тжб. 6 сынып ТЖБ. Мтінді оып, тменде берілген сратара жауап берііз. Су
Скачать 16.25 Kb.
|
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Оқылым Тапсырма Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Су Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол –мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, 25 мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады. Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады. Каспий - дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп. Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол - су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі, қайнамаған судан кейде гипатит ауруына дашалдығып жатады. Оның құрамында микробтар болуы мүмкін. 1. Адамның денсаулығына қатысты айтылған абзацты белгілеңіз. A) 1 B) 2 C) 3 D) 4 [1] 2. Мәтін мазмұнына қатысты мақал-мәтелді табыңыз. А) Адам қайғысы - заман қайғысы. В) Су - тіршілік көзі. С) Күн күркіресе, көк дүркірер. D) Жаңбыр жауса - жер ырысы [1] 3. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. жер_______________________ ойық _________________________ кішкентай________________________ ішетін су____________________ [1] 4. Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпараттарды ажыратыңыз.
[1] 5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды жазыңыз. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ [1] Жазылым Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп жазыңыз. 1. Қазақ спортшыларының әлемге танылуы туралы дәлелдер келтіре отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) құрастырып жазыңыз. 2. Қазіргі кезде қазақтың салт-дәстүрлерін өзгертіп жатады, бұл дұрыс па? Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазыңыз. [10] |