Стандарт. стандарты по СД (копия). олдану крсетілімдері
Скачать 198.37 Kb.
|
Жұқпалық қауіпсі Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту Мақсаты: науқастармен және қоршаған орта объектілерімен жанасу нәтижесінде медицнналық қызметкерлердің қол терісі ластанғанда, транзиторлы микрофлора мен ласты жою, науқас пен қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: тамақты үлестіру алдында, науқасты тамақтандырғанда, әжетханаға барғаннан кейін, науқасқа күтім жүргізер алдында және жүргізгеннен кейін, егер науқастың биологиялық сұйықтықтарымен қолдары ластанбағанда. Дайындаңыз: бір рет қолданылатын мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, секундтық тілі бар сағатты, қағаз орамалдарды. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Саусақтардан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей- бүйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз. 2. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз. 3. Қағаз салфеткалары көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (35-40°С) реттеңіз, ал шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды. 4. Ағынды судың астында қолыңызды білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд бойы сабындап жуыңыз, қолдың саусақтарына, саусақ аралық аймағына, көңіл бөліңіз, содан кейін әрбір қолдың сыртқы бетін және алақанның, үлкен саусақтардың негізін айналмалы қозғалыспен жуыңыз (осы уақыт қолды әлеуметтік деңгейде тазартуға жеткілікті, егер қол терісінің беті мүқият сабындалса және теріде лас аймақ қалдырылмаса). 5. Сабынды көбікті кетіру үшін ағынды судың астында қолынызды шайыңыз (қолыңызды саусақтарымен жоғары қаратып ұстаңыз, жуғышқа тигізбей су шынтақтан жуғышқа ағуы қажет, қолдың саусақтары өте таза болуы керек). 6. Екінші қолды жууды осындай ізбе-ізділікпен қайталаңыз. 7. Шынтақ шүмекті шынтақ қимылымен жабыңыз. 8. Қолыңызды қағаз сүлгімен кептіріңіз. Егер шынтақ шүмегі болмаса, қағаз сүлгіні қолдана отырып, шүмекті жабыңыз. ГИГИЕНАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОЛДЫ ЖУУ Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық қызметкерлердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйыктықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында. Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сүйық сабынды, 70% этил спиртін, секундтік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзік, сағатты және тағы да басқа әшекей- бұйымдарды шешіңіз. 2. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз. 3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз. 4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын 35-40°С реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды. 5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз: - алақанды алақанмен; - сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше; - алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусактары арасында; оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша жэне керісінше; - үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз; - сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше. Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады. 6. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз. Қолыңызды шынтақ деңгейінен жоғары үстаңыз (осы қалыпта су таза зонадан ласқа қарай ағады). 7. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз. 8. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егерде шынтақ краны болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз. Ескерту: - қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады; қүрғақ қолдарға 3-5 мл антисептикалық затты жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше ысқылаңыз. Қолды тазартқаннан кейін сүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды - қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып түруы керек; - тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принңипі сақталады; - жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды. ҚОЛДЫ АНТИСЕПТИКПЕН ТАЗАРТУ Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқасқа және медициналық қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: иньекция, операция катетерлеу жасар алдында. Қарсы көрсетілімдері: қолда және денеде іріңдердің, теріде сызаттан және жарақа ттың, тері ауруларының болуы. Дайындаңыз: 70% этил спиртін және т.б. антисептиктерді залалсыздандырылған мақта шариктерін, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолыңызға гигиеналық деңгейде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара). 2. Қолыңызды спиртпен ылғалдандырылған мақта шариктерімен тазартыңыз: тырнақ ұясын, тырнақ жанындағы валикті айналмалы қозғалыспен, саусақтардың ішкі беттерін жоғарыдан төмен қарай қимылмен, сосын қолдың алақан бөлігін. 3. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН ҚОЛҒАПТЫ КИЮ Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. - Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді. - Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді. - Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді. Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медициналық қызметкерлердің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулер және манипуляциялар кезінде, клинико- диагностикалық, бактериологиялык зертханаларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде. Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, антисептикпен қолыңызды өңдеңіз. 2. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз. 3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек. 4. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз. 5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз. 6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек. 7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік үстаңыз. 8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз. 9. Сол қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бүзбай қолға қолғапты киіңіз. 10.Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз. Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бүзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес. ҚОЛҒАПТЫ ШЕШУ Іс-әрекет алгоритмі: 1. Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз. 2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз. 3. Сол қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз. 4. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз. 5. Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз. 6. Оң қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз. 7. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұымдардан өңделеді. ХЛОРАМИН ЕРІТІНДІСІН ДАЯРЛАУ Мақсаты: аурухана ішілік жұқпалы аурулардың алдын алу. Қолдану көрсетілімдері: санитарлы-эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес, бөлмені, жиһазды және күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолдану. Дайындаңыз: құрғақ ұнтақ хлораминді, таңбаланған эмальды ыдысты қақпағымен, жылы суды, ағаш қалақшаны, резеңке қолғапты, масканы, алжапқышты. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Өзіңізге масканы, алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз. 2. Ыдысқа азырақ мөлшерде суды құйыңыз. 3. Ыдысқа өлшенген құрғак хлорамин ұнтағын салыңыз (жүмысшы ерітіндідегі белсенді хлор қоюлық дәрежесіне сәйкес). 4. Суды үстінен құйыңыз (жүмысшы ерітіндіні даярлауға қажетті). 5. Ағаш қалақшамен ерітіндіні толық ергенге дейін араластырыңыз. 6. Даярланған хлорамин ерітіндісі бар ыдысты қақпақпен жабыңыз. 7. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты және бирканы (таңба салатын кленканы) таңбалаңыз, қоюлық дәрежесін, ерітіндінің атын, ерітіндіні даярлағанның аты жөнін, биркаға ерітіндінің даярлаған уақытын көрсетіңіз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыска бирканы бекітіңіз. 8. Дем пердесін, алжапқышты, қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: - Хлорамин ерітіндісін қолданар алдында даярлаңыз. - Хлорамин ерітіндісі науқастардың қол жетпейтін, қараңғы, салқын жерде тәулік бойы саңлаусыз жабық ыдыста сақталады. - Зарарсыздандыру ерітінділерін даярлағанда қауіпсіздік техникасын сақтаңыз. Хлорамнн ерітінділерін даярлау
5% ГИПОХЛОРИТ КАЛЬЦИЙ НЕГІЗГІ (маточный) ЕРІТІНДІСІН ДАЯРЛАУ Мақсаты: аурахана ішілік жұкпалы аурудың алдын алу. Қолдану көрсетілімдері: санитарлы эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес күтім заттарын, медицинада тағайындалған заттарды зарарсыздандыру үшін қолданылады. Дайындаңыз: 0,5 кг гипохлорит кальцийді (құрғақ), 10 л эмальды ыдысты қақпағымен, 10 л суды, ағаш қалақшаны, қолғапты, алжапқышты, респираторды, халатты, белсенді хлор барлығын есептейтін кестені. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Өзіңізге қосымша халатты, алжапқышты, респираторды, резеңке қолғапты киіңіз. 2. Ыдысқа 0,5 кг гипохлорит кальцийді салып, оны 10 л салқын сумен ерітіңіз (гипохлорит кальцийге аз мөлшерде су қосып, ағаш қалақшамен араластырып бір қалыпты қоюланған соң, қалған мөлшердегі суды 10 л көлеміне дейін қосыңыз), қақпағын жабыңыз. 3. Ыдыстағы қоспаны 30 минуттай тұндырыңыз. 4. Ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісін белгілеңіз, оның қоюлық дәрежесін және ерітіндінің атын көрсетіңіз, таңбаға даярланған күнін, ерітіндіні даярлаған сағатын, осы ерітіндіні даярлаған адамның аты-тегін жазыңыз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа таңбаны іліңіз. Ескерту: - ерітінді 30 минуттан кейін қолдануға дайын. Дұрыс сақталғанда 7-10 күн бойы пайдалануға жарамды. Ерітінді салқын, науқастың қолы жетпейтін қоңыр жерде саңылаусыз жабылған ыдыста сақталады; - негізгі гипохлорит кальций ерітіндісін даярлағанда құрғақ заттың қүрамындағы белсенді хлордың пайызын есептеу қажет. Гнпохлорит кальцийдің жүмысшы ерітінділерін даярлау
|