Главная страница

ҚМЖ. Есенова Тыныштық Қосаманқызы. Мектеп Новенький жобм кмм


Скачать 1.98 Mb.
НазваниеМектеп Новенький жобм кмм
Дата31.03.2023
Размер1.98 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЕсенова Тыныштық Қосаманқызы.docx
ТипДокументы
#1027822


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу

Мектеп: «Новенький ЖОБМ» КММ





Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есенова Тыныштық Қосаманқызы




Сынып: 8

Қатысушылар :

Қатыспағандар:





Сабақ тақырыбы

Статистикалық мәліметтер








Осы са бақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.2 абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолдану;

8.2.2.1 электронды кестеде есептерді шешу үшін мәліметтердің әртүрлі пішімдерін қолдану





Сабақ мақсаты

Барлығы: Абсолюттік және салыстырмалы сілтемелерді қарапайым есептерді шешуде қолданады;

Көпшілігі: Электронды кестеде есептер шешу барысында қолданылатын мәліметтердің әртүрлі пішімдерін пайдаланады және оларды бір – бірінен ажырата алады;

Кейбірі: MS Excel кестелік процессорында мәліметтер енгізіп, статистикалық есептеулер жүргізе алады.




Бағалау критерийлері

  • Абсолют және салыстырмалы сілтемелердің айырмашылығын түсіндіреді;

  • Абсолют және салыстырмалы сілтемелерді электрондық кестеде тапсырмалар орындау барысында қолданады;

  • Электрондық кестеде статистикалық мәліметтермен жұмыс кезінде мәліметтер форматтарын бір түрден екінші түрге аударады;

  • Электрондық кестеде есептерді шешуде әр түрлі форматтағы мәліметтерді қолданады, тәжірибе жүзінде көрсете алады.




Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология:

  • Абсолютті, салыстырмалы және аралас сілтемелер;

  • Мәліметтердің түрлері мен форматтары;

  • Формула.

Оқушылар:

  • Абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолданудың қажеттілігін дәлелдей алады.

Сұхбат немесе хаттар аламасуға арналған сөз тіркестер

  • Мәліметтерді ..… ұсынуға болады .







Құндылықтарды дарыту

  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • Қарым – қатынас жасау қабілеті;

  • Жауапкершілік;

  • Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

  • Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрету.




Пәнаралық байланыстар

  • Электронды кестеде есептерді шешу барысында математикамен байланысты.

  • Кестелік процессордың интерфейсімен жұмыс кезінде орыс тілімен байланысты




Бастапқы білім

Электронды кестені форматтайды, формулаларды құра отырып, әртүрлі мәліметтерді қолданып , диаграмма түрінде ұсына алады.













Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер


Оқу ресурстары

Сабақтың басы


Ұйымдастыру: «Амандасу түрлері» тренингі: Оқушылар сары, қызыл, жасыл түсті кесте сызылған қағаздарды таңдайды және түске сәйкес амандасып, топқа бөлінеді.
1 – топ: «Жол»

2 – топ: «Баған»

3 – топ: «Ұяшық»

Сары түс – «Сәлем» деп, екі қолын жоғары көтереді.

Қызыл түс – екі қолын кеудесіне қойып, бір – біріне сәл еңкейеді.

Жасыл түс – бір – бірінің қолын қысып амандасады.

Мақсаты: оқушылардың көңіл – күйлерін көтеріп, зейіндерін сабаққа шоғырландыру, топқа бөлу.

Дағдысы: қарым – қатынас дағдылары қалыптасады, ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа дағдыланады.
Миға шабуыл.

  • Топтың аты қандай?

  • Топтың аты мен қолдарыңдағы парақшалардың арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар?


Өткенді қайталау. «Сенесің бе?» тәсілі:


  1. «?» және «*» символдарын қолдана отырып, кез келген мәліметтерді Excel - дің іздеу менюінен табуға болады. (Иә)

  2. Excel мәтіндік редактор. (Жоқ)

  3. Егер Excel – де 000356 санын енгізсең, онда программа оны автоматты түрде 356 санына келтіреді. (Иә)

  4. Excel – де әр түрлі математикалық есептер жүргізуге болады. (Иә)


Мақсаты: өтілген тақырып бойынша білімдерін тексеру, алған білімдерін өзектендіру.

Дағдысы: сұрақтарға жауап беру, топпен жұмыс жасау, еске түсіру дағдысы қалыптасады.
«Айырмашылығы неде?» әдісі бойынша әр топқа күннің жадын әр түрлі тәсілмен жазу тапсырылады.

Мақсаты: жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау үшін қолданамын.

Дағды: СТО, қарым-қатынас, топпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.

Мысалы: 21.06.2019

21 Маусым

Жиырма бірінші маусым

Оқушыларға жетелейтін сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын мақсатын оқушылармен бірге анықтаймыз:

  • Әр тәсілдің бір – бірінен айырмашылығы қандай?

  • Қандай мәліметтердің пішімдерін пайдаландыңыздар?

  • Excel – де қолданылатын мәліметтердің пішімдерін атаңыздар.

Оқу мақсаты: абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолдану;

электронды кестеде есептерді шешу үшін мәліметтердің әртүрлі пішімдерін қолдану .

Күтілетін нәтиже:

  • Абсолют және салыстырмалы сілтемелерді электрондық кестеде тапсырмалар орындау барысында қолданады;

  • Электрондық кестеде есептерді шешуде әр түрлі форматтағы мәліметтерді қолданады, тәжірибе жүзінде көрсете алады.



Түрлі – түсті кесте сызылған үйлестірмелі парақшалар,

Слайд,

Топтың аты жазылған парақтар.

слайд

Тақта, дәптер

Сабақтың ортасы


Жаңа сабақ.

Оқушыларға білімленд порталынан мәліметтердің пішімі, абсолют және салыстырмалы сілтемелер туралы бейнеролик көрсетіледі.

«Түртіп алу» әдісі арқылы әр топ жаңа тақырып бойынша ақпараттарды жазып алады және тақырыпты өзара топ ішінде талқылап, мазмұнын ашады.

Мақсаты: жаңа тақырыптың мазмұнын түсіну.

Дағдысы: ойлау, маңызды ақпаратты сүзіп алу, топ ішінде ынтымақты қарым – қатынас дағдылары қалыптасады.
ҚБ: «Бес саусақ» әдісі арқылы топтар бір бірін бағалайды.

1-саусақ: ұқыпты

2-саусақ: қатесіз

3-саусақ: толық мәлімет

4-саусақ: безендірілуі

5-саусақ: мазмұнды
Мақсаты: топтарды өзара бағалап, ынталандыру үшін қолданамын.

Дағды: Оқушылардың бойында білімге деген қызығушылық оянады, обьективті бағалауға дағдыланады.
1 – тапсырма: «Сәйкестендіру» әдісі.

Мақсаты: электрондық кестеде мәліметтер мен олардың пішімдері арасында сәйкестікті анықтау.

Дағды: тез ойлау, топпен қарым – қатынас жасау, АКТ қолдану дағдылары қалыптасады.

Берілгені: Төменде екі бағанда берілген мәліметтер мен олардың пішімдерін анықтаңыз:

  1. Дробный а)1 234,00 ₸

  2. Процентный б) АВС 123

  3. Денежный в) 1/4

  4. Дата г) 25,00%

  5. Общий д) 14.03.2001


Дескриптор:

  • «дробный» пішімін анықтайды;

  • «процентный» пішімін анықтайды;

  • «денежный» пішімін анықтайды;

  • «дата» пішімін анықтайды;

  • «общий» пішімін анықтайды;

Саралау: дереккөздер тәсіліне байланысты өзге топтарға тапсырманы ғаламтор арқылы App Learning бағдарламасында орындау тапсырылады.




ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.


қанағат
жақсы

Бәрі тамаша, өте жақсы!


Мақсаты: топ мүшелері өздерін бағалауы, деңгейлерін анық байқауы үшін қолданамын.

Дағдысы: оқушылардың қатысу белсенділігін, қызығушылығын артыра отырып, жылдамдық, белсенділік дағдысын қалыптастырады.




2 – тапсырма: Жеке жұмыс. «Кім жылдам?» әдісі:

Мaқсаты: теориялық білімді прaктикамен ұштастыра отырып, белсенділіктерін арттыру.

Дағды: білімін кеңейту, теориялық білімді практикада қолдану дағдысы артады.

Берілгені: Төмендегі көбейту кестесін толтыру тізбегін жазыңыз. Формуланы жазу кезінде абсолютті сілтемені қолданыңыз.



1) Кестені қажетті ақпаратпен толтыру;

2) D2 ұяшығына формуласын жазу;

3) Ұяшықтар диапазонын толтыру үшін Автосумма функциясын қолдану.

Дескриптор:

  • Кестені қажетті ақпаратпен толықтырады.

  • Формула жазу кезінде абсолютті сілтемені қолданады.

Саралаудың қарқын тәсілі бойынша жылдам жұмыс істеген оқушыларға көбейту кестесін ары қарай 3 тен 5- ке дейін жалғастыру тапсырылады.

ҚБ: «Лүпіл» әдісі – мұғалімнің бағалауы

Мaқсаты: Оқушылардың өздеріне деген сенімін арттыру, алға қарай ұмтылуға, терең білім игеруге шабыттандыру.

Дағды: тапсырманы дескрипторге сай, нақты орындауға, нәтижеге жетуге дағдыландырады.
3 – тапсырма: «Ойлан, тап » әдісі:

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, абсолют және салыстырмалы сілтемелерді қолданып есептеулер жүргізу.

Дағды: сын тұрғысынaн ойлау; білімді шығармaшылық тұрғыдa қолданa білу қабілеті.
Берілгені: Кесте бойынша әрбір айға сәйкес электр энергиясына төлеу сомасын есептеңіздер. 1 кВт/сағ энергия құны 16,65 теңгеге тең.

Электр энергиясын төлеу есебі


Уақыты

Есептегіштің көрсетуі

Шығыны, кВт/сағ

Сомасы , теңге

25.01.2019

540

540




25.02.2019

1026

486




25.03.2019

1480

454




25.04.2019

2158

678




25.05.2019

2996

838




25.06.2019

3458

462





Дескриптор:

  • Электронды кестені толтыруда мәліметтердің әр түрлі пішімдерін пайдаланады.

  • Абсолют сілтемені қолданып формуланы жазады.

  • Әрбір айға сәйкес электр энергиясына төлеу сомасын есептейді.


Саралаудың тапсырма тәсіліне сай Bilimland порталында тақырыпқа сай тест тапсырмасын орындайды.

ҚБ: «Фигуралар» әдісі арқылы

Мақсаты: оқушыларды тапсырма орындау деңгейлеріне байланысты бағалау.

Дағды: өз жұмысына жауапкершілікпен қарау, тапсырманы орындауда шапшаңдық дағдысын қалыптастырады.

4 – тапсырма: «Венн диаграммасы» әдісі:

Мақсаты: графикалық органайзер арқылы ақпаратты жинақтау, қорыту, тұжырымдау.

Дағды: нақтылық, жүйелілік, тез ойлау, өз ойын жеткізе алу .
Берілгені: Абсолютті және салыстырмалы сілтемелердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын жазыңыздар.






Қ.Б: «Баc бармақ» әдіcі

Мақcаты: топ бірін-бірі бағалайды.

Дағды: топтық бағалауда көру, тыңдау, таным түcінігі дағдыcы қалыптаcaды.
Саралау: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атап жазу барысында кейбір оқушыларға диалог және қолдау көрсету тәсіліне сай көмек беріледі.


Интерактивті тақта

Бейнеролик:

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/ehlektrondyq-kestedegi-adresacziyalau-qahidalary
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/ehlektrondyq-kestedegi-sandyq-format


Тапсырма жазылған үйлестірмелі парақтар

https://learningapps.org/5989834


https://learningapps.org/3196862

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы, Информатика, 8 сынып

Компьютер,

Excel кестелік прцессоры.

Таратпа парақ,

Компьютер

Excel кестелік прцессоры

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/ehlektrondyq-kestedegi-adresacziyalau-qahidalary




  • өте жақсы






жақсы


қанағат
плакат, маркер


Сабақтың соңы


Сабақты «Жұбын тап» әдісі арқылы қорытындылаймын. Оқушылар App Learning бағдарламасында тапсырма орындайды.

Мақсаты: оқушының бүгінгі сабақтан не түсінгенін анықтау

Дағдысы: бүгінгі сабақтан алған білімін жинақтап, тапсырмалар орындау барысында қолдану дағдысы дамиды.
Кері байланыс: «Хабарлама» әдісі арқылы.

Мақсаты: Оқушылар алған білімдерін, не үйренгендерін символдар саны шектеулі хат жазу арқылы түйіндеу.

Дағды: ойлау, жазу, тапқырлық дағдылары дамиды.


https://learningapps.org/2965093

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

1 – тапсырма: «Сәйкестендіру» әдісі.

Мақсаты: электрондық кестеде мәліметтер мен олардың пішімдері арасында сәйкестікті анықтау.

Дағды: тез ойлау, топпен қарым – қатынас жасау, АКТ қолдану дағдылары қалыптасады.

Саралау: дереккөздер тәсіліне байланысты өзге топтарға тапсырманы ғаламтор арқылы App Learning бағдарламасында орындау тапсырылады.

2 – тапсырма: Жеке жұмыс. «Кім жылдам?» әдісі:

Мaқсаты: теориялық білімді прaктикамен ұштастыра отырып, белсенділіктерін арттыру.

Дағды: білімін кеңейту, теориялық білімді практикада қолдану дағдысы артады.

Саралаудың қарқын тәсілі бойынша жылдам жұмыс істеген оқушыларға көбейту кестесін ары қарай 3 тен 5- ке дейін жалғастыру тапсырылады.

3 – тапсырма: «Ойлан, тап » әдісі:

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, абсолют және салыстырмалы сілтемелерді қолданып есептеулер жүргізу.

Дағды: сын тұрғысынaн ойлау; білімді шығармaшылық тұрғыдa қолданa білу қабілеті.

Саралаудың тапсырма тәсіліне сай Bilimland порталында тақырыпқа сай тест тапсырмасын орындайды.

4 – тапсырма: «Венн диаграммасы» әдісі:

Мақсаты: графикалық органайзер арқылы ақпаратты жинақтау, қорыту, тұжырымдау.

Дағды: нақтылық, жүйелілік, тез ойлау, өз ойын жеткізе алу .

Саралау: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атап жазу барысында кейбір оқушыларға диалог және қолдау көрсету тәсіліне сай көмек беріледі.

Оқушыларды тапсырмалар орындау барысында «Бес саусақ» әдісі арқылы топтар бір бірін бағалайды.

Мақсаты: топтарды өзара бағалап, ынталандыру үшін қолданамын.

Дағды: Оқушылардың бойында білімге деген қызығушылық оянады, обьективті бағалауға дағдыланады.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Мақсаты: топ мүшелері өздерін бағалауы, деңгейлерін анық байқауы үшін қолданамын.

Дағдысы: оқушылардың қатысу белсенділігін, қызығушылығын артыра отырып, жылдамдық, белсенділік дағдысын қалыптастырады.

«Лүпіл» әдісі – мұғалімнің бағалауы

Мaқсаты: Оқушылардың өздеріне деген сенімін арттыру, алға қарай ұмтылуға, терең білім игеруге шабыттандыру.

Дағды: тапсырманы дескрипторге сай, нақты орындауға, нәтижеге жетуге дағдыландырады.

«Фигуралар» әдісі арқылы

Мақсаты: оқушыларды тапсырма орындау деңгейлеріне байланысты бағалау.

Дағды: өз жұмысына жауапкершілікпен қарау, тапсырманы орындауда шапшаңдық дағдысын қалыптастырады.

«Баc бармақ» әдіcі

Мақcаты: топ бірін-бірі бағалайды.

Дағды: топтық бағалауда көру, тыңдау, таным түcінігі дағдыcы қалыптаcaды.

Әрбір тапсырмадан соң дескриптор және критерий арқылы бағаланады.

Компьютермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақталуы тиіс.

Салыстырмалы

Абсолютті



написать администратору сайта