Мәриям Хәкімжановаға арналған іс шара. Үйде оқыту-1. Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным
Скачать 0.77 Mb.
|
Бұндай мысалдар көп, «... Полина анасы Анастасиямен үйде оқытылып жатқанына бес жыл болды. 12 жастағы қыз жүру арбасымен қозғалады және сүйемелдеуді қажет етеді. Бірақ ол көшеде, аулада, қонақта құрдастармен сөйлесетін мүмкіндікті жібермеуге тырысады. Сондықтан тезірек сауығып мектепке баруды армандайтыны сөзсіз...» [8]. Қарағанды қаласы ТҚАЗ балаларға арналған облыстық мектеп-интернат директорының орынбасары Наукенова Қарлығаның айтуынша, құрдастарымен қарым-қатынас бала өмірінің өте маңызды бөлігі. Сөйлесу, достық, өзара көмек және коммуникацияның басқа да түрлері сияқты бала өміріндегі негізгі дүниелерді мектептен басқа қай жерде тани алады? Үйде оқитын балаларда бұл мүмкіндік жоқ болғандықтан, кейде мамандар оларды сыныптағы сабақтарға қатыстырады. Бұл кезде ата-аналар өз балаларын қолдайтын тұлғалар және тьюторлар ретінде жүреді. Мектеп те баланы оқуға ынталандырады. Себебі, өз жетістігін құрдастарының жетістігімен салыстыру мүмкіндігінен айырылғандықтан бала жетістікке деген ұмтылысын жоғалтады [8] . Баланың жалпы дамуында әлеуметтік бейімделудің маңызын ескере отырып, үйде оқытылатын балалар мен олардың ата-аналарын қатыстырып әр түрлі іс-шараларды өткізу ұсынылады. Осылайша, үйде оқыту мәселесі бойынша шетелдік және отандық ғылыми зерттеулерді, денсаулық сақтау мен білім, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді талдау, сондай-ақ үйде оқытылатын білім алушылары бар жалпы білім беретін және арнайы мектептердің педагогикалық ұжымының тәжірибесін зерделеу үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша бірқатар әдістемелік ұсынымдарды бөлуге мүмкіндік берді. Үйдеоқытудыұйымдастырубойыншажалпыәдістемелікұсынымдар Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша үйде оқытуды тиімді және сапалы ұйымдастыру үшін ұсынылады: үйде оқыту процесін ұйымдастыруды нормативті құжаттармен, сондай- ақ жергілікті қолдану үшін әзірлеу мен енгізуді қарастыратын ішкі актілермен қолдау. Кеңінен қолданылатын ішкі актілер: үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру туралы ереже; үйде оқытудың жеке оқу жұмыс жоспары; жеке оқу жұмыс бағдарламалары; жеке оқыту кестесі; жеке оқытудың үлгерім журналы және басқалары. үйде оқыту бойынша мектеп командасының әрбір мүшесінің, оның ішінде ұйым басшысы мен оның орынбасарлары, мектептің психологиялық- педагогикалық консилиум төрағасы мен мүшелері, пән мұғалімдері, әлеуметтік және арнайы педагогтар, педагог-психолог, мектеп ата-аналары комитетінің өкілі мен басқа да жұмыскерлердің қызметін нақты айқындау; білім алушыларды үйде оқытатын пән мұғалімдері мен педагогтардың әдістемелік бірлестігін құру. Педагогтардың әдістемелік бірлестігі үйде оқыту бойынша оқу-әдістемелік жұмысты үйлестіріп қана қоймай, сондай-ақ үйде оқытудың жеке оқу жұмыс жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеуде және талқылауда, үйде оқытылатын білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін есепке ала отырып оқу бағадарламаларын жекелендіру, мұғалімдердің тәжірибесін жинақтап таратуда тиімді механизм болып табылады; сабақтарда оқытудың аралас әдістерін қолдану. Сабақтағы білім беру процесін негізгі дидактикалық қағидаларды, оның ішінде бала дамуының қажетті жағдайы ретіндегі оқытудың түзетуге бағыттылығы қағидасын сақтай отырып көрнекі-әрекеттік негізде ұйымдастыру керек. Әр сабақта баланың қабылдауы, сөйлеу тілі мен қарым-қатынасы, ойлау, есте сақтау, эмоциялар, ынта және басқа да психологиялық-физиологиялық дамуына ықпал ететін заттық-тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру қажет. оқу материалын бөлшектеп, кезеңмен оқыту және оны талдамалы- синтетикалық жолдармен көрсету, әрбір элементті талдау және біртұтас қабылдауды қамтамасыз ету; оқушылардың бұрын меңгерген практикалық тәжірибесіне сүйену; сақталған шынайы байланыстарды тұрақты пайдалану; себеп-салдарлық байланыстар мен заңдылықтарды анықтауға аса назар аудару; қысқа, әрі қарапайым ережелер мен тұжырымдарды шығаруда бастысын бөле білу; оқу материалын меңгеру мен қайталау үшін практикалық жаттығулардың жеткілікті саны; материалды оқу мен бекітуде заттық-тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру; оқытылатын материалды әр түрлі жаттығуларға қосу; көрнекілік материалдарды тиімді пайдалану; өзіндік орындауға арналған күрделілігі әр түрлі жаттығулар мен тапсырмаларды қосу; мектеп кітапханасы, мерзімдік басылымдар, лабороториялар мен оқу құрал-жабдықтары сияқты мектептің білім беру қорларына қолжетімділікті қамтамасыз ету; үйдегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды жүйелі түрде бақылау; арнайы педагогтар, ата-анасы немесе жақындарының қолдауымен қолайлы оқу-тәрбиелік ортаны жасай отырып оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әр түрлі жағдайларын үйлестіру мектеп жасындағы оқушылардың танымдық әрекетін белсендіруде сыныптан тыс және үйірмелік жұмыстың рөлі жоғары екендігі белгілі. Сондықтан үйде оқытылатын білім алушыларды сыныптан тыс, үйірмелік және басқа жұмыстарға тарту, мектептегі іс-шараларға қатысудың мүмкіндігі баланың жалпы дамуында, сонымен қоса қоғамда әлеуметтенуінде жағымды динамиканың бастамасы бола алады; ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) заманауи мүмкіндіктерін пайдалану. Көптеген елдерде ұзақ уақыт бойы білім беру ұйымына бара алмайтын мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың тиімді және қолжетімді түрі қашықтықтан үйде оқыту болып табылады. Ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың, сонымен қоса смартфондар, программаланатын және механикалық lego- құрылымдардың заманауи мүмкіндіктерін сауатты және мақсатты-практикалық қолдану оқыту процесін, оның ішінде үй жағдайындағы оқуды тек арнайы лабороторияларда мүмкін болатын оқу-зерттеушілік процеске айналдырады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оқытудың АКТ-құралдарын қолданудың эргономикалық және денсаулық сақтау нормаларын қатаң қадағалау талап етіледі. Үйде оқытуда АКТ қолдану балаларда өзіндік оқу мен зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыруға елеулі ықпал етеді. Соңғы жылдары жүргізілген үйде оқытылатын балалардың әлеуметтену мәселесін зерттейтін арнайы ғылыми зерттеулердің нәтижесі қашықтықтан үйде оқытудың дәстүрлі үйде оқытумен салыстырғанда өзіне және айналадағыларға жағымды қарым- қатынасты қалыптастыруда тиімді болатынын көрсетті. Үйде оқытылатын балалар интернет-сайыстарға қатысып, мысалы экологиялық мәселелер бойынша, жеңіп жатқан мысалдар тәжірибеде бар [12]. Мүмкін виртуалды сөйлесу құрдастармен шынайы сөйлесуден кем түсетін шығар, бірақ мүгедек балалардағы әлеуметтік құзыреттерді қиындықсыз дамытуға елеулі ықпал ететіні айғақ; үйде оқытылатын балалардың ата-аналарымен (заңды өкілдермен, жақындармен) мақсатты ағартушылық жұмыс жүргізу. Мектеп педагог- психологы, әлеуметтік педагогы оқыту семинарлары, тренингтер, ата-аналар клубы, ата-аналарға арналған мектеп және басқа да алдын алу, ағартушылық іс- шараларды ұйымдастыра алады; тәжірибені зерделеу, яғни үйде оқытуды жүзеге асыратын басқа білім беру ұйымдарымен тәжірибе алмасу, арнайы білім беру ұйымдарына бару, арнайы педагогтардың тәжірибесін зерделеу. ҚР БҒМ Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен ұйымдастырылған ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту бойынша қысқамерзімді курстар, тағылымдамалар да жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіптік біліктілігін арттыруға ықпал ете алады. |