практика. ндірістік тжірибе бадарламасы
Скачать 225.5 Kb.
|
1 2 Өндірістік тәжірибе бағдарламасыӨндірістік тәжірибе бағдарламасының мазмұны тәжірибеден өтуші студентке ұйымды басқару мәселелерін, оның ішкі ортасы мен оған әсер ететін сыртқы факторларды айқындауға, басқару функцияларын: стратегиялық жоспарлауды, өндірісті ұйымдастыруды, мотивацияны тереңірек тануға мүмкіндік береді. Мұнда өнім өндірісін талдау мен жоспарлау, персоналды басқару әдістерін анықтау және келесі сұрақтар бойынша кәсіпорын жұмысын талдау қажет: Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 14.08.2017 № 4566 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі Жалпы ережелер 1. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала аумағында мемлекеттік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Президент, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, облыс әкімі және қала әкімінің өкімдері мен шешімдеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және мемлекеттік басқару органы Ақтөбе қаласының әкімдігі болып табылады. Мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті орган "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады. 4. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тілде өз атауы мен мөрі, белгіленген үлгідегі бланкісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты бар ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. 5. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан шыға алады. 6. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды. 8. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 9. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030000, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 289 "А". 10. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі. Мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі толық атауы: Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Актобе". 11. Осы Ереже "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 12. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және қалалық бюджеттен жүзеге асырылады. 13. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала аумағында мемлекеттік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саясатын жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауға өкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі алдына келесі міндеттерді қойды: қала аумағында кедейлікті төмендету және тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал ету бағдарламасын жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау және қолдауды ұйымдастыру; жұмыс іздеген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға жәрдемақы, тұрғын үй көмегін тағайындауды сұрап келген азаматтарды қабылдау сапасын арттыру; қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру; жұмыссыздықты қысқарту кезеңіне бағытталған жаңа прогрессивті үлгілер мен әдістер енгізу; "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қойған келесі функциялары: оқу орындары мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәлімет қорларын жинақтау және осы негізде қала тұрғындарын және жұмыс берушілерді еңбек нарығының жағдайы, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кәсіби оқу жөнінде ақпараттармен қамтамасыз ету; тұрғындардың әлеуметтік осал бөлігіне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын тағайындау және төлеу; тұрғындардың барынша мұқтаж бөлігіне бірінші кезекте көмек көрсетуді ұйымдастыруға ықпал жасау; аз қамтылған отбасыларды анықтап, қаладағы тұрғындардың осал бөлігі туралы мәліметтер қорын жинақтау; тұрғындар мен заңды тұлғалар арасында жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау заңнамалары бойынша ақпаратты - түсіндірме жұмысын жүргізу; жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың шешімдері мен қаулыларына сәйкес құжаттар қабылдау және жеңілдіктер ұсыну; жалғыз басты азаматтардың құжаттарын мүгедектер мен қарттар үйіне рәсімдеу; денсаулығына байланысты қамқорлық пен қорғаншылыққа мұқтаж кәмелет жасындағы азаматтарға қамқорлық және қорғаншылық рәсімдеу; тұрғындардың әлеуметтік осал бөлігін қорғау мәселесі бойынша (мүгедектер, белгілі тұрағы жоқ тұлғалар) мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс атқару; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына жүру ақысын рәсімдеу; жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, мүгедектерге жеке көмекшілер және ымдау тілі маманы, техникалық көмекші (орынын толтырушы) құрылғылар, арнаулы қозғалып жүру заттары, санаторлы - курорттық емделу әлеуметтік қызметтерін ұсыну мен құжаттар қабылдау; 17. "Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келесі құқықтары мен міндеттері бар: білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардан, білім беру ұйымдарымен, мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын әртүрлі ұйымдардың оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы мен бітіруі жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға; жұмыс берушілерден кадрларға деген болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратуға; жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар кәсіпорындардың мониторингін жүзеге асыруға; жергілікті атқарушы органға қарау үшін ұсыныс беруге: а) жұмысқа орналасуда қиындық көретін әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұлғаларды жұмысқа қабылдауға квота белгілеу туралы; б) жаппай жұмысшыларды босатуға байланысты шаралардың мерзімін ауыстыру немесе уақытша тоқтатуды жүзеге асыру туралы; атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі мен 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды таңдап тексеру жүргізуде, арызданушының және оның отбасының материалдық жағдайын учаскелік комиссия тексеруі туралы шешім қабылдауға; мекемелерден арызданушының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, тұрғын үй көмегін тағайындау құқығын растайтын мәліметтер сұрауға; жалған мәлімет берген азаматтар мен лауазымды тұлғалар белгіленген заңнама тәртібінде жауапкершілікке тартылатыны жөнінде мәселе қоюға; атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын тағайындау кезінде заңнама бұзылғаны белгілі болған жағдайда рәсімдеуді тоқтатуға; "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметін бақылауды және жұмысына көмек көрсетуді жүзеге асыру; еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және бұл туралы халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруге; құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс шараларды іске асыруға міндетті. Ұйымның құрылу тарихы, сонымен бірге құрылымдық бөлімшелердің құрылу тарихы, ұйымның құрылтайшылық құжаттарымен танысу. Ұйым қызметінің негізгі бағыттарын зерттеу. Ұйымның сыртқы ұйымдармен, серіктестермен, қаржы-несие мекемелерімен байланыстарды жүзеге асыру тәртібі. 2. Ұйымның негізгі құралдарын пайдалануды талдау. Қызмет бағыты Ақтөбе облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдау Бүгінгі күні облыста 27 725 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, оның 3 757-сі 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар. Соның ішінде: 1 топ – 2802 адам; 2 топ – 9982 адам;- 3 топ – 10606 адам. Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында 2021 жылға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан 2,4 млрд.теңге бөлінді, соның ішінде 15 896 мүгедекке жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес сауықтыру және санаторлық-курорттық сауықтырудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге 1,6 млрд.теңге қарастырылды. Бүгінгі күні 9 552 мүгедек немесе 60,1% - ы қамтамасыз етілді. Тірек-қимылдары және көру қабілеті бұзылған 989 мүгедек үшін «Инватакси» қызметтері көрсетілді, жергілікті бюджеттен 121,1 млн.теңге көлемінде қаражат қаралды. Жартылай стационар және үйде күтім жасау жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтерді 6 үкіметтік емес ұйымдар («Жайна» ҚБ, «Ғажап» ҚБ, «Ерасыл» ҚБ, «Қамқор Мәртөк» ҚБ, «Мүгедектерді қолдау орталығы» - Мұғалжар»,« Мүгедектерді қолдау орталығы - Ойыл»ҚБ, «Мәлика» ҚБ). Үкіметтік емес ұйымдардың қызмет көрсетуі үшін республикалық бюджеттен 122,2 млн.теңге бөлінді. Сонымен қатар, 18 әлеуметтік көмек бөлімдері 426 мүгедек балаларға және 1562 жалғызілікті және мүгедектерге үйде күтім жасау жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру үшін 2021 жылы 6 адам саудасының құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге республикалық бюджеттен (РБ) 8,6 млн теңге бөлінді. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға әлеуметтік инфрақұрылымдарының нысандарына кедергісіз кіру үшін 2021 жылы 258 нысанды бейімдеу жоспарланып, а.ж 1 тамызына 252 нысан бейімделді (2014 – 2020 жылдары 819 нысан бейімделді). Мүгедектіктері бар түлғаларға жалпы техникалық жабдықтардың және қызметтердің 55 түрі көрсетіледі. Порталды пайдалануда көмектесу мақсатында облыстың аймақтарында 187 қызмет көрсету алаңы ашылды. Облыс аймағында стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 3 медициналық-әлеуметтік мекемелер жұмыс жасайды: № 1 әлеуметтік қызметтер көрсету Орталығында (қарттар мен мүгедектерге арналған интернат - үйі), тұрғындар саны 195 адамды құрайды. - № 2 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында (жүйке аурулар интернат-үйі), тұрғындар саны 429 адамды құрайды. Жыл басынан жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 1105 адамды қамтамасыз ету жоспарланып, қамтамасыз етілгені 906 адам немесе 82,0 % - ы. Одан басқа 14 мүгедекті арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін 7,2 млн. теңге көлемінде жұмыс берушілерге субсидиялар қаралды. Бүгінгі күнге жеке оңалту бағдарламалары 12 200 мүгедекке әзірленді, олардың ішінен электрондык-цифрлық қолтанбаны 11 200 мүгедек алды немесе 92 %. Ағымдағы жылы 150 орындық оңалту орталығын салу жоспарлануда, орталықты салу үшін Нұр - Сити шағын ауданынан жер телімі бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы жасалуда. Оңалту орталығын салғанға дейін мүмкіндігі шектеулі түлғалар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында шағын оңалту орталығын ашуға құжаттар әзірленуде. Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді: біріншіден, бұл ақшалай төлем; екіншіден, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар, яғни оқытуға, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, шағын несие беруге, тұрақты жұмыс орындарына жолдама беру; үшіншіден, мүгедектерді әлеуметтік оңалтуды қамтитын әлеуметтік бейімдеу шаралары, заң кеңесін өткізу, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды өтеуге тұрғын үй көмегін алуға жәрдемдесу, тұрғын үй беру үшін және балабақшаларға кезекке қою, сондай-ақ әйелдер консультацияларында есепке алу және өзге де шаралар (секциялар, үйірмелер, факультативтік сабақтар және мектеп жасындағы балалар үшін тегін тамақтану) төртіншіден, табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтама (азық- түлік жиынтығымен және тұрмыстық химия жиынтығымен қамтамасыз ету; оқу орны бойынша тегін тамақтануды, мектеп формасы мен мектеп керек- жарақтарын, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді ұсыну). АӘК 2 түрге жіктеледі : шартсыз және шартты ақшалай көмек. Шартсыз ақшалай көмек еңбекке жарамсыз азаматтары бар отбасыларға немесе отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесі объективті себептермен жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ отбасыларға беріледі (үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек баланы, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарттарды күтуді жүзеге асырады). Шартсыз ақшалай көмек алу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті қатысу талап етілмейді. Шартсыз ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді. Шартты ақшалай көмек өз құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға арналған және әлеуметтік келісімшарт жасалған және адал орындаған жағдайда көрсетіледі. Әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзімі 3 ай. Шартты ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және ай сайын немесе әлеуметтік келісім-шарттың қолданылу кезеңіне бірыңғай түрде төленеді. АӘК тағайындау үшін табысы аз отбасылар (азаматтар) тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына, ауылдық жерлерде – ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне сәйкестендіру үшін өтініш пен жеке куәлік ұсынумен жүгінуге тиіс. Көмек көрсетуге құжаттарды қабылдау кезінде әңгімелесу өткізіледі, оның барысында мемлекеттік қызмет көрсету негіздері айқындалады: - шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алу үшін; - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қажеттілігі; - әлеуметтік бейімдеу шараларының қажеттілігі. АӘК отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады. Негізгі құралдардың құрамы мен құрылымы. Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясы. Ұйымның реттелген активтері. Ұйымның материалдық емес активтері. Материалдық емес активтердің амортизациясы. Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері. Салық есебінде негізгі өндірістік құралдарды бағалау әдістері. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы ауданның жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтердің 3 түрін көрсетеді. 2021 жылдың 9 айында Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 1318 Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде: - қағаз түрінде-0; - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы – 226;; - ИС арқылы-1092. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ келесі мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша уәкілетті орган болып табылады: - "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту"; - "Кандас мәртебесін беру немесе ұзарту"; - "Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту". 1 2 |