Главная страница

Мәриям Хәкімжановаға арналған іс шара. Үйде оқыту-1. Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным


Скачать 0.77 Mb.
НазваниеМетодические рекомендации по обучению детей на дому по учебным
АнкорМәриям Хәкімжановаға арналған іс шара
Дата09.11.2022
Размер0.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҮйде оқыту-1.docx
ТипМетодические рекомендации
#778648
страница2 из 60
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60

Кіріспе



Білім алуға құқығын қамтамасыз ету, білім алуға қажетті әлеуметтік- экономикалық жағдайлар жасау, тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алу Қазақстан Республикасының азаматтары үшін білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер болып табылады [1].

Әлемдік тәжірибеде білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ең тиімді механизм ретінде инклюзивті білім беру танылды. Басқа көптеген мемлекеттер сияқты Қазақстан да инклюзивті бағыттағы жалпы білім беретін ұйым барлығы үшін орта білім беруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ елде инклюзивті қоғамды құру мен дамытуға ықпал ететін тиімді механизм екендігін мойындайды.

Соңғы жылдары мүгедек балаларға білім беру саласындағы «тең мүмкіндіктер» доктринасына өту үрдісін айқындайтын өзгерістер білім беру процесі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды өмірге қажетті ғылымның негіздерін оқытып қана қоймай, баланың қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін әлеуметтік және тұлғалық маңызды өмірлік құзыреттерді қалыптастыратынын дәлелдейді. Алайда, қазіргі таңда денсаулығына байланысты оқушылардың белгілі бір бөлігі білім беру ұйымдарында емес, үйде оқытылуда.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде тегін жеке оқыту (бұдан әрі – үйде оқыту) ұйымдастыру қарастырылған. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды орта білім ұйымдарында немесе арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқыту медициналық көрсеткіштерге байланысты мүмкін болмаған жағдайда ата-ананың (немесе заңды өкілдердің) мүддесін ескере отырып, белгіленген тәртіпте оқыту үйде жүргізіледі [1,2].

Стандартқа сәйкес үйде оқыту бойынша мемлекеттік қызмет заңды өкілдің өтініші (еркін түрде) бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссия анықтамасының және мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру бағдарламасы жөнінде психологиялық-медициналық-педагогтік консультация қорытындысының негізінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі [3].

Әлемдік тәжірибеде медициналық көрсеткіштер бойынша мектепке бара алмайтын балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін екі модель қолданылады: үйде оқыту және қашықтан оқыту.

Қазақстанның білім беру жүйесінде үйде білім алушылардың негізгі бөлігі оқытудың отбасылық ортасы мен саны шектеулі мұғалімдер және арнайы педагогтердің келуін қарастыратын дәстүрлі түрде білім алады.

Шын мәнінде, үйде оқыту білім берудің басқа да түрлері сияқты міндеттерді шешеді. Дегенмен, мектеп жағдайында оқытатын дәстүрлі түрден

ерекшеленетін оқытудың бұл процесінде берілген ұсынымдарда айқындалатын едәуір күрделі өзгешеліктер бар.

Әдістемелік ұсынымдарда негізгі ұғымдарды бір мәнде талқылау үшін денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру салаларындағы заңнамалық-нормативтік актілермен сәйкес келетін терминологиялық аппарат қолданылды:

мүмкіндігішектеулібала(балалар)- бұл белгіленген тәртіпте тұқым қуалаушылығына, туылғанына, жүре пайда болған жарақатына байланысты өмір әрекетінде белгілі бір шектеулігі бар психикалық және (немесе) дене дамуында ауытқушылығы бар он сегіз жасқа дейінгі бала (балалар);

мүгедекбала- тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам;

даму мүмкіндігішектеулібалалар: есту қабілеті бұзылған (естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалғандар); көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған); тірек-қозғалыс аппараты бұзылған; сөйлеу тілі бұзылған; ақыл-ой кемістігі бар; психикалық дамуы тежелген; эмоциялық-еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылған; күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған балалар;

ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар) - денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;

денекемiстiгi ағза мүшесінің (мүшелері) дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң ұзақ уақыт бойы әлеуметтiк, медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдауды қажет ететін созылмалы бұзылуы;

психикалық кемiстiк - адам психикасы дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң уақытша немесе тұрақты кемiстiгi, соның iшiнде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоциялық-еркi жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының бұзылыстары, соның iшiнде ақыл-ой кемістігі; психикалық дамуының тежелуi және осыған байланысты оқып-үйренудегі өзiндік қиындықтар;

медициналық-әлеуметтiк сараптама - организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-тынысын бағалау негiзiнде куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына деген қажеттiлiктерiн белгiленген тәртiппен анықтау;

психологиялықтексеру мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық жағдайының ерекшелiктерi мен психикалық дамуындағы әлеуеттiк мүмкіндіктерін анықтау;

педагогикалықтексеру тиiстi жастағы балаларға арналған жас нормативтерiн ескере отырып, балалардың ақыл-ой жағынан даму

ерекшелiктерiн және олардың ойын ойнауға, бiлiм алу мен қарым-қатынас жасауға әлеуеттiк мүмкiндiктерiн анықтау;

білімберубағдарламасы оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

арнайыбілімберубағдарламалары мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған бағдарламалар;

оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

оқужоспары тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу пәндерінің, сабақтарының (модульдерінің), практикаларының, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60


написать администратору сайта