Шылау. Шылаулардың стильдік қолданысы (1). Зат есімні орнына жмсалып, атау тлада трып, бастауыш
Скачать 48.04 Kb.
|
Көркем мәтіндегі есімдіктердің қызметі Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, барлық сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. 1. Есімдіктер зат есімнің орнына жұмсалып, атау тұлғада тұрып, бастауыш болады. Олар (кімдер?)үнсіз отырып қалды. Барлығы (кім?)келісті. Әркім (кім?)өзінше дайындалыпты. Өзі (кім?)айтып берді. 2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып, толықтауыш болады. Бұл ешкімге (кімге?)айтпаған сыры болатын. Мынаны (нені?)апаңа берерсің. Ешқайсысында (кімде?)арнайы рұқсат жоқ. Тапсырма бәрінен (кімнен?)сұралады. Ол әркіммен (кіммен?)ақылдасуды жөн көрмеді. 3. Есімдіктер ілік септігінің жалғауын жалғап және сын есімнің, сан есімнің орнына қолданылып, анықтауыш болады. Барлығының (кімнің?)пікірі бір жерден шықты. Бұл (қай?) пікірді бәрі құптады. Бірнеше (қанша?)дауыс қатар шықты. Ешбір (қандай?)адам өзіне жамандық тілемейді. 4. Есімдіктер мезгіл, мекен үстеулерінің орнына қолданылып, пысықтауыш болады. Әңгіме әлдеқашан (қашан?)аяқталған.Ол ешқайда (қайда?)бармауға бел байлады. 5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Менің мақсатым– осы. Ата-анамыздың барлық тірегі – біздерміз. Шылаулардың көркем мәтіндегі байласымдық қызметі Шылаулар – тілде лексикалық мағынасы жоқ болса да, мәтін ішінде өз орны, қызметі бар сөз табы. Әсіресе, өзара тығыз байланысқан тілдік бірліктер арасындағы логикалық-мағыналық байланысты жүзеге асыратын жалғаулық шылаулар қызметі ерекше. Жалғаулық шылаулар жеке сөйлемдер арасындағы логикалық-мағыналық байланысты күшейтіп, мәтін әсерлілігін арттыра алады. Мұндай байланыстың түрі шылаулардың мағыналық қызметімен байланысты. Мысалы, себепті, талғаулықты, қарсылықты т.б. жалғаулықтардың жалғауына орай сөйлемдер де осындай мағыналарды білдіретін сөйлемдер болып келеді. Мәтін ішіндегі тілдік бірліктер арасында болатын байласым қызметін жүзеге асыратын қыстырма құрылымдардың да атқаратын маңызы зор. Олар сөз тіркестері, сөз және сөйлем түрлерінде кездеседі. Қыстырмалар арқылы сөйлемдердің арасындағы байласымдар нығая түсді. Сонымен қатар, мәтіндегі ойға қатысты автордың қатысын білдіріп, мәтіндегі модальдылықты анықтап тұрады. Осы ретте автор аталған элементтер арқылы түрлі жағдайлар мен оқиғаларға қатысты көзқарасын білдіре алады. Мысалы, мәтінде айтылатын ой жүйесін құптайтыны немесе күмәнданатыны, қуанатыны немесе сенетіндігі, ренжіп, растайтыны анық байқалып тұрады. Міне, мәтіннің осы мағыналық ерекшелігіне байланысты ғылыми еңбектерде сөз болады. Мысалы, белгілі фонетист З.Базарбаева мен Ж.Қайшығұлованың еңбектерінде шегендеуіштер – қыстырма құрылымдар, шылаулар 9 түрлі топқа бөлініп қарастырылады. 1. Шүбәсіздік, сенімділік, анықтық, дұрыстықты, мақұлдауды, растау, қоштауды, келісуді, растауды білдіретін шегендеуіш сөздер: әлбетте, әрине, дауа жоқ, сөз жоқ, дұрысында, шын, рас, расында, шынында, бәсе, иә, дұрыс, ақиқатында, шындығында; 2. Болжауды, белгісіздікті, сенімсіздікті, күмәнді білдіретін шегендеуіш сөздер: кім білсін, мүмкін, шамасы, кім біледі, болжауымша, шамалауымша, құдай біледі, сірә, қайдам, сенің ойымша, тегі, әлде, неге екенін қайдам, бәлкім, дәу де болса, білем, бәлки, байқаймын, айтты білем, байқауымша, солай ғой деймін. 3. Фактілер мен оқиғаларға мәтін түзуші автордың экоционалды сезімі мен көзқарасын білдіретін шегендеуіш сөздер. Олар адамның көңіл-күйлерінің түрлі болуына байланысты төмендегідей жіктеледі: а) Күйзелісті, өкінішті, опық жеуді білдіретін шегендеуіштер: өкінішке орай, амал нешік, амал қанша, өкінішке қарай, әттеген, қап, өкінішті, қап, әттең, амал не т.б. ә) Армандауды, таңырқауды, қуанышты, шүкіршілік етуді, таңдануды білдіретін шегендеуіш сөздер: ең қызығы, ойпыр-ай, бір ғажабы, бақытымызға қарай, құдайға тәуба, құдайға шүкір, мәссаған, бәрекелді, бетім-ай, бетім т.б. 4. Хабардың мәнділігі, біріздігін білдіретін шегендеуіш сөздер: әсіресе, ең әуелі, алдымен, ең алдымен, оның үстіне, ақырында, сонымен бірге, сонымен қатар, екіншіден, біріншіден. 5. Ойды түсіндіру, нақтылау, анықтау үшін қолданылатын шегендеуіш сөздер: мәселен, мысалы, яки, яғни, айтқандай, айтпақшы, басқаша айтқанда, сондықтан, өйткені, сол үшін, сол себепті, себебі, ендеше, олай болса, неге десең, солай болғандықтан, демек. 6. Айтылар ойды қорытып, жинақтап айту мәнін білдіретін шегендеуіш сөздер: түптеп келгенде, қорыта айтқанда, қысқасы, тоқ етерін айтқанда, сайып келгенде, сөйтіп, сонымен, жалпы алғанда, ұзын сөздің қысқасы, т.б. 7. Құптамау, келіспеу, теріске шығару мағынасын білдіретін шегендеуіш сөздер: әйтпесе, бірақ, қайта, керісінше, сөйтсе де, әйтсе де, әткенмен, өйткенмен, алайда, қалай дегенмен, немесе, сонда да, болмаса, немесе, ендеше, олай болса, қалай десе де, ал, не болмаса, т.б. 8. Айтылатын ойға қатысты мәтінтүзушінің пікірін білдіретін шегендеуіш сөздер: менің ойымша, меніңше, біздіңше, сіздіңше, айтуына қарағанда, айтуы бойынша, оның айтуынша, айта кетерлік нәрсе, айта кету керек, ескерте кететін жайт, негізінде, әдетте, т.б. 9. Оқырман назарын аудару мақсатында қолданылатын шегендеуіштер: қарай гөр, көрдің бе, несін айтасың, білесің бе, т.б. -лы, -лі, -ды, -ді жұрнақтарының көркем мәтіндегі сөз-образ жасау әлеует Мұндай жұрнақтар арқылы: малды, көлдi, ағашты, бiлiмдi, қapлы, жүздi, сапты, мүйiздi, т.б. қатыстық сын есiмдерi зат есiмдермен тiркесiп, көлдi жер, бiлiмдi жiгiт, қарлы тау, малды жер сияқты жалаң сөз тipкeciн құрайды. Сол сияқты -лы, лi жұрнақты сөздер кейде өздерi сөз тiркестepiнің дербес сыңарын құрaғaнымен, кейде ондай жұрнақ ты сөздер сөз тipкeciнің жеке сыңары ретiнде қолданыла алмайды. Мысалы, Бұл əлемдегi отыз биенi сауып келiп, сүтті сабаға құйып, күмic саnты пicпекпен бiрер рет толғап шыққан сауыншы едi(З. Ақышев). Екiншi үйден күдiгi бар бiр кемпiр мен басын қалың орамалмен ораған, бетiнде қалың қызылы бар, жалnақ жүздi, домалақ тұмсық ке лiншек шықты (М. Əуезов).Осы сөйлемдерде күмic сапты, жалnақ жүздi зат eсім мен қатыстық сын есімдерi nicneк жəне келiншек сөзiмен қaтысa байланысқан сөз тipкecтepiн құрап тұр. Осындағы күмic саnты мен жалnақ жүздi бағыныңқы сыңарларының əрқайсысы жеке-дара толық мағыналы сөздер. Бiрақ сонысына қарамастан, саnты немесе жүздi қатыстық сын есiмдерi жеке-жеке басыңқы nicneк, келiншек сөздерiмен сөз тipкeciн құрай алмайды. Өйткенi онда онша мағыналық байланыс бола да бермейдi. Олардың мағынасы өзiнен бұрынғы сөздермен бірлiкте ғана айқындaла түспек. Сонда ол сөздер күмiс, жалnақ зат есiмдерiнiң қосақталуы арқылы жұмсалған да нақтыланып, сөз тipкecтepiнің толық сыңары қызметiнде жұмсалмақ. Олай болса, -лы, -лi қатыстық сын eciмдерi, бiр жағынан, өздерi сөз тipкeciнің бiр сыңары қызметiнде жұмсалғанымен, екiншi жағынан, осы тəрiздi жұрнақты сөздерде ондай қасиет бола бермейдi екен. Зерттей келгенiмiзде, -лы, -лi жұрнақты сөз тipкеciнің қо салқы жағдайды қажет ететiн жайттар төмендегiше: а) Бағыныңқы сыңардың негiзгi сөзi зат eciмнeн жа салған -лы, -лі жұрнақты сын eciм де оған зат eciм қо сақталып жұмсалады. Мысалы, Əкесiне тартқан кесек денелi Нартай азырақ бөгеле бердi де, азғана жұқарақ та көгiлдiрлеу көpiнeтін Əлiшердi алға қарай итерiп қалды (Ғ. Мұстафин). ə) Негiзгi тipeк сөз -лы, -лi жұрнақты қатыстық сын eciмгe сын есiмдер қосақталып жұмсалады. Мысалы: Хатшы арық, opaқ мұрынды, қapa көздi жiгiт (С. Ерубаев). б) Негiзгi сыңары -лы, -лi жұрнақты қатыстық сын eciмгe сан eciм қосақталып жұмсалады. Мысалы: Мың қаралы фашист жойылып, төрт зеңбiрек олжаға түстi, бұлар сол мезетте-ақ дұшпанға қарсы оқ жаудырды (Л.И. Брежнев). Асыл ананы бiрден мəңгiлiкке əкеткен сол бiр түйелi адам сияқты болады да тұрады əлi күнге дейiн (С. Жиренов). в) Негiзгi сыңары -лы, -лi қатыстық сын eciмi мен eciмдiкарқылы жасалады. Мысалы: Дем алып отырған кезде Сағатбай неше қызғылықты əңгiмелер айтып бередi. Апа-ай, осы бiр кеселдi мiнез кiшi апамнан неге шыға бередi (М. Əуезов). г) Негiзгі сыңары -лы, -лi қатыстық сын eciмi мен күшейтпелi шырайлы сын eciм арқылы жасалады. Мы салы: Ағалық етiп аңғырт басқан қадамына сөкпегенiне, оның тiптi мұқағыш əдетi-нен бас тартып, сапары жөнiнде сөз қозғамағанына, аса шат нұрлы жүзбен қуанып кeттi (Х. Есенжанов). Көркем мәтінді лингвистикалық талдауға қойылатын міндеттер Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың өзіндік ұстанымдары болады. Қазақ прозасының тарихы тереңде, сондықтан таңдап алынған мәтіннің ішкі және сыртқы факторларында ескерген жөн. Қазақ тілін мәтін арқылы деңгейлеп оқыту барысында неше түрлі мәселелер туындайды. Осындай мәселелердің алдын алуда арнайы ұстанымдарды ескерген жөн. Көркем мәтінді талдауда келесі ұстанымдар басшылыққа алынған: – Тарихилық ұстанымы – Әлеуметтік танымдық ұстаным – Автордың дара стилін айқындау ұстанымы – Функционалдық ұстанымы – Концептуалдық, семантикалық қстаным – Автор-кейіпкер категорияларының қатынасын басшылыққа алу ұстанымы – Мазмұн мен форманың бірлігі ұстанымы Көркем туындының құрылысы әртарапты көптеген компоненттердің бірлігінен тұрады. Олар көркем шығарма тілінің заңдылығына бағынады және тілдік жүйе түзеді. Осы жүйені жасайтын жазушының өзі. Осыдан «автор бейнесі» мәселесі туындайды». «Автор бейнесі»-көркем әдебиет тілінің ішкі сапалық қасиеттері мен заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін категориялардың бірі әрі негізгісі болып табылады. Автор өзі жазып отырған шығарманың өн бойында ойы мен идеясын, көзқарасын, психологиясын танытып отырады, яғни әрбір көркем шығарманы оқығанда автор бейнесін де байқауға болады. Көркем мәтінде жазушы өз идеясын, көзқарасын жеткізуде оқырман қажетіне жарайтындай, түсініп оқитындай тілдік бірліктерді қолданады. Көркем мәтінді талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады. Әдеби талдау арқылы оқушылардың әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, бүкіл жан дүниесін оятады. Көркем мәтінді терең түсіну, талдауда әңгімелеудің де маңызы ерекше деп санаймын. Әңгімелеу әдісінің тәжірбиемде қолданып жүрген мынадай түрлері бар: мәтінге жуық, көркем мәтін ізімен әңгімелеу, оқушының өзіне ұнаған эпизодын, әсерін әңгімелеу, шығармашылық жолмен әңгімелеу болып табылады. Мәтінге сәйкес әңгімелесу баланың еске ұстау қабілетіне әсер етеді, зерделілікке, ұғымдылыққа, алғырлыққа баулиды. Сондай -ақ ең бастысы, оның сөздік қорын, тіл байлығын, өз сөйлеу тілінде пайдалануға үйретеді. -шыл, -шіл морфологиялық тұлғасының сөз-образ жасау әлеуеті Көркем мәтінді тілдік талдаудың ерекшеліктері Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Көркем мәтінді оқыту мен талдауда оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керек. Көркем шығарманы оқығанда, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Оқушылардың зейіні, есте сақтау, қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалім мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғаны тиімді болады. Үзіндіні мазмұндағанда, оқушыларды мүмкіндігінше жазушы тілімен мазмұндатуға икемдеу керек. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап етемін. Көркем шығарманы үйге тапсырма ретінде бергенде, түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді оқушылардың алдын ала белгілеп келуін талап еткен жөн. Сабақ барысында шығарманың мазмұнына талдау жұмысын жүргізгенде, күрделі, түсініксіз сөздерге түсінік беру керек. Әдеби талдаудың басты мақсаты-оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады. Көркем мәтінді талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады. Әдеби талдау арқылы оқушылардың әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, бүкіл жан дүниесін оятады. Көркем мәтінді терең түсіну, талдауда әңгімелеудің де маңызы ерекше деп санаймын. Әңгімелеу әдісінің тәжірбиемде қолданып жүрген мынадай түрлері бар: мәтінге жуық, көркем мәтін ізімен әңгімелеу, оқушының өзіне ұнаған эпизодын, әсерін әңгімелеу, шығармашылық жолмен әңгімелеу болып табылады. Мәтінге сәйкес әңгімелесу баланың еске ұстау қабілетіне әсер етеді, зерделілікке, ұғымдылыққа, алғырлыққа баулиды. Сондай -ақ ең бастысы, оның сөздік қорын, тіл байлығын, өз сөйлеу тілінде пайдалануға үйретеді. Көркем мәтінді дұрыс, нақты түсінуге жетелейді. Тұжырымды әңгімелеудің өзіндік басты ерекшелігі - оқушылар ең басты, негізгі мәселелерді бөліп алып, тиянақты, қысқа ғана айтулары керек. Әңгімелеудің бұл түрі оқушыларды нақты сөйлеуге , ойын шашыратпай, қысқа ғана, негізгісін айтуға баулиды. Шығармашылықпен еркін әңгімелеу оқушылардың қиялын, арманын ойын дамытады, қабілетіне әсер етеді. Көркем шығармадағы сюжет пен композициядан бастап, әрбір деталь, көркемдік тәсіл белгілі бір ойға, мақсатқа құрылады. Көркем мәтінді талдауға байланысты оқушы дағдысы, икем машықтарына қойылатын талаптар, осыған байланысты істелетін жұмыстар: а) Өз бетімен, жеке талдау. Мұндай талдауда мұғалім талдау сұрақтарын, тапсырмалар береді. Сондай-ақ, көмек-карточкалар ұсынылады. ә) Ұжымдық талдау. Ұжымдық талдау мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Ол оқушыны көркем туындыны қабылдау, бағалау жұмыстарына баулиды, бірігіп бір пікірге келуге, қорытынды жасауға жетелейді. Ұжымдық талдау сұрақ-жауап, мәтінмен практикалық жұмыс, пікірлесу, әдеби айтыс негізінде жүзеге асады. Көркем мәтінді талдаудың жолдары мен бағыттары Рәбиға Сыздықова мен Бердібай Шалабай еңбектерінде жан-жақты сараланады. Ғалымдар көркем мәтінді талдаудың жолы мен жүйесін айқындайды. Сан есімдердің стильдік ерекшеліктері Шырайлым-ау, күйеуіңнің онысы несі, алайын деп отырғанда сені тастап кеткені қалай? (Б.Майлин) Мәтіннен халық дәстүрімен байланысты сөйлеу тілінің ерекшелігін көрсетіңіз Диалектизмдердің көркем мәтіндегі қолданысы Диалект (грек тіліндегі dialektos — әңгіме, сөз дегенді білдіреді)- жергілікті немесе әлеуметтік негіздерде бөлінген ұжымдардағы аралас-құраластық жасау құралы ретіндегі тіл ерекшелігі. Диалект – тілдің тууы мен өмір сүруінің аса маңызды формасы, ол шаруа, тұрмыстық және өндірістік қарым-қатынастар жасауының негізінде пайда болған алғашқы ұлттық тілдің ерекше белгісі. Прозалық шығармаларда диалектілік ерекшеліктер негізінен кейіпкерлердің тілінде қолданылады. Сонымен қатар, кейде автор сөзінде қолданылуы да орын алып отырады. Жазушылар диалектілік ерекшеліктерді көбінесе жергілікті тұрғындарды сипаттауда, халық тұрмысын шынайы көрсету, белгілі бір аймаққа тән материалдық және рухани мәдениет ерекшеліктерін беру үшін, халықтың болмысын, рухын шынайы түрде бейнелеу мақсатында қолданады. Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты диалектизмдерді зерттеу жұмысымызда төмендегідей топтарға бөліп қарастырдық: 1) Ыдыс-аяқ және үй-жай атауларындағы диалектизмдер. 2) Киім-кешек және тағам атауларындағы диалектизмдер. 3) Құрал-жабдық пен кәсіп-шаруашылыққа қатысты диалектизмдер. 4) Жануарлар, өсімдік атаулары мен жер бедері атауларындағы диалектизмдер. Мысалы, жазушы Ә.Кекілбаевтың шығармасында оның там, жай, бықынажай, құжынажай, майхана, сәлемхана, шатпа, шошала, сағанақ теппе, сылама т.б. түрлері кездеседі. Бұлардың ішінде жиі қолданылатын сөздің бірі – там. Жалпы қазақ сөйленістерінде там сөзі – көп мағыналы: қолдан құйған балшықтан, кірпіштен салынған үй; мола, зират, бейіт; қабырға, дуал. Там сөзінің Қазақстанның түрлі аймақтарындағы мағынасы туралы Ә.Нұрмағамбетов оның үй, мола, бейіт мағынасы оңтүстік говорлар тобына тән де, екінші мағынасы солтүстік-батыс говорлар тобына тән. Алматы, Жамбыл, Шымкент тұрғындары тіліндегі там сөзі «үй» мағынасында қолданылып келеді де, Қызылордадан асып, Аралға жақындай бергенде, бұл мағынасынан айырылып, «мола», «бейіт» мағынасына ауысып кетеді», – дейді Осы қылғаныңа исі Үйсін, Дулат мұқым тегі ұлы жүз баласы мың мәртебе алғыс айттық (М.Әуезов) Көркем мәтінді талдау түрлері Қазіргі мәтін лингвистикасында мәтіннің бірнеше даму бағыттары көрсетіліп жүр. Олардың бірнешеуі төмендегідей болып келеді: Мәтінді жоғары дәрежедегі жүйе деп қарап, оның басты белгілері тұтастылық пен байланыстылық екендігін назарда ұстау; лингвистикалық белгілерге сүйене отырып коммуникативтік параметрлер бойынша мәтін типологиясын құру (айтып жеткізу мен мазмұн бірлігі); мәтінді құрайтын бірліктерді анықтау; негізгі мәтіндік категорияларды анықтау. Мәтінді аспектілі талдау, мәтінді тақырыптық талдау, мәтінді кешенді талдау, мәтінді филологиялық талдау. Эпитеттің көркем образ жасаудағы қызметі Тілді көріктеу құралдарының бірі - эпитет. Эпитеттің құрылымдық, лексика-семантикалық, структуралық ерекшеліктері тіл білімінде зерттелген. Мәселен, орыс тіл білімінде А.Зеленецкийдің, Л.Тимофеевтің, В.Сорокиннің, Д.Розентальдың, ал қазақ тіл білімінде А.Байтұрсыновтың, Қ.Жүмалиевтің, З.Қабдоловтың, Р.Сыздықованың эпитет мәселесін зерттеген еңбектері бар. «Эпитет - адамның, заттың, құбылыстың бір белгісін: сырын, сипатын, қасиетін атап көрсететін сөз, бірақ осы қызметте келетін жай анықтауыш сөзден эпитеттің айырмасы бар. Эпитет қай стильде кездессе де екі мақсатта қолданылады. Біріншісі - анықталған мүше ретінде, екіншісі, көркемдік бейнелі мағынада қолданылады. Анықталатын мүше ретінде келетін эпитет ресми құжат тілінде жиі қолданылады. Бұл сын есім немесе сын есім ретінде есімшенің орнына қолданылатын сөздер тобы болып келеді. Тағын айтқын, айтқылашы, інішегім! Кеудеме, саңылау кірмеген кеудеме нұр төккендей болдың-ау, мүлдем тегі! (М.Әуезов) Көркем мәтіндегі антонимдер: антитеза, акротеза, альтернатеза Өлең тілін тілдік талдаудың ерекшелігі Өлең тілін тілдік талдаудың ерекшелігі Өлең мәтіндерінің лексикалық ерекшеліктері оны құрайтын сөздік қорға байланысты. Өлең мәтіндерін түзуде өлеңнің тақырыптық ерекшелігі мен жеке автордың сөз таңдау мәнеріне қарай тілдің лексикалық қабаттарының барлығы қатысады. Өлең мәтіндерінде грамматикалық тұлғалардың өзгерісі, жаңа сөзжасам үлгілері де назардан тыс қалмауы тиіс. Мәселен, жекелеген сөз таптарының өлең мәтіндерін құрудағы ерекшеліктері жайлы тілдік зерттеулерде жақсы талданып жүр. Поэзиялық шығармаларда дыбыстар гармониясы – эвфония туралы да аз айтылып жүрген жоқ. Өлең контексті поэтикалығының прагматикасы – оқушы сезіміне әсер ету. Мұнда өлең мәтіндерінде синтаксистік заңдылықтар үнемі сақтала бермейді. Өлең мәтініндегі поэтиканың оқушыға жеткізілу амалдары мен сипаты – поэтиканың басты белгілерінің бірі саналады. Өлең авторы оқушысының әр түрлі сезімдік қабылдауына қарай қатынас орнатады. Өлеңдегі коммуникацияда автор оқушысының шындық дүниемен барлық қарым-қатынасын грамматикалық категориялармен жүзеге асыруымен қатар, сөйлеудегі оқшау сөздер әсіресе қаратпа сөздердің қолданылу маңыздылығын бірден байқатады. Өлең мәтінінде қаратпа сөздердің қолданылу ерекшеліктері мен маңызы арнайы қарастыруды қажет етеді Барабанға оралған сталь арқанының екі ұшы екі вогонеткада. Көміршілердің қолында врубмашиина, электровоз, электрлі балға, конвейерлер ойнайды (Ғ.Мұстафин). Проза тілін тілдік талдаудың ерекшелігі Көркем мәтіндегі сентенция құбылысы Сентенция – ой-пікір, терең мағыналы сөздер. Мақал-мәтелдер. Қанатты сөздер. Афоризмдер. Прозалық, поэзиялық жанрлардың еншісіне тиеді. Дидактикалық жағы басым түсетін түйінді, ойлы сөздер. Сентенцияның да өзіне тән көркемдік табиғаты, стильдік қызметі юар тілдік құбылыс. Көркем әдебиет тілін талдау барысында байқалатыны: сентенция шығарманың оқушыға эстетикалық әсерін қоюлата түседі және танымдық ой дүниесін биіктететін және түйсікке қозғау салатын сөздер. Көркем мәтін құрамын ұйымдастыратын сентенциялардың түрлері мен стильдік қызметі мәтіннің лингвистикалық талдауында сырт қалмауы тиіс. Ақын-жазушылар авторлық афоризмнің бір түрі ретінде сентенцияны жиі қолданады. Сентенция стильдік мақсатта жұмсалады. Әдетте сентенция контексте де, контекстен сырт та қолданыла береді. Сентенция ақыл-уағыз айтатын , терең философиялық мазмұнды ой-тұжырымы бар сөздер болып есептеледі. Сентенция прозалық, поэзиялық жанрлардың еншісіне тиетін тілдік фактор. Сентенцияның жасалуы тілдік факторларға байланысты. Сентенция компоненттерінде тұлғалық бірлік, дыбыстық сәйкестік, мағыналық үйлесім болуы керек. Сентенциялар көбінесе екі бөлімнен тұрады. Құрылымдық ерекшелігі олардың қарама-қарсылық пен параллельге негізделуінде Екі ит балықты екі қолына алыпАқмамбет те кубрикке құлайды. Рубка ішінен тек алдыңғы бағытты болмаса, өзге тұсты болжай алар емеспін (Ә.Сәрсенбаев) Қайталама – стилистикалық тәсілдің бірі Фигураның (айшықтаудың) бір түрі – қайталама – сөз әсерін күшейте отырып оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәртебе қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу” – деп анықтама береді [8,229]. Қайталамалар – дүние жүзі тілдерінде кең түрде дамыған, олардың әр түрлі семантикалық-грамматикалық функцияларды атқаратындығы, соның нәтижесінде әр түрлі мағыналарды беретіні белгілі. Қайталамалар жаңа грамматикалық формалардың және мағыналардың жасалуының негізі үшін қызмет етеді де, коммуникативті процестердің құрылымдық және мазмұндық бүтіндігін жүзеге асырады. Сондай-ақ қайталамалар кейде ақын не жазушының ұқыпсыздығынан да болатын нәрсе. Адам өзінің психологиялық сезімін, ой өрісін тіл арқылы ғана жеткізе алады. Яғни адамдар арасындағы түсіну құралы – тіл. Айтылған ойын ерекше жеткізу үшін сөз әсерін күшейту үшін қолданылатын тәсілдің бірі – қайталама. Қайталама – сөз жасау мен сөздерді қолдану барысында өте ертеден келе жатқан құбылыс, сондықтан да көптеген халықтардың фольклорына тән. Ең алғаш қайталама туралы зерттеу жұмысын жүргізген орыс ғалымы М.В.Ломоносов „Повторение есть многократное положение речей в предложениях” [9,258] деген еді. Зерттеу еңбектерінде В.И.Ломоносов қайталаудың классификациясын жете зерттеу мәселесіне тоқталады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ХХ ғасырдың басында лингвистер қайтамаларға талдау жасауға көңіл бөле бастады. Американдық лингвист Э.Сэпер барлық тілдегі қайталамалардың кең ауқымда дамуын көрсетіп, олардың сан алуан семантикалық-грамматикалық функцияларының маңызын ашып берген [10,59]. Орыс ғалымдары В.В.Виноградов, Г.О. Винокур, В.Жирмунский, Е.А.Киселев және т.б. қайталаманың грамматикалық және стилистикалық ерекшеліктеріне де көңіл бөлді [11,54]. Қазақ тіліндегі қайталамалар көне жазба ескерткіштерден бастап, бүгінгі күнге дейін өзінің жалғастығын тауып келеді. Халықтың мақал-мәтелдер, жұмбақтар ырғағы ұйқасы жағынан ешқандай өлеңдерден кем емес, тоқсан ауыз сөздің тобықтай үлгісі ұйқасын келтіріп тұрған – тек қана қайталама. [12,27]. Қазақ тіл ғылымында Қ.Өмірәлиев, З.Ахметов, З.Керімбаева еңбектерінде қазақ ауыз әдебиеті, сондай-ақ белгілі ақын шығармаларындағы қайталамаға тоқталып, олардың сан салалы тілдік ерекшеліктеріне талдау жасалынған [13,7]. Қ.Жұмалиев қайталаманы белгілі стилистикалық тәсіл ретінде қарастырмайды, ол қайталауды әр шумақ жолынан емес, бүкіл өлеңнен іздестіріп мысалдар келтірген [14,220]. Қайталама – жаңа грамматикалық форманың және мағынаның жасалуының негізі үшін қызмет етеді де, коммуникативті процестің құрылымдық және мазмұндық бүтіндігін жүзеге асырады. Ауыз әдебиеті үлгілері мен жазушы-ақын шығармаларының да ұйқас, ырғағы қайталама негізінде жасалады. Өз шығармасында қайталаманы қолданбаған қаламгер жоқ шығар. Зерттеушілер қайталаманы қос сөз түрінде, енді бір тобы сөздердің, сөз тіркестерінің қайталануы түрінде қарастырған. Қайталама ауыз әдебиетінде келе жатқан құбылыс болғандықтан, түрлі дидактикалық сарындағы шешендік толғау өлеңдеріне тән бірден-бір ерекшелік болып табылады. Қазақ поэзиясында баяндауыштық қайталама терме-толғау өлеңдеріне тән. Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің толғау, терме, т.б. түрлері өзінен кейінгі әдебиетке тигізетін әсері мол. Өлеңнің алғашқы жолдары бір сөзді бірнеше рет қайталау арқылы басталады. Мұның өзі қазақ поэзиясында ертеден келе жатқан құбылыс. Бүгін менің құшағымда кім болды? Бүгін менің құшағымда Гүл болды? Бүгін маған алтын Күн еді, Бүгін менің құшағымда Күн болды. „Күн еді – өмір бойы күлді – дер ме? ” Сөздердің қайталануы қазақ тілінде лексикалық және экспрессивтік стилистикалық мақсатта жұмсалады. Әрбір қайталамалардың мағынасы айтушыны не жазушының мақсатты бағытына, контексте және шығарманың жанрына байланысты. Олай болса, қайталамалардың табиғатын ашуда жеке автордың ролі зор. Стилистикалық тәсіл ретінде қолданылатын қайталамалар поэзия жанрында қолдануында жаңа қырын байқатады. Тілге үлкен күш және көтеріңкілік беретін қайталамалардың халықтың поэтикалық тіліндегі мағыналық стилистикалық қызметін анықтауда Мағжан Жұмабаевтың поэтикалық тілін талдауымызға болады. Неологизмдердің көркем мәтіндегі қолданысы Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер үлкен екі топқа бөлінеді: а) ғылыми-техникалық әдебиет; ә) көркем әдебиет. Қазіргі қазақ тілінде Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде, негізінде, орыс тілінің әсері арқылы көптеген неологизмдер пайда болған. Мысалы: базальт, боксит, кидлит, плутон сияқты терминдер орыс тілі арқылы алынды. Бұл – геология терминдері – сол ғылымның жергілікті мамандары үшін де неологизм болады. Бұл сөздер қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамында аударылмай, тікелей келіп кірсе, терминдер қазақтың байырғы сөздерінен де жасалады. Бірақ бұлардың өзі де неологизм түрінде болады. Мысалы: алтын шаю (золотопромывание), атпа (извержение), желі (жила), керегетас (горсть), шөктіру (осаждение), шөгінделер (осадки). Мысалы: желі деп – бұрын тек бие байлау уақытында құлындарды тізіп байлап қою үшін қазыққа керілген арқанда атаса, қазір тау жынысын білдіретін атау. Берілген мысалдар геология мен тау өнері терминдеріне қатысты. Бірақ ғылымның бұл саласына қатысы бар заттар мен ұғымдар жөнінде сөз болса, олар көркем әдебиетте немесе басқа әдебиеттерде қолданылуы мүмкін. Бұл сөздер қазақ тілі сөздік құрамына, бір жағынан неологизм болып енсе, екінші жағынан термин сөз болып енеді (1, 192). Неологизмдердің бір түрі ретінде қаралып жүрген жеке авторлық қолданыстағы жаңа сөздерді айтып өтуге болады. Автордың стильдік мақсатта қолданған өзіндік жаңалығы сол күйінде неологизм болып қала беруі, актив лексика қатарына енбеуі де мүмкін. Ал жеке автордың қолданысында пайда болатын жаңа сөздер – стильдік мақсатпен туындайтын, әдеби тілімізге кіру қабілеті шектеулі, мағынасы жағынан контекстке байлаулы, жасалуы жағынан тіл заңдылықтарына үйлесе де, үйлеспей де келетін, үнемі жаңашылдығымен ерекшеленетін сөздер. Мысалы, Қ.Мырзалиевтің мынандай қолданыстарын атауға болады: дертхана, ұшарман, Азалыстан. Кейде көркем әдеби тіл нормасына ғана тән окказионализмдер тілдік нормамен үйлесімділік тауып, оған еніп те жататын кездері болады. Мәселен, Ш.Ш.Сарыбаев «Казахская региональная лексикография» деген еңбегінде балмұздақ, аялдама, теледидар сөздерінің алғашқы кезде окказионализмдердің қатарында болғанын, кейіннен әдеби тілімізге қабылданғанын атап көрсетеді. Сонымен бірге 1957 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде І.Жарылғаповтың көрермен, оқырман деген өзіндік жаңа сөздері берілді. Бұл қолданыстар бүгінгі күні әдеби тілімізге қабылданып, одан орнықты орын алып отырған сөздердің бірі болып табылады. Әрине, берілген сөздер алғаш қолданылған кезден әдеби тілімізге енген жоқ. Бірақ кейіннен көпшіліктің қолдауы негізінде тілімізде тұрақталды. Ә.Кекілбаевтың «Үркер» мен «Елең-алаң» романдары Бұл шығармада жеке сөздердің қолданысында көзге түсетін нәрсе – әдеби тіліміздің бүгінгі лексикалық нормасында көп кездеспейтін кейбір сөздердің, тіркестердің қолданылғандығы. Мысалы, сол кезеңде қазақ әскері қолданған мылтық түрлерін күлдір мамай, жекеауыз, бірауыз, қандыауыз, жездіауыз, шиті, берен деп, сауыт-саймандарды жалаңқат, зере, кіреуке тон деп көрсетеді. . Ұлық үйлерінен урядниктер, стражниктер де шықты. Бұны биыл Құнанбай өзі аға сұлтан болғаннан кейін осы Тобықтыға болыстық старшын еткен-ді (М.Әуезов) Есімдіктердің стильдік қолданысы Есімдік, оның мағыналық түрлерінің қарым-қатынастың барлық саласында, яғни функционалды стильдер жүйесіндегі қолданыс аясы өте кең. Есімдік мағынасындағы сөздер белгілі ойды беруде, мазмұнды жеткізуде алуан түрлі стилистикалық реңк-бояуға ие болады. Сен – жекелік ұғымды беретін жіктеу есімдігі, ІІ жағы, тыңдаушыға, жасы кіші балаға, сырлас адам- дарына арналып, жанды, жансыз заттардың орнына қолданыла береді. Жазушы төмендегі сөйлемде сен, осы, қашан тәрізді есімдіктерді қолдану арқылы кейіпкердің жан дүниесін, ішкі психологиялық жай-күйін, ашуға толы жүзін ашып көрсетіп, әсерлі етіп бейнелейді: -Сен қанқұйлы тамам елді жылатып болдың ғой, осы итаршылықты қашан қоярмысың? (М. Әуезов). -Сен бүлдіресің-ақ дегендей боп, Ермак кемпіріне ежірейе тағы бір қарады (Б.Майлин). Тыңдаушыға арналып айтылып, оның назарын бір сәтке өзіне аударып, оны жақын сырласы санап, пікірлеседі, ой тас- тайды: Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та бар қалан. (Абай) Диалогті сөйлемдерде есімдіктің қаратпа сөзбен тікелей мағыналық байланысқа түсетін кездері де болады. - Қыз, сен де желпілдеме, – деді Бәтимаға. (Ғ.Мұстафин). Ойды нақтылай түсу үшін есімдік түрін осындай байланыста жұмсайды. Ол есімдігін қолданғанда, ойды жалғастыру, бір сөзді орынсыз қайталай бермеу мақсатында жұмсайды: Әсіресе елді қатты сағынған Абай болатын. Ол соңғы уақытта Жидебайдағы шешелерін, ауыл-аймағын түсінде де көре беретін (М.Әуезов). Сөйлеу әрекетінде жазушының немесе сөйлеушінің кішіпейілділік қасиетін танытатын, әдептілікті көрсететін біз жіктеу есімдігі жиі қолданылады: біз мынадай тұжырымға келдік, біздің түсінігімізде, біздің деректер бойынша тәрізді тілдік бірліктер көбінесе ғылыми стиль мәтіндерінде ұшырасады. Сілтеу есімдіктері де функционалды стильдің әр саласында кеңінен қолданылады. Бұл, сол деген түрлері көне түркі жазбаларында жиі кездеседі. Нақты деректі затты нұсқағанда анау, дерексіз құбылыс пен ойды нұсқағанда сонау есімдіктерін қолданамыз. Кейіпкер атын қайталай бермеу мақсатында кей жазушылар сілтеу есімдігінің ана, анау түрлерін пайдаланады. Анау намыстанғандай: -Жақпаса қойсын, – деді де, енді қайтып үн шығармады (С.Мұқанов). Есімдіктердің беретін мағыналық реңктері алуан түрлі. Неше, қанша сұрау есімдіктері: қанша – мол, көп, неше – әр, қанша мағыналарын береді. Бұрымының қыз Құртқа, Кекілін, жалын тарайды Күніне неше қарайды («Қобыланды батыр»). Қандай сөзі таңдануды, сүйсінуді аңғартатын, адамның түрлі көңіл-күйлерін беретін, экспрессивтік мағынада жұмсалатын есімдік түрі: Сол екеуінің ертеде достасу тарихы қандай қызық, қандай әдемі (Ғ. Мұстафин). -лық, -лік, -дық, -дік морфологиялық тұлғаларының көркем мәтіндегі образ жасау әлеуеті Есім сөздерден зат есім тудыратын негізгі жұрнақтар Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың, Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың (Абай) Мәтіндегі эмоционалды-экспрессивті сөздерге назар аударыңы Тыртың-қолдан келмейтін тыраштанған іс-әрекет. Бұртың-мінез құлықтың тұрақсыздығы Көркем мәтінді зерттеу әдістері: синтетикалық, құрылымдық, статистикалық Синтетикалық әдіс Бұл аталған оқиға кезінде болған маңызды элементтерді қолдана отырып, оқиғаны жинақталған түрде қалпына келтіруге тырысатын аналитикалық ойлау процесі. Басқаша айтқанда, бұл адамдарға білетін нәрселер туралы қысқаша мәлімет жасауға мүмкіндік беретін нәрсе. Синтетикалық әдістің ерекшеліктері - синтетикалық әдіс білім мен әдістеме негізінде құрылады. - Бұл әдістеме білімді құрайтын әр түрлі бөліктерді талдау және нақтылау функциясына ие. Яғни, олардың әлеуеті мен мүмкін болатын салдарын анық көрсете отырып, принциптер, анықтамалар, түсініктер және басқа ресурстар жақсы анықталуы керек. - Осы білім талдауларының мақсаты - зерттеуді дамытуда ең дұрыс әрекет ету критерийлерін жетілдіру. - Синтетикалық әдіс әрқашан жалпы сұрақтар бойынша шындықты іздейді. Бұл білімді кейінірек қалпына келтіруге және қалпына келтіруге болады. Құрылымдық әдіс. Латынның structura сөзі «құрылым, орналасу» деген мағына білдіреді. Берілген әдіс жүйе ішіндегі тұрақты байланыстарды айқындап, олардың негізгі қасиеттерін сақтауды қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес, тәсілдің жүйелік әдіспен жақындығы байқалады. Сондықтан, кейбір кездері жүйелік-құрылымдық тәсіл деп атап көрсететін ғалымдар да кездеседі. Структурализмнің қайнар көзі лингвист Ф. де Соссюр және әлеуметтанушы Э. Дюркгейм еңбектерімен байланысты. Статистикалық әдіс кейде сандық әдіс немесе математикалық әдіс деп те аталады. Статистикалық әдістің негізгі мақсаты – тілдік бірліктер (дыбыс, фонема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем т.б.) мен тілдік құбылыстарды математика ғылымының әдіс-тәсілдерімен зерттеу, олардың сандық сипатын, заңдылықтарын ашу. Тіл білімінің көптеген әдіс-тәсілдері тілдік бірліктердің сапасын зерттеуге арналған болса, статистикалық әдіс олардың сандық жағын, қолдану жиілігін, аз-көптігін т.б. жақтарын зерттеуге көңіл бөледі. Тіл бірліктерінің сапалық сипаттары да, сандық сипаттары да ғылым үшін маңызды. Статистикалық әдіс негізінен тіл білімінің фонетика, лексика, лексикография (жиілік сөздігін жасау үшін), морфология сияқты салаларында қолданылады. Мәтін тілін, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика мәселерін зерттегенде де бұл әдісті жиі пайдаланады. Көркемдегіш құралдардың көркем мәтіндегі қызметі Көркем әдебиеттің негізгі құралы – тіл. Ұста металды, суретші бояуды қандай жақсы білсе, жазушы тілді сондай жақсы білуі керек. Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды, өмір картинасын, адам образын жасай алмайды. Тіл, әрине, жалпы ұғым. Тіл – сан сөздердің жиынтығы. Ол сөздердің ішінде терең ой, сұлу сындар, нәзік сезім, асқақ көңіл, өжет ерлік, әдеп-әркен тағы басқа адам мінезіне тән ерекшеліктерді суреттеуге керекті тамаша көркемдері де, құлақ тұндырарлық дөкір, қоқыстары да бар. Көркем тіл, образды сөздерді білу тек жазушылар үшін ғана керек емес, әрбір сауатты адамның бәріне керекті. Өйткені әрбір адам өзінің ой-сезімін басқаларға білдіру үшін барынша көркем сөздерді қолдануға тырысады. Ол – табиғи нәрсе. Сондықтан оны түсіну, білу әр адамның өзі үшін керек. Жазушылар адам образын да, көркем сюжетті де, жеке адамға тән мінезді де, күйініш-сүйінішті де, табиғаттың әдемі көріністерін де көркем тіл арқылы жасайды. Тілсіз көркем шығарма жоқ. Тілге мән бермеу не оны білмеушілік әдебиеттің даму процесіне де көп кеселдік келтіруі мүмкін. «Жылтырағанның бәрі алтын емес». Жақсының жаманнан, асылды жасықтан айыру үшін әдебиетші, сыншылар көркем тілді өздері жақсы біліп, толық меңгеруі – басты шарттардың бірі. Міне, осылардың бәрі де көркем тілді кең зерттеп, терең түсінуімізді қажет етеді. Көптің қамын әуелден Тәңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін Көптің бәрі көп деме, көп те бөлек, Көп ит жеңіп көк итті күнде жемек. Мәтіндегі лексикалық қайталауға негіз болып тұрған сөз қолданыстарды түсіндіріңіз Көркем мәтіндегі текст түзу мәселесі Мәтін түзу – «Текст түзу» - жетілген жазба әдебиетінің көрінісі. Және ол қаламгердің зор талантын талап ететін құбылыс, өйткені текст түзу үшін сөз таптарын, грамматикалық амалдарды таңдай білу керек, әр сөздің лексикалық мағынасы мен модальдық өңін тап баса білу керек. Қазақ тіл біліміндегі мәтінтүзім мәселелері Р. Сыздық еңбектерінен бастау алады. Ғалым мәтінтүзім жөнінде мынадай пікір айтады: «Текст түзілісінің өзіне тән шарттары болады. Кез келген көркем шығармада немесе оның кез келген тұсында текст түзіле бермейді. Қазақ көркем сөзінде текст түзудің айқын көрінісі Абай өлеңдерінен басталады деуге болады. Текст түзілісінің бір белгісі – шығарманың бір бөлігінде немесе бір өлеңнің өн бойында мағыналары бірін-бірі айқындайтын, модальдық реңктері біртектес сөздерді шоғырлап беру. Модальдық реңк дегеніміз сөйлеушінің (жазушының, ақынның) айтылған ойға жағымды, жағымсыз көзқарасын білдіретін мағыналық реңк жеке сөздердің өн бойларында (лексикалық мағынасында) да болады, немесе шылау, одағай, көмекші есім, етістік, етістіктің рай тұлғалары, сын есімнің шырай тұлғалары, дауыс әуені (интонация) сияқты лексика-грамматикалық құралдар арқылы да беріледі [1, 74]. Сонымен қатар ғалым Абай өлеңдеріндегі мәтінтүзім мәселелеріне тоқтала келіп, мынадай қорытынды жасайды: «Текст түзу жетілген жазба әдебиетінің көрінісі. Және ол қаламгердің зор талантын талап ететін құбылыс, өйткені текст түзу үшін сөз топтарын, грамматикалық амалдарды таңдай білу керек, әр сөздің лексикалық мағынасы мен модальдық өңін тап баса білу керек» [1, 79]. Мәтінтүзуші тілдік бірліктерді қазақ тіл білімінде зерттеуші ғалымдардың бірі – С. Мұстафина. «Текстообразующие средства казахского языка» атты зерттеуінде ғалым мәтінтүзуші тілдік бірліктерді қарастырады [2]. Мәтін лингвистикасының шетелдік тіл білімінде және кеңестік лингвистикада зерттелуіне шолу жасайды, мәтінді талдаудың грамматикалық, семантикалық, прагматикалық және психолингвистикалық бағыттарын көрсетеді. Ғалым қазақ тіліндегі мәтінтүзуші бірліктерді фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және синтаксистік-стилистикалық фразааралық байланыс құралдары деп жіктейді. С. Мұстафина мәтінтүзуші тілдік бірліктер ретінде шылауларды, есімдіктер мен етістіктің шақ көрсеткіштерін атайды. Сондай-ақ, ғалымның пікірінше қазақ мәтіндері түзілімінде морфологиялық гетерогендік лексемалар мен фразалық тіркестер ерекше рөл атқарады. Оларға қыстырма сөздер, есімдік, үстеу, шылау, одағайлар жатады. Мәтін бөліктерінің байланысын жүзеге асырушы тілдік бірліктерді С. Мұстафина мәтінтүзуші құралдар (текстообразующие средства) деп атайды. Мәтінтүзуші құрал ұғымын кең мағынада және тар мағынадағы деп қарастырып, кең мағынадағы мәтінтүзуші құралдарға интонация, сөздердің орын тәртібі, қайталамалар, етістіктің шақ көрсеткіштерінің қатысы, синтаксистік-стилистикалық тәсілдерді жатқызады. Тар мағынадағы мәтінтүзуші құралдар деп мәтінтүзуші аналитикалық бірліктерді атайды. Тар мағынадағы мәтінтүзуші бірліктер құрылымдық ерекшеліктерімен айқындалады. Оларды біртұтас құрылымды (демек, яғни, айталық) және тұтас емес құрылымды (не үшін десең, олай болса, содан бері, кім білсін т.б.) деп жіктейді. Мәтінтүзуші тілдік бірліктердің синтагматикалық ерекшеліктеріне олардың жалғаулықтармен (бірақ, сонда да), септеуліктермен (аздан соң), демеуліктермен (шынымен-ақ) тіркесе келуін жатқызады. Олар сөйлемнің басқы позициясында келіп алдыңғы фразадан тыс бірлікпен байланыстырып тұрады. Сөздің эмоционалды-экспрессивті бояуы – көркем мәтін талабы Тіліміздегі сан алуан стильдік мәні бар, сезімге түрлі әсері бар сөздерді эмоционалды-экспрессивті сөздер дейміз. Эмоционалды-экспрессивті сөздер адам сезімін білдіруге, мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді. Мысалы, қала, бала деген сөздермен салыстырғанда, шаһар, бүлдіршін, бөбек деген сөздердің бейнелілігі, әсерлілігі анық байқалады. «Эмоционалдық сөздер мен экспрессивті сөздердің арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Тілдегі эмоционалдық элементтер адам сезімін білдірсе, экспрессивтік амалдар эмоцияны, ерікті ойды білдіруде де мәнерлілікті, бейнелілікті күшейтуге қызмет етеді». Эмоционалды сөздер өз мағынасына қосымша адамның көңіл-күйін, көқарасын, жақсы көру, жек көру, жақтырмау, таңырқау, сенімсіздік т.б. сияқты қатынасын білдіре алады. Олар ойдың әсерлілігін арттыруда үлкен роль атқарады. Эмоционалды-экспрессивті сөздер көбінесе көркем әдебиет стилі мен сөйлеу стилінде, көсемсөз стилінде жұмсалады. Ғылыми және ресми-іскери стильде сирек қолданылады. Экспрессивтік бояу әр стильде әр түрлі болып келеді. Экспрессивтік бояу – жеке сөздерде де, фразеологиялық орамдарда да, синтаксистік құрылымдарда да кездеседі. Кей жағдайда тілдегі қосымшалардың да экспрессивтік реңкі болуы мүмкін. Тәуелдік жалғаудың екінші, үшінші жақтарының қолданылу ерекшеліктеріне қарай, құрметтеу, силау, мысқылдау, кекету, қомсыну сияқты қосымша әр қилы экспрессивтік реңк береді. Тіліміздегі кейбір жұрнақтар силау, құрметтеу, еркелету, қомсыну, кекету мағыналарын береді: әкетай, ағажан, Мәке, Секе, апай, ағай, ағайынсымақ, туыссымақ т.б. Мұндай сөздер ойды жеткізуде әрі әсерлі, әрі бейнелегіштік, мәнерлегіштік қасиетімен көзге түседі. Қарсақ жортпас қара адыр, Қарамай неге шабасың? Бір атқа жүз құбылған, жүзі күйгір Көркем мәтіндегі сөз жиілігі Атауыштық мағына және ауыспалы мағына Сөздердің тура мағынасы - сөздің таза лексикалық ұғымының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасы - заттың, нәрсенің, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың, шындықтың басқа да құбылыстардың сөз арқылы бейнеленуі. Сөз мағынасы әдетте екі түрлі болып келеді: сөздің грамматикалық мағынасы және сөздің лексикалық мағынасы. Сөздердің тура мағынасы лексикалық мағынаға тікелей байланысты. Лексикалық мағына көп жағдайда жалпылық қасиетке ие болады. Мәселен, күлді, ашуланды, қуанды деген сөздерді "адамныңпсихологиялық жайына қатысты жайдың етістік арқылы берілуі" деуге келеді, бірақ ол сөздердің әрқайсының өздеріне лайықты нақтылы ерекшеліктері бар: бірі екіншісіне қарама-қарсы (күлді—ашуланды), бірі үшіншісімен мағыналас (күлді-қуанды). Ол айырмашылықтар сол сөздердің тура мағынасы арқылы білініп тұр. Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған.[1] Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора,метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі т.б. жатады. Сөздердің қызмет бірлігі бойыншаауыспалы мағынада қолданылуы олар бейнелейтін заттар мен құбылыстардың тұлғасы, түрі мен түсі, басқа да белгілері жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болуына байланысты. Мысалы: жүру сөзі кезінде бір ғана мағынада қолданылып, кейін түрлі қозғалыс түрлерінің бәрінің атауына айналған. Жабағылы жас тайлақ, Жардай атан болған жер. Жатып қалып мың тоқты, Жайылып мың қой болған жер Мәтіндегі теңеулерге және оны сол теңеуге негіз болған атауыштық мағынамен салыстырыңыз Көркем мәтін және бейэквивалентті мәдени лексика Өткен шақ көсемшенің -ып, -іп, -п тұлғасы – көркем мәтіндегі сөз әсерлілігін арттыру тәсілі Әңгімесін әрлеңкіреп айуды ұнататын желқабаздау шалға Смағұл әдейі сұрақ қойды. Мәтіндегі жергілікті тіл ерекшелігінің көркем мәтінде қолданылу орнына назар аударыңыз Көркем мәтінді лингвистикалық талдау бағытындағы академик Р.Сыздықтың еңбегі |