Главная страница

Мусиралин Мади СК202 СРСП 1апта. Мусиралин Мади ск202 рылыс механикасы. рылымдары мен оларды элементтері


Скачать 17.63 Kb.
НазваниеМусиралин Мади ск202 рылыс механикасы. рылымдары мен оларды элементтері
Дата31.01.2022
Размер17.63 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМусиралин Мади СК202 СРСП 1апта.docx
ТипДокументы
#347598

Мусиралин Мади СК202

Құрылыс механикасы. Құрылымдары мен олардың элементтері

Құрылыс механикасы ғимараттардың беріктігін, қатаңдығын, соққы мен дірілге (вибрацияға) төзімділігін есептеу тәсілдері мен принципі жайындағы ғылым. Құрылыс механикасын кейде құрылыс статикасы немесе құрылыс теориясы деп те атайды. Басты мақсаты — құралым бөліктерінде әр түрлі сыртқы әсерлерден (әр түрлі жүктемелер, температуралық өзгерістер, тағы басқа) пайда болатын ішкі күштердің мөлшерін есептеуге арналған әдістерді табу; ақаулану және деформация шамаларын анықтау; орнықтылық жағдайларды зерттеу.

  • Құрылыс механикасында құрылыс құралымдары мен оның құрамды бөліктері мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. бір өлшемі қалған екеуінен әлдеқайда үлкен элементтерден құралған стержендік жүйелеу;

  2. екі өлшемі (ұзындығы мен көлденеңі) үшіншісінен (қалыңдығынан) әлдеқайда (кемінде 20 есе артық) үлкен элементтерден құралған (жасалған) тақта, плита, қабықшалар;

  3. үш өлшемі бір-біріне қарайлас элементтерден құрылған (тірек қабырғалар, ірге тастар, плотиналар, тағы басқа) біртұтас массивтер.

Құрылыс механикасы зерттейтін мәселелер материалдар кедергісі, серпімділік, пластикалық және сусымалық теориялармен тығыз байланысты. Құрылыс механикасы, көбінесе, стержендік жүйелерді есептеу тәсілдерін және оның теорияларын қарастырады. Стержендік жүйелер: жазықтағы және кеңістіктегі фермалар мен рамалар, арқалықты жүйелер, арқалар, тіректер, қабырғалар, тағы басқа Қабылданған есептеу сұлбалары бойынша құрылыстар статикалық анықталған және статикалық анықталмаған жүйелерге ажыратылады. Құрылыс механикасында материалдар кедергісіндегі сияқты жеңілдетілген теориялар (мысалы, құрылыс құралымдар тұтас, біркелкі, серпімділігі берік қатты заттардан тұрады деп жорамалданады) пайдаланылады. Бірақ бұл жеңілдіктер қолданылатын әдістердің дәлдігін кемітеді, кейде айтарлықтай қателіктерге соқтырады. Сондықтан мәселені өте қарапайым түрге дейін оңайлатуға болмайды. Табақ-пластинка, тақта-плита және қабықшаларды есептеу серпімділік теориясына негізделген. Егер қарастырылмақшы мәселе серпімділік теориясының заңдарынан алшақ жатса, онда әсер етуші күштер мен деформациялар пластикалық немесе сусымалық теориялар бойынша есептеледі Ал тұтас массивті құралымдардың ішкі күштерінің кернеулерін жалпы жағдайлар үшін анықтау әлі күнге дейін толық шешілмей отыр.

Адам салған (тұрғызған) біртұтас объект құрылыс деп аталады. Құрылымның элементтер жүйесі ретіндегі ішкі құрылымына келетін болсақ, ол жүйе деп аталады. Ғимараттар адамдардың өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру және олардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажет. Олар ыңғайлы, берік, тұрақты және қауіпсіз болуы керек. Ғимараттарды салу - ежелгі адам кәсібінің бір түрі және ежелгі өнер. Көптеген археологиялық қазбалардың нәтижелері, әлемнің әр түкпірінде жүргізілген, бүгінгі күнге дейін сақталған көне құрылыстар мен ғимараттар соның дәлелі. Олардың кемелдігі мен сұлулығы, тіпті қазіргі білім тұрғысынан да ежелгі құрылысшылардың өнері мен үлкен тәжірибесі туралы айтады. Құрылымдық механика - бұл құрылымдардың беріктігін, қаттылығын және тұрақтылығын есептеу принциптері мен әдістері туралы ғылым. Құрылымдық механика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болып табылады. Ол бір жағынан есептеу әдістерінің теориялық негіздерін дамытады, ал екінші жағынан конструкциялардың беріктігіне, қаттылығына және орнықтылығына байланысты маңызды практикалық мәселелерді шешетіндіктен есептеу құралы болып табылады.


написать администратору сайта