Йцу. Смаил Аружан. Нсабай Алмас жм706 25. 09. 2020ж Клиникалы жадай 7
Скачать 20.64 Kb.
|
Нұсқабай Алмас ЖМ-70625.09.2020ж Клиникалық жағдай № 7Науқас З., 30 жаста терапия бөліміне еш нәрсеге басылмайтын экспираторлық тұншығу ұстамасымен түсті. 10 жылдан бері инфекциялық – тәуелді бронхтық астмамен сырқаттанады, ұстамалар беротекті ингаляция түрінде қабылдағанда басылатын. Соңғы аптада тұншығу ұстамасының жиілегені және күшейгені анықталды, ұстама беротекке не басқа да стимуляторларға басылмайды, іріңді қақырық пен жөтел, дене қызуының жоғарлауы мазалайды. Эуфиллинді таблетка түрінде, ал сальбутамолды тәулігіне 10-12 рет ингаляция түрінде қабылдаған, нәтиже болмаған. Осы ұстама 8 сағат бұрын басталған, құрғақ қиын жөтел, кеуде сарайының ауырсынуымен. Объективті: жағдайы өте ауыр. Ортопное қалпында. Науқас тынышсыз, қозулы, тершеңдік, диффузды цианоз, мойын веналары ісінген. ТАЖ-30 рет/мин, тынысы беткей, қосымша бұлшықеттердің қатысуымен. Дистанциялық сырылдар жоқ. Кеуде сарайы бөшке тәріздес, перкуторлық – барлық өкпе бетінде қораптық дыбыс, тынысы әлсіреген, жауырын аралықта бірен саран құрғақ сырылдар естіледі. АҚ-100/65 мм.сын.бағ, пульс 120 рет/мин, жиі, толымсыз. Эпигастралды пульсация көрініп тұр. Жүрек тондары тұйық, семсерше тәрізді өсінді маңында шоқырық ырғағы анықталады, ІІ тон акценті, өкпе артериясы үстінде систолалық шу естіледі. Қанның жалпы анализі: эрит-6,2х1012/л, гемоглобин – 140 г/л, гематокрит – 50%, лейкоциттер – 13х109/л, ЭТЖ-22 мм/с. Кеуде сарайының рентгенографиясы: өкпе алаңының мөлдірлігі күшейген, оң жақ төменгі бөлікте гомогенді емес инфильтрация анықталады. рСО2-58 мм.сын.бағ. (N32,5-42,7), рО2-47 мм.сын.бағ, артериалық қандағы рН-7,21 (N-7,36-7,42), НСО3 -30 ммоль/л (N-21,8-27,2). Электрокардиограмма: S1-SII-SIII, QRS- 0,1сек., rSr1 в V1,V2, II,III,AVF,V1-V2 тіркемелерінде биік үшкір Р; III тіркемеде биік R , V6 тіркемеде терең S. Синдромдарды анықтаңыз Диагнозды құрастырыңыз Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу Жауап: 1. Синдромдарды анықтаңыз Тыныс жеткіліксіздігі, обструктивті, астеновегетативті, инстокискациялық, жүректің зақымдалу синдромы. Тахикардия Пульстің жиілігі 2) Диагнозды құрастарыңыз: Бронхиальді астма, басқарылмайтын сатысы, ауыр ағымды. Өкпе эмфиземасы,Созылмалы өкпе текті жүрек, субкомпенсация сатысы 3) Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу Қанның жалпы анализі-лейкоцитоз,эритроцитоз,ЭТЖ жоғарылауы. Спирография-Тиффно индексінің төмендеуі; Пневмотохаметрия: тыныс шығару қуаттылығының төмендеуі; Пневмотахография:ұсақ және орта бронтардың обструкциясы. Созылмалы өкпетекті жүрекке байланысты зерттеу: Өкпе гипертензиясына байланысты: Өкпе артериясында ІІ тонның акценті; Өкпе артериясы қақпақшасының шамасыздығы: Грэхэм Стил шуының болуы Рентгендік тексеруде: өкпе артериясы діңгегінің кеңеюі,өкпе түбірі тамыр өрнегінің кұшеюі; ФКГ:ІІ тонның өкпе компонентінің биіктеуі, систолалық шудың естілуі. Жүректің оң жақ бөліктерінің гипертрофиясының белгілері:жүректің шала тұйық шекарасының оңға ығысуы;эпигастрий аймағында оң жақ қарыншалық түрткінің болуы; ЭКГда электрлік осьтің оңға ауытқуы,жүрек ұшының артқа ығысуы,V1 V2 тіркемелерде R тісшесінің биіктеуі. Рентгенде:Оң жақ қарыншаның ұлғаю белгілері.Гис будасының оң жақ аяқшасының блогы УДЗ,кинетокардиография 4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу Гипоаллергендік диета. Бетта 2 антогонист: Сальбутамол ингаляция түрде қолданғанда 5 минуттан кейін бронходилятацияны шақырады,әсері 2-4 сағатқа дейін жетеді. Дозасы: ингаляция-100-200мкг 1-2 ингаляциядан тәулігіне 6реттен асырмай қолданады, бұлшық етке 500мкг 4сағат сайын, вена ішіне 250мкг еңгізеді. Оксигенотерапия: ылғалданған оттегінің ауамен 40-60% қоспасын минутына 6-9л жылдамдықпен береді. Шеттік вазодилятаторлар: Кальций антогонистері: Нифедепин тәуліктік дозасы 30-250мг,Дилтиазем-120-720мг, ем курсы жалпы 14күн. Ұзақ әсерлі нитраттар: Нитросорбит 20мг күніне 4 рет ,Сустак форте 6,4 мг күніне 4рет, 3-4 апталық курспен. ААФ: Капотен-12,5-25мг кұніне 3рет, Моэксиприл 7,5мг күніне 1рет. Антикоагулянттық ем: Гепарин 20000Б тәуліктік дозада, құрсақ терісі астына бөліп 14күн салады. |