камалов сабақ жоспары. Мхтар уезов атындаы Отстік азастан Университеті Кафедра Жаратылыстану ылымдары жне педагогикасы
Скачать 255.35 Kb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті Кафедра: « « Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» Жоғары мектеп «Физика» кафедрасы» МӨЖ №2 Тақырыбы: Белгілі бір тақырып бойынша мектеп оқушыларына физика пәнінен сабақ өткізу (сабақ жоспары). Орындаған: Еркін Д. М Тексерген: Камалов Ю. Н Тобы: МЕП 22 – 7нк Шымкент, 2022ж Пәні: физика Сынып: 9 Күні: 20. 10. 2022ж Сабақтың тақырыбы: § 3. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Астрономия – аспан денелері туралы ғылым жайлы мағлұмат беру, әлемнің құрылымы және дамуы жайлы түсініктер қалыптастыру. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабылетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік мақсаты: Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу. Сабақ түрі: жаңа білімді қалыптастыру. Сабақ әдісі: оқытудың ауызша, көрнекілік, практикалық (баяндау, әңгіме, түсіндіру, кітаппен жұмыс, сұрақ-жауап және т.б) әдістерін бір – біріне ұштастыра отырып қолдану. Сабақ көрнекілігі: аспан сферасы, телескоптар, аспан картасы, суреттер, интерактив тақта, презентация. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 минут) Сәлемдесу, түгендеу. Топқа бөлу (3 топқа бөлінеді: өз қалаулары бойынша атау қойылады). ІІ. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: (10 минут) ІІІ.Жаңа сабақ. (20 минут) Талқылау үшін сұрақ беріледі: Астрономия қандай ғылым деп ойлайсыздар? Астрономия ғылымы арқылы нені танып – білуімізге болады? Қандай жұлдыздарды білеміз? Жұлдыздарды өздеріңіз бақылып көргілеріңіз келеді ме? Аспан әлемі сіздерге қызықты ма? Астрономия -грекше «Астрон» - жұлдыз, «номос» - заң деген ұғымды береді. Астрономия да физика сияқты – табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс – тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезе уақытты, бағыт – бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан, адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған. Сөйтіп, практикалық қажеттілік астрономия ғылымының тууына ең басты түрткі болды. Қазіргі астрономияның басты мақсаты – аспан денелерінің қозғалысы мен даму заңдарын тағайындау болып табылады. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне: галактикалар, жұлдыздар, планеталар, олардың серіктері, астероидтар мен кометалар, метеориттер мен шаң – тозаңдардан тұратын бұлттар жатады. Тұңғыш рет аспан денелерін жай көзбен емес, арнайы құрал – үлкейткіш оптикалық түтіктің жәрдемімен зерттеген италиян оқымыстысы Г.Галилей болды. 1608 жылы Голландияда денені үлкейтетін дүрбі жасалғанын біліп, онымен түнгі аспанды бақылап көрейін деп шешті. Ол өзі де бар болғаны кішісі -3 есе, үлкені 32 есе ғана үлкейтетін оптикалық түтіктерді құрастырып, ұлы жаңалықтар ашты. Ол: 1. Ай – теп- тегіс «хрусталь шар» емес, жер сияқты ойпаттар мен қыраттардан тұратынын; 2. Шолпанның – планета екендігін, ол күн сәулесін шашырататынын, пішінін өзгертетінін; жерді айналатынын; 3. Күннің бетінде дақтар бар екенін және өз осінен айналатынын; 4. Алып планета – Юпитердің төрт серігін ашты. 5. Ай - жердің табиғи серігі екендігін; 6. Жер де басқа планеталар да Күнді айнала қозғалады деді. 7. Құс жолының орасан мол жұлдыздардан тұратынын ашқан болатын. Физика мен астрономия ғылымдары бір – бірімен бірігіп табиғат заңдарын ұғынуға жәрдемдеседі. Мысалы, И.Ньютонның ашқан Бүкіләлемдік тартылыс заңы бойынша денелердің жерге құлауы, планеталардың Күнді айнала қозғалуы түсіндіріледі. Көптеген физикалық жаңалықтардың ашылуы аспан денелерін зерттеумен тікелей байланысты. Мысалы, гелий газы әуелі Күннен табылды. Ол спектрлік талдау деп аталатын физикалық зерттеу әдісін қолану арқылы анықталады. Ең алғаш бұл газ Күн құрамынан табылғандықтан, оны гелий ( грекше гелиос – Күн) деп атаған. Кейінірек ол Жердегі ауа құрамында да бар болып шықты. Ғарыш кеңістігі, ондағы денелер физиктер үшін тамаша зертхана болып табылады. Мысалы, Ай бетінде ауа мүлдем жоқ. Сондықтан онда Жердегідей нақты вакуум алатын күрделі қондырғысыз-ақ тәжірибелер жүргізіп, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жасауға болады. Ай – Жердің табиғи серігі. Ол Жерге ең жақын тұрған аспан денесі. Оған бірінші рет 1969 жылы Америка азаматтары Н. Армстронг пен Э. Олдрин табан тіреп, аман - есен оралды. Олар Ай бетін суретке түсіріп, Жерге қайта оралатын қондырғыға Ай топырағының үлгілерін салып беріп отырған. Ю. А. Гагариннің тұңғыш рет ғарышқа көтерілуінен бастап, астрономияның жаңа саласы – ғарышкерлік (космонавтика, грекше космос- ғарыш, наутик-кеме жүргізу) жедел дамып келеді. Космонавтика әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап зерттейді. Аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономия саласын ғарыштану (космогония) деп атайды. Космогония әлемдегі галактикалар мен жұлдыздар және басқа денелер қашан және қалай пайда болды, оларда қандай өзгерістер жүріп жатыр, деген сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ Әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы астрономия ілімін ғарышнама (космология) дейді. Әлемнің негізгі құрылымдары болып табылатын миллиардтаған галактикалардың ашылуы мен жұлдыздар мен планеталарға айнала қоймаған тұмандықтар мен бұлттардың табылуы осындай деректерге жатады. Галактика деп бәріне ортақ бір центрден айналатын сансыз мол жұлдыздардың алапат үлкен жүйесін айтады. Аспандағы жай көзбен көрінетін самсаған 6000 жұлдыз Біздің Галактика деп аталатын бір ғана галактикаға жатады. Кейде «Сүт Жолы» деп те атайтын Біздің галактикада жай көзге көрінбейтін 200 миллиардтай жұлдыз бар. Оған аспан күмбезін белдеулеп жатқан, шашырап төгілген сүтке ұқсас, ақшыл жолақ та кіреді. Бұл жолақты Сүт жолы, ал қазақтар Құс жолы деп атайды. Күн – Жерден орташа алғанда 150 млн. км қашықтықта орналасқан. Ол осы Галактиканың кішігірім жұлдызы. Жарық Жер бетіне секундна 300000 км жылдамдықпен 8 минутта жетеді. Жарық бір жылда 9 460 528 405 000км жол жүреді. – осы қашықтық астрономияда бір жарық жылы деп аталады. Біздің Галактиканың бір шетінен қарсы шетіне жарық 100 мың жылда жетеді. Әлемнің кеңдігі сондай, Біздің Галактикамен шамалас миллиардтаған галактикалар бар. Ал, біздің галактикаға жақын көршілес екі галактика бар. Олардың бірін - Үлкен Магеллан Бұлты, екіншісін Кіші Магеллан Бұлты деп атайды. Біріншісінен жарық бізге 169 000 жылда, екіншісінен 180 000 жылда жетеді. Өткен ғасырдың 20 - жылдары Э. Хаббл галактикаларды пішіні бойынша үш топқа бөлген болатын: 1. Жұлдыздарды спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар; 2. Эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар; 3. Белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар. Біздің Галактика спиральдық галактикалар қатарына жатады. Астрономия ғылымының бізге белгілі 3 бөлімі бар. Олар: астрометрия, астрофизика, аспан механикасы. Астрометрия – жұлдыздарға дейінгі қашықтықты өлшеу, жұлдыздарды бақылау, аспан сферасында есептер жүргізу. Астрофизика – жұлдыздар ішінде болатын физикалық құбылыстарды зерттейтін астрономия бөлімі. Аспан механикасы – аспан денелерінің қозғалысын, бір – біріне деген әсерін зерттейтін бөлім. Енді, бүгін біз астрометрия бөліміне тоқтамалыз. Соның ішінде маңызды, керекті терминнің бірі, маңызды құралдардың бірі деп та айта аламыз. Ол, Аспан сферасы. Аспан сферасы – адамның ойша алған құралы. Яғни, центрінде бақылаушы орналасқан және жұлдыздардың бәрі бақылаушыдан бірдей қашықтықта орналасқан деп алынатын және жұлдыздардың бәрі сол сфераның бетіне проекцияланған деп есептелінетін ойша алынған сфера. Аспан сферасының негізгі нүктелері z – зенит, z, - надир, z z, - ілме сызығы, S – оңтүстік, N – солтүстік. Жалпы, алғанда оқушыларды астрономия ғылымына қызықтыра алудың өте көп жолдары бар. Бірақ, оны жүзеге асыру мұғалімнің жоғары деңгейдегі білімі мен біліктілігіне байланысты. Түрлі жолдармен, түрлі әдістермен, педагогикалық технологияларды қолдана білуі керек. Яғни, оқыту әдістерін бір – біріне ұшастыра отырып, сабақты тиімді, ұтымды, түсінікті түрде өткізе алуы барысында жүзеге асады. IV. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары: (10 минут) Пысықтау. Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болған? Астрономия ғылымы нені зерттейді? Астрономияның қандай салалары бар? Топтық жұмыс: Берілген сөздерден шағын эссе жазу. Топтың пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру. Жеке жұмыс «жалғасын тап» (10 минут) Астрономия……………. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі……….. Біздің ғалам.......................... Күнге ең жақын планета................... VІ. Кері байланыс. (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ) (3 минут) VII. Үйге: Галактика түрлерін қарастыру, жұлдыздардың атауларын анықтап, тізім жасап келу. VIII. Бағалау. |