Педагогтің аты-жөні
| Есмағанбетова Бибінұр Мұратқызы
|
Күні:9
| О.А.Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебі
|
Сынып:01,02,2023
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
| Идеяларды құру. Нобай. Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 6.1.5.2-Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау
6.2.3.1-Өлшем мен белгілеу негізінде орындалған бұйым дайындау үшін материалдарды электрлік қол құралдарымен өңдеу
|
Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар техникалық суреттер мен сызбалар орындай алады
|
Бағалау критерийі
|
|
Тілдік мақсаттар
|
|
Пәнаралық байланыс
|
|
Алдыңғы білім
|
|
Сабақтың барысы.
|
|
Сабақтың кезең /
уақыт
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Басы
10 мин.
| І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
| оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
|
|
|
Ортасы
27 мин.
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
1. Матаның түріне қарай инені қалай таңдайды? 2. Тоқылған мақта мата түрлеріне қандай маталар жатады? 1.Зерттеу жұмысы
-Суреттерді қарап шығады. Ойыншықтың негізгі бөлшектерін атайды?
-Ойыншық жасауға кіріспес бұрын алдымен не істеу керек?
№1-тапсырма:
Тәжірибе жұмысы
Авторлықлық қуыршақтың нобайын дайындайды.
№2-тапсырма.
Суреттерді мұқият қарап, өзара салыстырады. Тоқыма ойыншықтың бөлшектерің қоюдың оңтайлы жолын анықтайды.
№3-тапсырма. Тәжірибе жұмысы
1.Бұйымның пішімін дайындайды
-нобайдың негізінде жұмыс сызбасын түсіндіреді. -жан-жағы 2,5 см болатын шаршылардан тұратын тор сызады. -сызылған торкөзге сызбаны көшіреді, бөлшектерін қиып алады.
2.Бұйымды пішіп алады:
Матаны бойлық жіптің бойымен, тегіс қаратып, екі бүктеп жаяды, жиектерін теңестіріп, түйрейді. Пішім бөлшектерін матаға оңтайлы етіп салады Бөлшектерді түйреп, бормен айналдыра сызады Тігіске қосымша сызық түсіреді Тігіске орын қалдырып, бөлшектерді пішеді Пішілген бөлшектердің сапасын тексереді.
| .
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру
|
Оқулық, жұмыс дәптері
Жұмыс дәптерлері
-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері
|
Соңы
3 мит.
| Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.
| Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады
.
| «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!
Жақсы!
Талпын!
|
|
| Оқулықта берілген тапсырманы орындатады
|
|
|
|