- Жүйке- жүйке талшықтарынан құралған тіндер шоғырлары.Жүйке-ми мен жүйке түйіндерін дененің басқа органдарымен және тіндерімен байланыстырады.Жүйке талшықтары дендрит және аксоннан немесе нейриттен тұрады.Әр жүйкенің өзіне тән сезімталдық,қозғалтқыш, соматикалық қасиеттері болады.Жүйке дәнекер тінді қабықпен қапталған.Әр жүйке талшығының қабығы- периневрий,ал жүйкенің бүтіндей қабығы- эпиневрий деп аталады.
- Жүйке жүйесінің жеке бөлімдерінің химиялық құрамы мен заттар алмасуы толық зерттелмеген.Адам миында жалпы нейрон бар делінеді.Нейрон денесінің 30-35% құрғақ зат,оның 70%-ы белоктар,20-25%-ы липидтер.Ядрода ДНҚ- сы бар,РНҚ -ң барлық түрлері сонымен қатар бос аминқышықылдары кездеседі.
- МИдың құрамы
- Сұр заты Ақ заты Су 84 70 Құрғақ қалдық 16 30 Бейорганикалық заттар 1 2 Органикалық заттар 15 28 Белоктар 8 9 Липидтер 5 17 Көмірсулар 0,1 0,1 Экстрактылы заттар 1-2 1-2
- Мидың салмағы түгел дене салмағының 2% құрайды.
- Түгел организм пайдаланатын оттектің O2 25% -н ми пайдаланады. Әсіресе оттекті қарқынды жұмсайтын мидың қыртысының жасушалары және мишық
- Фосфаттардың (АТФ, креатинфосфат) қорының есебінен ми оттексіз 6 минут қана өмір сүре алады. Мида фосфаттардың жаңастырылу қарқындылығы өте жоғары жүреді.
Ми белоктары - Мидың құрғақ затының 40% белоктар болып табылады. Ми тінінде 100 астам белоктар бар.
- Күрделі белоктар
- Нуклеопротеиндер, липопротеиндер, протеолипидтер (миелинде табылады, липидтік компоненті белоктық компонентке қарағанда жоғары) фосфопротеиндер, гликопротеиндер.
- Ми тінінде көп мөлшерде өте күрделі қосылыстар болады. Оларға липонуклеопротеиндер, липогликопротеиндер, липогликонуклеопротеиндік комплекстер жатады
- ОЖЖ тінінен кристалл түрінде алынған ферменттер: ацетилхолинэстераза және креатинфосфокиназа. Ми тінінде ЛДГ, альдолаза, ҚФ, МАО және басқа ферменттер болады.
- МАО –ФАД- тәуелді фермент, биогенді аминдерді (адреналин, норадреналин, дофамин, серотонин) тотықтырады
- Жәй белоктар
- Нейроальбуминдер (барлық белоктардың 90%), нейроглобулиндер, нейросклеропротеиндер (ақ затында), нейроколлаген, нейроэластиндер, нейростроминдер.
- Мида АҚ мөлшері қанға қарағанда 8 есе жоғары болады
- Мидың құрамындағы аминқышқылдардың 75% глу, асп және олардың тұындылыры ( N-ацетиласпарагин, глутамин, глутатион, ГАМҚ). Көп мөлшерде таурин және цистатионин кездеседі.
- Цистатионин –ОЖЖ-ның тежегіш медиаторы, жұлындағы жүйке жасушаларының активтілігін тежейді (тырыспаға қарсы әсері бар).
- Аммиак глу және асп арқылы байланысып, амидтер түзеді. Амидтер қанға немесе ликворға түседі. Дезамидтену бауырда және бүйректе қарқынды жүреді.
- Асп ацетил-КоА-мен байланысып, тек қана мида түзілетін ацетиласпартат түзеді. Оның гидролизі кезінде, энергия көзі болып табылатын, аспартат және ацетат түзіледі. Ацетат ацетилхолин, БМҚ, ацетилденген қанттар үшін ацетил тобының көзі болып табылады.
- Глутаминнің түзілуі – мидағы аммиакты залалсыздаудың негізгі жолы болып табылады .
- Мидың синаптосомасына глутаматтың әсері NO-синтазаның активтілігінің жоғарлауы, оттектің активті формаларының көбеюі, тиолдардың тотығуы, Na, K – АТФазаның ингибирленуі және синаптосомадан ЛДГ-ның шығуыменен сипатталады. Осының барлығы глутаматтың нейротоксикалық (зақымдау) әсерінің себебі болады
- Нейропептидтер карнозин и гомокарнозин ми тінінде гидрофильді антиоксиданттар қызметін атқарады . Карнозин организмнің гомеостазын оқыс (экстремалды) жағдайда сақтайды.
- Гомокарнозин –ГАМҚ және гистидиннен туратын дипептид, ОЖЖ тежегіш нейромедиаторы болып табылады, ГАМҚ-ның қоры.
- Эндогенді морфиндер. Олар гипофизде түзілетін беталипотрофиннен түзіледі. Опиаттарға ұқсайды, өйткені , ауру сезімді азайтады , көңіл күйге әсер етеді . Эндорфиндердің тізбегінің соңғы жағында энкефалин болады
- Ұзақ физикалық жаттығулар кезінде организмде адреналин бөлінеді, бұлшықет ауырады, нәтижесінде ауру сезімді азайтатын, организмнің физикалық жүктемеге деген бейімделу реакциясын және жылдамдығын жоғарлататын эндорфиндер түзіледі
- Лей-энкефалин NH2-тир-гли-гли-фен-лей-СООН
- Мет-энкефалин- NH2-тир-гли-гли-фен-мет-СООН
- Энкефалиндердің және эндорфиндердің ауру сезімді төмендететін әсері бар (оларды тікелей миға еңгізген жағдайда), АІЖ (АҚЖ) қозғалысын тежейді, көңіл күйге әсер етеді.
|