ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ ЖМ-мб2-2022 (1). Микробиология, вирусология жне иммунология кафедрасы
Скачать 0.62 Mb.
|
Сейтханова Б.Т., Абдраманова А.А., Полатбекова Ш.Т., Төлеген А.Н. «МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ-2» ПӘНІ БОЙЫНША ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ Студент ______________________________________________ Тобы ______________________________________________ Шымкент-2022ж. Жұмыс дәптері «Микробиология және иммунология-2» пәні бойынша 2 курс студенттеріне арналған оқу құралы болып табылады. Бұл оқу құралы – жұмыс дәптері «Микробиология және иммунология-2» пәні бойынша модулдік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды. Оқу құралы «Жалпы медицина» және «Педиатрия» мамандықтарының студенттеріне арналған. Жұмыс дәптері «Микробиология және иммунология-2» пәні бойынша тәжірибелік және зертханалық сабақтарға арналған. Оның мақсаты - студенттерге зертханалық және тәжірибелік сабақтарға дайындалуға, тапсырмаларды өз бетінше орындауға және оқып жатқан материалды қайталауға көмектесу. Дәптердегі тапсырмалармен жұмыс жасай отырып, студент өзінің білімі мен тәжірибелік дағдыларын тексере алады, бұл емтиханға дайындықты және кәсіби модульдерді одан әрі оқып үйренуді жеңілдетеді. Дәптердегі тапсырмалар жүйесі студент өз білімін жинақтап, кеңейткен сайын күрделене түседі. Жұмыс дәптері пәннің тақырыптарын көрсететін 15 тәжірибелік және зертханалық сабақтардан тұрады. № 3 сабақ КүніТақырыбы: Ішек инфекцияларының қоздырғыштары. Мақсаты: Энтеробактериялардың негізгі биологиялық қасиеттерін зерттеу. Эшерихияның биологиялық қасиеттерін, патогенезін, клиникасын және эшерихияның зертханалық диагностикасын; шигеллалардың биологиялық қасиеттерін, патогенезінің ерекшеліктерін, шигеллалардың клиникалық көрінісі мен зертханалық диагностикасын, иерсинияның биологиялық қасиеттерін, патогенезінің ерекшеліктерін, клиникасы мен иерсиниоздың зертханалық диагностикасын зерттеу. Сабақта талқыланатын негізгі сұрақтар:1. Энтеробактериялардың негізгі биологиялық қасиеттері.2. Энтеробактерияларды идентификациялау үшін қолданылатын негізгі биохимиялық тесттер.3. Эшерихияның биологиялық қасиеттері, эшерихиоздың жіктелуі және олардың патогенезі.4. Эшерихиоздың зертханалық диагностикасы.5. Шигелланың биологиялық қасиеттері.6. Шигеллез ауруының патогенезі.7. Шигеллездің зертханалық диагностикасы.8. Иерсинияның биологиялық қасиеттері.9. Иерсиниоздың патогенезі.10. Иерсиниоздың зертханалық диагностикасы.ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ӘДІСТЕРІ1. Инфекциялық қоздырғыштарды (бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар, қарапайымдылар және т.б.) анықтауға негізделген әдістер. а) микроскопиялық әдістер (соның ішінде бактериоскопиялық, цитоскопиялық). Әр түрлі микроскопиялық әдістерді қолдана отырып, патологиялық материалдағы қоздырғыштарды тікелей бақылауға негізделген әдістер (мысалы, соз, туберкулез, цитомегаловирус инфекциясының бактериоскопиялық диагностикасы және т.б.); б) дақылдық әдістер (оның ішінде бактериологиялық, вирусологиялық және т.б.). Бұл әдіске қоздырғыштың таза дақылын бөліп алу және оны кейіннен идентификациялау үшін қоректік орталарда, зертханалық жануарлардың денесінде немесе жасуша дақылдарында өсіру жатады. Олар көптеген жұқпалы ауруларды диагностикалаудың негізгі әдістері болып табылады; в) зерттеу материалында микроорганизмдер синтездейтін өнімді анықтау әдістері:- токсиндер (мысалы, құсық массаларынан және асқазан шайындысынан ботулотоксинді анықтау);- ферменттер (мысалы, асқазанның шырышты қабығының биопсиясында Helicobacter pylori уреазасын анықтау);- метаболизм өнімдері (мысалы, спора түзбейтін анаэробтармен туындаған инфекциялар диагностикасында жаралардан ұшпа май қышқылын анықтау);г) зерттелетін материалдан қоздырғыштардың антигендерін іздеудің иммунологиялық әдістері (мысалы, ИФА көмегімен вирусты гепатиттің диагностикасы);д) сынамадағы қоздырғыштың нуклеин қышқылын анықтауға негізделген генетикалық әдістер (мысалы, ПТР-мен хламидиоз, уреаплазмоз диагностикасы).2. Иммундық жауапты анықтауға негізделген әдістер.а) серологиялық диагностика - серологиялық реакциялардың көмегімен гуморальды иммундық реакцияны анықтау. Ол инфекциялық сипаттағы аурулардың көпшілігінде қолданылады. б) аллергиялық диагностика - тері аллергиялық сынамаларды немесе in vitro жағдайында аллергиялық сынамаларды қолдану арқылы қоздырғыштың Аг-ге сенсибилизациясын анықтау.Ол созылмалы инфекциялардың диагностикасында қолданылады (туберкулез, бруцеллез және т.б.). 3. Бейспецификалық зертханалық тесттер. Кейбір биохимиялық, гематологиялық және т.б. ауытқу сипатына сәйкес көреткіштер (мысалы, вирусты гепатит кезіндегі трансаминазалар белсенділігінің өзгеруі) белгілі бір этиологияның патологиялық процесіне тән патологиялық өзгерістерді анықтау. МАҢЫЗДЫ ЖІТІ ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ
НЕСЕПНӘРМЕН ҮШҚАНТТЫ АГАР Ортаның құрамы: ЕПА + глюкоза + лактоза + сахароза + несепнәр + рН индикатор + күкірсутек көрсеткіші. Нәтижені есепке алу
Ортаның жұмыс істеу принципі: глюкозаның ферментациясы анаэробты жағдайда ғана орта тереңдігінде оның концентрациясы төмен болғандықтан жүреді. Сахароза мен лактозаның ашуы орта бетінде аэробты жағдайда жүреді. Бұл жағдайда индикатордың түсі сарыға өзгереді. Несепнәрдің ыдырауы ортаның сілтіленуімен қатар жүреді және индикатор түсі таңқурай түске өзгереді. Ортаның лайлануы бойынша күкіртсутек өнімі туралы білеміз. ЖІТІ ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫН ЕМДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ1.Этиотропты ем: антибиотиктер мен бактериофагтар. 2.Симптоматикалық ем: а) парентеральды және пероральді регидратация; б) дезинтоксикациялық ем; 3. Дисбактериоздың алдын алу бойынша іс-шаралар. ЭШЕРИХИЯЛАР ЭШЕРИХИЯНЫҢ АДАМ ПАТОЛОГИЯСЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Ескерту: жеке топтардың эшерихиясы бір-бірінен вируленттілік факторларының жиынтығымен ерекшеленеді. Жеке вируленттілік факторларын анықтау өте қиын болғандықтан, эшерихиозды диагностикалау кезінде оларды жанама белгі - антигендік қасиеттері бойынша ажыратады. ■■>'' ЭШЕРИХИОЗДАРДЫҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ Бактериологиялық әдісЗерттеу материалы: күнЭндо ортасына нәжісті себу. күнПатогенді ішек таяқшасы үшін күдікті колонияларды бөліп алу. Патогенді және шартты патогенді ішек таяқшалары биохимиялық қасиеттері бойынша ерекшеленбейтіндіктен және Эндо ортасында түсті колониялар түзетіндіктен, колонияларды таңдау адсорбцияланған поливалентті ОКА сарысуымен агглютинация реакциясын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеу материалы Диагностикалық препарат _ Реакция нәтижесі:Материал оң агглютинация реакциясын беретін колония қиғаш ЕПA-ға қайта егіледі. Егер зерттеліп отырған 10 колонияның ешқайсысы оң нәтиже бермесе, онда теріс жауап беріледі. Қорытынды:__________________________________________________________________________________________________________________________________________ ШИГЕЛЛАЛАР ШИГЕЛЛАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Дизентерияның ең ауыр клиникалық түрі шақырады_______________ Олар басқа шигеллалардан ерекшеленеді_______________________________________ Қоршаған ортаға бейімделудің ең үлкен дәрежесі тән_____________________________________________________________________ Бактериялық дизентерия кезінде патологиялық процесс локализацияланады _____________________________________________________________________ Дизентерияның негізгі клиникалық көріністері: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ДИЗЕНТЕРИЯЛАРДЫҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫБактериологиялық әдісЗерттеу материалы: күнОртаға нәжісті себу күн
Колоноялардыбөліп алу күнБиохимиялық қасиеттерді үшқантты агар бойынша есепке алу. Нәтиже:глюкоза - лактоза мен сахароза - күкірсутек- Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________________ ДИЗЕНТЕРИЯНЫҢ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӘНЕ ЕМІ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ
|