nblib.library. kz > journal

    1-сурет

    Сабақтың соңы

    5 минут

    Рефлексия (кері байланыс):







    Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

    Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





    Саралау тапсырмаларды пайдалана отырып «Серпілген сауал» , «Галерияны шарлау» әдістерін пайдалану арқылы сыныптағы қабілеті жоғары оқушылар деңгейі жоғары есептер шығарады,әр топқа тәжірибелік тапсырма беріледі

    Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

    Сабақ кезінде әр тапсырма сайын бағалаудың «Басбармақ», «Екі жұлдыз,бір ұсыныс»,«Бағдаршам» тәсілдері қолданылып, оқушылар ынталандырылып отырады

    Тәжірибелік тапсырма кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды


    написать администратору сайта