фир.бланк 1018131300. Мені Сйікті стазым стаз болужректі батырлыы
Скачать 15.04 Kb.
|
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМ Ұстаз болу-жүректің батырлығы, Ұстаз болу-сезімнің ақындығы. Ұстаз болу-мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы Ғафу Қайырбеков «Ұстаз-ұлы есім»-дейді Мұхтар Әуезов. Иә, расында да , «ұстаз» деген сөздің астарында мән-мағынаның бәрі бар: білім мен ғылым, махабббат пен сүйіспеншілік, мейірімділік пен табандылық, талапшылдық пен турашылдық, әділдік пен ізгілік. Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуына, дүниедегі әрбір мамандық иесінің болашаққа қанаттануына себепкер болатын жанашыр, ізденімпаз адам-ұстазымыз. Менің ойымша әр шәкірттің жанына жақын келетін, өмірлік ұстанымдарының жаршысына айналатын ұстазы болары анық. Дәл сол сияқты менің де сүйікті ұстазым алғаш колледж табалдырығын аттаған кездегі топ жетекшім - көңілі пәк, ойы нәзік, шәкірттерінің жүрек нұрынан өз жемісінің өнімін көруге асыққан бағбан, әрі бала жанына ақыл дәнін сепкен ұстаздардың бірі де бірегейі - Ауезова Фарида Жанабергенқызы. Ол кісінің ғибрат алар әрбір сөзі, кескін-келбетіндегі жылулық, бәрі-бәрі мен үшін-үлгі-өнеге. Топ жетекшіліктен бөлек ұстазымыз тарих пәнінен дәріс беріп келеді. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, ұстазымды алғаш көргеннен бастап, ол кісіге деген құрметім мен сабаққа деген зейінім артты. Сабаққа деген ынтамызды күшейту үшін жиі-жиі іс шаралар өткізеді, рухани жадымызды молайту үшін драма театрларға барып қойылымдарды тамашалауға, көркем әдебиеттерді оқуға кеңесін беріп отырады. Түрлі қайырымдылық жәрмеңкелерге қатыстырып, жүрегімізге жылулық сыйлайды. Топтағы жалғыз мен емес, 25 студенттің де тілін таба білетін, өз мамадығын барынша ыстық ықыласпен орындайтыны барлығымызғада сезіліп тұрады. Бізге тәлім-тәрбие беріп жүрген ұстазымыз Ауезова Фарида Жанабергенқызын ата-аналарымызда қатты құрметтейді. Топ жетекшілік жиналыстарда да ата-аналарымызға бала тәрбиесіне қатысты түрлі тренигтер өткізіп, жиналыстарында ұтымды ұйымдастырады. Сондықтан да өмірге әкелген анамызды қалай бағаласақ, ұстазды да солай бағалау керек екендігімізді естен шығармауымыз керек. Фарида Жанабергенқызы-отбасында аяулы жар, асыл балаларына жылулық шуағын төгетін мейірімді ана, мен сияқты сан мыңдаған шәкірттерді білім нәрімен сусындатып жүрген тәжірибесі мол ұстаз, сонымен қатар өз мамандығының жанашыры. Фарида Жанабергенқызының нұрлы бейнесі, әрбір салиқалы сөзі, раушан реңі, жан үйірген жұпары, сырғалы ойы, қызғалдақ сезімі, мол бедерлі есімі мәңгі жарқырап сөнбейтін нұрлы сәуледей жүрегімде мәңгі сақтала береді. ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі» ФК-17-1 тобының студенті Дехканов Аскар Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «Қарақұм жалпы білім беретін мектеп» КММ-ның математика пәні мұғалімі Андабаева Нургул Бергенкалиевнаға 11 сынып оқушыларынан Пікір Андабаева Нургул Бергенкалиевна біздің мектептің тәрбие және білім жетілдіруге үлкен мән беріп келеді. Мектебіміздің мұғалімдерінің және оқушыларының жетістіктеріне ел куә болып, қуанышқа бөленуде. Андабаева Нургул Бергенкалиевна оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап үлкен өмірге даярлауға, қабілеті мен бойындағы икемділігіне сәйкес мамандыққа баулуға, ең бастысы адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстарын өрістетуді ұйымдастыруға назар аударуда. Андабаева Нургул Бергенкалиевна бізге математика пәнінен сабақ береді. Бізге мұғалімнің сабақты түсінікті, әрі бала ұғымына ұғынықты етіп өткізетіні ұнайды. Сабақты әр түрлі ойындар, машықтық, зертханалық әдіс – тәсілдер, көрнекіліктер арқылы өткізеді. Мұғалімнің үй тапсырмасын тексеру барысы да қызықты өтеді. Ол кісінің жаңа тақырыптың түсіксіз жерлерін, басқа оңай жолдар, амалдар арқылы бала ойына түсінікті етіп жеткізуі бізге ұнайды. Математика сабағы өте қызық өтеді, онда жұмыстану оқушылардың барлығына да ұнағандықтан біз келесі сабақты тағатсыздана күтеміз. Андабаева Нургул Бергенкалиевна біздермен сабақтан тыс уақыттарда қажымай жұмыстануының арқасында математика пәнін меңгеру деңгейіміз жақсарып келеді. Сонымен бірге біздердің шығармашылық ізденіс жұмыстарымен айналысуымызға ерекше көңіл бөлуде. Андабаева Нургул Бергенкалиевна – мінезі ақжарқын, ісіне адал, ойындағысын бүкпесіз тіке айтатын турашыл мұғалім. Ол педагогикалвқ іс – тәжірибесінің арқасында педагогикалық ұжым, шәкірттері және ата-аналар арасында құрметке бөленіп жүр. Біз мұғалімімізге шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасына амандық, әрдайым оқушылары жетістіктерге жетіп, биік шыңдардан көріне берсін деген тілек тілейміз. Пікір иесі: 11 сынып оқушылары |