музыканың әсері. Музыканың адамға әсері. Музыканы адама сері
Скачать 22.88 Kb.
|
Музыканың адамға әсері. Ежелгі грек дәуірінен Пифагордың ізбасарлары әуеннің шипагерлік күшіне сенген. Олардың пікірінше, әуеннің белгілі бір түрлері адамның көңіл күйін көтереді және адамды тыныштандырып шипа береді. Осындай оқиға американдық терапевт Х.Лингерманның «Музыканың шипагерлік қуаты» атты кітабында сипатталады: «Жазушы Мэнли Холл» өзінің шығармашылығында ашулы адамға музыканаң әсері туралы былай жазады: «Ашушаң бір адам қолындағы қылышымен жауына қарсы ұмтылады, сол кезде пифагорлық данагөй адам жағдаятты түсіне қойып, лира аспабында ойнай жөнеледі. Сол сәтте ашушаң адамның ашу мен жеккөрушілігі тарқап, момақан күйге түседі». Х.Лингерман өзінің тәжірибесінде әуенді адамдардың ақылы мен эмоциясын қалыпты күйге келтіру үшін қолданған. Ол «Музыканаң шипагерлік қуаты» атты кітабында мынадай қортыныды жасайды: «Нәтижелер қуантарлықтай болды, мен адамдардың физикалық, эмоциялық тұрақтылығының жақсарғанын және жан тебіреністерін байқадым. Әдемі әуен адамды үнемі тепетеңдікке түсіріп, жанын тыныштандырып, рухани қалыпқа келтіреді». Қазіргі медицинада музыкалық терапия (арт терапия) деген бағыт бар. С.В.Шушаржанның зертеуі бойынша, музыка адамды сырқаттан тез айықтырады. Балалардың музыкаға деген қызығушылығы мен махаббатын арттырып, оларды салауатты өмірге баулу керек. Ол үшін балаларды музыкалық үйірмелерге қатыстыру мүмкіндігін қарастыру абзал. Пренфис Малфорд «Ой алға жылжиды» атты еңбегінде: «Болашақ білім беруде музыканың әр шәкірт үшін оқу мен жазу тәрізді қажет болатынын адамдар анық байқап, оның адамдардың қуатын, денсаулығын және күшін арттыратын құрал» ретінде қабылданатынын көрсетті. Доктор Джон Дайамондтың «Сіздің тәніңізге алдамайды» (Ваше тело не лжет) кітабында: «Ауыр рок музыка үрей тудырып, оқушылардың оқу үлегерімі мен тәртібіне теріс әсер етіп», оларды жоғары белсенділікке мәжбүрлейтінін айтады. Зерттеуші байқағандай: «Жұмыста үлкендердің еңбек қабілеті төмендеп, көп қате жіберуі, жалпы қажуы байқалады, шешім қабылдауы қиындап, ешбір себепсіз барлық күш қайратынан айырылғандай, бойын қанағатсыздану сезімі билейді. Бұл түрлі клиникалық бақылаулардан белгілі. Мен өз тәжірибемде, мектеп оқушыларының оқу үлгерімдерінің рок музыкасына тәуелді екенін байқадым, оқушы сабаққа дайындалса да оның оқу үлегерімі төмен болады». Сонымен бірге доктор рок музыкасы адамды тәндік тұрғыдан әлсірететінін түсіндіреді. Ол туралы тәндік параметрлерді тексергенде рок музыка адамның бұлшық еттерінің тонусын төмендететінін анықтады. Музыканың пайдалы қасиеттері:Тән мен ақылды сергектікке әкеледі. Денесін босаң қалыпқа түсіреді.Жүйкесін тыныштандырады. Шығармашылығын арттырады.Сүйіспеншілік сезімін оятады. Сабақта музыканы қолдану әдістері, музыканың пайдалы қасиеттері.Хормен ән айту, пайдалы қасиеттері. Джослин Годвин «Аспан мен жер үйлесімділігі» атты еңбегінде Музыка әлем бейнесін біртұтас жинақтайды, сондықтан да ол рухани әлемді ояту үшін құнды және әлем бейнесін жарық дүниеге келгенше иеленеді. Сондықтан өнерді бала өмірінің құрамды және сүйікті бөлігі ету керек. Әлемдік педагогикалық тәжірибеде музыкалық тәрбие туралы бірнеше белгілі тұжырымдамалар бар. Кең тараған тұжырымдаманың бірі Карл Орфтың «Шульверк. Музыка для детей» деп аталады. Бұл тұжырымдаманың негізгі принципі былай айқындалады: «іс әрекетке түсу арқылы шығармашылықпен оқимыз (учимся, делая и творя)». Балалар музыканы жан даусымен, қимылмен, шынайы қалпында бірлесіп орындайды да, танымдық іс әрекетке түседі. Музыкалық тәрбиенің мақсаты: балалардың қабілеттерінің ашуға мүмкіндіктер жасау, олардың өзбетінше болуына көмектесу, ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін дамыту. Сабақта музыкалық аспаптар қолданылады, әуенді қимылдармен қосып үйрету ұсынылады, балаларды дамытуға шығармашылық ойындарды қолдану талап етіледі. Музыкалық аспапты меңгеру: Бала қандай аспап таңдаса да қолау көрсету қажет. Пианино, скрипка, сырнай, қобық, домбыра, тсс. Дауылпаз, тамбурин, цимбала, металдық үшбұрышты меңгеру қажет. Соңғы аспаптар өте белсенді немесе агрессивті, сонымен бірге олар эмоциялық, психикалық мәселелері бар балалар үшін пайдалы. Музыкалық аспаптар игерген балалар біртіндеп сабырлы күйге келіп, өздеріне сенімді және тұрақты болады. Сабақта әуен арқылы жағымды күйге келудің тиімділігі зор. Ол оқушылар назарына бір объектіге тұрақтандырады және денелерін босаң қалыпқа келтіреді. Ол үшін классикалық немесе халық әуендерін қолнауға болады. Хормен ән айту. Топтық жұмыстың түрлері, оның пайдасы. Шығармашылық жұмыстар, оның пайдасын. Жалпы адамзаттық құндылықтарды оқушылардың бойына топтық, тестік, жолдармен сіңіруге болады. Олар арқылы өздерінің ішкі түрткілері, сқақ ойындары, кішігірім шығармашылық ойындары арқылы әрекет етеді. Оқушылар табиғатынан қимыл қозғалысқа бейім, сондықтан топтық әрекет олардың энергиясын қажетті арнаға бағыттайды. Оларды ойын арқылы бірбірімен дұрыс қарым қатынас құруға қалыптастырады. Қойылым көрсету: Шекспир айтқандай: «Бүкіл әлем сахна, ал, адамдар актерлер» деген. Бұл тіркесте, өмір ойын болғандықтан, біз өзіміздің рөлімізді дұрыс орындауға міндеттіміз. Мәселе, осыда, онда рөлдерді дұрыс орындауға «үйрену» керек. Белгілі жағдаятты имитациялайтын қойылымды орындау, балалардың ойлау қабілетін жаттықтыратын, оқытатын және ойнататын тәсіл. Ол балалардың өзіне деген сенімін арттырып, батылдығын ширатып, өзгелермен қарым қатынасқа, топпен жұмыс жасауға көмектеседі. Топтың құрамы 4-6 оқушылардан құралып, әрқайсының белсенділік танытуына мүмкіндік береді.Барлық топтар кезекпен қойылымдарын көрсетеді, қалғандары қарап, тыңдап отырады. Қойылымдарды бүкіл сынып оқушыларымен талдаған пайдалы. Оқиғалар қойылымы.Бастапқыда оқушыларға қойылымды бетқимылымен бейнелеуді өтіну керек. Балалардың өздеріне сенімдері артқаннан кейін, мұғалім қойылатын әңгімені, не қойылымды көрсетуді сұрайды. Бейімделу үшін қойылымнын соңын өз бетінше өзгертуге болады. Соңынан, неге солай көрсеткенін түсіндіруді талап етіледі. Қойылымдардың пайдасы: Өзіне деген сенімін бекіту. Шығармашылық тұрғыдан ойлану. Ажырата білу дағдысын дамыту. Өз іс әрекетінің өзгелермен үйлестіру дағдысын қалыптастыру. Тестілеу.Балалардың не істегенін, сонымен бірге мұғалімнің жетстігін анықтауға көмектеседі. Тестілеудің басты мақсаты оқушылардың құндылықтар ұғымының өзгерісін және олардың қатынасын анықтайды. Егерде нәтижелері ойдағыдай болмаса, құндылықтарды түсінбесе, онда қайтадан оларға түсіндіріп, тестілеу қажет. Отабсы мүшелері баланың мінезін қалыптастыруға ортаның әсерінің маңызды екенін ескеруі тиіс. Кейбір оқушылар үнемі тестіге «қате» жауап береді. Мұндай жағдайда мұғалімнің міндеті жанұядағы қиындықтар мен мәселелерді білуі тиіс. ТЕст жүргізуде бірнеше ұсыныстар: бірнеше вариантты жауап бар тесттер. Мұғалім сабақтың мазмұнына нақты сұрақ беріп, оған үш мүмкін жауап ұсынады. Оқушылар қай жауаптың түрін таңдайды: а,б,в. Тестілеу барысында оқушылардың шыншылдығын қолдау керек. Біраз оқушылар дұрыс жауапты біледі, тіпті оны өмірде қолданбаса да дұрыс жауаптытаңдайды. Өзін шынай бағалаған оқушының жауабы қате болса да, оны қолдау қает. Оқушылар есейген сайын, оларды ойландыратын күрделі сұрақтар қоюға болады. Тестілеудің пайдасы. Өзін өзі таниды. Өзінің адалдығын анықтайды. Ерекшеліктерін байқайды. Мұғалім баға береді. Ойнап отырып оқиды. . |