Диета турлери. диета түрлері. Науастарда олданылатын диета трлері
Скачать 37.67 Kb.
|
Науқастарда қолданылатын диета түрлері Диета №1, №1а, №1б – асқазан жарасы және 12-елі ішек ауруы Диета №2 — жедел гастрит, созылмалы гастрит, энтерит және колит, созылмалы энтероколит Диета №3 – іш қату Диета №4, №4а, №4б, №4в – асқазан – ішек аурулары, іш өтумен қоса Диета №5, №5а – бауыр және өт қабының аурулары Диета № 6 — подагра, бүйрек — тас ауруы Диета №7, №7а, №7б – жедел және созылмалы нефрит (пиелонефрит, гломерулонефрит) Диета №8 – семіздік Диета №9 – қант диабеті Диета №10 – қан айналым жеткіліксіздігімен жүретін жүрек – қан тамыр аурулары Диета №11 — туберкулез Диета №12 – нерв жүйесінің функционалды аурулары Диета №13 – жедел инфекциялық аурулар Диета №14 – оксалаттан тұратын бүйрек — тас ауруы тастың шығуымен Диета №15 – арнайы диета қажет етпейтін аурулар тобы Стол №1 Стол N1. Асқазан жара ауруы және 12-елі ішектің аурулары кезінде, асқынулардан соң 6-12 ай, сонымен қоса жоғарғы қышқылдықты гастрит кезінде Құрамы: үгітілген сүтті және көкөністі тағамдар ( қырыққабаттан басқа), дәнді — дақылды сорпа (бірақ етті және балықты емес); суға немесе буға қайнатылған және ботқа тәрізді түрінде көкөністер; сүт, май қосылған жұмсақ ботқа; қайнатылған құнарлығы аз ет, майлы емес қайнатылған балық, буға пысқан ет, балық, сыртқы қабатынсыз қайнатылған тауық; сары май, зәйтүн майы, шемішке майы; сүт, қышқыл емес ұйыған сүт, майлы емес қаймақ, жұмсақ ірімшік, қышқыл емес қаймақ; бітеудей қайнатылған немесе булы омлет түрінде пысқан жұмыртқа; қатырылған ақ нан, кептірілген нан; тәтті жеміс — жидектер, жеміс – жидекті, көкөністі шырындар, итмұрын қайнатпасы, қант, тоспа, шай, сүтті какао — әлсіз. Жалпы жағдайы жақсарған сайын тағамды қайнатылған түрінде қолдануға болады. Тұзды 8 г дейін азайту. А, С, В тобындағы витаминдер қолдану. Тағамды жиі күніне 5-6 рет пайдалану, толықтай шайнап және тым ыстық немесе тым суық тағамдардан аулақ болу қажет; Стол N 1а. Асқазан жара ауруының асқынулары кезінде, жоғары қышқылдықты созылмалы гастрит асқынулары кезінде Құрамы: сүт (4-5 стакан), дәнді – дақылды сорпа, мысалы манка ботқасы, сүтті немесе май қосылған бидай кебегінен сорпа; сұйық жұмсартылған ботқа; бітеудей пысқан жұмыртқа (2-3 рет күніне) немесе булы омлет түрінде; майлы емес ет және балықтан жасалған буға пысқан суфле; тұздалмаған сары май (70-80 г күніне) немесе зәйтүн майы (тағамға қосу), қаймақ; кисель, жеміс – жидекті, сүтті сұйықтықтар, итмұрын қайнатпасы, сүт қосылған аса қара емес шай (қант 50 г дейін күніне). Тұзды 5-8 г дейін азайту ( 3-5 г тұз тағамдарда болады, 5-8 г – нан тағамдарында), бос сұйықтық 1,5 л дейін. Қосымша витаминдер А, С, В (В1, В2, РР) тобындағы витаминдер. Тағамдарды әрбір 2-3 сағатта сұйық және жартылай сұйық түрінде және жылы түрінде қабылдау. Сүтті қабылдау нашар болса оны аз көлемде пайдалану қажет. Стол N 1б. Асқазан жара ауруының және қышқылдығы жоғары созылмалы гастрит асқынуы басылған кезде Құрамы: жоғарыда айтылған тағамдардан басқа, буға пысқан ет, балық рұқсат етіледі, дәнді — дақылдардан сорпа, күріш және т.б, сүтке пысқан көже; кептірілген нан 100 г дейін. Тұз 8 г дейін, қосымша витаминдер A, C, B тобы. Тамақтану алты реттік, жартылай сұйық және пюре тәрізді түрде. Стол №2 Стол N 2. Қышқылдығы төмен созылмалы гастрит, созылмалы колит (асқынусыз) Құрамы: дәнді – дақылды көже, етті, балықты ұсатылған сорпа; майлы емес ет (ұсақталған, қуырылған), суға қайнатылған немесе буға пысқан тауық еті, қуырылған котлет сыртқы қатты қабатынсыз, майлы емес ветчина, суға пысқан майлы емес балық, қара икра; сүт (егер іш өтуді шақырмаса), сары май, айран, қаймақ, қышқыл емес ірімшік, сыр ұсақталған; бітеудей пысқан жұмыртқа, қуырылған омлет; жақсы қайнатылған жұмсартылған ботқа (күріш, манка, қарақұмық); ұннан жасалған тағамдар, қатқан ақ нан, жеміс-жидектер, көкөністер қайнатылған, пыспаған үгітілген түрінде, әртүрлі шырындар, шай, кофе, сүтпен какао, мармелад, қант.Тұз 12-15 г дейін. С, В1, B2, РР витаминдерін пайдалану. Тамақтану бес реттік, жиі пюре ретінде. Стол №3 Стол N 3. Атониялық іш қату кезінде. Құрамы: өсімдік тектес клетчаткаға бай тағамдар, мысалы пысқан және пыспаған көкөністер мен жеміс – жидектер, компот алмадан және т.б, қара өрік (чернослив), инжир, шырындар, сәбіз және қызылшадан жасалған пюре, кептірілген жеміс жидектің қайнатпасынан жасалған пюре (қара өрік, өрік), қара нан, айран, сүт, қаймақ, бір күндік айран, бал, қарақұмық және арпа жармасынан ботқа (перловая каша), ет, қуырылған балық, сары май және өсімдік тектес май, қант. Әртүрлі суындарды пайдалану,соның ішінде газдалған минералды сулар. Тиым салынатын тағамдар: қара шай, какао, кисель. Жоғары қозғалысты қозулы спастикалық іш қатуда, өсімдік тектес клечаткаға бай тағамдарды шектеу қажет (қайнатылған және шикі үгітілген түрінде, аздаған мөлшерде көкөністер пайдалануға болады) Стол №4 Стол N 4. Іш өтумен жүретін, ішектің жедел аурулары кезінде, асқынулармен Құрамы: қою қара шай, какао, қою кофе, қатқан ақ нан кеппесі, үгітілген ірімшік, күніне бір жұмыртқа бітеудей пысқан, күріш, манка ботқасы үгітілген суға пысқан, қайнатылған ет, балық, майлы емес үш күндік айран, қара қарақаттан қайнатылған сусын, черника, кисел. Тұзды шектеу, витаминдер қосу С, В1, В2, РР. Тамақтану 5-6 рет күніне. Стол N 4а. Ірумен (брожение) жүретін колит кезінде. N4 диета сияқты, бірақ көмірсуға бай тағамдарды шектеу (ботқа; нан 100 г артық емес; қант 20 г артық емес); ақуызды тағамдарды көбейту, олар ет, ірімшік және т.б. Стол N 4б. Созылмалы колит, асқынулары баяулаған кезде. Құрамы: кешегі пысқан ақ нан, құрғақ бисквит; дақылды көже ет және балық сорпасында, фрикаделька аралас көже, тарыдан басқа, суға пысқан 1/3 сүт қосылған ботқалар, пысқан көкөністер, сыр қышқыл емес, қышқыл емес қаймақ, айран, компот, кисель, шай, сүт қосылған кофе, сары май (дайын тағамдарға қосу үшін). Ас тұзы күніне 8-10 г. С, В тобындағы витаминдер. Тамақтану 4-6 рет күніне. Тағам жылы түрінде пайдаланған дұрыс. Стол N 4в. Ішектің жедел аурулары кезінде сауығу сатысында, рационалды тамақтануға көшу ретінде; ішектің созылмалы аурулары кезінде асқыну басылған кезде, ас қорыту мүшелерінің басқа ауруларының асқынусыз кезеңінде Бұл диета кейбір ішектің жеткіліксіздігінде толықтай тамақтану үшін қолданылады, нәтижесінде ішектің басқа әрекетінің қалпына келуіне әсер етеді. Ол физиологиялық толық диета, ақуызды жоғарылату, ал ас тұзын азайтумен жүреді. Ішектің механикалық және химиялық тітіркендіргіштерін алдын алу және ішекте ашу процесін жоғарылататын тағамдарды шектеумен көрініс береді. Тамақты ұсақталған түрде буға жасайды. Тамақтану режимі: 5 рет күніне. Химиялық құрамы және энергиялық құндылығы: ақуыз — 100-120 г (60 % малдың), майлар — 100 г (15-20 % өсімдік тектес), көмірсу — 400-420 г, ас тұзы — 10 г, бос сұйықтық — 1,5 л. Калориялық — 2900-3000 ккал. Стол №5 Стол N 5. Бауыр, өт жолдары ауруларының асқынусыз сатысында. Құрамы: вегетариандық жемістер, сүтті көжелер, дақылды көжелер, қайнатылған ет, майлы емес құстың еті, сүт, айран, ацидофильді сүт, ірімшік 200 г дейін, ботқа және ұнды тағамдар, ақ нан, қара кептірілген нан, пысқан жемістер, жидектер (қышқыл түрлерінен басқасы), көкөністер пысқан және шикі түрінде (сәбіз, қызылша), тоспа, бал, қант ( 70 г дейін), жемістерден жасалған шырындар, қою емес шай сүтпен. Шектеу майлы тағамдар (қаймақ, сары май 10 г дейін, өсімдік майы 20-30 г), жұмыртқа (күніне біреу). Ас тұзы 10 г дейін. Қосымша витаминдер A, C, B1, B2, B12, фолий қышқылы, PP, K. Тағамдану 5 рет күніне ұсақталған түрінде. Тиым салынады: алкогольды сусындар, бауыр, ми, саңырауқұлақ, шпинат, щавель,сарымсақ, еттің майлы түрлері, балық, қуырылған, ашты тағамдар, тағамдық хош иістендіргіштер, уксус, консерв тағамдары, балмұздақ, какао, газдалған сусындар, шоколад, крем (өттің тұрып қалуымен жүретін, өт қабының созылмалы аурулары кезінде майды 120-150 г дейін жоғарылату қажет, соның ішінде 60% өсімдік майлары). Стол N 5а. Созылмалы панкреатит кезінде. N5 диетадан айырмашылығы ақуыз көп мөлшерде қолданылады ( 150 г дейін, солардың ішінде 80-85% малдың ішкі майы), көмірсуларды азайту. Барлық асты буда, үгітілген түрінде, ұсақталған түрінде дайындалады. Стол №6 Стол N 6. Подагра, ураттан тұратын бүйрек тас ауруы. Құрамы: сүт, сүтті тағамдар, ақ және қара нан, қант, бал, вегетариандық көкөністі көже, сүтті және жидекті тағамдар, барлық тәтті жидектер, тоспа, жеміс жидектен жасалған шырындар, сәбіз, салат, қияр. Қоспалардан — лимон, уксус, лавр жапырағы. Жұмыртқа, ет, майлы емес балық — 2-3 рет аптасына. Тағамдық ас тұзын 6-8 г шектеу; көп мөлшерде сұйықтық қолдану ( 2-3 литрге дейін), С және B1витаминдерін қолдану. Тиым салынады: экстрактивті заттар, етті көже және қайнатпалар, бауыр,бүйрек, ми, қуырылған, қақталған ет, қуырылған балық, шошқа майы, шпрот, килька, паштет, саңырауқұлақ, щавель, шпинат, кофе, какао, шоколад, алкогольді сусындар. Стол №7 Стол N 7. Бүйректің созылмалы аурулары кезінде, бүйрек жеткіліксіздігі болмаған кезде. Құрамы: вегетариандық сорпа, сүтті, жидекті, майлы емес ет түрлері, қайнатылған майлы емес балық, тұзсыз ақ нан, күніне бір жұмыртқа, дақылдар, ботқа түріндегі макарон, пудинг, ұнды тағамдар, сүт, сүт қышқылды тағамдар, майлар (тек қой, шошқа, сиыр майынан басқа) ірімшік,шикі көкөністер, жидектер, әсіресе өрік, асқабақ, қарбыз, қауын, қант, бал, тоспа. Шектеледі: қаймақ. Тағам дәмін келтіру үшін тмин, кептірілген укроп, корица, лимон қышқылын қолданады. Ас тұзын 3-5 г ( қолға беріледі, ал тағамды тұзсыз жасайды). Витаминдер А, С, В1, В12, К қолданылады. Бос сұйықтық 800-1000 мл дейін күніне. Тамақтану күніне 6 ретке дейін. Тиым салынады: газдалған суындар, крем және бәлішті тағамдар, етті және балықты сорпа, тұздықтар, бұқтырылған тағамдар, консервіленген тағамдар. Стол N 7а. Жедел бүйрек ауруларында (жедел нефрит немесе оның асқынулары кезінде) Құрамы: пысқан көкөністер, үгітілген түрінде, жидектер, әсіресе калий тұзына бай (сары өрік, өрік), дақылды және ұнды тағамдар аз мөлшерде (сүт қосылған қарақұмық ботқасы), сүт қосылған шай, тұзсыз ақ нан, қант 70 г дейін, сары май 30 г дейін. Қосымша витаминдер С, К, В тобындағы. Бөліп тамақтану. Сұйықтық 600-800 мл дейін; Толықтай ас тұзын шектеу. Дамып келе жатқан уремия кезінде күнделікті ақуыз мөлшерін азайту 20-25 г дейін (бірінші орында өсімдік ақуызын азайту қажет – ірі бұршақ, дақылды, ұннан жасалған тағамдар, нан және т.б., себебі биологиялық жағынан жануар тектіден төмен және ағзаны тек қажетсіз ақуызды алмасу өнімдерімен жүктейді; үлкен көлемде қант және глюкоза қолданылады (150 г дейін). Стол N 7б. Бүйректегі жедел қабыну процесі баяулаған кезде. N7а диетасынан N7 диетаға өтпелі болады (тұзсыз ақ нан, майлы және құнарлығы аз ет түрлері, аптасына 1-3 рет суға пысқан балық, қайнатылған тұз 2 г қолға беріледі, сұйықтық 800-1000 мл; тамақ жасайтын өнімдерде 2-4 г тұз болады). Стол №8 Стол N 8. Семіздік жеке ауру ретінде немесе арнайы диета қажет етпейтін, басқа аурулармен қосымша ауру ретінде болса. Жалпы мінездеме: — көмірсу әсерінен рацион энергиялық құнарлығын төмендету, әсіресе тез сіңірілетін, жартыла майларды азайту, ал ақуыз қалпында қалады, — бос сұйықтықты азайту және тәбетті коздыратын заттарды азайту. Химиялық құрамы және энергиялық құнарлығы (бір күндік рацион): ақуыз — 90-110 г майлар- 80 г көмірсу — 150 г энергиялық құнарлығы- 1700-1800 ккал Ұсынылатын тағамдар мен өнімдер: қара бидайлы нан, ақуыз — бидайлы және ақуыз — кебекті нан (100-150 г күніне); көкөністі сорпа аз мөлшерде дақылдар қосумен, борщ, окрошка; аптасына 2-3 рет аздаған етті және балық сорпасында көже ( 250-300г дейін); еттің майлы емес түрлері, құс еті,суға қайнатылған балық, теңіз тағамдары — 150-200 г дейін күніне; сүт және қышқыл сүт өнімдері, ірімшік, сыр –майлы емес түрлері. Жемістер мен көкөністер кең түрде қолданылады, жиі шикі ретінде. Тиым салынатын тағамдар: бидай ұнынан жоғары және 1-ші сорт түрлер; картоп, дақылды сорпа,ірі бұршақ, макарон көжелері; еттің майлы түрлері, балық және құс еті; шұжық, қақталған тағамдар,етті және балықты консерв тағамдары; майлы ірімшік, сыр, қаймақ, күріш, манка ботқасы, сұлы жармасы, макаронды тағамдар, ірі бұршақ, тәтті жидектер; қант, кондитерлік өнімдер, тоспа, бал, тәтті шырындар, какао; етті және кулинарлық май; майлы және ашты қоспа, соус, майонез, барлық дәмдеуіштер мен тағамдық қоспалар. Стол №8 Стол N 8. Семіздік жеке ауру ретінде немесе арнайы диета қажет етпейтін, басқа аурулармен қосымша ауру ретінде болса. Жалпы мінездеме: — көмірсу әсерінен рацион энергиялық құнарлығын төмендету, әсіресе тез сіңірілетін, жартыла майларды азайту, ал ақуыз қалпында қалады, — бос сұйықтықты азайту және тәбетті коздыратын заттарды азайту. Химиялық құрамы және энергиялық құнарлығы (бір күндік рацион): ақуыз — 90-110 г майлар- 80 г көмірсу — 150 г энергиялық құнарлығы- 1700-1800 ккал Ұсынылатын тағамдар мен өнімдер: қара бидайлы нан, ақуыз — бидайлы және ақуыз — кебекті нан (100-150 г күніне); көкөністі сорпа аз мөлшерде дақылдар қосумен, борщ, окрошка; аптасына 2-3 рет аздаған етті және балық сорпасында көже ( 250-300г дейін); еттің майлы емес түрлері, құс еті,суға қайнатылған балық, теңіз тағамдары — 150-200 г дейін күніне; сүт және қышқыл сүт өнімдері, ірімшік, сыр –майлы емес түрлері. Жемістер мен көкөністер кең түрде қолданылады, жиі шикі ретінде. Тиым салынатын тағамдар: бидай ұнынан жоғары және 1-ші сорт түрлер; картоп, дақылды сорпа,ірі бұршақ, макарон көжелері; еттің майлы түрлері, балық және құс еті; шұжық, қақталған тағамдар,етті және балықты консерв тағамдары; майлы ірімшік, сыр, қаймақ, күріш, манка ботқасы, сұлы жармасы, макаронды тағамдар, ірі бұршақ, тәтті жидектер; қант, кондитерлік өнімдер, тоспа, бал, тәтті шырындар, какао; етті және кулинарлық май; майлы және ашты қоспа, соус, майонез, барлық дәмдеуіштер мен тағамдық қоспалар. Стол №10 Стол N 10. Жүрек қан тамыр аурулары, қан айналым аздығымен I-IIA дәрежелі. Химиялық құрамы және энергиялық құндылығы (бір күндік рацион): ақуыз- 90 г (55-60% жануарлық) май — 70 г (25-30% өсімдік тектес) көмірсу — 350-400 г энергиялық құндылығы 2500-2600 ккал Ұсынылатын тағамдар мен өнімдер: кешегі пысқан нан; әртүрлі вегетариандық көже; еттің майлы емес түрлері, балық және құс еті; сүт, ірімшік және сүт қышқылды өнімдер; әртүрлі дақылдардан тағамдар; қайнатылған макарон өнімдері; көкөністер қанатпа және пысқан түрінде; жұмсақ, пысқан жидектер, бал, тоспа. Тиым салынатын тағамдар мен өнімдер: бүгінгі пысқан нан; ірі бұршақты сорпа,етті және балық және саңырауқұлақты сорпа; еттің майлы түрлері, балық, құс еті; бүйрек, қақталған тағамдар, шұжық; тұздалған балық, тұзды және майлы сыр; ірі бұршақ; тұзды, маринадталған көкөністер; ірі клечаткалы өнімдер; шоколад, қою шай, кофе және какао. Стол №11 Стол N 11. Өкпе, сүйек, лимфа түйіндерінің және буындардың туберкулезі, шұғыл асқынусыз және өшу кезеңінде, инфекциялық аурулардан соң, операция және жарақаттан соң болатын арықтау кезінде Химиялық құрамы және энергиялық құндылығы (бір күндік рацион): ақуыз — 110-130 г (60% малдың өнімдері) майлар — 100-120 г көмірсу- 400-450 г энергиялық құндылығы — 3000-3400 ккал Ұсынылатын және тиым салынатын тағамдар: Әртүрлі тағам өнімдері қолданылады, тек майлы ет, қой және сиыр етінен бөлек ет түрлері және кулинарлық майлар, сонымен қоса торт және кремы көп тәтті тағамдарға тиым салынады. Стол №12 Стол N 12. Нерв жүйесінің функционалды аурулары кезінде. Стол әртүрлі; ашты тағамдық қоспаларға тиым салынады, қақталған, майлы, қуырылған тағамдар, әсіресе етті тағамдар шектеледі, алкоголь, қою шай, кофе, ет пен тұзды аздап шектейді. Ұсынылатын тағамдар бауыр, тіл, сүтті тағамдар және фосфор тұзы бар ірі бұршақ өнімдері. Стол №13 Стол N 13. Жедел инфекционды аурулар кезінде. Химиялық құрамы және энергиялық құндылығы (бір күндік рацион): ақуыз — 75-80 г (60-70% мал өнімдері) май — 60-70 г көмірсу — 300-350 г энергиялық құндылығы — 2200-2300 ккал Ұсынылатын тағамдар мен өнімдер: бидайдан кептірілген нан; майсыз еттен және балықтан жасалған сорпа, көкөністен жасалған сорпалар, дақылды сорпа; балық пен құстың майлы емес етті; сүт қышқылды сусындар, ірімшік; үгітілген күрішті ботқалар, манка және қарақұмық ботқасы; картоп, сәбіз, қызылша,түсті қырыққабат, пысқан қызанақ; пысқан жұмсақ жидектер, итмұрын қайнатпасы; қант, бал, тоспа, джем, мармелад. Тиым салынған тағамдар мен өнімдер: қара бидай ұны немесе бүгін пысқан нан; майлы сорпа, щи, борщ; еттің майлы түрлері, құстың,балықтың еті, шұжық, қақталған ет,тұзды балық, консерв тағамдары; сүт және қаймақ, майлы қаймақ, сыр; бидай, сұлы арпасы, макарон өнімдері; ақ қырыққабат, редис, редька, сарымсақ, қияр,ірі бұршақ; клечаткаға бай өнімдер; шоколад, тәтті тоқаштар, какао. Стол №14 Стол N 14. Несеп – тас ауруы (фосфатурия). Химиялық құрамы және энергиялық құндылығы (бір күндік рацион): ақуыз — 90 г майлар- 100 г көмірсу — 400 г энергиялық құндылығы — 2800 ккал Ұсынылатын тағамдар мен өнімдер: әртүрлі нан түрлері мен ұнды өнімдер; көже және сорпа (етті, балық, дақылды ); ет және балық; әртүрлі дақылдар; жасыл горох; саңырауқұлақ; алманың ашты түрлері қант, бал, кондитерлік өнімдер Тиым салынатын тағамдар мен өнімдер: сүт тағамдары, көкөністер, жеміс – жидектер, көже; қақталған тағамдар,тұздалған балық; картоп, жеміс – жидекті шырындар; етті және кулинарлық май. Стол №15 Стол N 15. Арнайы диета қажет етпейтін аурулар кезінде. Химиялық құрамы және энергиялық құндылығы (бір күндік рацион): ақуыз — 90-95 г майлар — 100-105 г көмірсу — 400 г энергиялық құндылығы — 2800-2900 ккал Ұсынылатын және тиым салынатын тағамдар мен өнімдер: майлы тағамдар мен құс еті және малдың ішкі майы, бұрыштан басқа барлық тағамдар мен өнімдер пайдалануға болады. |