Главная страница
Навигация по странице:

  • Алғаш рет оңалтудан өту үшін СІЗ

  • Иммунитетті қалай нығайту керек

  • 3.Оңалту кезеңі қанша кезеңнен тұрады

  • 4.КВИ-дан кейінгі ұсыныстар

  • 5.қанша уақытта науқас бұрынғы қалпына келеді

  • Документ Microsoft Office Word (2). Оалту кезедерін міндетті леуметтік медициналы сатандыру аясында алады ма Бл алай болады


    Скачать 19.89 Kb.
    НазваниеОалту кезедерін міндетті леуметтік медициналы сатандыру аясында алады ма Бл алай болады
    Дата09.06.2022
    Размер19.89 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДокумент Microsoft Office Word (2).docx
    ТипДокументы
    #580021

    1. Оңалту кезеңдерін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында алады ма? Бұл қалай болады?

    Иә, бүгінгі таңда медициналық оңалту міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетіледі. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде – негізгі ауруды, сондай-ақ туберкулезбен ауыратындарды емдеу кезінде;

    Ал, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) – аурулар мен проблемалардың халықаралық жіктемесі бойынша аурулар тізбесіне сәйкес көрсетіледі. Алғаш рет оңалтудан өту үшін СІЗ:

    1. Медициналық көмектің кез келген түрін алу сияқты, оңалту қызметтерінен өту үшін тіркелген жері бойынша емханаға учаскелік дәрігерге жүгіну қажет.

    2. Ем­деуші дәрігер дәрі­гер-реаби­ли­толог­қа немесе мамандар­дың мультидисциплинарлық тобына кон­суль­­тацияға жібереді.

    1. Біз науқастың жағдайын зерт­теп, аурудың барысын ескере отырып, жоспарланған оңалтудың қажеттілігі мен тиімділігін бағалаймыз, алғашқы оңалту диагнозын қалыптас­тыраып, қалпына келтіру жоспарын, курстың ұзақтығын және т.б. анық­таймыз. Мұның барлығы аурулардың халық­аралық жіктелуі (МКБ10) тізімі негізінде жүргізіледі.

    2. Біздің емханада Оңалту курсы амбулаториялық және стационарды алмастыратын жағдайларда жүргізіледі.



    1. Иммунитетті қалай нығайту керек? Дұрыс ТамақтануТолыққанды ақуыз, Теңіз өнімдері, Көкеністер мен жеміс-жидектер, Калийге бай өнімдер, Сүт тағамдары. Шынығу. Салауатты өмір салтын ұстану, Ұйқы режимін, таза ауада серуендеу, күйзелісті шектеу және тб

    3.Оңалту кезеңі қанша кезеңнен тұрады?

    Медициналық оңалту 3 кезеңнен тұрады:

    1) 1 кезең – жедел және жеделдеу кезеңдерінде, хирургиялық араласу, жарақаттану кезінде көрсетіледі. Бірінше кезең ауруханалардың құрылымдық бөлімшелерінде, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілетін, клиникалық хаттамаларға сәйкес негізгі ауруды емдеу шеңберінде асқынулардың алдын алу және функционалдық сауығуды жеделдету мақсатында реабилитолог-дәрігермен кеңесінен кейін жүзеге асырылады.

    2) 2 кезең медициналық оңалту мамандандырылған бөлімшелерде немесе денсаулық сақтау ұйымдарының, мамандандырылған оңалту орталықтарында, кең профильді ауруханалардың оңалту төсектерінде жүзеге асырылады. Койка

    Екінші кезең аурудың басталуынан кейін 9 ай ішінде жүргізіледі. нозологияға, пациенттің жағдайының ауырлығына байланысты, халықаралық қызмет ету классификациясының МКФ бойынша мультидисциплинарлық топтың қатысуымен жүзеге асырылады.

    3) третий этапнегізгі ауруды емдеу аяқталғаннан кейін, туа біткен аурулар кезінде МКФ критерийлерін бағалаудан кейін жүзеге асырылады. Бірінші және/немесе екінші кезеңдегі медициналық оңалтуды жалғастыруды талап етпейтін жағдайда, пациент Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес медициналық оңалтудың үшінші кезеңін алады.

    Үшінші кезеңдегі медициналық оңалту амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі стационарларда, тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда, оңалту орталықтарында, санаториялық-курорттық ұйымдарда, МСАК ұйымының медицина қызметкерлерінің жолдамасы бойынша үйдегі стационарларда жүргізіледі.

    4.КВИ-дан кейінгі ұсыныстар

    Егер адам коронавирустық пневмониямен ауырса, онда бұл науқасқа медициналық оңалту қажет. Көбінесе КВИ-дан кейінгі науқастар: тез шаршау, әлсіздікке, терлеу, құрғақ жөтелге, ентігуге шағымданады. Міндетті түрде дәрігерге көріну керек, сол кезде дәрігер өзінің ұсыныстарын береді.

    Ал жалпы, сіз уйде немесе жұмыс орнын желдетіп, ылғалды тазалау шараларын жасау. Дезинфекция шараларын сақтау, маска кию, қолды жуу, Толық теңгерімді тамақтану, дәрумендерді қабылдау керек, 8 сағаттық толық көлеміндегі ұйқы.

    5.қанша уақытта науқас бұрынғы қалпына келеді?

    Бұл әр науқаста жеке түрде болады. Науқасты созылмалы аурулары бар жоқтығына, кви-тің қандай ауырлығы болуына байланысты. адамның тек физикалық тұрғыдан ғана емес, бұл жүйке жүйесіне қатысты: депрессия, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, қорқыныш сезімі, көңіл-күйдің өзгеруі және тб шағымдары болады.Бұл функцияларды қалпына келтіру үшін біраз уақыт қажет.

    1. Коронавирустан жазылған соң қалай күтіну керек? Неден қашық болу керек

    Айтып қойғандай, дезинфекция шараларын сақтау, антисептик қолдану, қол жуу, маска кию, адам көп болған жерлерден алшықтау. Әр маусым сайын тұмауға қарсы екпе алу. Ең бастысы- вакцинация алу керек. Біздің емханамызда сіз ковидке қарсы вакцина ала аласыз, жұмыс күндері және демалыс күндері емхана жұмыс істейді, келіңіз, өзінізді және жақындарынызды сақтаныз.


    написать администратору сайта