Главная страница

О таырыбы


Скачать 31.72 Kb.
НазваниеО таырыбы
Дата30.04.2021
Размер31.72 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла29-02.03.21.docx
ТипДокументы
#200420

Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы
Білім беру саласы:  Таным

ҰОҚ: Математика негіздері

ҰОҚ тақырыбы: «Заттарды қалындығы бойынша салыстыру»

ҰОҚ мақсаты: Заттарды қалындығы бойынша салыстыруды үйрету; қалын және жұқа. Үстіне қою және белгілеу әдістерін пайдаланып, екі қарама-қарсы және бірдей заттарды қалындығы бойынша салыстыру. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Өзгерелерге көмектесуге, тапсырмаларды ынтамен орындауға тәрбиелеу.

ҰОҚ әдісі: Сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, ойындар

ҰОҚ көрнекілігі: Сандар, суреттер, сандық көрсеткіштер,геометриялық фигуралардан құрастырылған көліктер.

Билингвалды компонент: Бір-один,екі-два,үш-три,төрт-четыре,бес-пять.
ҰОҚ барысы

Балалар сендер қандай әдемісіңдер, тобымызда әдемі, күнімізде әдемі. Осы әдемілігімізді сезініп, көңілімізді көтеріп ән айтайықшы.
Күн күлімдеп әлемде
Күлімдейді әдемі
Төбемізде қарлығаш
Айналады әдемі
Әніміз осындай
Сәніміз осындай

Жарайсыңдар балалар орнымызға жайғасайық.
Балалар бүгін бізге таным елінен бір - бірінен айнымайтын түрлері бірдей ағайынды қуыршақтар келіпті. Олардың ұқсастығы сондай кейде ажырата алмай қаласыңдар.
Бірақ қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен жас ерекшеліктері әр - түрлі.
Біздің бәріміздің өз атымыз бар, сол сияқты қуыршақтардың да аттары бар екен.
- Ең үлкені Әлия
- Ал одан кішісі Сәния
- Сәниядан кішісі Ғалия
- Ғалиядан да кішісі Жания
- Ең кішкентайы Мира екен.
Қане бәріміз қуыршақтардың атын қайталап шығайық.
Қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен бойлары бірдей ма?
Ең үлкен қуыршақты кім көрсетеді, аты кім? Рет - ретімен қуыршақтарды көрсетіп, атын атау.
Жарайсыңдар балалар!
Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма
Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма теріпті. Міне, қараңдаршы қандай әдемі алмалар.
- Алмалардың түстері бірдей ма?
- Түстері қандай?
- Ал көлемдері бірдей ма?
- Қандай алма үлкен?
- Ал қандай алма кіші?
- Алмалардың қайсысы көп, қайсысы аз?
Дұрыс айтасыңдар сары алмалар көп екен, ал қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен.
- Балалар біздің қуыршақтарымыздың айтып жүретін бір әні бар екен, сол әнді біз бәріміз айтып берейік.
Сергіту сәті.
Біз қуыршақпыз
Міне біздің қолымыз
Ал бізде, ал бізде
Таза бет орамал
Балаларға тапсырма:
Балалар сендерге қуыршақтар тағы да көп алма теріп берсе екен дейді. Қане, қуыршақтарға алма теріп береміз ба?
Олай болса, сендердің алдарыңда алма ағашында көп алмалар өсіп тұр, сол алмаларды теріп себетімізге салып толтырайық.
(Балалар алмаларды себеттеріне жинайды.)
Балалар жұмысын бақылап, кімнің қай түсті алманы көп немесе аз жинағанын сұрап анықтау.
Жарайсыңдар балалар! Алмаларды көп терген екенсіңдер.
Бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімізге келген қуыршақтарға ризашылығымызды білдірейік.
Мына үстел үстінде әр түрлі көлемде қуыршақтарға арналған орамалдар бар, сол орамалдарды қуыршақтарға сыйлыққа берейік.

Есік қағылып, сырттан қолында бір қорабы бар тәрбиеші кіреді.
Балалар біздің қуыршақтарымыз сендерге және де бір сыйлық ала келген. Оны білу үшін мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Өзі сондай сүйкімді, жүні жұмсақ, балалардың досы, тік құлақты, сүтті жақсы көретін ол не екен?
иә, балалар ол мысық екен. Ол мысықтың өзі емес қасында
- балалары да бар екен.
Бұл мысықтарды қуыршақтар сендерге ойнасын деп әкелген.

Күтілетін нәтиже:

Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып салыстыра білу.
Жасай алуы: Түстерді көлемдерді ажыратып, алмаларды жинау.

Тақырыбы: «Қағаз бен мата»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы
Білім беру саласы: Таным

ҰОҚ: Жаратылыстану

ҰОҚ тақырыбы: «Қағаз бен мата»

ҰОҚ мақсаты: Қағаз бен матаның қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру. Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы заттарға, ересектердің еңбегіне құрметпен қарауға үйрету.

ҰОҚ әдісі: қағаз, ағаш, мата, мақта, умаждау, жырту, желімдеу,қию, тігу, үтіктеу.

ҰОҚ барысы:

Тосын сәт. Қонаққа көрші топтан қуыршақ Айгерім келеді. Ол қонаққа келді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! 
Әңгімелеу.
-Балалар, Айгерім мына қағаз лентаны шашына тағып беруді өтінеді. Мен оған түсіндіргенмін, қағаз лента умаждалады және жыртылады деп, бірақ ол сенбейді. Балалар, Айгерімді сендіруге көмектесіңдер.

Балалар қуыршаққа таң қалады, қуанады.

-Сәлеметсің бе, Айгерім!

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды, сендіруге көмектесетіндерін айтады.
- Жарайды, көмектесеміз.

Негізгі бөлім

- Қағаз лентаны умаждаймыз, сонан соң жазыңдар.
- Қағазға не болды?
- Атлас лентаны(матаның бір түрі) умаждаймыз. Енді оны жазып көріңдер.
- Ал, еді атлас лентаны жыртыңдар.
- Матаға не болды?
-Енді қуыршақ Айгерімнің шашына қағаз және мата ленталарын тағып көрейік.
-Қай лента қалай байланды?

Сөздік жұмысы: қағаз – жұқа материал, ағаштан жасалады. Ағаштың адамға пайдасы көп. Ағаш ауаны тазартады, жазда күннен қорғайды. Одан әртүрлі заттар жасайды. Мата – мақтадан жасалады. Мақтадан түрлі маталар жасайды. Содан соң матадан киімдер тігеді. Сондықтан ағаштар мен мақтаны бағалау керек

Сергіту сәті. «Ақ қоян»
- Мына қағаз лентаны жыртып, содан соң желімдеу керек.
- Ал, матаны қиып, содан соң тігеміз.(Балаларға көрсету.)
Тіл ұстарту.
Қа-қа-қа- қағаз.
Ма-ма-ма- мата.
Сұрақ-жауап:
- Көйлек неден тігілген?
- Мына шырша неден жасалған?
- Ал, үй ше?
Д/о. «Қара да, тап»(Қағазбен және матадан жасалған заттарды тауып, атау.).
Бір бала қағаз лентаны тағады. Ал екінші бала атлас лентаны байлайды.
-Мата тез байланды, ал қағаз жыртылып қалды.

Балалар сөздерді 2-3 рет қайталай-ды.Үлгілерді көреді.

- Қағазды жырттым және желімдедім
Балалар тіл жат-тығуын орындайды.
-Көйлек матадан тігілген.
- Шырша қатты қағаздан жасалған.
- Үй де қатты қағаздан істелінген.

Рефлексия

- Сонымен қағаз лента қандай және мата лента қандай?
- Қағазды желімдейміз, ал матаны
- Мата умаждаланса, оны
Қағаз әртүрлі болады. Қағаз умаждалады, жыртылады. Оны желімдеуге болады.
Матада әртүрлі болады. Мата умаждалады, оны үтіктеуге болады. Мата жай жартылмайды, оны қию керек, содан соң ине-жіппен тігуге болады.
Тыныс алу арқылы тілді дамыту жаттығуы 

«Қар ұшқыны»
Қуыршақ Айгерім рақмет айтып, балалардың іс-әрекетіне баға береді.

Балалардың сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже

Ұғынады: қағаз бен матаның қасиеттерін.

Түсінеді: дыбыстарды анық айту, толық сөйлем құрастыру.

Қолданады: қағаз бен матаның қасиеттерін, айырмашылықтарын, 
оларды ажырата біледі; қандай заттар неден жасалғанын атай алады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы
Білім беру саласы: Қатынас

ҰОҚ: Сөйлеуді дамыту

ҰОҚ тақырыбы: «Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?»

ҰОҚ мақсаты: көліктер туралы түсінік беру, сөздік қорларын толықтыру, ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

ҰОҚ әдісі: Түсіндіру, көрсету, мақал-мәтел, сұрақ - жауап.

ҰОҚ көрнекілігі: түрлі көлік суреттері.

Сөздік жұмыс:жеңіл көлік,жүк таситын көлік,автобус,пойыз.
ҰОҚ барысы:

Шаттық шеңбері

Қол ұстасып тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Жаңа шыққан бұл күнге

Иіліп сәлем қылайық

Балалардың назарын өлең жолдарына аудару.

Балалар қимылмен айтады.
Негізгі бөлім

Үлкенмін ғой, міне, мен,

Ойыншықтарды жинаймын.

Машинаға мінер ем,

Кабинаға сыймаймын.

М.Әлімбаев
-Мен не туралы өлең оқыдым?

-Балалар,айтыңдаршы,кімге қандай ойыншық ұнайды?

-Бейбарыс,сенде қандай ойыншық бар?

-Қандай көліктің түрлерін білесіңдер?

Алдымен жүк көлігін көрсету.

-Мына көлік жүк көлігі дейді.Бұл көлікпен жүк тасиды.

-Ол не тасиды екен?

-Жүк көлігі гүрілдиді. «Гүр-гүр-гүр»деген дыбыс шығарады.Кәне, бәріміз қайталаймыз.

-Балалар,мынау қандай көлік?
Жұмбақ шешу:

Терезесі көп оның

Іші жанға толы оның

Тоқтамайды,жүреді

Барар жерін біледі.


Бұл көлікпен адамдар тасиды.

-Ал мынау қандай көлік?Бұл көлікті жеңіл көлік дейді.

-Ал мынау қандай көлік? Бұл-пойыз.
Сергіту жаттығулары.
1,2,3,4,5-машина жүргізуді бейнелейміз.

1,2,3,4,5-велесипед тебуді бейнелейміз.

Балалар су және әуе көліктері де бар.

-Балалар ,мынау қандай көлік?
Кеме суда жүреді.Адамдар тасиды.

-Балалар, мынау қандай көлік?

Ол әуе көлігі.Әуеде ұшып жүреді.Адамдар тасиды.
Рефлексия

-Балалар ,біз бүгін не туралы әңгімелестік?

Көліктің қандай түрлері бар?

Сұрақ-жауап арқылы бүлдіршіндердің оқу-іс әрекетін қорытындылау.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды:көліктердің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырманы;

Түсінеді:көліктердің пайдасы туралы мәліметтерді;

Қолданады:сұраққа толық жауап бере білу іскерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»

ҰОҚ: Сурет салу

ҰОҚ тақырыбы: «Күн жарқырап, шөп өсті»

ҰОҚ мақсаты: Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру,дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу біліктіліктерін бекіту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

ҰОҚ әдісі:әңгіме, сұрақ-жауап, ойын жаттығулар, түсіндіру, көрсету.

ҰОҚ көрнекілігі: үлестірмелі материалдар, қылқалам, бояулар, сүрткіштер

Билингвальды компонент: күн – солнце, шөп – трава
ҰОҚ барысы:

Шаттық шеңбер
Армысың көк аспан,

Армысың жер ана,
Армысың атын күн,
Армысың балабақша,дос-жаран!

Негізгі бөлім

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-дұрыс айтасыңдар.

-Балалар, ауа райын бақылау үшін терезенің алдына шақырамын.

Күн жарқырап тұрғанын, шөптердің өскенін айтамын.

Балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсетіп, көктемде табиғатта болатын ерекшеліктерді айтқызамын.

Көктемде күн жарқырап шығатынын, айналаның бәрі біртіңдеп жап-жасыл түске енетінін, құстар келіп, жан-жануарлар ұйқысынан оянатынын айтып түсіндіремін.

-Балаларға демонстрациялық материалдағы көктемгі күннің аспанда жарқырап шығып тұрған көрінісін көрсетіп, әңгіме жүргізіп, толық талдау жасаймын.

-Балалар мына суретке қараңдаршы жарқыраған күн, ұшып жүрген көбелектер мен ара бейнеленген.

-Балалар мына суретте не жетпей тұр?

- Жасыл шөп

Дұрыс айтасыңдар балалар

Балалар барлығымыз күн, шөп сөзін үш тілде қайталайықшы

күн- солнце-the sun, шөп-трава- grass

Содаң соң сурет салуға арналған үлестірмелі материалдарды таратып беремін. Балалар суретімізді салмас бұрын барлығымыз орнымыздан тұрып бір сергіп алайық

Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз, (қолдарымен өзін көрсетеді)

Өсіп - өніп, толамыз. (қолдарын екі жаққа созады)

Күнге қарай талпынып, (алға бір қадам жасайды)

Көкке қолды созамыз. (барлығы қолдарын жоғары қарай созады)

Жарайсыңдар, рахмет балалар. Орнымызға отырайық. Алдымыздағы суретте бейнеленген жасыл шөпті қылқаламды жасыл түсті бояуға батырып алып, оны төменнен жоғары қарай сүйкей жағу тәсілін көрсетемін.

Шөптің ұшына қарай жіңішкере беретініне балалардың назарын аудартамын. Түп жағын салғанда қылқаламды батырыңқырап, ал шөптің басына қарай қылқаламның ұшымен ғана бояу жағу тәсілін орындап көрсетемін. Шөптерді көбірек салсаңдар суреттегі аралар, көбелектер бізге де қонаққа келеді деп қызықтырып қоямын.

қ/о: «аралар мен гүлдер»
шарты: барлығы орындарында отырады. Аралар деген кезде орнымыздан тұрып екі қолымызды жайып бір орында ұшамыз. Ал гүлдер деген кезде барлық балалар аралар сияқты гүлге қонып орындарына отырады

Рефлексия

-Балалар бүгін біздер ненің сурет салдық?

-Немен салдық?

-Сендерге ұнады ма?
Балалардың суреттерін тақтаға іліп, жақсы салғандарын мақтап, оқу іс-әрекетін қорытындылаймын.

Күтілетін нәтиже:
Біледі:  Көктем мезгілі басталғанын, күннің жылығанын.
Игереді: Көктемде күн көзі жарқырап, шөп өсетінін.
Жасай алады: Бояуға батырылған қылқаламмен сүйкей жағу арқылы шөптерді салуды.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы
Білім беру саласы:  Шығармашылық

ҰОҚ: Жапсыру

ҰОҚ тақырыбы: «Сәнді койлек»

ҰОҚ мақсаты: Кеңістік ұғымдары туралы түсініктерін нақтылау, балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру, шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

ҰОҚ әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, ойын.

ҰОҚ көрнекілігі: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, Айжан есімді қуыршақ.

ҰОҚ барысы

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Қайырлы күн балалар

Қайырлы күн қонақтар.
Жұмбақ жасыру.

1/ Қолы бар, саусағы жоқ

Мойыны бар, басы жоқ.

2/Адамның сәні-онсыз жоқ мәні.

3/Ерте тұрдым, екі айыр жолға түстім.

Слайд көрсету: «Сәнді көйлек»

Тосын сәт: Топқа Айжан есімді қыз келеді. Қолында қуыршағы бар.

  • Айжан сен неге көңілсізсің?

Айжан: Менің қолымдағы қуыршағымның көйлегі әдемі емес, мен оны қалай сәндеу керегін білмеймін. Ал менің достарымның қуыршағының көйлектері әдемі, сәнді.

  • Айжан сен мұңайма, біз бүгін көйлек туралы танысып жатырмыз. Біз саған көйлекті қалай сәнділеу керектігін үйретеміз.

- Балалар, ендеше көйлекті сәнділеп көрейікші, Айжан бізден қарап үйреніп алсын.

 Шығармашылық жұмыс.

Дайын көйлектің үлгісін ақ қағазға жапсырамыз, бір саусағымызды суға батырып, үстіне өзіміз қалаған акварель бояуының түсін таңдап аламыз, бояуға саусақ ұшын батырып көйлектің бұрашығын саламыз.

– Бұршақтардың пішінін дөңгелектеп саламыз.

Сергіту сәті әуенмен орындалады.

Ойын: «Киім дүкені» Балалар мына ілініп тұрған киімдерді біз киім дүкеніне апарайық ол үшін мына суреттердің ішінен күнделікті киіп жүрген киімдерді тауып .

Киім дүкенге жеткізуге көмектесиік.

Айжан да қуанып қалды.

Қоштасып шығып кетеді.

Рефлексия

- Балалар, бүгін біз не істедік?

- Айжанның көңілін көтеруге көмектестік.

- Айжанның көйлегіне не жапсырдық?

– Көйлекке бұршақ жапсырдық.

- Бұршақтықандай түспен боядыңдар?

– Қызыл, ақ.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Көйлек киім түріне жататындығын біледі.Түстерді ажырата біледі.Кеңістікті бағдарлай отырып, бұршақтарды өз орнына жапсыруды;

Қандай түсініктерді игерді:Дайын суретті қағаз бетіне желіммен жапсыру, ұқыптылық,таза жолын игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс пайдаланауды;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы
Білім беру саласы:  Вариативтік компонент

ҰОҚ: Қазақ этнотәрбиешіикасы- тәрбие бастауы

ҰОҚ тақырыбы: «Орман көркі – ағаштар»

ҰОҚ мақсаты: Балаларға орман ағаштары жайлы,табиғат тіршілігіне түсінік беру. Табиғатты бағалап,қорғауға тәрбиелеу.

ҰОҚ әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, ойын.

ҰОҚ көрнекілігі: Ағаштар бейнеленген сурет.
ҰОҚ барысы:

Есік қағып хат келеді.

Балалар бізге орманшы ағайдан хат келіпті. Хатта:

Сәлеметсіздер ме менің жас достарым! Мен сендерге тапсырмалар мен сұрақтар беріп жібердім.Сол сұрақтарға дұрыс жауап берген балаларға жұлдызшалар беріледі.Сендер тәрбиешінің айтқанын жақсылап естеріңе сақтап алыңдар.

Балалар орманшы ағайдын берген тапсырмаларын оқу іс ‑әрекеті үстінде жауап беріп отырамыз.Дұрыс жауап берген балаға жұлдызшалар беремін.

Негізгі бөлім

Балалар орманда нелер болады?

Ал орман көркі не деп ойлайсыңдар?

Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?

Кәне, балалар орманшы ағай бізге жұмбақтар беріп жіберіпті шешеміз бе?

Жуан діңді ағаш бар

Өседі онда жаңғақтар

Қандай ағаш екенін

Айтыңдаршы балалар?

Жаңа жылдың көркі

Қысы ­–жазы бір түсті

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай ағаш түрі?

Әдемі, аппақ болады

Жайқалып әркез тұрады.

Діңінен бұл ағаштың

Ішетін шырын алады.

Жарайсыңдар. Ал осы ағаштардың пайдасы қандай?

Дидактикалық ойын: Жапырағынан таңы.

Орманшы ағайдың келесі тапсырмасы суреттен діңі ұқсас ағаштарды табу керек.

Балалар орманшы ағай бізге орманда жүру ережелерін беріп жіберген соларды мұқият есімізге сақтап алайық.

Дидактикалық ойын: Ағаш затты тап

Шарты: Берілген әр түрлі заттардың ішінен ағаштан жасалғанын тауып алуы керек.

Рефлексия.

Балалар ағаштың қандай түрлері болады?

Олардың пайдасы қандай?

Жарайсыңдар.Барлығында өте жақсы қатыстыңдар.

Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: Ағаштардың түрлерін және пайдасын біледі.

Баланың меңгеруі: Ағаштардың ерекшеліктерін меңгереді.

Баланың жасай алуы: Дидактикалық ойынды ойнай алады. Тапсырмаларды орындай алады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы
Білім беру саласы: Әлеумет

ҰОҚ: Қоршаған ортамен таныстыру

ҰОҚ тақырыбы: «Көктем»

ҰОҚ мақсаты: Табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту дағдыларын жетілдіру.

Көрнекі құралдар: Көктем мезгілін бейнелейтін сурет, ағаш, жапырақ, шөп.
ҰОҚ барысы:

Шаттық шеңбері:

Күндей жадырап     
Айдай арайлап     
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық  

Сәлеметсіздер ме, балалар!

- Жылдың қай мезгілі?                  

Алғашқы көктем айында қандай мерекені атап өттік?
Негізгі бөлім

Жаңа тақырып:  

Бүгін біз “Көктем келбетімен” танысамыз.
Көктем мезгілі үш айдан тұрады.

Олар: наурыз, сәуір, мамыр. 

- Көктемде қар ериді, күн жылынады, ағаштар бүршік жарып алғашқы гүл – бәйшешек шығады. Көктемде табиғат жаңарады, барлық тіршілік иелері оянады. Көктем мезгілінде аналар мейрамымен қоса 22-наурыз Ұлыстың- Ұлы күні яғни жаңа жылымызды тойлаймыз. Көктемде үлкендердің көмегімен үйіміздің ауласында гүл , жеміс-жейдек, көкнеістерді егеміз, ағаштардың түптерін қопсытамыз, құстарға ұя жасаймыз. Сондықтан да үлкендердің көмегін бағалап, құрметтеуге тиіспіз.             

Есігі қағылып, қонаққа Торғай  келеді, амандасады.

Торғай: бір жұмбақтын шешімін таба алмай  көмек сұрай келгенін айтады.

Тәрбиеші: Біз сізге көмектесуге дайынбыз.

Жұмбақ жасыру

Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай – салада ағады.
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Айтыңдаршы балалар,  
Бұл қай кезде болады? 

- Көктемде Ағашта нелер пайда болады? (ортаға ағаш қойылады)
- Нелер ұшып келеді?
- Құстар қайда қонады?    

- Көк шөп қайда өседі?  

- Бұның бәрі қай мезгілде болады

Көктем мезгіліне байланысты мақал- мәтел жаттау.  

Мезгіл жетсе мұз ерір.        Сәуір болмай жауын болмас,

Жауын болмай тәуір болмас.

Сергіту сәті.                   

Біз гүлдерше өсеміз,    

Жапырағы жайқалған 

Сабақтары салалы,          

Жерге ырғалып жайқалған 

Тыйым сөздер.  

Көк шөпті жұлма, ағашты сындырма, құстың ұясын бұзба
Рефлексия

Ізденгіш эксперементтік әрекет:

қарды жылы жерге қойсақ ол еріп суға айналады,ал суыққта ол қатады.Олай болса назар аударайық. (тәрбиеші қардың еруі  мен мұздың қатуын көрсетеді.) Ойын: «Мысық  пен торғай»
Кәне (торғайлар)  ұшып  кел.
Торғай  жем  же.  Кәне  кім  қалай  жейді?
Торғай  сендер  тез ұш,  мысық  ұйықтап жатыр,  қазір  мысық  оянып  кетіп,  ұстап  алады – дегенде   мысық:
-Мяу – мяу  деп  оянады,  торғай көріп  құлағы  тікірейеді.
Торғай  алысқа  ұш, мысық  оянады. (мысық мяу деп  торғайларды  қуады, бірақ  торғай  ұстатпай ұясына   кіреді) Торғай  баланың өте ақылды екенін айтып, мадақтап шығып кетеді.
 мақтап мадақтап,оларға жұлдызша беру.
-Жарайсың, келген қонақтармен қоштасайық
Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:

Көктем мезгілінің ерешеліктерін біледі;

Көктем мезгілінің үш тілде айта біледі:

Болу керек:

Ауа-райында қандай өзгерістер болатыны туралы түсінігі;

Көктем туралы мақал-мәтел, тыйым сөздер біледі;

Істей біледі:

ағаштардың бүршік жаруы, көктемге құблыстары туралы біледі;


написать администратору сайта