қауіпсіздік. Мектептегі өрт қауіпсіздік ережелері. Мектептегі рт ауіпсіздік ережелері
Скачать 18.33 Kb.
|
Мектептегі өрт қауіпсіздік ережелері Мектепте өрт болған жағдайда қауіпсіздіктің алғы шарттары орындалуы тиіс. Өрт болып жатқан бөлменің есігін жабу қажет. Өрт болып жатқаны туралы дабыл қағыңыз. Барлығы белгіленген жерге жиналып, адамдарды түгелденіп отырыңыздар. Дабылдан кейін өрт сөндірушілерді шақыру қажет. Өрт сөндірушілер келгенде мынаны білу керек: Қай жерде, қай бөлмеде өрт болып жатқандығын бәрі құтқарылғандығын білу керек. Мектептегі өрттен құтқару тәртібі: 1.Дабыл қағу 2.101 телефонына қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді шақыру 3.Құтқару 4.Жинақталу 5.Түгендеу Дабыл: Кез-келген адам (мұғалім, оқушы,күзетші) өртті көргенде жедел дабыл қағу керек. Құтқару: Дабылды естісімен, оқушылар сынып жетекшілердің бағыттауымен бір – бірлеп сыныптан шығып, белгіленген жерге жинаулары қажет. Құтқару кезіндегі қажетсіз есіктерді жабу керек. Жиналыс: Жиналу жерді алдын ала белгілеу қажет. Жиылыс орнына келгендер сынып немесе адамдар тобы анық бір жерді белгілеп, шашырамай сол жерде болулары қажет. Сосын әр сынып жетекші түгендеу жүргізеді. Өрт кезіндегі тәртіп ЕРЕЖЕСІ: Өрт болып жатқан бөлменің есігін жауып кетіңіз. Өрттен қашқанда басқа адамға да айтыңыз. Әсіресе өрт жайлы мұғалімге айтыңыз. Эвакуация жасаңыз. Егер өрт қауіпті болмаса өзіңіз өрт сөндіру құралдарын қолданыңыз. Өрт кезінде ұйым қызметкерлерінің әрекет ету тәртібі Өрт болған жағдайда мекеменің әрбір қызметкерінің негізгі міндеті адам өмірін құтқару болып табылады. Жанудың, түтіннің иісін және жанудың басқа да белгілерін тапқан кез келген әр адам: – барлық қызметкерлерді, ең алдымен ұйым басшылығын, сондай-ақ күзет, кезекші (вахта) қызметкерлерін дереу хабардар етуі керек (қол өрт хабарлағыштарын немесе дабыл түймесін пайдалануға болады); – бұл туралы өрттің нақты мекен-жайы мен орны көрсетіле отырып, 101 телефоны немесе 112 ұялы телефоны арқылы өрт сөндіру бөліміне дереу хабарлауға, сондай-ақ өз аты-жөніңізді, объектіге кіру тәртібі туралы хабарлау және өрт диспетчерінің ықтимал сұрақтарына жауап беруі керек; Залдағы адамдарға ескерту үшін қолмен өрт хабарламасын беру құралын пайдаланып ескерту жүйесін қосу; Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, адамдарды қауіпсіз аймаққа мүмкіндігінше тезірек көшіруді қамтамасыз етіп, қауіпсіз эвакуациялау жолдары мен шығуларын анықтау қажет. Адамдардың өміріне қауіп төнген жағдайда авариялық шығу есіктерін пайдалана отырып, жедел эвакуациялау және дүрбелеңнің алдын алу бойынша дереу шаралар қолдануға; Тізімдерге сәйкес ғимараттан эвакуацияланған қызметкерлерді тексеру; Өрт сөндіру бөлімшелерінің қарсы алу үшін кірме жолдардың орналасқан жерін білетін және өртке қарсы ең қысқа жолды таңдауға көмек тесетін адамды анықтау; Қажет болған жағдайда медицина және басқа да қызметтерді шақыру; Қажет болған жағдайда ағынды-сорғылы желдеткішін, электрмен жабдықтауды ажырату бойынша шараларын қабылдау, сондай-ақ кәсіпорынның техникалық персоналын ғимарат үй-жайларында өрт пен түтіннің дамуының алдын-алу бойынша шараларға тарту; Өртті сөндіруге қатыспайтын қызметкерлер немесе күзетшілер қатарынан өрт болған ғимаратқа басқа адамдардың кіру мүмкіндігін болдырмау үшін ғимараттың шыға берісіндегі қауіпсіздік бекеттерін ұйымдастыру және орнату; Мына ережелерді қатаң сақтай отырып, өрт сөндіру жасағы келгенге дейін алғашқы өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіргіштер, киіз) және басқа да қолда бар құралдардың (суымен шелектер, бөтелкелер, гүл қазаншұңқырынан жер) көмегімен өртті сөндіру бойынша ықтимал шаралар қабылдау қажет: – өрт сөндіруге қатысушы адамдарды құрылыстың құлауы, электр тоғымен зақымдануы, улану, күюі мүмкін аймақтан эвакуациялануы және қорғалу қамтамсыз етілген болуы керек – өрт сөндіргішті электр қуаты бар қондырғысына 1 метрден жақындатпаңыз; – тез тұтанатын сұйықтықтарды, кернеуде тұрған электр желілерін су сөндіруге болмайды – киімі өртенген жағдайда адамды тез арада еденге жығып, жанғыш киімге су құяды (қыста қар лақтыру керек). Егер су болмаса, зардап шегушіні тығыз матаға, пальтоға, киізге орап, тыныс алу жолдары күйіп қалмауы үшін және уытты жану өнімдерімен уланып қалмауы үшін басын ашық қалдыру қажет. Қалай болғанда жағдайда да, оған жүгуруге жол бермеу қажет, себебі ол жануды арттырады. Егер қолында ештеңе болмаса, жалынды түсіру үшін жанып жатқан адамды жерге аунату керек; – егер осындай жағдайда жалын арқылы өтуге мәжбүр болса, өзін-өзі қорғау мақсатында басты кез келген матамен немесе жоғарғы киіммен жабу керек және мүмкіндігінше үстіне су құю қажет; – Түтін дәлізі, баспалдақ және т.б. арқылы қозғалуда, төмен қарай бүгу немесе еңбектеп шығу (төменгі жақта түтін аз) қажет. Адасқан жағдайда түтіннің тартылыс жағына шығу керек; – Жану өнімдері құрамында уытты химиялық қосылыстардың 50-100 түрі (көгерткіш қышқылы, фосген, көміртегі тотығы және т.б.) бар, ал ауадағы оттегінің құрамы төмендейді. Демек өртке қарағанда, түтін мен ыс өте қауіпті. Тыныс алу жолдарына түтіннің түсуін болдырмау үшін кез келген матаны, киім жеңін сулап, бетке жабу керек; Өртті сөндірумен бір мезгілде және мүмкіндік жағдай болғанда материалдық құндылықтарды эвакуациялауды ұйымдастыру. Құндылықтарды шығару адамдарды толық эвакуациялағаннан кейін жүзеге асырылады. Бiрiншi кезекте өрт қауiп төніп тұрған құндылықтар, сондай-ақ егер олар өрт сөндiру жұмыстарын күрделендiретiн және өрттiң таралу қаупiн тудыратын тез тұтанатын зат болса, олар эвакуацияланады; Өрт сөндіру бөлімінің өрт орнына келген кезде өрт сөндіру бөлімінің бастығына ғимаратта адамдардың болуын, өрттің шығу көзі, таралу жолдары, оны жою бойынша қолданған шаралар туралы барлық қажетті ақпаратты хабарлау қажет. Бұдан әрi өрт сөндiру бөлiмi бастығының нұсқауларын қатаң сақтау қажет. КЕЗЕКШІ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ТҮНГІ УАҚЫТТАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТІ: Түнгi уақытта өрт туындаған жағдайда төтенше жағдай орнына келгенге дейiн әкiмшi орындауы тиiс: Мекеменің атауын, оның нақты мекенжайын хабарлай отырып өрт сөндіру қызметін дереу шақыру, және өрт сөндіру бөлімшелерін қарсы алуды қамтамасыз етеді; Бұл ретте ғимараттағы барлық адамдарды болған жағдай туралы хабардардар ету және дайындалу үшін барлық шараларды қабылдау, сондай-ақ адам өміріне тікелей қауіп төнген жағдайда адамдарды қауіп төнген аймақтан тікелей эвакуациялауға, осы мақсаттар үшін барлық қолда бар персоналды жұмылдыруға кірісу; Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ұйымдастыру мүмкіндігі болған кезде қолда бар күштер және құралдармен өрт сөндіруді ұйымдастыру Кезекші қызметкерге түнгі кезекшілік уақытында тыйым салынады: Үй-жайдан немесе мекеме аумағынан шығуға; Ашық отты пайдалануға, шылым тартуға; Өзінің қызметтік міндеттерінен алаңдатылуға және ұйықтауға Кезекші қызметкер міндетті: Өрт сөндіру бөлімін шақыру тәсілдерін және құралдарын жақсы білу; Барлық қолда бар өрт сөндіру құралдарының орнын білу және пайдалана алу; Үй-жайдың негізгі және апаттық шығулардың орналасуын жақсы білу; Түнгі кезекшілікке кірер алдында фонарьлардың, қосалқы жарықтандырудың болуын және жарамдылығын, телефонның, байланыс құралдарының жарамдылығын тексеру |