Главная страница

педиатрия 21-22-29. Менингококкты инфекция, эпидемиологиясы, клиникалы трлері


Скачать 160.26 Kb.
НазваниеМенингококкты инфекция, эпидемиологиясы, клиникалы трлері
Дата22.05.2023
Размер160.26 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлапедиатрия 21-22-29.docx
ТипДокументы
#1152101

Билет№21

  1. Менингококкты инфекция, эпидемиологиясы, клиникалық түрлері.

Менингококтық инфекция клиникалық айқындалуы әртүрлілікпен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы менингокок сыртқы ортада тұрақсыз. 37ºС төмен көтере алмайды, ал 50º C болса 5 минуттан артық өмір сүрмейді. Ылғалды жерде жақсы сақталады.

Эпидемиологиясы:

1.Аурудың көзі ауру адам немесе қоздырғыш тасымалдаушы.

2.Таралу жолы – ауа сілекей арқылы.

3.Төзімділік –1 жасқа дейінгі балалар.

4.Маусымдылық – қыс, көктем.

5.Иммунитет- тұрақсыз.

Аурудың даму механизмі-қоздырғыш ауа тамшылы жолмен жұтқыншаққа жетіп аурудың түрлерін туғызады.

Клиникасы: Менингококтық инфекцияның 3 клиникалық түрін жиі кездестіруге болады. Жасырын кезеңі 2-10 күн.

1.Менингококтық назофарингит- аурудың жеңіл түрі ауырған баланың дене қызуы 37-38ºС дейін көтеріледі, басы ауырады, тамағы жыбырлап жұтынғанда ауырады, көмейдің шырышты қабығын ісініп, мұрын бітеді.

Диагнозды дәлелдеу үшін көмейдің шырышты қабығынан бактериологиялық зерттеуге жағынды алады.

2.Менингококтық минингит- аурудың ауыр түрі, ми қабығы қабынуы. Кенет қатты басының ауыруынан, дене қызуының 39-40ºС дейін көтерілуінен баланың себепсіз құсуынан басталады. Алғашқы күндерден бастап-ақ менингальды белгілер біліне бастайды: желке бұлшық еттерінің тартылуы; Кернинг белгісі (бүгілуі аяқтардың созған кезде қарсылық жасауы); Брудзинский белгілері (басын кеудесіне жақындатып игенде аяқтарын бауырына жинау, бір аяғын бүккен кезде екіншісін де еріксіз бауырына қарай жинап алуы), кейде ақыл-есін жоғалтып, сандырақтайды. Бала төсекте мәжбүрлі жағдайда жатады: бір қырынан, басын шалқайтып, аяқтарын бауырына жинап алады. Көзі жұмулы, ыңырысып дем алады, гиперестезия, құсу, брадикардия және іш қату, анорексия байқалады.

Диагноз – жұлынның сұйығын алып бактериялық зерттеумен дәлелденеді

3.Менингококтық сепсис – менингококцемия-аурудың ең ауыр клиникалық түрі. Жедел басталады, дене қызуы 40-41ºС дейін көтеріледі, менингиальды белгілер кейде пайда болып, кейде болмайды. Баланың терісі шырышты қабықтары құрғақ, тахикардия, ентікпе сонымен қатар гемморагиялық бөртпе пайда болады. Бөртпе кішкене нүкте тәріздестен үлкен жұлдызшаға дейін, көбіне жамбас, сан, балтыр, қолында болады. Гемморагиялық бөртпе болған жерлерде жұмсақ тканьдердің өліп, некроз дамуы мүмкін.

2. 4 жасар баланы қараған кезде, бір апта бойына ылғалды жөтел мазалайтындығы анықталды., тыныштық жағдайда тынысының жиелеуі, стридор жоқ, кеуде клеткасының ішке тартылуы байқалмайды.

ТЖ есептеу техникасын көрсетіңіз




Билет №22

  1. Жедел пневмониялар: себептері, негізгі клиникалық белгілері.

Жедел Пневмония – өкпе паренхимасының жедел инфекциялы-қабыну ауруы.

Этиологиясы: әртүрлі инфекциялар, бактериялар (пневмокок, стрептокок, стафилокок) және вирустар.

Балалардың өкпе қабынуымен жиі ауруына келесі факторлар себепкер болады: бала организмінің реактивтігінің төмендеуі(қажып шаршау ,нашар тамақтану), анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, фондық аурулар (мешел,анемия,аллергиялық диатез,гипотрафия), шала туу.

Клиникасы: фебрильді дене қызуы, интоксикация, тыныс алу жетіспеушілігі ( ентігу), тері цианозы, өкпеде тұрақты сырылдардың болуы, рентген тексеруде инфильтративті-ошақты көлеңкелердің болуы, қанда лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарлауы болады.

Басталу кезеңі-ауру біртіндеп жалпы жағдайының бұзылуынан басталады: дене қызуы көтеріледі (субфибрильді 37-38С) әлсіздік немесе беймазалық пайда болады, тәбеті төмендейді, кейде үлкен дәретінің сұйықтануы болады, денесі бозарады. Катаральдық симптомдар пайда болады: баланың мұрны бітіп, серозды немесе іріңді бөністер бөлінеді.

Айқындалу кезеңі- бала әлсіз,жалпы жағдайы көбірек бұзылады, температурасы жоғарлайды 39-40С, құсады, тәбеті нашарлайды, ұйқысы бұзылады, жөтел ылғал қақырықпен, денесі құрысып-тырысуы мүмкін.

Тыныс жетіспеушілігі симптомдары: жөтел қақырықты, өте жиі, ентікпе, дем алуға көмекші бұлшық еттердің қосылуы, мұрын ауыз үшбұрышының көгеруі.

Перкуторлық-қабынған жердің үстінде дыбыстың қысқаруы. Аускультативтік-ылғалды ұсақ көпіршікті сырыл естіледі.

  1. Балаға 5 ай дені сау, өз жасына сай өсуде, табиғи жолмен тамақтандырылады. Дене салмағы 7000 гр, бойы 65 см.

Тәуліктік және бір реттік тамақ көлемін есептеңіз

5 айлық нәрестенің жалпы тамақтануы күніне шамамен 850-900 мл емшек сүті болуы керек, бұл күн ішінде шамамен 6-7 тамақтандыруға сәйкес келеді. Бір рет тамақтану шамамен 120-150 мл емшек сүтін құрайды.

Билет №29

  1. Туберкулез, диагностикасы, алдын алу шаралары.

Туберкулез – микобактериялармен туғызылатын, мүшелерде, өкпеде арнаулы гранулемалардың пайда болуымен сипатталатын балалардың созылмалы инфекциялық ауруы.

Этиологиясы мен патогенезі. Туберкулез ауруының қоздырғышы микобактериялар, 1882 жылы неміс ғалымы Кох ашқан. Бактериялар адам ағзасына жоғарғы тыныс жолдары арқылы, асқорыту жолдары және тері арқылы енеді. Инфекция көзі ауру адам, сонымен бірге сүт, қақырық, зәр және нәжіс арқылы сыртқы ортаға бактерияларды бөлетін жануарлар (ірі қара, қой, ешкі, түйе, шошқа, ит, мысық) жатады.

Кох таяқшалары сыртқы қоршаған ортада өте төзімді. Микобактериялар тек тіке күн сәулесі әсерінен және қайнату кезінде ғана өледі.

Туберкулездің алдын алу арнайы және жалпы шараларға бөлінеді.

Арнайы шараларға БЦЖ егу және химиопрофилактика жүргізу жатады. БЦЖ вакцинасы бала өмірінің алғашқы 0-4 күндері, перзентханада БЦЖ вакцинасы жасауға қарсы көрсетпелер:

1) бірге туған жақын туыстарында генерализацияланған БЦЖ инфекциясы (тұқым қуалаған иммун тапшылығының ықтималдығы);

2) АИТВ- инфекциясы және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы;

3) шала туғандық – дене салмағы 2000 грамнан кем немесе 33 аптадан кем гестациялық жас;

4) орталық жүйке жүйесінің зақымдануы – неврологиялық симптомды (ауырлығы орта және ауыр дәрежелі) туа біткен жарақат;

5) жатырішілік инфекциялар, жаңа туған нәрестелердегі сепсисжарақа

6) жаңа туған сәбилердің гемолитиялық аурулары (ауырлығы орта және ауыр түрлері);

7) субфебрильді температурамен және жалпы жағдайдың бұзылуымен қоса жүретін ауырлығы орта және ауыр аурулар жағдайында.

БЦЖ ревакцинациясы дені сау, 6-7жастағы балаларға Манту сынамасы теріс нәтиже көрсеткен жасалады.

Вакцина дұрыс сақталып, екпе дұрыс жүргізілген жағдайда, балалардың 90-95% иммунитет пайда болады. Сондықтан, ФАП фельдшері де балалардың БЦЖ жасалған иығын 1, 3, 6, 12 айларында тексеріп, байқалған өзгерістерді медициналық құжаттарына тіркеп отыруы қажет.

Туберкулез ауруымен қарым-қатынаста болған балаларға – жалпына 2 рет, күзде және көктемде 2 айдан 1-3 жыл бойы.

Туберкулез виражы болған балаларға 3 ай бойы.

Манту сынамасына гиперергиялық нәтиже байқалған балаларға 3 ай бойы тағайындалады.

Жалпы шаралар:

Баланы дұрыс рационалды тамақтандыру.

Дұрыс күн тәртібін ұйымдастыру.

Баланың ауруын мүмкіндігінше ерте анықтап, оны оңашалау.

Балалар мекемелеріндегі медицина және барлық қызметкерлерді жылына 2 рет медициналық байқаудан өткізіп тұру.

Қауіп-қатер тобындағы және аурумен қатынаста болған балаларға Манту белгісін қою.

12 жастан асқан балаларды флюорографиялық тексерістен өткізіп тұру.

Жүйелі түрде санитарлық ағарту жұмысын жүргізіп тұру.

2. Марияға 14 ай. Анасының айтуы бойынша 3 апта бойы диарея, бүгін құсу болған. Жалпы қауіпті белгілер жоқ. Нәжісінде қан жоқ. Қараған кезде бала мазасыз, тітіркенгіш. Көзі шүңірейген, суды жақсы ішеді, тері қыртысы тез жазылады.

Құсу кезіндегі көмекті көрсетіңіз.

Құсқан балаға көмек көрсету

Мақсаты: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түсінің алдын алу

Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, резин баллонді, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар таза құрғақ банканы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Егер баланың жағдайы көтеретін болса, оны ыңғайлы етіп отырғызыңыз.

2.баланың кеудесін салфеткамен, клеенкамен жабыңыз.

3.Баланың аяғаның арасына жерге табақ қойыңыз.

4.қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 5.Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастың маңдайына қойып басын жылжытпай ұстаңыз.

6.әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.

7.Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

8.Егер бала әлсіріген немесе ессіз күйде жатқан жағдайда болса

9.Баланы бір қырына жатқызыңыз, (құсық тыныс жолдарына түспеу үшін) басын қырына қарай бұрыңыз.

10.Баланың мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокті қойыңыз.

11.Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе резин баллонмен сорыңыз немесе ауыз қуысындағы құсық қалдықтарын салфеткамен сүртіңіз.

12.Әрбір құсқаннан кейін, салфеткамен ауызын, иегін сүртіңіз.

13.Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

14.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз

Ескерту: Бала қан құсса, тез дәрігерді шақыр! Мейірбике құсықты дәрігер келгенше сақтап қой, дәрігердің тағайындауы бойынша жолдама жазып лабораторияға жібер.


написать администратору сайта