Главная страница
Навигация по странице:

  • «Қабылданды»

  • Түсінік

  • Білім

  • Барлығы

  • «Бекітілді» «Әзірленді»

  • Мәриям Хәкімжановаға арналған іс шара. Үйде оқыту-1. Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным


    Скачать 0.77 Mb.
    НазваниеМетодические рекомендации по обучению детей на дому по учебным
    АнкорМәриям Хәкімжановаға арналған іс шара
    Дата09.11.2022
    Размер0.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҮйде оқыту-1.docx
    ТипМетодические рекомендации
    #778648
    страница3 из 60
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60

    Балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру





      1. «Үйдеоқыту»түсінігініңмәні


    Әр түрлі елде әр заманда өмір сүрген Я. А. Коменский, Дж. Локк, И. Г. Песталоцци секілді педагогика ғылымының классиктері объективті педагогикалық теорияны құру үшін тәрбиелеу мен оқыту процестерінің табиғилыққа сәйкестігіне жетекші рөлді белгілейді [4].

    Оқытуды ұйымдастыру мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі, оқытудың орны мен уақытының ерекшеліктері, оқушылар саны, оқытудың мақсаттары, құралдары, мазмұны, әдістері мен нәтижелері жағынан тұтас жүйелі сипаттаманы көрсетеді. Қалауына қарамастан денсаулық жағдайына байланысты қалыпты жалпы білім беретін мектепке бара алмайтын балалар болған жағдайда, бұл балаларды жалпы білім беру процесіне қосудың басқа жолдары қарастырылады. Осындай жағдайлардың көбісінде дене жағынан ауыртпашылықсыз және психологиялық жағынан жайлы оқыту ортасы мен әрбір баланы оқыту үшін жеке ыңғай жасау қажет. Осы орайда, балаларды білім беру процесіне қосудың бір жолы ретіндегі «үйде оқыту» зерттеушілердің үнемі назарын аудартатын объект болған.

    Ғылыми-әдістемелік және мерзімдік әдебиеттердегі авторлар әр түрлі синонимдік түсініктерді қолданады: «отбасылық білім беру», «үй жағдайында оқыту», «үйде жеке оқыту», «үйде оқыту». Әрқайсысының белгілі бір мағыналық жүктемесі бар. Бірақ барлық аталған түсініктер оқыту процесі үй жағдайында жүретіндігін білдіреді. Осы ұсынымдарда Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық құжаттарына сәйкес «үйде оқыту» ұғымы қолданылады.

    Зерттеушілердің пікірі бойынша, үйде оқыту отбасылық тәрбиенің көп ғасырлық тәжірибесінен айқындалған және кезеңдеп даму процесінде қалыптасқан білім беру процесінің маңызды саласы ретінде қарастырылады. Ресейлік ғалым Л. Р. Аркатованың зерттеулерінде үйде оқытудың келесі даму кезеңдері белгіленген:

    • VI– IX ғ.ғ., тәлімгерлік әрекет элементтерінің туындауы;

    • Х–ХV ғ.ғ., сарайдағы қалталы адамдардың балаларын үй жағдайында оқыту және «сауаттылық шеберлерімен» отбасылық оқу ;

    • XVI– XVII ғ.ғ., болашақ тақ мұрагерлеріне сарайда білім беру;

    • XVIII ғ.ғ., гувернерствоның дамуы, жергілікті ақсүйектер арасында отбасы жағдайында жалпы білім беру;

    • XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басы, үйде оқыту мен шіркеулік білім берудің және мемлекеттік білім беру мекемелерінде оқытудың қатар дамуы; гувернанткалар мен үй тәлімгерлерінен ұлттық кадрлар даярлау;

    • XIX ғ. 30 ж. ХХ ғ. басы, үйде білім беруді оқу мекемелері мен гимназия жанындағы мәртебелі пансиондардағы білімге теңестірілген азаматтық оқытудың бір түрі ретінде ресми мойындау; педагогикалық

    әдебиеттер мен басылымдарда үйде оқытудың болашағы мен мәселелерін белсенді талқылау;

    • 1917 жылдан 1962 жылға дейін балаларды үйде оқыту тәжірибесін тоқтату;

    • 1962 жылдан бастап үйде білім беруді науқас балалар мен мүгедек балаларды мемлекеттік оқытудың бір түрі ретінде ресми мойындау [5].

    «Үйде оқыту» түсінігінің заманауи ұлттық білім беру жүйелерінің талаптарына сәйкес келетін және инклюзивті білім беру қағидаларына қарсы келмейтін кеңірек ашатын анықтамасы 2002 жылғы ТМД қатысушы-елдердің Парламентаралық Ассамблеясында қабылданған «Денсаулық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім беру (арнайы білім беру) туралы» Үлгілік заңында берілген. Үлгілік заңға сәйкес «... үйде оқыту денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе тұрақты түрде білім беру мекемесіне бара алмайтын жағдайда сәйкес білім беру ұйымының педагогикалық қызметкерлері, оның ішінде қашықтан оқыту құралдарын қолдану арқылы үйде оқыту іске асырылатын тұлғаның жалпы білім беретін және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруі».

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы бойынша жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу, экстернат және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.

    Жалпы алғанда, түсініктің мәнін анықтауда көптеген зерттеушілер мен практиктер үйде оқыту – бұл білім беру немесе оқыту формасы емес, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту процесін ұйымдастыру жағдайлары деген пікірді ұстанады [6].


      1. Үйдеоқытупроцесініңнормативті-құқықтықнегіздері


    Қазақстандық білім беру жүйесінде денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балалар үшін үйде жеке тегін оқыту қарастырылады.

    Үйде жеке тегін оқытуға «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығына сәйкес үйде оқыту мерзімі көрсетілген баланың денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып табылады. Баланың сырқатына байланысты қорытындыда көрсетілген үйде оқыту мерзімі бір айдан оқу жылының соңына дейін болуы мүмкін. Мүгедектік тағайындалған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының» №12 қосымшасына сәйкес формада мүгедектік туралы анықтама беріледі.

    Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру жергілікті ұйымдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет ретіндегі үйде жеке тегін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі 174 бұйрығымен бекітілген «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен» (бұдан әрі - Стандарт) реттеледі. Берілген стандарт «үйде жеке тегін оқыту» қызметін алу тәртібін анықтайды және бірнеше кезекті кезеңдерді қарастырады. Бірінші кезең мүмкіндігі шектеулі балаларды тексеру және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация беруді қарастырады. Тексеру бала тұрып жатқан жергілікті психологиялық- медициналық-педагогикалық консультациялармен (аудандық, қалалық, облыстық, қажет болған жағдайда республикалық психологиялық- медициналық-педагогикалық консультациялар, бұдан әрі - ПМПК) жүргізіледі. ПМПК-да тексеру үшін ата-ананың (заңды өкілдердің) өтініші, туу туралы куәліктің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы), бар болса - мүгедектігі туралы қорытындының көшірмесі, денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін). Қажет болған жағдайда ПМПК 112/у «Баланың даму тарихы» нысаны, 027/у «Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме» нысанын, білім беру ұйымынан психологиялық- педагогикалық мінездеме, оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелерін қосымша сұратуы мүмкін. Бірінші кезеңнің, яғни тексеру мен психологиялық- медициналық-педагогикалық консультациялық көмек нәтижесі бала дамуының зияткерлік жағдайы, тағайындалған диагноздары (неврологиялық, психиатриялық, логопедиялық), қосымша аурулары мен синдромдары көрсетілген, сондай-ақ оқуы мен түзету-педагогикалық қолдау бойынша ұсыныстар білім беру бағдарламасы және түзете-дамыта оқытуды ұйымдастыру

    жағдайларымен қоса берілген жазбаша түрдегі қорытынды болып табылады.

    Екіншікезеңбалаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау. Стандартқа сәйкес үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін ата- ананың (немесе заңды өкілдерінің) өтініші, үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы, мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы талап етіледі. Құжаттарды қабылдау аяқталған соң білім беру ұйымы ата-анаға (немесе заңды өкілдеріне) үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхат береді.

    Үй жағдайында мүгедек балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мен қаржылық шығындар бойынша есеп беру «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі 279 бұйрығының «Мүгедек балаларды үйде оқытуға

    жұмсалған шығындарды өтеу» 25-қосымшасына және «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» 2016 жылғы 19 қаңтардағы 28 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.


      1. Үйдеоқытудыұйымдастырубойыншажалпысұрақтар


    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы 499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» (бұдан әрі Үлгілік қағидалар) білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік жұмыс оқу кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттелетіні айтылған. Сондай-ақ білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақтар режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.

    Білім салалары және оқу пәндері, апталық оқу жүктемесі немесе сыныптар бойынша аптадағы сағат саны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген білім беру деңгейлері бойынша Үлгілік оқу жоспарымен (бұдан әрі - ҮОЖ) белгіленеді.

    Үлгілік қағидалардың 20-тармағына сәйкес жалпы білім беру ұйымдары әрекеттегі ҮОЖ негізінде үйде білім алушы үшін жеке «оқу жұмыс жоспарларын» әзірлейді. Балаларды үйде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің тәжірибесі бойынша жеке оқу жұмыс жоспары әрбір білім алушыға бөлек, оның жеке және психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетінін көрсетті. Сондай-ақ жеке оқу жоспарын әзірлеуде мектептегі кейбір сабақтарға қатысу, вариативті компонентті таңдау туралы және т.с.с. сұрақтарға қатысты білім алушы мен оның ата-анасының (немесе заңды өкілдерінің) өтініштерін ескеру ұсынылады. Үйде оқытудың жеке оқу жұмыс жоспары жарты жылға немесе бір оқу жылына әзірленеді және педагогикалық кеңес шешімімен қабылданып, ата-анасының (немесе заңды өкілдерінің) келісімімен білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.

    Үйде білім алушының жеке оқу жұмыс жоспарының үлгісі төменде 1-кестеде берілген:
    1-кесте.Үйдебілімалушыныңжекеоқужұмысжоспарыныңүлгісі


    Педагогикалық кеңес шешімімен

    «Қабылданды»

    (білімберуұйымыныңатауы)
    Хаттама

    Негізгібеттіңүлгісі

    «Бекітілді»

    Директор
    ТАӘ

    (қолы)



    (күні)


    «Келісілді»Ата-ананыңТАӘ

    (қолы) немесезаңдыөкілдің
    (күні)

    (білімберуұйымыныңатауы)

    сынып оқушысы

    _

    (оқушыныңТАӘ)
    оқу жылына

    (оқукезеңі)
    Жеке

    оқу жұмыс жоспары


    Түсінікжазбаныңүлгісі

    Түсінік жазба
    Жеке оқу жұмыс жоспары келесідей нормативтік құжаттардың негізінде әзірленген:
    1.

    2.

    3. ...
    Оқыту жеке оқу жұмыс жоспарына сәйкессыныптың жалпы білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатыр.
    Мемлекеттік жалпыға міндеттібілім беру стандартына сәйкес оқу жылының ұзақтығыоқу аптасын құрайды.
    Оқыту қазақ (немесе орыс) тілінде жүргізілетін үйде жеке тегін оқытатын

    білім берудің үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемісағатты құрайды.
    Сабақтың ұзақтығыминут. Қажет болған жағдайда баланың жағдайын есепке ала отырып сабақтар үзілуі мүмкін.


    Жеке оқу жұмыс жоспарын орындауда ата-ананың (немесе заңды өкілдердің) және дәрігердің келісімімен мектептегі кейбір сабақтарға тікелей және онлайн қатысуға рұқсат етіледі.
    Әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кіріктіру, балалар ұжымында өзін жайлы сезіну, әлеуметтік мәртебесін көтеру мақсатында мектептің іс- шараларына және қосымша білім беруге қатысуы қарастырылады.


    Білім саласы

    Оқу пәні

    Аптадағы сағат саны

    Ескерту


    Тіл және әдебиет


    Қазақ тілі


    1


    Мысалы, ағылшын тілінен үйде – 0,5 сағ., қашықтан (онлайн) – 0,5 сағ.

    .


    Қазақ әдебиеті


    1


    Орыс тілі және әдебиеті


    1


    Ағылшын тілі


    1


    Математика және информатика



    Математика



    4





    Жаратылыстану


    Жаратылыстану


    1






    Адам және қоғам


    Қазақстан тарихы


    0,5





    Дүниежүзі тарихы


    0,5




    Барлығы аптасына




    10






    1-кесте (жалғасы)

    5сыныпүшінжекеоқужоспарыныңүлгісі

    (оқытуқазақтілінде)

        1. Үйдеоқытылатыноқушыларғабілімберумазмұны


    Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені) [1].

    Әрбір білім беру деңгейінің мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалардың кешені (немесе жиынтығы) болып табылатын жалпы білім беретін бағдарламалармен айқындалады.

    Үлгілік қағидалардың 19-тармағына сәйкес инклюзивтік сыныптарда оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, оның ішінде үйде оқытылатын балалар жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін. Ал 20-тармақта оқу және тәрбие процесі оқу жұмыс бағдарламаларына және оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылатыны атап көрсетілген.

    Үлгілік оқу жоспарының вариативті бөлімінің пәндері (оның ішінде түзету пәндері) бойынша үлгілік оқу бағдарламасы болмаған жағдайда, сондай- ақ білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып үлгілік оқу бағдарламаларын бейімдеу кезінде үйде білім алушы үшін «жеке оқу жұмыс бағдарламасын» әзірлеу ұсынылады.

    Осылайша, үйде оқытылатын оқушылардың пәндік білім мазмұны жалпы білім беру пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларымен, қажет болған жағдайда білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, кемістіктің күрделілігін, ерік-жігер саласының ерекшеліктерін, сырқаттың жүру сипатын есепке ала отырып жасалған үлгілік оқу бағдарламалардың негізінде әзірленген жеке оқу жұмыс бағдарламасымен анықталады.

    Үлгілік оқу бағдарламаларының (немесе жеке оқу жұмыс бағдарламалар) негізінде мұғалімдер әрбір пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлейді, ол әдістемелік бірлестіктің отырысында талқыланады және мектеп басшысымен бекітіледі.


        1. Оқу уақытын есепке алу және нормасы. Үйдегі оқытылатын білімалушылардыңоқунәтижелерінқадағалау


    Үйде оқыту сырқатқа байланысты қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді болады. Оқудың ұзақтығы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысында (немесе медициналық анықтама) көрсетіледі және анықтамада көрсетілген мерзімге байланысты сабақ кестесі жасалады. Үйде оқытылатын баланың сабақ кестесі сынып жетекшімен құрылады және ата- анамен (немесе заңды өкілмен) келісіліп, мектеп директорымен бекітіледі (2- кесте).

    Кестені құру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы 179 бұйрығымен бекітілген

    «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) басшылыққа алу ұсынылады. Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес сабақ кестесін құрған кезде бір күн (және бір аптаның) ішіндегі оқушылардың ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескерілуге тиіс және қиындық бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады (Санитариялық қағидаларға 12- қосымша). Апта ішіндегі жоғары сынып оқушыларына арналған оқу жүктемесі сейсенбі және (немесе) сәрсенбі күндеріне оның барынша көп көлемі келетіндей; кіші және орта сынып оқушылары үшін сейсенбі мен бейсенбіге келетіндей бөледі. Осы күндері сабақ кестесіне ең қиын немесе орташа және жеңіл пәндерді қояды және қалған күндерге қарағанда пәндердің саны да көбірек болады. Сәрсенбіде кіші және орта сынып оқушылары үшін жеңілдетілген күн көзделеді. Бір күн ішіндегі баллдың ең аз саны дүйсенбі және сенбі күндеріне келуі тиіс.
    2-кесте.Үйжағдайындағыжекесабақкестесініңүлгісі

    2-сынып білім алушылары үшін жекесабақтаркестесініңүлгісі
    «Бекітілді»

    «Әзірленді»сыныпжетекшісінің Директор

    (қолы) ТАӘ

    ТАӘ

    (күні) (қолы)

    (күні)
    «Келісілді»Ата-ананыңТАӘ

    (қолы) немесезаңдыөкілдің

    (күні)

    (білімберуұйымыныңатауы)

    сынып оқушысы

    _

    (оқушыныңТАӘ)
    оқу жылына

    (оқукезеңі)
    ЖЕКЕ САБАҚ КЕСТЕСІ





    Күні .

    сабақ уақыты

    Дүйсенбі

    Сейсенбі

    Сәрсенбі

    Бейсенбі

    Жұма





    1-сабақ





    Математик













    сағмин

    _.сағмин.дейін.




    а














    2-сабақ

    сағмин

    _.сағмин.дейін.




    Орыстілі

    Қазақтілі

    Математика




    Ағылшын

    тілі


    3-сабақ

    сағмин

    _.сағмин.дейін.







    жаратылыстан

    у

    Әдебиеттік

    оқу





    Қажетжағдайдакестегетүзетусабақтарыненгізугеболады

    Сабақ кестесі балалардың жеке ерекшеліктерін, психофизикалық мүмкіндіктері мен қызуғышылықтарын есепке ала отырып, мектептің оқу жоспарына сай, 40 минуттан аспайтын сабақтың ұзақтығы, кемінде 10 минут болатын үзіліс ұзақтығын ескере отырып жасалады.

    Бір сабақтың ұзақтығы - 40 минут, арасында 15 минуттық үзілісі бар.

    Орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысын есепке алу сынып журналын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Сынып журналын орта білім беру ұйымының әрбір мұғалімі электронды немесе қағаз түрінде жүргізуге міндетті мемлекеттік құжат болып табылады. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (немесе директор) мұғалімдерге әр пәнге бөлінген сағат санына сәйкес оқу жылында білім алушылардың үлгерімі мен қатысуын ағымдық есепке алуға журналдағы беттер санын бөлу туралы нұсқау береді.

    Мұғалім білім алушылардың білімін жүйелі түрде тексереді және бағалайды, сондай-ақ мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын әр сабақта белгілейді. Ашылған журналдың сол жақ бетіне мұғалім өткізілген сабақтың күнін жазады, сабаққа қатыспаған білім алушыларды "ж" әрпімен белгілейді.

    Журналдың ашылған бетінің оң жағына мұғалім өтілген сабақтың тақырыбын және үй тапсырмасын жазады.

    «Мұғалімнің ескертпелері» бағаны жекелеген білім алушылардың тәртібі туралы, олардың оқу барысындағы жетістіктері мен кемшіліктері туралы ескертулерді жазуға арналған.

    Жазба жұмыстарының бағалары сол жұмыс өткізілген күннің бағанына қойылады.

    Әр оқу тоқсанының қорытынды бағаларын мұғалім пәннің тоқсандағы соңғы сабағы өткізілген күні белгіленген жазбадан кейін қояды. Сонымен қатар тоқсандық бағалар білім алушылардың үлгерімі мен тәртібін есепке алудың жинақтық тізімдемесіне көшіріледі.

    Үйде оқытылатын білім алушылардың тегі, үлгерімі, сыныптан сыныпқа көшу туралы, аралық және мемлекеттік (қорытынды) аттестация нәтижелері, мектепті бітіру туралы мәліметтер оқушы тіркелген сәйкес сыныптың журналына енгізіледі.

    Сонымен қатар, әр үйде оқытылатын білім алушыға сабақтың өткен күні, өткен материалдың мазмұны, сағат саны жазылатын жеке сабақтарды есепке

    алу журналы (немесе «үйде жеке тегін оқытудың үлгерім журналы») болады (3- кесте).

    Оқыту мен аралық аттестация (мерзімі мен формасы) білім алушының ата-анасымен (немесе заңды өкілдерімен) келісілген және білім беру ұйымының басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

    Білім алушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалауда әрекеттегі бағалау жүйесі қолданылады. Бағалар «Үйде жеке тегін оқытудың үлгерім журналында» қойылады. Қажет болған жағдайда әр сабақта ата-ана оқыту мазмұнымен және оқушының бағаларымен танысу туралы журналға қолын қояды. «Үйде жеке тегін оқытудың үлгерім журналындағы» бағалар педагогтердің жұмыс уақытын есепке алу табелін толтырғанға дейін айына бір рет сынып журналына көшіріледі.

    Үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша бақылауды мектеп директорының бұйрығына сәйкес осы бағытта жетекшілік ететін директордың орынбасары жүзеге асырады.

    Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың аралық аттестация нәтижелері, сыныптан сыныпқа көшу туралы ақпарат және мектепті бітіру туралы мағлұматтар сынып журналына уақытында енгізіледі.

    Үйде оқытылатын білім алушыны келесі сыныпқа көшіру туралы шешімді оқушыны (үйде) жеке оқыту үшін құрастырылған оқу жоспарының барлық пәндерінен білім беру бағдарламаларын меңгеруін талдау және жағымды жылдық бағалар болуының негізінде мектептің педагогикалық кеңесі қабылдайды.



    (білім беру мекемесінің атауы /названиеорганизацииобразования)


    Үйде жеке тегін оқытудың

    ҮЛГЕРІМ ЖУРНАЛЫ

    ЖУРНАЛ УСПЕВАЕМОСТИ
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60


    написать администратору сайта