Апталық жабылу. апталык жабылу. н айту 1 жргізуші
Скачать 28.99 Kb.
|
Информатика апталығын жабылуы Ашылу әуені ойнайды. Ән айту________________________________________________________ 1- Жүргізуші -Уа, халайық, халайық, Бәріңе жар салайық. Дарындылар елінде Тапқыштардың тілінде, Батыл қадам бастайық Осылайша шабытпен Апталықтың қорытынды, Сап түзеуің бастайық. 2- Жүргізуші Барлықтарыңызды информатика апталығының қорытынды сап түзеуімен құттықтаймыз! Апталықта бәрі де болды – ашық сабақтар, жарыстар, ... Тамашалап, белсенді атсалысып, білімді жастар екенімізді көрсете білдік. 1-Жүргізуші: Құрметті көрермендер информатика пәндерін сүйіп оқитын оқушыларға құрмет көрсетейік! 2-жүргізуші Алдарыңызда екі егіз пәннің патшалары 1-Жүргізуші Робототехника Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің Білім берген ұстаз деген қауымның Бойға жинап қайрат, жігер, намысты Бағындырып бүкіл әлем, ғарышты Біз тәуелсіз мемлекет ұланымыз Бар екпінмен самға алға, тек қана алға Жаңа, жаңа асуларға. Білім алып №3 мектеп-лицей Бар білімді болашаққа арнаймыз Желбіретіп, татулық пен достықты Жеңіс туын биік ұстап самғаймыз. Информатика Ұстаз да, шәкірт те бас иетін, Компьютер, бар сенің қасиетің. Бір емес бірнеше іс атқарасың, Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың. Ақапарат, ақпараттық әрекетті. Жүзеге асырасың, бас ұрасың Интернет желісін жүктейсің де, Әлемдік жүйеге сен енесің Өмірдің тулап жатқан толқынында. Өзіңді өзгелермен бір көресің Ақпарт, ақпараттық әрекетті. Жүзеге асырасың, бас ұрасың 1-жүргізуші: Құрметті көрермендер, осыған орай назарларыңызға «Информатика ертегісін» ұсынамыз. Қарсы алыңыздар! Информатика ертегі: Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты. Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, информатика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпты. Сонда: – Сен осы информатика сабағын жақсы көресің бе? – Жоқ, осы информатика сабағы, сандар, есептер, программалар соның бәрі маған жыныма тиеді. -Сен ше? – Мен де сол сабақты жек көремін. Осы информатика сабағы, сандар, есептер, программалар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және программалардан басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады. Бұның бәрін естіп қалған программалар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді. Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді. – Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау телевизордың программаларына не болған? Бүгін не хабар болады, сүйікті арнам қосылмай түр, программа жоқ!. – Балаларым, айналайындар, тұрыңдар! – А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды. – Сендер, информатиканы жақсы көрмегендіктен программалардың бәрі қашып кетті., ертең ертемен тұрып программаларды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады. Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен. – Сәлеметсіз бе? – деп қария амандасады. – Сіздер информатиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім? – Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды. – Хабардан не көрсетіп жатыр?- деп сұрайды. – Хабардан, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды. – А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой программалардың бәрі қашып кеткен. Осы информатика әлемінің заңы бойынша мына есептердің программаларын шығарсаңдар ғана сандар қайтып келеді? Сонда әженің 2 немересі программаларды есептерді шығарады Кейін сандардың ,программалардың бәрі былай деп оралады: Бір дегенім- бейсик, Шықты программа өсіп. Екі- дегенім заряд, 0 мен 1 ден тұрады Үш дегенім- бұрыш Салды фигура Корел. Төрт дегенім- нүкте, пиксельден тұрады. Бес- дегенім Бейбидж Компьютер асқан ғалым. Алты деген- Ақпарат, Бүкіл адам іс атқарады Жеті деген- Жалау, Windows-тағы алау. Сегіз деген- Сервис Программа жүрмейді ол сыз! Тоғыз деген тақта, Интерактивті тақта. Он- дегенім Робот Жаса мықты тобот 1-жүргізуші Жиналған ылғи дарындар, Жүректе от, көздерінде жалын бар. Роботтар тобын халайық, Жас робот құраушыларды Қол соғып аямай Ортамызға қарсы алайық. Алдарыңызда Робот көрмесі Ән айту________________________________________________________ 1-жүргізуші: Онкүндік аясында өткізілген іс-шараларды қорытындылау үшін Информатика ғылымдары әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Бекшеев Нурлан Сапарғалұлын ортаға шақырамыз. 2-жүргізуші: Онкүндік аясында өткізілген іс-шараларды қорытындылау үшін және сыныптан тыс іс-шараларда жүлделі орын алған оқушыларымызды марпаттау үшін №3 мектеп-лицей директорына Абдирасилова Зәуре Садуақасқызына сөз берейік 1-жүргізуші: Құрметті бүгінгі жиынға жиналған нақты ғылымдарды сүюші қауым. Сіздерге соңында айтарымыз бар: Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан, Нақты ғылымдарға орын берсең басыңнан, Барлық ғылым саған үйiр болады, Досың солар – табылатын қасыңнан. 2-жүргізуші: Мықты болсаң – алдағыны басып оз, Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе. Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда, Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт. Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып, информатика пәндерін оқуда оқушыларға үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз! 1-жүргізуші: Осымен «Білім жүгін арқалап, компьютерлік білім биігіне самға жас талап!» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Назарларыңызға рахмет, қош сау болыңыздар. Армысыңдар замандастар! Апталықтың додасына қадам басқан. Бүгінгі бұл сайыста біз жеңбесек Ұстаздан алған білім бекер болмақ. Арай апай емес қой сондай бөтен, Танымаған адамдар оңбайды екен. Жалғыз ғана мұғалім компьютерден Компьютерден басқа ұстаз болмайды екен. Біз міне армандарға жеттік бүгін Алып жүрген жоқпыз ғой бекер білім Осы жұрт біле ме екен, айтып көрсін Бар байлықтың компьютерде екендігін. Айғайлап айтып жатыр оқушы әнін Жырға қоссақ білімнің атырабын Бар адамды шетелдік кино емес Компьютерді білуге шақырамын! Компьютер.... Менімен егіз бе едің? Мен сені сезесің бе, неге іздедім? Мультимедия, физикадан сені іздедім. Мен ақымақ компьютерге ғашықпын, Үйден шықсам, мектептегі компьютерге асықпын, Күні - түні көз алдымнан кетпес бейне, Сезімнің толқындарын тасыттым. Компьютерсіз күн қараң Ақпарат жоқ сол жаман. Егер білсең пайдасын Ешқашанда қиналман. Интернеке кіресің Әлемнің бәрін білесің Көп қиналмай барлығын Бір минутта көресің. Оқу жайын байқалық Біз жүрейік жайқалып Апталықта мың алғыс Ұстаздарға Айталық! Біз бақытты баламыз, Биік біздің санамыз, Компьютер біздің ақылшы, Ол да біздің панамыз. Керемет бұл бала шақ Оқушы кез тамаша, Білімді бол достарым, Біз кейінгі болашақ! Апталықтың ең соңғы күні бүгін, Информатикадан жетілдірдік ілім - білім. Ада Лавлейс программистің ізімен, Үйренеміз информатика ілімін. Информатика пәнінің жетекшісі Арай апай ұстазымыз есепші. Білмегенді сұра деп аянбайтын, Бағындырған небір қиын белесті. Мынау заман ақпараттың ғасыры, Интернетсіз бағынбастай бар шыңы. Бэббидж, Лейбниц, Гейтстер ойлап тапқан, Информатика ғылымдардың асылы. Брайен менен Деннис Ритчи құрған тіл, Программалау емес пе оны да біл. Томастың атындағы арифмометр, Бізге мәлім бүгінгі калькулятор. Информатика ғылымының бір саласы, Есептерін шығаруға ешкімнің жоқ таласы. Паскаль тілінің ерекшілігін қарастырып, Орындайды компьютерді әр адамзат баласы. Информатика жадымызда біздердің, Ұмытпаймыз ешқашанда сіздерді. Осы менен аяқтайық жырымызды, Жүректен шыққан ән – сырымызды. Информатикаға арнау («Модем» тобы) Болашақ білім – ғылым тұтқасында Мұны әр кез, әр кез ұстасында Заманның компьютердей кезеңінде Информатика тағы тұр көш басында Информатика Ұстаз да, шәкірт те бас иетін, Компьютер, бар сенің қасиетің. Бір емес бірнеше іс атқарасың, Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың. Ақапарат, ақпараттық әрекетті. Жүзеге асырасың, бас ұрасың Интернет желісін жүктейсің де, Әлемдік жүйеге сен енесің Өмірдің тулап жатқан толқынында. Өзіңді өзгелермен бір көресің Ақапарт, ақпараттық әрекетті. Жүзеге асырасың, бас ұрасың |