нов тех сессия. Модульдік оыту технологиясы
Скачать 21.34 Kb.
|
Модульдік оқыту технологиясы Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Бүгінгі таңда М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал. Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде құрылған дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады. Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған технологиялардың бірі- Модульдік оқыту технологиясы екені анық. Сабақтың сапалы, тиімді өтуі күнтізбелік жоспарды құруға байланысты. Күнтізбелік жоспарды жасау мен оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне Модульдік оқыту технологиясы өте тиімді. Бұл технологияны қолдану білімді демократияландыруға, ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады. Егер оқу-тәжірибе процесі модульдік технология арқылы өткізілсе, онда оқу динамикасы жағымды мінез алады. Егер оқушы + оқушымен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен» қатынаста болса, егер сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігі мен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырса, егер әр оқушы әр сабақта тыңдап, жазып, көріп және оқу материалын сатылай меңгерсе, онда модульдік технология жалпы білім сапасын, сабақтың тиімділігін жоғарлатуға, жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы. Модульдік технологияның мүмкіндігі: Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы. Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу. 4)Тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейде игеруді білдіреді. Олар шамамен мынадай түрде беріледі: білу, түсіну, қолдану, талдау, топтау, бағалау. 5)Модульдік технологияның ерекшілігі: жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу, сондай-ақ өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, шығармашылық қажеттіліктерін, сөздік қорын дамытуға бағытталған. Оқушыларға: 1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы; 2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән бермеуі; 4) білімді жинақтауға мән бермеуі. Жүйелі түрде сабақта технологияның қолдану барысында төмендегідей жетістіктерге жетуге болады, тиімділігін байқауға болады. Оқушылар еркін сөйлеседі. Өз ойларын ауызша, жазбаша баяндай алады. Оқушылардың белсенділігін арттырады. Оқу мотивациясы артады. Неғұрлым аз шаршайды. Оқу қызметін көбінесе жағымды эмоциялар алады, қанағаттанады. Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология. Оқу модулінің ерекшеліктері Оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Бырлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады. Кіріспе бөлімінде мұғалім оқытушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат - міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) "өсу" бағытымен қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалын жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. (Адамның екі сигналдық жүйесін қолдану тұлғаның танымдық қабілеттерін де, танымдық процестерді де дамытуға мүмкіндік береді). Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар) қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейіннен -алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. 3,4- сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі. (III және II деңгейлер). I деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне-интелектуалдық және креактивтік дарынды балаларға арналған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңмен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті. Оқу модулінің сөйлесу (даярлық) бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткендей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кезеңін қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте - 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. (Оқу материалын оған 7 мәрте қайта оралып, пысықтағанда ғана жүзеге асатынын психологтар дәлелдеп отыр). Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде біз оқушылар білімін бағалаудың дәстүрлі бес баллдың (шын мәнінде, үш баллдық) жүйесін емес, тоғыз баллдық жүйені қолдандық, бұл оқушыға бір деңгей тапсырмаларынан екіншісіне жеңіл, көңіліне қаяу түсірмей өтуге мүмкіндік береді, өйткені әр деңгей ауқымында "өте жақсы", "жақсы" немесе "қанағаттанарлық" баға алуға болады. Үшінші, "жеңілдетілген" деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен оқушыға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларын оқу модульінің орта кезеңінде-ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бола алады. Олар кеңсшілер, жүргізушілер, т.б. рольдерді атқара алады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оңытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған. Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастыру формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шүғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер ол оқыта үйрету ойыны болса) немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады. Оқу модулніің сөйлеу (даярлық) бөлімін құрудағы мүндай тәсілдің оқушы тұлғасын дамытуға жағымды ықпал ететініне зерттеу нәтижелері мен экспериментік жұмыс көз жеткізіп отыр. Оқу модулінің қорытынды бөлімі - бақылау. Егер сөйлеу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі. Оқушылардың тақырып немесе тарау бойынша білімін, білігін, дағдысын бағалауда оқу модулінің қорытынды бөлімінде алған бағалары қойылады. : Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейдегі ("жеңілдетілген" стандарт, "стандартты", "стандарттан жоғары") тапсырмалар ұсынса, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі. Оқу модулінің тағы бір ерекшелігі - оқушы өз бетінше немесе мұғалім көмегімен модульмен белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол мұғалімнен нені есте сақтау, нені жазу, нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу керектігі жөнінде жазылған жазбаша түрде тапсырмалар алады. Модульді сабақтарды құрастыра отырып, оқу жөнінде ақпаратын беретін; оқулық, қосымша әдебиеттер, кесте, сызбанұсқалар, суретті иллюстрациялар, техникалық жабдықтар, ауызша құралдар пайдалануға болады. Модульді сабақтарда тапсырмалар орындау барысы мен білімді меңгеруді тексеретін әр түрлі бақылауларды қолданады. Олар: өзін-өзі тексеру, өзара тексеру, мұғалім тексеруі, ағымдағы және аралық тексеру, т.б. Осылар арқылы игеру деңгейі анықталады. Қосымша жұмыстар жүргізіліп, әр оқушы өз мүмкіндігінше білім алады. Модульді сабақты әзіллеу үшін оның дидактикалық мақсаттарын анықтап, модульдер (ақпараттар блоктарынан тұратын) жиынтығынан тұратын модульді бағдарламаны құрастыру керек. Модульдер шартты түрде үш типке жіктеледі: танымдық (ғылым негіздерін оқығанда қолданылады), операциялық немесе іс-әрекеттік (іс-әрекеттердің әдістерін қалыптастыру және дамыту үшін), аралас. Осы соңғы түрі жиі қолданылады. Содан соң, мұғалім оқу элементтерінің мазмұнын, келемін, ретін, олардың әрқайсысына кететін уақытты, жұмыс түрін анықтайды. Оқушылар үшін сабақтың соңында нені біліп, нені оқу керектігін көрсететін кірістірілген мақсаттарды айқындайды. Қосымша материалдар көрнекі құралдар, тапсырмалар іріктеледі. Ең соңында, мұғалім осы атылғандарды нұсқау - жоспар, кітапша түрінде әзірлеп, барлық оқушыларға таратады. Сабақ кезінде оқушылар нұсқау-жоспармен өз бетінше жұмыс істейді. Ал мұғалім бақылай жүріп, әлсіздерге көмектесіп, күштілерді мадақтап, әр оқушымен жеке байланыс жасайды. Мүмкіндігінше әр модульдің алдында оқушылар білімнің деңгейін анықтап, дәл уақытында түзету жасауға тырысқан жөн. Әрбір оқу элементін аяқтаған соң ағымдағы және аралық бақылауларын жүргізу қажет. Осы кезде оқушының біліміндегі олқылықтары анықталып, қайталап оқуына, қосымша материалдарды тыңдауға нұсқаулар беріледі. Мұғалімнің рөлі оқу материалы жөніндегі ақпаратты тасушыдан үйлестіруші, көмек беруші, кеңес берушіге ауысады. Модульмен жұмыс істегенде алдымен бір топпен жұмыс істеп және материалдың аса көп болмауын құрастырған жөн. Модульдік оқытудың құрылымы Педагогикалық технология негізіне оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған. Оның мазмұнына: 1. Оқытудың жалпы мақсатын қою; 2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу; 3. Оқушылардың білім деңгейін алдын ала ( диагностикалық) бағалау; 4. Оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс); 5. Нәтижені бағалау енеді. Осының арқасында оқу процесі "модульдік" сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады. Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда біз толық меңгеру әдістемесінің негізгі шарттарын, құрылып жатқан педтехнологиялардың негізгі қағидаларын ұстандық. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі талаптарына байланысты бірқатар өзгерістер енгіздік балаларды оқытуға емес, тұлғалық-бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға және т.б. ұмтылдық. Осыдан келіп мұғалімнің оқу процесін құрудағы жұмысының өзгеруі туындайды. Толық меңгеру әдістемесінде (Дж.Блок, Л.Андерсен және басқалар) әрбір оқу бірліктері ауқымында мұғалімнің қызметі төмендегіше құрылады: 1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру. 2. Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту жоспарымен таныстыру. 3. Оқытуды жүргізу (негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндауы түрінде). 4. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру. 5. Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау. 6. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу. 7. Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық меңгерген оқушыларды айқындау. |