Сабақ: 9.1F Заттардың тасымалдануы
| Мектеп: «Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты» КММ
|
Күні: 21.09.22
| Мұғалімнің аты-жөні: Данабек Ә.Т
|
Сыныбы: 9
| Қатысқандар:
| Қатыспағандар саны:
|
Тақырып:
Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері 1-сабақ
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты:
| 9.1.3.3 ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу.
|
Сабақтың мақсаты:
| Ішкі факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу; Транспирация кезінде жүретін процесстерді және қандай механизмдер жүретінін сипаттау. Жасаған зертханалық жұмыс бойынша нәтиже шығару.
|
Бағалау критерийлері:
| Буланудың беттік ауданын зерттейді; Өсімдік көлеміне беттік булану қатынасының транспирация үдерісіне әсерін зерттейді; Бақылаудың нәтижесіне анализ жасап, оны қорытындылайды; Транспирация құбылысына әсер етуші факторлардың мәнін түсінеді.
|
Тілдік мақсаттар:
| Оқушылар:
Транспирация механизміне қажетті терминдерді қолдана алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Ксилема
| Ксилема
| Xylem
| Транспирация
| Транспирация
| Transpiration
| Сутектік байланыстар
| Водородная связь
| Нydrogen bond
| Лигнин
| Лигнин
| Lignin
| Лептесік
| Устьице
| Stoma
| Борпылдақ ұлпа
| Губчатая ткань
| Spongy tissue
| Бағаналы ұлпа
| Столбчатая ткань
| Сolumnar tissue
| Мезофилл
| Мезофилл
| Mesophyll
| Сублептестік кеңістік
| межклетник
| intercellular spaces
| Булану
| испарение
| Еvaporation
| Кіреді
| Входит
| Enters
| Таралады
| Распрастраняется
| Spread
| Көтерілу
| Подниматься
| To rise
|
Диалогқа қажетті сөздер:
Су тамыр жасушаларына … арқылы келеді Су буы ... арқылы буланады Су молекулалары ... тартады Су молекулаларының үздіксіз ағыны ...дан ...дейін қозғалады
|
Құндылықтарды дарыту:
| Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.
Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.
Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету болу құндылықтары дамытылады.
|
Пәнаралық дамыту:
| Транспирация процесін сипаттауда физикалық білімдерін пайдаланады.
|
АКТ-ны қолдану дағдылары:
| Интербелсенді тақта, Youtube, Microsoft Power Point
|
Алдыңғы білім:
| Оқушылар заттар тасымалы үдерісіне тартылған өсімдік бөліктерінің тани біледі (7-сынып).
Ксилема мен флоэманың құрылымын түсіндіре отырып, сабақ пен тамырдың құрылымын біледі (7-сынып)
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері
| Сабақта орындалуы тиіс іс-әрекеттер
| Оқыту ресурстары
|
Басы
0-2 минут
3-6 мин
7-31 мин
32-36 мин
| Ұйымдастру кезеңі:
-Оқушыларды түгендеу.
-Оқу жоспарына сәйкес жаңа тақырыптың мақсатын анықтау.
-Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Миға шабуыл:
(T) Транспирацияға әсер етуші ішкі факторларды талдау, тақырыпты түсіндіру.
Видеокөрсетілім Зертханалық жұмыс №2 «Ішкі факторларды: Буландыратын беттің ауданы және бұл беттік ауданның өсімдік көлеміне қатынасының (кутикула мен лептесіктер) транспирация үдерісіне әсері». Жұмыстың мақсаты: Ішкі орта факторларың транспирацияға әсерін зерттеу. Құрал-жабдықтар мен реагенттер:
Барлық зерттеу әдістері үшін өсімдіктер
Кобальд хлориді қағазы
Сағат
Заттық шыны
Резеңке
Таразы
Киім бауы
Потометр (траспирометр)
Құмыралар. Жұмыс барысы: Жұмыс №1
Кобальт хлориді қағазын жапырақтардың үстінгі және төменгі жағына қойыңыз (әлі де өсімдік үстіндегі). Қағазды белгілеу үшін резеңкемен бекітілген бұйымдық әйнектерді қолданыңыз. Қағаз түсін өзгерткенше ұстап тұрыңыз.
Жұмыс №2
Жапырақтарды өлшеңіз; жапырақтарды әр түрлі жағдайларда орналастырыңыз; жапырақтарды «киім бауына» жайыңыз; біраз уақыттан кейін жапырақтарды қайта өлшеңіз; әр түрлі жағдайлардағы судың жоғалу көлемін анықтаңыз.
Жұмыс №3
Құмырадағы өсімдіктерді потометр көмегімен өлшеу – судың жер қыртысынан булануын болдырмау үшін құмыраларды пластик пакеттерге салыңыз; өсімдіктерді өлшеңіз; өсімдіктерді әр түрлі жағдайларда орналастырыңыз; біраз уақыттан кейін құмырадағы өсімдіктерді қайта өлшеңіз; әр түрлі жағдайлардағы судың жоғалу көлемін анықтаңыз. Бұл әдіс өсімдіктің суды сіңіру мөлшерін анықтайды.
Жұмыс №4
Көпіршікті потометр – жапырақ тармағын кесіп, оны потометрге бекітіңіз; потометр суға толы екендігіне көз жеткізіңіз; белгілі бір уақыт аралығында ауа көпіршігі капилляр түтігі бойынша қаншалықты жоғары көтерілетінін өлшеңіз; белгілі бір уақыт аралығында ауа көпіршігі капилляр түтігі бойынша қаншалықты жоғары көтерілетінін өлшей отырып, өсімдіктерді әр түрлі жағдайларға орналастырыңыз. (І) Жеке жұмыс.
1.1. Суретке мұқият қараңыз.
Сурет 1.1
А)Жапырықтың құрылысын атаңыз.
........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
2.1 Суретке сәйкес, буланудың транспирация үдерісіндегі, өсімдік өміріндегі маңызын түсіндіріңіз.
Сурет 2.1 ............................................................................................................................................................................................................
| Презентация
Транспирация https://www.youtube.com/watch?v=i0cbgP-JYY0 Жұмыс парағы
Жұмыс парағы
|
Соңы
37-38 мин 39-40 мин
| Рефлекция:
Қолдар баспалдағы
Орындалған тәжірибе бойынша ойларын ортаға салады. Әр ақпарат айтқан оқушы бас бармағын жоғары көтереді, келесі оқушы қайталанбайтындай жаңа ақпарат айтып, ойды жалғастырады. Үйге тапсырма: Зертханалық жұмыстың нәтижесін пайдалана отырып транспирация ұғымы туралы білімдерін толықтыру.
|
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциалды оқыту –
Көбірек қолдау көрсету
үшін не істейсіз? Қабілеті
жоғары оқушыларға
қандай міндеттер қоюды
жоспарлайсыз?
| Бағалау –
Оқушылардың
берілген материалды
меңгеру деңгейін қалай
тексересіз?
| Пәнаралық байланыс
Денсаулық және
қауіпсіздік ережелері
АКТ
Құндылықтармен
байланыс
(тәрбиелік элемент)
|
Барлық оқушылар:
Транспирация мәнін түсінеді;
Көп оқушылар:
Сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттейді; Транспирация кезінде жүретін процесстерді және қандай механизмдер жүретінін сипаттайды.
Кейбір оқушылар:
Жасаған зертханалық жұмыс бойынша нәтиже шығару.
|
| Презентация арқылы берілген ақпаратты талқылау барысында түсінік алады.
АКТ-ны топта жұмыс жасау барысында, видеоролик қарау кезінде қолданды.
Бір-біріне ауруларды сипаттап түсіндірген кезде естеріне сақтайды.
|
Қорытынды баға Ең табысты екі сәті қандай еді (білім беру мен оқуды қараңыз)?
1: 2: Сабақтың қандай екі сәтін жақсарттым (білім беру мен оқуды қараңыз)?
1: 2: Мен сабақта сынып және жекелеген адамдар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін.
1. 2.
|