Главная страница
Навигация по странице:

  • НУО КАЗАХСТАНСКО -РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

  • 3 вариант. Нуо казахстанскороссийский медициналы университеті


    Скачать 78.72 Kb.
    НазваниеНуо казахстанскороссийский медициналы университеті
    Дата06.11.2020
    Размер78.72 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3 вариант.docx
    ТипДокументы
    #148431

    МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ



    НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ

    МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

    МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ







    психиатрия, наркология мен неврология кафедрасы

    экстрапирамидті жол, мишық және бас ми нервтері бойынша ситуациялық есеп




    Тасболат Мөлдір Мухитқызы, 508 Б

    ВАРИАНТ 3

    15 жастағы  науқаста денесінде және аяқ – қолдарында тез, ретсіз, еріксіз қимылдар анықталды. Ол тілін шығарып, маңдай терісі біресе жазылып, біресе қыртыстанады, қолдарының дистальды бөлігінде құрт тәрізді бұратылған еріксіз қимылдар анықталды. Еріксіз қимылдар эмоциялық қобалжу мен мазасыздықта күшейіп, тыныштықта және ұйықтағанда жойылады. Аяқ–қолдарының бұлшық еттерінің тонусы төмендеген.  Анамнезінде: қыз бала 34-35 апталығында 1700 г. салмақпен туылған. Нәресте кезінде билирубинді энцефалопатия диагнозымен фототерапия және қан алмастыру жүргізілген. Нәресте кезіндегі жалпы билирубин 450 мкмоль/л, тұра фракциясы есебінен жоғары болған. Гиперкинездер 4 айға толғанда пайда болды. Психомоторлық дамуы: мойны 10 айында бекіді, 3 жаста отыруды үйренді, 7 жастан бастап жүре бастады.
    Әр дұрыс белгіленген жауап – 2 балл

    Шала жауап – 1 балл

    Қате жауап – 0 балл

    10 балл = 100 балл




    Синдром қалай аталады?

    Стриарлы синдром



    Стриарлы жүйенің зақымдану симптомдарын тізіп жазыңыз, сипаттаңыз.

    Стриарлы жүйенің зақымдануында гипотоникалық және гиперкинетикалық симптомокомплекс кездеседі. Олар :

    Атетоз-аяқ пен қолдың , кейде бет бұлшық еттерінің еріксіз қозғалуы.

    Хорея тәрізді гиперкинез- жоғарғы бөлік бұлшық еттердің шапшаң, еріксіз,екпінді қимылдауы.

    Хореоатетоз Торзион дистониясы- Дене мен бастың баяу керіліп бұралуы және ербендеуі.

    Геммибализм- дененің бір жақ жартысының өрескел қимылдауы.

    Діріл Миоклония- бұлшық еттердің жыбырлауы және тұрақсыз дірілдеуі.

    Тарту- бұлшық еттердің тартылуы.



    Осы ауруда жүріс қалай өзгереді?

    Сырқат өзіне қажетті қимылдарды тежей алмайды. Кейбір жағ-дайларда, қимылдатқыш импульстардың көптеп келуіне байланысты ерікті қозғалыстар өрескелдеу болады, мысалы жүріп келе жат-қаңда аяғын тез-тез алға сілтеп тастап отырады.



    «Тіл-көз» феноменін қалай тексеру керек, мақсаты мен мағынасын түсіндіріңіз.

    Егер дәрігер бір мезгілде сырқаттың тілін шығарып, көзін жұмғызып байқауға әрекет жасайтын болса, сырқат тілін 10-15 сек. артық осы кейпінде ұстап тұра алмайды.



    Осы ауруда сөйлеу қалай өзгереді?

    Сөйлеу бұзылыстары бұлшықеттердегі еріксіз қозғалыстармен бірге жүреді. Науқас сөйлескен кезде жылауы мүмкін, мұрнын тарту, ысу, шөпілдетеді, ал көз алмалары ретсіз бірге қозғалып отырады. Кейінірек сөйлеу толығымен түсініксіз болады.


    написать администратору сайта