Главная страница
Навигация по странице:

  • Тренинг міндеттері

  • Ақпараттану деңгейін бағалау. Мәселенің өзектілігі

  • Ми шабылуы «Адамдар есірткіні неге қолданады»

  • «Даулы бекітілім» жаттығуы

  • Қорытынды бөлік. Кері байланыс «Ашық айтқанда» жаттығуы

  • Қоштасу «Достық ағашы»

  • файл. «ЕСІРТКІГЕ – ЖОЛ ЖОҚ!» АТТЫ ТРЕНИНГ. Нашаорлыты алдын алу бойынша есірткіге жол жо! Атты тренинг. Тренинг масаты


    Скачать 51.81 Kb.
    НазваниеНашаорлыты алдын алу бойынша есірткіге жол жо! Атты тренинг. Тренинг масаты
    Дата29.06.2022
    Размер51.81 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла«ЕСІРТКІГЕ – ЖОЛ ЖОҚ!» АТТЫ ТРЕНИНГ.docx
    ТипДокументы
    #619589

    НАШАҚОРЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША

    «ЕСІРТКІГЕ – ЖОЛ ЖОҚ!» АТТЫ ТРЕНИНГ.

    Тренинг мақсаты: Жеткіншектердің есірткі мәселесі бойынша ақпараттылық деңгейін жоғарлату, психикалық белсенді заттарды қолдануға қарсы дағдыларын дамыту.
    Тренинг міндеттері:

    1. Жасөспірімдердің мәселе бойынша ақпараттану деңгейін анықтау;

    2. Оқушылардың нашақорлыққа қатынасын өзгерту;

    3. Психологиялық тәуелділік, есірткіні тұтыну себептері мен зардаптары жөнінде нақты ақпарат беру;

    4. Таңдау жасау кезінде жасөспірімдерде жауапты шешімдер қабылдау қабілетін қалыптастыру;

    5. Жеткіншектердің материалды игеру деңгейін тексеру және алған білімдерін өмірде қолдана білуіне ынталандыру.

    Ақпараттану деңгейін бағалау. Мәселенің өзектілігі

    Берілген мәселе бойынша ақпараттану деңгейін анықтауға арналған сұхбат алу.

    Топқа төмендегі сұрақтарға жауап беруін сұрайды:

    1. Біздің қоғамда есірткілерді қолдану және тарату мәселесі бар ма?

    2. Сіз және сіздің таныстарыңыз бұл мәселеге жолықтыңыз ба?

    3. Бұл құбылыс жеткіншектер үшін қаншалықты қауіпті және бұл мәселе жақын арада шешілмесе, онда біздің қоғамға жалпы қалай әсер етеді?

    4. Сізге адамдардың есірткіден қайтыс болған оқиғалары белгілі ме?

    Қорытынды: Бұл мәселе жеткіншекке тікелей және жалпы адамдарға өзекті болып табылады.
    Ми шабылуы

    «Адамдар есірткіні неге қолданады?»
    Қатысушылар 2 топқа бөлінеді.

    1 топ – Есірткінің қолдану жолдарын, себептерін жазып, схемасын көрсетеді.

    2 топ – Есірткінің нәтижелері, емделу жолдарын жазып, схемасын көрсетеді.

    «Ми шабуылдың» қорытындысын шығару кезінде «Жеткіншектер неге есірткіні қолданады» деген сұраққа оқушылар атаған жауаптарына қоса, жүргізуші әдебиеттерде көрсетілген слайдта схеманы көрсетеді.

    «Даулы бекітілім» жаттығуы

    Қатысушыларға ақпараттан қоса, нашақорлық мәселесіне өз көзқарастарын анықтауға мүмкіндік береді.

    Даулы бекітілім:

    1. Жеңіл есірткілер зиянды емес

    2. Есірткілер шығармашылық қабілетті жоғарлатады

    3. Көп адамдарда есірткі үшін заңмен байланыс туындайды

    4. Есірткіні қолдануды кез келген сәтте тоқтатуға болады

    5. Нашақорлықтан емделуге болады

    6. Жеткіншектердің көбі есірткіні «топ үшін» қолдана бастайды

    7. Нашақор ЖҚТБдан қайтыс болуы мүмкін

    8. Нашақор есірткіні артық мөлшерден қолданудан қайтыс болуы мүмкін

    9. Есірткіні сату заңмен қарастырылады

    10. Есірткіні бірнеше рет қолданғаннан кейін оған тәуелділік қалыптасады.

    Қатысушылардың міндеті берілген бекітілім бойынша өз көзқарасын тақтаға ілу:

    «келісемін»

    «келіспеймін»

    «білмеймін, сенімді емеспін»

    Қатысушылар берілген бекітілімге өз көзқарасын ілгеннен кейін, неге олай ойлайтындығын түсіндіруді сұрайды. Әр түрлі көзқарасты естігеннен кейін қатысушылар өз көзқарасын сәйкесінше бекітілімдерге ілуге болады.

    Талқылау

    1. Берілген сұрақтар бойынша ойланған кезде қандай сезімде болдыңыз?

    2. Барлық қатысушылардың алдында өз көзқарасыңды айту қиын болды ма?

    3. Өз көзқарасыңды өзгерту оңай ма?

    Қорытынды бөлік.

    Кері байланыс

    «Ашық айтқанда» жаттығуы
    Көңіл-күй жаңалықтарын сезіну.
    Қатысушылар шеңбер бойымен өткен тренинг бойынша өз ойымен, сезімімен бөліседі.

    Санамен қозғау әдісі:

    • Бүгінгі тренингте не нәрсеге үйрендіңіз?

    • Не нәрсе есіңізде қатты қалып қойды?

    • Не ұнады?

    • Не ұнамады?

    • Тренинг тақырыбы бойынша сұрақтар бар ма?

    • Арықарай тренингтерге қатысу тілегі бар ма?



    Қоштасу

    «Достық ағашы»

    Жағымды сезім орнату.

    Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрады, бір қолын жұдырықтайды, бас бармағы жоғары қарап, бір-бірінің бармақтарын жабыстырып ағаш құрайды. Құрып болғаннан кейін бір-бірін жібермей хормен барлығы «Жарайсыңдар!» деп айтады.

    Жүргізуші қатысушыларға тренингке қатысқаны үшін алғысын айтады.

    Нашақорлықты алдын алу бойынша

    «Есірткіге жол жоқ» атты

    психологиялық тренинг



    написать администратору сайта