спец курс 10 кл 2022-23. Металдар химиясы дістемелік ралы жалпы
Скачать 26.95 Kb.
|
Түсінік хат «Металдар химиясы» әдістемелік құралы жалпы білім беретін мектептердегі 10 сыныпт oқушыларына арналған бағдарламасы. 36 сағатқа негізделіп жасалған. Химиядан қосымша зерделеу және меңгеруге көмектесетін негізгі материал болып табылады. Бұл курстың мақсаты оқушыларға металадардың адам өмірінде алатын орыны ерекше екеніне көз жеткізу. Геология мен металлургияның негізін салушы,металдарды зерттеуші Георгий Агрикола ХVІ ғасырда былай деп жазды: Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды,егер металдар болмаса.. адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты болдып өмір сүрер еді» деген болатын. Олай болса алдымен металдарды толық танып білмейінше, олардың маңызын түсінбеген болар едік. Осы курс бойынша негізінен табиғатта көп кездесетін металдармен толық таныстыра отырып, олардың қазіргі және келешекте де өмір өзегі,металдар техниканың тетігі. металлургия ғылымы жайлы тереңдете, теориялық, практикалық білімін қалыптастыру. Қолданбалы курс: орта мектеп сыныптарына арналып, 36 сағатқа негізделіп құрылған. Пәнаралық байланыс: биология, экология, география. Өзектілігі: Сондықтан да бүгінгі таңда білім беру саласын жеке тұлғаны дамытуға бағыттау,оқыту мазмұнының құрылымына жаңаша қарауды талап етеді.Күтілетін нәтижеге бағытталған жаңа білім беру жүйесі білім мазмұнын меңгеру үрдісінде оқушылардың құзыреттіліктері мен өмірлік дағдыларының қалыптасуын,оларды әлеуметтендіруді қамтамассыз етеді. Курс ерекшелігі: Соңғы жылдары химия пәнін оқушылар жиі таңдайды, артты.Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша денсаулықты нығайту-бұл тәндік, зерделік және әлеуметтік жағдайды жақсарту арқылы жаңғырту процестерін жүзеге асыру. Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын және экологиялық құзыреттілігін қалыптастыруда қолданбалы курс маңызды роль атқарады. Мақсаты: Жеке тұлғаның өздігінен ізденуіне жағдай жасай отырып , Әр металдардың қасиеттерін білеуге , олардың табиғи қосылыстары адам өміріндегі маңызын түсіндіру, Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі, Қазақстандағы метал кендері және металлур мамандығына қарай бетбұрыс жасау. Міндеттері: 1. Оқушылардың жалпы химияға деген қызығушылықты қалыптастыруда, химиялық ұғымдарды, көзқарастарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу. 2. Практикалық, сарамандық жұмысты орындау барысында теориялық білімді пайдалану. 4. Металдар химиясын үйрету барысында күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, әдептілікке, әдемілікке тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ұйымдастыру формалары мен әдістері: семинар, дәріс, сарамандық сабақтар, өзара оқыту, топтық оқыту, ұжымдық жұмыс, шығармашылық жұмыстар (интернетке шығу, реферат қорғау, баяндама даярлау). Оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: баяндамалар, рефераттар қорғау. Оқытуды аяқтау формасы: Баяндама, реферат, жоба қорғау. Күтілетін нәтиже: А) Оқушының химия пәнің толық меңгеруге мен ғылыми- дарындылық қасиеттері ашылады. Б)Дамыта оқыту принциптері шешіледі. В) Оқушы санына өнеркәсіп, өндіріс деген терминдер ұялап ,келешекте де мамандық таңдауда және жұмыс істеуге қызығушылық елдің экономикасын арттыруға талпыныс, құштарлық сезімі қалыптасады. Жеке тақырыпты талдау 1-Тарауда бойынша Металдарға жалпы шолу Металдарға жалп сипаттама беру олардың периодтық жүйедегі орыны бойынша 3 түрге бөлінетіндігін сипатай (Сілтілік , сілтілік жер металдар, екідайлы, қосымша металдары) отырып ерекшеліктерін көрсету. Алыну әдістеріне, қолданылуына тоқтала отырып,оның түрлерін ажырата білу 2 тарау Сілтілік металдар тақырыбына шолу. Сілтілкі металдар тұздары адам ағзасында да өміріне қажетт қосылыстың бірі ,күнделікті өмірде де, өндірісте сабын өндіруге қолданылатынын оның сүйық және қатты түрлерінің алынуын да маңызы зор, медицинада адам ағзасына қажетті тұздың бірі., сондықтан тұздың маңызы өте жоғары екенін түсіндіру. 3-тарау Сілтілік жер металдар жалпы шолу Кальций тұздарымен таныстыра отырып, олардан күнделіті өмірге қажетті көптеген заттар сөндірілген әк, ,құрылыс материалдары, тыңайтқыш,,ағартқыш,тіс тазартын пасталар алына,медицинада ғаныш қолданылатына тоқталу. 4-тарау Алюминийжәне оның қосылыстарына жалпы сипаттама. Алюминий қосылыстарының таралуын оның жалпы жеңіл, жемірілуге төзімді тұрмыста, өндірісте маңызды екенніоның тұздары бояғыш заттарды синтездеуге, дәрілік препарат екенін айту. 5 тарау Темір және оның қосылыстарына жалпы сипаттама бере отырып оның маңызын түсіндіру өндірісте, күнделікті өмірде, адам ағзасындағы ролін айтып түсіндіру.
Жеке тақырыпты талдау 1-Тарауда бойынша Металдарға жалпы шолу Металдарға жалп сипаттама беру олардың периодтық жүйедегі орыны бойынша 3 түрге бөлінетіндігін сипатай (Сілтілік , сілтілік жер металдар, екідайлы, қосымша металдары) отырып ерекшеліктерін көрсету. Алыну әдістеріне, қолданылуына тоқтала отырып,оның түрлерін ажырата білу 2 тарау Сілтілік металдар тақырыбына шолу. Сілтілкі металдар тұздары адам ағзасында да өміріне қажетт қосылыстың бірі ,күнделікті өмірде де, өндірісте сабын өндіруге қолданылатынын оның сүйық және қатты түрлерінің алынуын да маңызы зор, медицинада адам ағзасына қажетті тұздың бірі., сондықтан тұздың маңызы өте жоғары екенін түсіндіру. 3-тарау Сілтілік жер металдар жалпы шолу Кальций тұздарымен таныстыра отырып, олардан күнделіті өмірге қажетті көптеген заттар сөндірілген әк, ,құрылыс материалдары, тыңайтқыш,,ағартқыш,тіс тазартын пасталар алына,медицинада ғаныш қолданылатына тоқталу. 4-тарау Алюминийжәне оның қосылыстарына жалпы сипаттама. Алюминий қосылыстарының таралуын оның жалпы жеңіл, жемірілуге төзімді тұрмыста, өндірісте маңызды екенніоның тұздары бояғыш заттарды синтездеуге, дәрілік препарат екенін айту. 5 тарау Темір және оның қосылыстарына жалпы сипаттама бере отырып оның маңызын түсіндіру өндірісте, күнделікті өмірде, адам ағзасындағы ролін айтып түсіндіру. Қолданылған әдебиеттер. И.Аханбаев «Химия негіздері.» алматы баспасы Сәулебаев «Химиядан оқушы анықтамалығы» «Химия анықтамалығы» журналы «Химия мектепте»журнвалы. И.Нұғыман «Химияны оқыту әдістемесі.» |