Главная страница
Навигация по странице:

  • Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау

  • Жұмысшы ерітінділердегі гипохлорит кальцийдің қоюлық дәрежесі (%) Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажет компоненттердің мөлшері

  • 10 л-ге 1 л-ге Негізгі 5% ерітінді (л)

  • Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту

  • I КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру Мақсаты

  • IІ КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу

  • Жуушы ер і тіндінің құрамы

  • Азопирам байқауыныңнәтижесі

  • III КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру Мақсаты

  • Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу

  • ІІ. ЖАРАҚАТТАНҒАНДА, ҚАНМЕН ЖӘНЕ БАСҚА ДА БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҚТАРМЕН ЖАНАСҚАНДА МЕЙІРБИКЕНІҢ ӨЗ-ӨЗІНЕ ЖӘНЕ ӨЗАРА ЖӘРДЕМ (КӨМЕК) КӨРСЕТУІ

  • Науқастың биологиялық сұйықтығы арқылы таралатын, вирустік және бактериалдық жұқпаны жұқтыру қауіп-қатері жағдайындағы мейірбикенің жұмыс жасау ерекшеліктері

  • Крафт пакетіндегі таңғыш материал

  • олды леуметтік дегейде тазарту


    Скачать 101.65 Kb.
    Названиеолды леуметтік дегейде тазарту
    Дата13.03.2023
    Размер101.65 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаmetodichka.docx
    ТипДокументы
    #985415
    страница2 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    Ескерту:

    • ерітінді 30 минуттан кейін қолдануға дайын. Дұрыс сақталғанда 7-10 күн бойы пайдалануға жарамды. Ерітінді салқын, науқастынқолы жетпейтін қоңыр жерде саңылаусыз жабылған ыдыста сакталады;

    • негізгі гипохлорит кальций ерітіндісін даярлағанда құрғақ заттыңқұрамындағы белсенді хлордың пайызын есептеу қажет.


    Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау


    Жұмысшы ерітінділердегі гипохлорит кальцийдің қоюлық дәрежесі (%)

    Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажет компоненттердің мөлшері

    10 л-ге

    1 л-ге

    Негізгі 5% ерітінді (л)

    Судың мөлшері (л)

    Негізгі 5% ерітінді (мл)

    Судың мөлшері (мл)

    0,25

    0,5

    9,5

    50

    950

    0,5

    1

    9,0

    100

    900

    1

    2

    8,0

    200

    800

    1,5

    3

    7,0

    300

    700


    Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту

    кезеңдері

    (ҚР ДСМ № 87 бұйрығы 17.01.2012ж.)
    Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту – зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.

    Зарарсыздандыру патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан қүюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.

    Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан құюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсызсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.

    Залалсыздандыру алдында барлық бұйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізіледі.

    Залалсыздандыру – бұл әдіс залалсыздандырған материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдарға, диагностикалық аппаратуралардың жекелеген түрлеріне, медициналық құралдарға, пайдалану процесінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.

    Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:

    1 кезең – зарарсыздандыру,

    2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту,

    3 кезең – залалсыздандыру.
    I КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
    Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

    Дайындаңыз:

    • зарарсыздандыру ерітіндісін;

    • қақпақты 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді), белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес;

    • құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтықтардан жууға тағайындалған №1-ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;

    • медицинада тағайындалғанзаттарды зарарсыздандыруға арналған№2-ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;

    • бирканы (таңбаны);

    • арнайы киімді (халат, маска, қолғап);

    • пайдаланылған медицинада тағайындалған заттар;

    • лотоктар.


    Іс-әрекет алгоритмі:


    • арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;

    • 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;

    • ыдыстар мен қақпақта белгіленеді: заттың аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;

    1-ші ыдыста:

    • пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

    • медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;

    2-ші ыдыста:

    • медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

    • оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;

    • ыдысты қакпақпен жабыңыз;

    • зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;

    • зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалғанқұралдарды шығарыңыз;

    • № 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;

    • медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;

    • медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуыңыз;

    • қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

    • медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;


    IІ КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу
    Залалсыздандыру алдындағы тазарту орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.

    Мақсаты:органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медицинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүргізу.

    Дайындаңыз: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ерітіндісі бар ыдысты, сағатты, ершті немесе дәке тампондарын, лотоктарды тазартылған суы бар ыдысты, медицина тағайындаған құралдарды, жұмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышты, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты «Лотос», «Айна», 27,5% су тегі асқын тотығын.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.

    2. Жуушы ерітіндіні 20-250С ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.


    Жуушы ерітіндінің құрамы


    Компоненттің аттары

    Ерітіндіні даярла-уға арналған компоненттердің мөлшері

    Қолданылуы

    жуушы зат (Айна, лотос)
    ауыз суы (см3)

    5 грамм
    1 литр

    қолмен тазартқанда қолданылады

    сутегі асқын тотығы ерітіндісі 27,5%

    17 мл

    механикаландырылған және қолмен тазартқанда (сырғып ағу әдісімен, ерштеу үльтразвукті пайдалану)

    -жуушы зат (Айна, лотос)
    -ауыз суы (см3)

    5 грамм
    1 литр




    1. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз.

    2. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).

    3. Медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа салыңыз.

    4. Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз.

    5. Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтын сапасына бақылауды жүргізіңіз.

    6. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтін пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат).

    7. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).

    8. Медицинада тағайындалған құралдарды аққан реактивтің түсін бақылай отыра мақтаның немесе сүрткінің үстінен ұстаңыз.

    9. Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.


    Азопирам байқауыныңнәтижесі
    Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді:


    көк-күлгін түске

    егер де заттарда жасырынды қан қалса

    күрең-қоңыр түске

    егер де заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса

    қызғылт түске

    егер де заттарда жуушы зат қалдығы қалса


    Реакция оң болады, егер де боялу болса (1 минуттан кейін)

    Боялу, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп);

    Қанға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өндеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;

    Синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды суда шайқау кезеңінен бастап;

    Байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсі өзгермейді.

    1. Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз.

    2. Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы жуыңыз.

    3. Ыстық ауа шкафында t-850С ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.


    III КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
    Мақсаты: науқастарға аурухана ішілік және кәсіптік қызметкерлерге жұқпа жұқтырудың алдын-алу, медицинада тағайындалған құралдарда барлық микроорганизмдерді және оның ұрықтарын жою.

    Бұйымдардың материалына байланысты, залалсыздандырудың әдісі мен тәртібі таңдалады.


    1. Тордағы немесе ораудағы құрғақ бұйымдарды, тиеу нормасына сәйкес стерилизаторға орналастырыңыз.

    2. Залалсыздандыруға химиялық бақылауды жүргізіңіз. Залалсыздандыру индикаторын бу стерилизаторындағы нүктелерге конверт әдісімен, ауа стерилизаторында қабаттастырып 3 нүктеге орналастырыңыз.

    3. Залалсыздандырудың әрбір түрін сәйкесті режимде ұстаңыз.




    • автоклавта – t-1200С, +20С, 0,1 атм 15 минут;t-1320С, -20С, 2 атм 20 минут

    • ыстық ауа шкафында t-1600С, 150 минут, t-1800С 60 минут




    1. Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру біткеннен соң, оның индикаторын эталонына сәйкес тексеріңіз.

    2. Залалсыздандырылған бұйымдарды залалды зонаға түсіріңіз.

    3. Химиялық залалсыздандыруда медициналық бұйымдарды стерилиянттары бар ыдысқа орналастырып, қақпағын тығыз жабыңыз. Химиялық залалсыздандыру біткен соң бұйымдарды тазартылған сумен жуып, қолданады немесе асептикалық жағдайда кейін сақтау мақсатымен орауға ораңыз.

    4. Стерилизаторлардың жұмысын есептейтін журналды толтырыңыз.


    Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу
    Мақсаты: автоклавтазарарсыздандыру үшін салу және регламенттеу уақыты бойынша сақтау процесінде зарарсыздықты сақтау.

    Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін, «бикстерге арналған» таңбалы шүберекті 2 дана, шүберектерді, зарарсыздандыруға арналған ыдыстарды, қолғапты, дем пердесін, бикстің ішкі бетіне төсеуге арналған сүрткілерді(үлкен бөз матадан жасалған), дәкелік қаптардағы таңғыш материалдарды (сүрткілерді,турундаларды, мақта шариктерін және т.б.). Әрбір бикске 3 данадан зарарсыздық индикаторын, бөлімшесі (кабинеті) көрсетілген бирканы, бикстің ішіндегі заттарды, салу және зарарсыздандыру күнін және салуды жүргізуші, зарарсыздандыруға жауапты мейірбикелердің қолын қою үшін- бос колонканы, фильтрі бар немесе фильтрсіз әр түрлі көлемдік және мөлшерлік зарарсыздандырылған қораптарды.
    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

    2. Бикстің (қораптың) бүтіндігін тексеріңіз.

    3. Қолғапты, дем пердесін киіңіз.

    4. Бикстің ішін және сыртын тізбектілікппен 2 рет, әртүрлі шүберекпен зарарсыздандыру ерітіндісімен тазартыңыз.

    5. Шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    6. Қолғапты, дем пердесін шешіңіз.

    7. Қолыңызды жуып, құрғатып сүртіңіз.

    8. Бикстерге салу нормасымен және салу түрлеріне(түрлік, мақсаттық және универсалды) сәйкесті таңғыш материалды салуға дайындаңыз.

    9. Бикстің торын ашыңыз(фильтрсіз).

    10. Фильтрсіз бикстің түбіне және шеттеріне салфетканы төсеңіз, олбикстің 2/3биіктігінен салбырап тұруы қажет.

    11. Бикстің түбіне (бақылау нүктесіне) залалдық индикаторын орнатыңыз.

    12. Таңғыш материалды қабаттап салыңыз:

    • сектормен (шеңбердің бөлім арасы),

    • тік (қақпағына перпендикулярды),

    • бос қопсытып.

    1. Бикстің ортаңғы бөлігіне зарарсыздық индикаторын орналастырыңыз.

    2. Барлық салынған материалды бикстің шетінде салбырап тұрған сүрткі жабыңыз.

    3. Бикстің қақпағының астына зарарсыздық индикаторын салыңыз.

    4. Бикстің қақпағын кілттеп жабыңыз.

    5. Бикстің тұтқасына таңбаны байлаңыз.

    6. Салынған күнін және жауапты адамның қолын қойыңыз.

    ІІ. ЖАРАҚАТТАНҒАНДА, ҚАНМЕН ЖӘНЕ БАСҚА ДА

    БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҚТАРМЕН ЖАНАСҚАНДА

    МЕЙІРБИКЕНІҢ ӨЗ-ӨЗІНЕ ЖӘНЕ ӨЗАРА ЖӘРДЕМ

    (КӨМЕК) КӨРСЕТУІ

    Науқастың биологиялық сұйықтығы арқылы таралатын, вирустік және бактериалдық жұқпаны жұқтыру қауіп-қатері жағдайындағы мейірбикенің жұмыс жасау ерекшеліктері
    Манипуляцияны орындау уақытында, биологиялық сұйықтық байқаусызда мейірбике қолының терісіне, көздің және мұрынның сілемей қабығына, бет терісіне, еріндеріне және ауыз-жұтқыншақ сілемейлі қабығына түскенде, апаттық дәрі қобдишасын қолдануы қажет.
    АПАТТЫҚ ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ
    Апаттық жағдайда апаттық дәрі қобдишасы құрамына кіреді:




    Крафт пакетіндегі таңғыш материал

    Саны, мөлшері



    Крафт пакетіндегі көз тамызғыштары

    4 дана



    Аспадан ерітіндіні езуге арналған ыдыс

    3дана залалсыздандырылған



    Ундинка (көзді жууға арналған кішкене ыдыс)

    2дана залалсыздандырылған



    70% этил спирті

    100мл



    5% йод ерітіндісі

    10 мл



    0,05% калий перманганат ерітіндісі,

    10 мл



    1% протаргол ерітіндісі

    10 мл



    6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі

    100 мл



    саусаққа киетін резеңке

    2-3 дана



    Бактериацидті жабысқыш пластырь

    2-3 дана



    Қайшы

    1 дана



    Кейбір антисептикалық заттар аспамен сақталады және қолданар алдында даярланады, оған жататындар:

    13

    Протаргол

    0,1г-орау

    14

    калий перманганат

    0,005г-5 орау

    15

    Залалсыздандырылған дистилденген су 10 мл-ден

    6 ампула

    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта