олды леуметтік дегейде тазарту
Скачать 101.65 Kb.
|
І. Жұқпалық қауіпсіздік Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту Мақсаты: науқастармен немесе қоршаған орта объектілерімен жанасу нәтижесінде медициналық қызметкерлердің қол терісі ластанғанда, транзиторлы микрофлора мен ласты жою, науқас пен қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: тамақты үлестіру алдында, науқасты тамақтандырғанда; әжетханаға барғаннан кейін; науқасқа күтім жүргізер алдында және жүргізгеннен кейін, егер науқастың биологиялық сұйықтықтарымен қолдары ластанбағанда. Дайындаңыз: бір рет қолданылатын мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, секундтық тілі бар сағатты, қағаз сүлгілерді. Іс-әрекет алгоритмі: Саусақтардан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз. Су шүмегін ашып, судың температурасын (35-400С) реттеңіз. Ағынды судың астында қолыңызды білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд бойы сабындап жуыңыз, қолдың саусақтарына, саусақ аралық аймағына, көңіл бөліңіз, содан кейін әрбір қолдың сыртқы бетін және алақанның, үлкен саусақтардың негізін айналмалы қозғалыспен жуыңыз, егер де қол терісінің беті мұқият сабындалса және теріде лас аймақ қалдырылмасаосы уақыт қолды әлеуметтік деңгейде тазартуға жеткілікті. Сабынды көбікті кетіру үшін ағынды судың астында қолыңызды шайыңыз (қолыңыздың саусақтарын жоғары қаратып ұстаңыз, жуғышқа тигізбей су шынтақтан жуғышқа ағуы қажет, қолдың саусақтары өте таза болуы керек). Шүмекті жабыңыз. Қолыңызды қағаз сүлгімен кептіріңіз. қолды Гигиеналық деңгейде ТАЗАРТу Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында. Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, тері антисептигін, секундік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (350-400С) реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизм-дермен қолдың жанасуын қорғайды. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз: алақанды алақанмен; сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше; алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында; оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше; үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз; сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, он алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше. Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егер де шынтақтышүмек болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз. Ескерту: қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады; 3-5 мл антисептикалық затты құрғақ қолдарға жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше ысқылаңыз. Саусақ ұшын, тырнақ айналасындағы теріні, саусақ аралығын тазартуда айрықша көңіл бөліңіз. Науқасты тексергеннен кейін немесе емшара жүргізгеннен кейін қолғапты шешпей сабындапқолды 2 рет жуу қажет және оларды шешкеннен кейін қайталап жуады.Қолды тазартқаннан кейінсүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды – қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып тұруы керек; тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принципі сақталады; жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды. Қолды ТЕРІ антисептиГІМен тазарту Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқаспен медициналық қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: иньекция, катетерлеу алдында, операция жасар алдында, инвазивті емшараларды орындау алдында және орындағаннан кейін организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін. Қарсы көрсетілімдері: қолда және денеде іріңдердің, теріде сызаттан және жарақа ттың, тері ауруларының болуы. Іс-әрекет алгоритмі: Қолыңызға гигиеналық деңгейде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара). Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. 3-5 мл антисептикалық затты алақаныңызға жағыңыз және оны 30 секунд бойы теріге келесі ізбе-ізділікпен ысқылаңыз: алақанды алақанмен, сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанмен және керісінше, алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында, оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше, үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен, сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше, қол терісінде антисептиктің толық кебуін қамтамасыз етіңіз. Ескерту: антисептикті қолданар алдындаәдістемелік нұсқауын оқып білу қажет.Қолды зазарсыздандыру әсерлігі ұсынылған тазарту уақыты ішінде оларды ылғалды жағдайда ұстау орындауға тиісті шарт болып табылады. Залалсыздандырылған қолғапты кию Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді. Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді. Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді. Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медицина қызметкерінің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулерді және манипуляцияларды жасау кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық лабораторияларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде. Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, тері антисептикпен қолыңызды өңдеңіз. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз. Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз. Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз. Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес. Қолғапты шешу Іс-әрекет алгоритмі: Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз. Сол қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз. Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз. Оң қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұйымдардан өңделеді. Хлоры бар зарарсыздандыру заттардан жұмысшы ерітінділерді даярлау кестесі
Сұйық зарасыздандыру заттардан жұмысшы ертінділерді даярлау және есептеу кестесі
Сутегі асқын тотығының жұмысшы ертіндісін 0,5 % жуушы затымен 1л даярлау есебі
Хлорамин ерітіндісін даярлау Мақсаты: аурухана ішілік жұқпалы аурулардың алдын алу. Қолдану көрсетілімдері: санитарлы-эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес, бөлмені, жиһазды және күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолдану. Дайындаңыз: аспадағықұрғақ ұнтағын хлорамин, таңбаланған эмальды ыдысты қақпағымен, жылы суды, ағаш қалақшаны, резеңке қолғапты, масканы, алжапқышты. Іс-әрекет алгоритмі: Өзіңізге масканы, алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз. Ыдысқа азырақ мөлшерде суды құйыңыз. Ыдысқа аспадағы құрғақ хлорамин ұнтағын салыңыз (ерітіндідегі белсенді хлор қоюлық дәрежесіне сәйкес). Суды үстінен құйыңыз (жұмысшы ерітіндіні даярлауға қажетті). Ағаш қалақшамен ерітіндіні толық ергенге дейін араластырыңыз. Даярланған хлорамин ерітіндісі бар ыдысты қақпақпен жабыңыз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты таңбалаңыз және биркаға (таңба салатын клеенкаға) ерітіндінің қоюлық дәрежесін, атын, ерітіндіні даярлаған адамның аты-жөнін, даярлаған уақытын көрсетіңіз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа бирканы бекітіңіз. Дем масканы, алжапқышты, қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: Хлорамин ерітіндісін тұп-тура қолданар алдында даярлаңыз. Хлорамин ерітіндісі науқастардың қол жетпейтін, қараңғы, салқын жерде тәулік бойы саңылаусыз жабық ыдыста сақталуы керек. Зарарсыздандыру ерітінділерін даярлағанда қауіпсіздік техникасын сақтаңыз. Хлорамин ерітінділерін даярлау
5% гипохлорит кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау Мақсаты: аурахана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу. Қолдану көрсетілімдері: санитарлы эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолданылады. Дайындаңыз:0,5 кг гипохлорит кальцийді (құрғақ), 10 л эмальды ыдысты қақпағымен, 10 л суды, ағаш қалақшаны, қолғапты, алжапқышты, респираторды, халатты, белсенді хлор барлығын есептейтін кестені. Іс-әрекет алгоритмі: Өзіңізге қосымша халатты, алжапқышты, респираторды, резеңке қолғапты киіңіз. Ыдысқа 0,5 кг гипохлорит кальцийді салып, оны 10 л салқын сумен ерітіңіз (гипохлорит кальцийге аз мөлшерде су қосып, ағаш қалақшамен араластырып бір қалыпты қоюланған соң, қалған мөлшердегі суды 10 л көлеміне дейін қосыңыз), қақпағын жабыңыз. Ыдыстағы қоспаны 30 минуттай тұндырыңыз. Ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісін белгілеңіз, оныңқоюлық дәрежесін және ерітіндінің атынкөрсетіңіз, таңбаға даярланған күнін, ерітіндіні даярлаған сағатын, осы ерітіндіні даярлған адамның аты-тегін жазыңыз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа таңбаны бекітіңіз. |