Тез бұзылатын жүктердің рефрижераторлық тасымалын ұйымдастыруды жетілдіру. Темірғалиқызы Гүлнұр ғылыми жоба. Научная работа содержит 9 рисунков, 3 таблицы и 40 листов текста, набранного на компьютере
Скачать 0.5 Mb.
|
Сурет 7. Маршрут схемалары Ескерту: [10] әдебиет негізінде автормен құрастырылған Суреттегідей жылжымалы құрамның автокөлік құралдарының тиімді жүрісін пайдалануды қамтамасыз ететін бағыттарды құрастыру маршруттаудың басты мақсаты болып табылады. Жоғарыда аталған барлық проблемаларды шешу мақсатында «Proff Cargo» ЖШС-нің мысалында шетелдік нарықтан тапсырыс алу және шетелдік жүк тасымалдауды ұйымдастыру керек. Бұл үшін оңтайлы шешім «Proff Cargo» ЖШС мен «Damu Logistics» ЖШС арасында келісім-шарт негізінде байланыс орнату. «Damu Logistics» ЖШС – бұл қарқынды және табысты дамып келе жатқан холдинг, ол логистикалық қызметтерді ұсынуда көшбасшы болып табылады. Компания құрылғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін әлемнің жетекші компанияларымен сенімді логистикалық оператор ретінде танылды. Бұл жоба бірегей және Орталық Азияда баламасы жоқ. Жобаның басты артықшылығы – Бакад және Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомобиль жолдарының бойында ыңғайлы орналасуы, терминал аумағында мемлекеттік кеден бекетін орналастыруы, сондай-ақ логистикалық қызметтердің барлық спектрін ұсынуы. «А» класындағы коммерциялық қоймаларда қызметтер ұсына отырып «Damu Logistics» ЖШС жалға беру және сақтау қызметтерін, кедендік делдалдық қызметтерді, тасымалдау қызметтерін, уақытша сақтау қоймаларын, кеден қоймалары, контейнер алаңдары, манипуляциялық қызметтер – орау, қайта орау және т.б. қызметтерді ұсынады. Осылайша, «Damu Logistics» ЖШС-мен бірлесе отырып Қытайдан, Ресейден және т.б. шетелдік компаниялардан шекарадан тапсырыс қабылдаушы компанияға дейін және жөнелтуші компаниядан шекараға дейін тасымалдау қызметін орындауға болады. Мұндай маршрут әлемде орын алған пандемия кезіндегі шетелден тез бұзылатын жүктерді тасымалдау бағытын жылдам, еш кедергісіз және уақытылы тасымалдауға мүмкіндік береді. Маршрутты таңдау тиеу-түсіру пункттерінің орналасуына, жүктің түріне және жылжымалы құрамды пайдалану түріне байланысты. Тасымалданатын тауарлардың түрі маршруттардың жиынтығына әсер етеді. Кейбір жағдайларда, тіпті келе жатқан көлік ағындары болған жағдайда да, жылжымалы құрамның бос жүрісі орын алады. Қолданылатын жылжымалы құрамның түрі де әсер етеді. Сонымен, мамандандырылған жылжымалы құрамды пайдаланған кезде, көп жағдайда бос жүрістің орын алуы мүмкін екендігін ескеру керек. Белгілі бір маршруттағы жүк мөлшері көбінесе жұмыс уақытында жылжымалы құрамның толық жүктемесін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, іс жүзінде ауысым кезінде жылжымалы құрам жүктерді бірнеше тапсырыс бойынша тасымалдау үшін қолданылатын жағдайлар өте жиі кездеседі. Рационалды маршруттың баламасы ретінде келесі маршруттар ұсынылуы мүмкін: Кері бос бағытты маятникті маршрут, яғни «Damu Logistics» ЖШС тапсырған тез бұзылатын жүктерін (Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан Достық бекетіне дейін) шекараға дейін жеткізу, содан кейін автопаркке дейін жүксіз кері оралу. Толығымен жүк тиелген екі бағытты маятникті маршрут, яғни толық жүктелген автокөліктердің шекараға дейін және кері бағытта қозғалуы. Кері бағыттағы толық жүктелмеген маршрут. Қазіргі уақытта маршрут бірінші нұсқаға сәйкес орындалады. Жақсы баламалы таңдау критерийі ретінде келесі талаптарды бөліп көрсетуге болады: максималды көлік жүктемесі; минималды бос жүріс; 1 тонна жүк тасымалдау құнын төмендету; жүрісті пайдалану коэффициентін арттыру. Маршруттарды әзірлеу кезінде жылжымалы құрамның қозғалысын маятникті маршруттар бойымен кері бағыты толық жүктелмеген жүріспен немесе екі бағытта да толық жүктелген жүріспен ұйымдастырған дұрыс екенін ескеру қажет. Айналмалы маршруттар маятниктік маршрутты ұйымдастыруға келмейтін жағдайда ғана ұйымдастырылады. Маршруттарды дұрыс жоспарлау жүрісті пайдаланудың ең жоғары коэффициентіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сәйкесінше, тасымалдау бағасы да төмендейді. Кері бос бағытты маршрутты ұйымдастыру тиімсіз, себебі жүк айналымы барысында бір бағыт қана жүк тиелген маршрутты қамтиды. Бұл жағдайда жүрісті пайдалану коэффициенті 0,5-ке тең, көліктің максималды жүктемесі орындалмайды, тасымалданатын жүктің 1 тоннаға шаққандағы шығыны айтарлықтай жоғары. Маршрутты екі бағытта да жүктелген жүріспен пайдалану мүмкін емес, себебі жеткізу және қабылдау пункті Достық шекарасы болғанымен, кері бағыттағы тиеу және жеткізу пунктері әр түрлі кәсіпорын мен әр түрлі бағыттан тұруы мүмкін [10]. Сол себепті, кері бағытты толық жүктелмеген жүрісті маршрутты ұйымдастыру анағұрлым тиімді болып табылады. Бұл кезде көлік құралдарының максималды жүктемесіне қол жеткізіледі, жүрісті пайдалану коэффициенті жоғарылайды (β > 0,5), және 1 тоннаға шаққандағы тасымалданатын жүк шығындары азаяды. Бұл жағдайда жылжымалы құрамның жұмысы келесідей ұйымдастырылатын болады: КамАЗ шассиіндегі рефрижераторлар «Шымкент ет» ЖШС-нан жүкті тиеп Достық бекетіне дейін жеткізіледі (мұндағы тапсырыс беруші де, қабылдаушы да «Damu Logistics» ЖШС-ы), ал Достық бекетінде еттер түсіріліп, қайтадан тропикалық жеміс-жидектер тиеледі де «Арал Агро» ЖШС-на дейін тасымалданады (тасымалдау қашықтығы 2237 км). «Арал Агро» ЖШС – Достық бекеті «Damu Logistics» ЖШС бағытындағы автокөлік жүйесі маршрутының схемасы (8-суретте берілген). Сурет 8. «Proff Cargo» ЖШС-ның «Арал Агро» ЖШС – Достық бекеті бағытындағы автокөлік қозғалысының сұлбасы Ескерту: [10] әдебиет негізінде автормен құрастырылған Автокөліктің бір айналымға қажет уақыты формулалар арқылы есептеледі. Жылжымалы құрамның айналым уақыты 60 сағат болғандықтан, оның қозғалысын 5 күнде ұйымдастырған жөн. Оңтайландыру бойынша басқарушылық шешім қабылдағаннан кейінгі қозғалыс маршруттарының схемалары (9-суретте көрсетілген). Сурет 9. Өзгертілген маршрут схемасы Ескерту: [10] әдебиет негізінде автормен құрастырылған Ұсынылған оңтайландыру шараларын жүзеге асыру үшін осы маршруттың барлық қатысушыларының іс-әрекеттерін үйлестіру қажет: «Proff Cargo» ЖШС, «Арал Агро» ЖШС, «Damu Logistics» ЖШС, «Шымкент ет» ЖШС. Бұл жағдайда автокөлік кәсіпорны екі келісімшарт жасасуы керек: бірі – «Damu Logistics» ЖШС өз тұтынушысына көкөністер мен жемістерді өзі тасымалдауға, екіншісі – «Шымкент ет» ЖШС-мен ілеспе жүк бойынша. Келісім-шартта келесі негізгі бөлімдер қарастырылуы керек: 1. Шарт сомасын ақшалай түрде көрсететін келісімшарттың мәні, яғни болашақ жүктерді тасымалдаудың болжамды құны; 2. Тараптардың міндеттері көрсетілген тасымалдау шарттары; 3. Орындалған тасымалдау бойынша есеп айырысу тәртібі мен нысанын көрсететін тасымалдау төлемі және есеп айырысу шарттары; 3. Бекітілген жоспарларды орындамағаны және тасымалдау шарттарын бұзғаны үшін тараптардың материалдық жауапкершілігін анықтайтын санкциялар; 4. Келісімнің жасалу мерзімі, тараптардың заңды мекен-жайлары мен есеп айырысу шоттары көрсетілген келісімнің қолданылу мерзімі мен орындалу тәртібі. Жүктерді автокөлікпен тасымалдауға келісімшарттар жасасу және орындау кезінде тараптар қолданыстағы заңнаманы, сондай-ақ жоғары тұрған ұйымдардың нұсқауларын басшылыққа алуы керек. Тасымалдау бір реттік емес, жүйелі болатындықтан, тауарларды тасымалдау мен экспедициялық операцияларды жүргізу үшін келісімшарт пен тапсырыс негіз болады. «Proff Cargo» ЖШС-мен тауарларды тасымалдау тапсырыс берушілердің келесі шарттарды міндетті түрде орындауы кезінде жүзеге асырылады: жылдың кез келген мезгілінде пункттерге және тиеу-түсіру орындарына кіру жолдары қалыпты қол жетімділік пен көлік құралдарының еркін маневрін қамтамасыз ететін жағдайда болуы керек; тиеу-түсіру алаңдары тиісті механизация құралдарымен, өлшеу құралдарымен және өртке қарсы құралдармен жабдықталуы керек; кірме жолдар мен тиеу-түсіру орындары қолданыстағы ережелерге сәйкес жабдықталуы керек. Жүк жөнелтушілер жылжымалы құрам келгенге дейін жүкті тасымалдауға дайындауға міндетті, ал автокөлік компаниясы өз кезегінде жылжымалы құрамды таза және белгілі бір жүкті тасымалдауға жарамды күйде келуге міндетті. Тапсырыс беруші болашақтағы тасымалдау құнын төлемейінше, автокөлік паркі тауарларды тасымалдауға қабылдамайды. Тез бұзылатын жүктерді автокөлікпен тасымалдау келісімшартқа сәйкес жүзеге асырылады. Ұсынылып отырған маршрутты рационализациялау нұсқасы жүрісті пайдалану коэффициентін едәуір арттырады, сондықтан көлік шығындарын азайтады және қосымша пайда табуға мүмкіндік береді. Бұл жұмыста біз «Proff Cargo» ЖШС автокөлік тұрағының КАМАЗ автокөліктерінің негізгі маршрутын оңтайландыру бойынша ұсыныс жасадық және осы ұсыныс негізінде оңтайландырылған маршрутты енгізудің орындылығын есептейміз. Жүктерді тасымалдаумен байланысты барлық шығындар әдетте тұрақты және ауыспалы болып бөлінеді. Ауыспалы шығындар автокөліктің жүрісіне байланысты және 1 км жүрістің өзіндік құнына қатысты және барлық нақты айнымалы шығындар баптарын қосу арқылы анықталады. Тұрақты шығындар жүріске тәуелді емес. Жанар-жағармай материалдарының шығыны Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен нормаларға сәйкес анықталады. Жанармай құнын есептеу кезінде рефрижератор қондырғысының тоқтауы мен шекті режимдегі жұмыс арасындағы айырмашылықты ескеру қажет. Рефрижераторлық авто көліктер үшін Qн жанармай шығынының стандартты мәні мына формула бойынша есептеледі: (1.1) Мұндағы Hsan – жабдықталған күйде көлік құралының жүрісі үшін отын шығыны нормасы (H=25л/100км); S – жүріс,км (S =4474 км); Hw – транспорт жұмысына отын шығыны,100 т/км Hw = 1,3л - 100т/км; W – транспорттық жұмысының көлемі,т/км; D – түзету коэффициенті (жалпы салыстырмалы өсу немесе кему) нормаға,%). Көлік жұмысының көлемі келесі формула бойынша анықталады: (1.2) Мұндағы GТР – жүк массасы (GТР =10тонна); GПР – ілеспе жүктің массасы (GПР= 6,55 тонна); SТР – жүк тиелген жүріс (SТР=4474 км). Бірінші маршрут жұмысының көлемін есептеу үшін (1.2) формуласын қолданамыз: W=(10+6,55) ⸱2237+(6,55⸱2237)=51,674т/км Оңтайландырылған маршрут үшін жұмыс көлемін есептеу бірдей формула бойынша есептеледі, тек жүктің маршрутының ұзындығын 1315 км-ге ұлғайту қажет: W=(10+6,55) ⸱3552+(6,55⸱922)=64,647т/км I, II, III санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолдарында, қала маңы аймағынан тыс жерлерде тегіс, сәл шоқылы жерлерде (теңіз деңгейінен 300 м биіктікке дейін) жұмыс істе⸱ген кезде отын шығынын 15% -ға дейін төмендету үшін түзету коэффициенті қолданылады. Сонымен қатар қыс мезгілінде отын шығынын ұлғайту үшін түзету коэффициентін ескеру қажет, 12 айдың 5 айында 10%, ал жыл көлемінде 4,2%. Осылайша, отын шығынын түзету коэффициенті D = 10,8% құрайды. Сонымен, мәндерді (1.1) формулаға ауыстыра отырып, орташа отын шығынын аламыз: а) бос жүрісті алғашқы маршруттың бір бағыты үшін Мұндай жағдайдағы отын шығының орташа көрсеткіші 35,6л/100км құрайды. б)бос жүрісті (922 км) оңтайландырылған маршрут үшін Мұндай жағдайдағы отын шығының орташа көрсеткіші 39 л/100км құрайды. Отынның ауыспалы шығыны келесі Зтопл формула негізінде есептеледі: (1.3) мұндағы Цi –1 литр отынның бағасы, тг; Рi – жұмсалған отын көлемі,л; Дизель отынының бағасын ескере отырып, жанармай құны 204 тг құраса: а) бірінші маршрут үшін 316186,2 тг. б) екінші маршрут үшін 344226 тг. Мүліктік техникалық қызмет көрсету жағдайында жағармай материалдарының құны, әдетте, техникалық қызмет көрсету құнына қосылатындығын есте ұстаған жөн. ЗTO-ны күтіп-ұстауға арналған сапарға шығындар келесі формула бойынша анықталады: (1.4) мұндағы СТО – техникалық қызметтің бағасы, тг (СТО = 70000 тг.); Lоб – айналмалы рейс ұзындығы, км (Lоб=4474км); НТО – техникалық қызмет арасындағы жүріс, км (НТО = 60000 км). (1.4) формула сын салсақ: Дөңгелектердің амортизациясы үшін айналмалы рейстің үлесті шығындарын Зшкелесі формула бойынша есептеуге болады: (1.5) мұндағы nk – қосалқы дөңгелексіз саны, дана (nk = 12); ЦШ – шина бағасы,тг (ЦШ=16538тг); kзап – қосалқы дөңгелектерді ескеретін коэффициент (kзап = 1,1); Lоб – айналмалы рейс қашықтығы,км (Lоб=4474 км); LШ – шиналардың беріктігі, км (LШ = 160000 км). (4.5) формуласына салсақ: Маршрут бойындағы автотұрақтарды пайдалану құны маршрут бойындағы тұрақ ақысын төлеу құнын қосу арқылы анықталады. Қазақстандағы күзетілетін тұрақ үшін ақының орташа құны 200 тг құрайды. Біз оны айналмалы сапарға 4 рет қолданамыз. Жүргізушілердің біртұтас жалақысының бірлігі үшін шығындар мына формула бойынша есептеледі: (1.6) мұндағы К1 – бюджеттен тыс қорларға салым мөлшерлемесі (К1 = 1,3); К2 – жалпы коэффициент (К2 = 1,15); Сткм – 1 км жүріске жүргізушінің келісімді мөлшерлемесі (Сткм = 2,4 тг.); Lоб – айналмалы рейс қашықтығы (Lоб=4474км). (1.6) формуласына сала отырып келесідей нәтижеге жетеміз: Іс-сапар шығындары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қысқа мерзімді іс-сапарларға арналған нормалар бойынша есептеледі. Іссапар шығындары екі реттік сапар үшін 9 2000 тг құрайды. Осылайша, айналмалы рейс үшін ауыспалы шығындар барлық шығындардың үлесті жиынтығымен анықталады және 104657,5 тг тең, оның 50% (57583 тг) жанармай шығындары болып табылады. Көлік құралдарын сақтандыру шығыстарына азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі кіреді. Көлік салығы қозғалтқыштың қуатына сәйкес төленеді. Өндірістік базаның шығындарына кәсіпорынның балансында тұрған ғимараттар мен құрылыстардың тозуы немесе олардың жалдау ақысы, коммуналдық төлемдер (су, электр қуаты, жылу, байланыс және т.б.), қызметтік үй-жайларды жалдау құны кіреді. әдетте шаршы метрге белгіленеді. Коммуналдық төлемдер айына шамамен 40 мың тг құрайды. Барлық коммуналдық төлемдерге коммуникациядан басқа шығындар қосылады. Кеңсе үшін стандартты байланыс пакеті айына 40000 тг құрайды. Бұл өндірістік базаның құны жылына 960000 тг құрайды дегенді білдіреді. Үстеме шығыстарға кәсіпорынның ұсақ тұрақты шығындары жатады. Үстеме шығындарға мыналар кіреді: жарнамалық және маркетингтік зерттеулерге шығындар, банктік төлемдер, жеке қызметтік автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, персоналды дамыту шығындары, өндірістік және техникалық құжаттаманы, кеңсе жабдықтары үшін кеңсе тауарлары мен материалдар үшін бланкілерді сатып алу шығындары, атмосфераны ластаушы заттар шығарғаны үшін төлемдер және т.б. Оларды тұрақты шығындардың барлық басқа баптарының сомасынан 10 ... 15% мөлшерінде алайық. Сонымен, бір реттік сапар үшін үстеме шығындар 9200 тг тең болады. Есептеулер көрсеткендей, негізгі шығындар дизель отынын сатып алумен байланысты. Бір КамАЗ көлігіне жылына жанармай құны 2 184 000 тг құрайды. Кәсіпорынның шығынын азайту және оның пайдасын арттыру үшін дизель отынын арзан метанмен ішінара ауыстыруға арналған қондырғылар орнату қажет. Жалпы соңғы ұсынысымызда тез бұзылатын жүктердің рефрижераторлық тасымалын диверсификация стратегиясы арқылы оңтайландыруға арналды. Бұл бөлім екінші тарауда қарастырылған кәсіпорын талдауына қатысты оңтайландыру жұмыстарын жүргізу мәселелерін қарастырады. Аталған мәселелерді шешу үшін «Proff Cargo» ЖШС-на «Damu Logistics» ЖШС-мен бірлесе отырып шетелдік тасымалдау жүйесін оңтайландыру шаралары ұсынылып, жасалған ұсыныстардың орындалу реті мен кіріс-шығыс есептеулері толығымен ұсынылды. ҚОРЫТЫНДЫ Ғылыми зерттеу жұмыстың барлық бастапқы қойылған міндеттері орындалды. Көлік және тасымалдың негізгі міндеті өзектілікке ие, яғни материалдық құндылықтардың айналымын, дайын өнімді жеткізуді және адамдарды тасымалдауды жеделдету. Бұл өндірушілердің де, тұтынушылардың да экономикалық мүдделеріне тікелей әсер етеді.Көліктің өндіріс сферасындағы ерекше орны, бір жағынан, көлік саласы өндірістің дербес саласы, демек өндіріс капиталын инвестициялаудың ерекше саласы болып табылады. Бірақ екінші жағынан, бұл айырмашылық процестің шеңберінде және айналым процесінде өндірістік процестің жалғасы болып табылады.Автокөлік әртүрлі көлік түрлері арасында ерекше орын алады. Ол табиғатынан қозғалмалы және сыртқы факторларға аз тәуелді. Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда автомобиль көлігі жүк және жолаушылар ағыны бойынша жетекші орын алады. Тасымалдаудың бұл түрі маршруттар мен кестелер бойынша өте икемді. Автомобиль көлігі тез бұзылатын жүктерді тасымалдау кезінде үлкен маңызға ие. Тез бұзылатын жүктерге тасымалдау және сақтау кезінде сыртқы ауаның жоғары немесе төмен температурасы мен ылғалдылығы әсерінен қорғауды қажет ететін өнімдер жатады. Тез бұзылатын жүктерді тікелей аралас жолдармен тасымалдау ең үнемді және прогрессивті болып табылады. Бүгінгі күні тез бұзылатын жүктерді негізінен теміржол – су, автомобиль – су және теміржол – автомобильмен тасымалдау түрлері бар. «Proff Cargo» ЖШС ұйымы осы көлік құралдарының барлық түрімен жүктер мен тауарларды, оның ішінде тез бұзылатын игіліктерді де тасымалдау мен таратуға бейімделген. Ірі тасмалдаумен айналысатындықтан компания макро және микро логистикалық жүйелер құрады. Қамтамасыз етуші бағдарламалар арқылы тауардың сапасы мен жағдайын индикаторлармен салыстырып отырады. Мұздатылған өнімді тасымалдауды компанияның жеке автопаркі жүзеге асырады. Салқындатылған көлік үшін тұрақты және ылғалдылық режимін сақтау үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған, әр түрлі жүк көтергіштігі бар орташа және үлкен көлемді көлік құралдары қолданылады. Мұздатылған өнімді тасымалдауды компанияның жеке автопаркі жүзеге асырады. Салқындатылған көлік үшін тұрақты және ылғалдылық режимін сақтау үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған, әр түрлі жүк көтергіштігі бар орташа және үлкен көлемді көлік құралдары қолданылады. Тез бұзылатын жүктерді рефрижераторлы жүк көліктеріне және оқшауланған фургондарға орналастырудың негізгі талабы – қажетті тасымалдау режимін құру арқылы жеткізілетін тауарлардың сапасы мен санын сақтау. Сонымен бірге, көлік құралының жүк көтергіштігіне сәйкес кузов көлемін мүмкіндігінше толтырып, көлік құралдарын тиімді пайдалану қажет.Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау шарттарын сақтай отырып, жеткізілетін өнімнің саны мен тұтынушылық қасиеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Компания диспетчерлер мен көлік жүргізушілерінің үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдауды қысқа мерзімде жүзеге асырады. Кәсіпорын жұмысын талдау нәтижесінде ең маңызды кемшіліктер табылды және оларды жою бойынша шаралар ұсынылды. Жұмыс қазіргі жағдайдағы тез бұзылатын жүктердің рефрижераторлық тасымалын жетілдіру бойынша бірқатар шаралар ұсынылды. Бұл іс-шараларға мыналар кіреді: автокөлік жүйесінің экономикалық тиімді маршрутын жасау; көлік тұрғының құрылымдық ерекшеліктерін жақсарту; отынды үнемдеу үшін газ жабдықтарын енгізу және т.б. Маршрутты оңтайлы ету бойынша ұсынылған ұсыныстар айтарлықтай тиімді, олар автокөлік жүйесінің техникалық және пайдалану көрсеткіштерін арттыра алады, көлік құралдарының жұмысын жақсартады және 1т. шаққандағы жүк тасымалының құнын төмендетеді. Компанияның көлік құралдарының дизель отынының шығынын азайту негізгі маршрутты тасымалдау құнын төмендетуге, жанармай бағасының айырмашылығынан кіріс алуға және маршрут бойымен жанармай құюға дейінгі қашықтықты арттыруға мүмкіндік береді. Қосымша термоизоляционды арақабырғаларды орнату бос жүрісті азайтады және маршрут бойынша тапсырыстар санын көбейтеді. Кузовта және буландырғыштарда қосымша құрылғылармен жабдықталған автокөлік құралдарының артықшылығы – рефрижераторлар анағұрлым көп функционалды бола бастайды. Мұндай рефрижераторлар тасымалдау шарттарына сәйкес әр түрлі өнімді тасымалдауды жүзеге асыра алады, бұл шағын партиялы жүктерден бас тартуға мүмкіндік береді және сол арқылы бос жүрісті минимумға дейін төмендетеді. Осылайша, біз ұсынған іс-шаралар кешенін енгізу «Proff Cargo» ЖШС техникалық және пайдалану көрсеткіштерін арттыруға, автотранспорт кәсіпорны мен жүк жөнелтушілердің жұмысын үйлестіруді жақсартуға, тасымалдау шығындарын азайтуға, автокөліктерді тиімді пайдалануға және тартуға мүмкіндік беретіндігін байқаймыз және«Proff Cargo» ЖШС-мен ынтымақтастық орнатуға жаңа клиенттерді тартуға мүмкіндік береді. Бұдан шығатыны, кәсіпорынның жұмысын жақсарту бойынша барлық шараларды қабылдау, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысының ұтымды маршрутын әзірлеу, автокөлік паркін жаңарту, орталықтандырылған тасымалдау, жетілдірудің ауысымдық-күнделікті жоспарларын құру автокөлік паркінің қызметін жоспарлау және үйлестіру кәсіпорынның автокөлік паркінтиімді пайдалануға, негізгі бағытта жанармай үнемдеуден кіріс алуға және кәсіпорындағы қолайсыз жағдайды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Тез бұзылатын және мұздатылған жүктерді тасымалдау бойынша көлік компаниясында ұсынылған шаралардың өтелуі 10 айда жасалады. Сонымен қатар, ұсынылып отырған іс-шаралар «Proff Cargo» ЖШС-на клиенттер мен тасымалданатын жүк көлемін ұлғайту арқылы қосымша табыс табуға мүмкіндік береді. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Данилова С.В. Менеджмент в условиях стратегических решений / С.В. Данилова. – СПб.: Феникс, 2013. – 890 б. Проектирование системы распределения в логистике : монография / В.В. Дыбская. – М. : ИНФРА-М, 2018. – 235 б. – (Научная мысль). — www.dx.doi.org/10.12737/24760. «Proff Cargo» ЖШС ресми сайты //www.kps.kz/almatyi/company/proff_cargo_prof_kargo_too/comments Лохов А.Н. Организация управления на автомобильном транспорте:Опыт.Проблемы.Перспективы.–М.: Транспорт, 2017.–272б. Смехов А.А. Основы транспортной логистики: Учеб. для вузов.–М.: Транспорт, 2015.– 197б. Магомедов Р.К. Научно-практические основы транспортирования и хранения скоропортящихся овощей. –М.: ФГПУ 2014. – 200 б. Проектирование системы распределения в логистике : монография / В.В. Дыбская. – М.: ИНФРА-М, 2019. – 235 б. – (Научная мысль). –www.dx.doi.org/10.12737/24760– Режимдоступа:http://znanium.com/catalog/product/1024005 Количество свободных дней, затраченных ТОО «Proff Cargo» на техническое обслуживание и ремонт автомобилей за 2018-2020 годы // http://proff.cargo/105/158/201/221,-2020. Макаренко Г. Особенности организации перевозок плодов и овощей// Вопросы совершенствования комплексной эксплуатации транспорт. –М.: Транспорт, 2016. – 271 б. Маликов О.Б. Склады и грузовые терминалы: Справочник. –СПб.: Издательский дом «Бизнес-пресса», 2015. – 560 б. |