Главная страница
Навигация по странице:

  • Дайындаңыз

  • НАУҚАСТЫ АРҚАСЫМЕН ЖАТҚЫЗУ Мақсаты

  • НАУКАСТЫ ҚЫРЫМЕН ЖАТ Қ ЫЗУ Максаты

  • НАУҚАСТЫҢ ЖЕКЕ БАС ТАЗЫЛЫҒЫ НАУҚАСҚА ТӨСЕК-ОРЫН ДАЙЫНДАУ Мақсаты

  • ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ ТӨСЕК-ОРЫН ТЫСТАРЫН АУЫСТЫРУ

  • Мақсаты

  • ІШКІ КИІМДІ АУЫСТЫРУ Мақсаты

  • Асқынулары

  • ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ ШАШЫН КҮТУ Мақсаты

  • НАУҚАСТЫ ЫЛҒАЛДЫ СҮРТУ Мақсаты

  • ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ АЯҒЫН ТӨСЕГІНДЕ ЖУУ Мақсаты

  • Стандарт. стандарты по СД (копия). олдану крсетілімдері


    Скачать 198.37 Kb.
    Названиеолдану крсетілімдері
    АнкорСтандарт
    Дата25.06.2022
    Размер198.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файластандарты по СД (копия).docx
    ТипДокументы
    #614572
    страница3 из 19
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

    СЫРҚАТТЫ ІШІМЕН ЖАТҚЫЗУ

    Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.

    Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы

    науқас, ойылудын алдын алу.

    Дайындаңыз: функциональды кереуетті, 8 кішкентай жастықтарды,

    2 жастықты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқаспен сенімді қарым қатынас орнатыңыз.

    2. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

    3. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

    4. Кереуеттің (тормозын) тежеуін бекітіңіз.

    5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).

    6. Кереуетке колденең қалып беріп, науқастың басының астынан жастықты алып, оған көмек көрсетуге жолды камтамасыз етіңіз.

    7. Ішіне аудару жасалатын науқастың шынтақ буынынан жазылған қолын тұлғасының барлық ұзындығына паралельді (қатар) орнатыңыз және қысыңыз, сан астына қолыңыздың ұшын салып, науқасты оның қолы арқылы ішіне «аударыңыз». Егерде науқас денесінің бір жақ жартысында салдану (гемиплегия) болса, онда салданған қол арқылы ішіне аударуды жасаңыз (төсектегі науқасты аудару жеңілденеді).

    8. Науқастың денесін кереуеттің ортасына жылжытыңыз (науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету).

    9. Науқастың басын бір жақ қырына бұрып, оның астына аласа жастықты салыңыз (ол мойын омыртқаларының бүгілуі мен жазылуын азайтады). Салдануы бар науқастың басын дененің жансызданған жағына бұрыңыз.

    10.Кішкентай жастықты науқастың ішіне, диафрагма деңгейінен біраз төмендеу салыңыз (бел омытқаларының жазылуын және бел бүлшық еттерінің күшін азайту үшін), әйелдердің кеуде қысуын азайтады.

    11.Науқастың иығынан бүгілген қолдарын, жоғары көтеріңіз, оның қолдары науқастың басына орналасады (наукасқа жайлы қалып беру).

    12.Шынтақ астына, білекке және қол ұшына кішкене жастықтарды салыңыз.

    13.Табандардың астына жастықты салыңыз, аяқтың саусақтары матрастың үстінде болуы керек (аяқтың саусақтарын матрасқа қысуын азайтады, табанның салбырауын және оның сыртына бүрылуын алдын ала ескертеді).

    14.Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.

    15.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    НАУҚАСТЫ АРҚАСЫМЕН ЖАТҚЫЗУ
    Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.

    Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы

    науқас, ойылудың алдын алу.

    Даярлаңыз: функциональды кереуетті, 4 валикті, 2 кішкентай

    жастықтарды, қол ұшына арналған 2 валикті, аяққа арналған тіректі (құмы

    бар қапты).

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқаспен сенімді қарым қатынасты орнатыңыз.

    2. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

    4. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз.

    5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).

    6. Төсектегі науқасқа көлденең қалыпты беріңіз.

    7. Науқасты арқасымен жатқызыңыз.

    8. Науқастың бел аймағы астына кішкене бүктелген жаймалы валикті салыңыз (бел омыртқаларын ұстау үшін).

    9. Науқастың бас астына иықтың жоғарғы бөлігі астына кішкентай жастықтарды салыңыз (дененің жоғарғы бөлігін дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, мойын омыртқалары аймағының иілу контрактурасын алдын ала ескерту).

    10.Санның сыртқы бетіне, ұзын бойына сан сүйегінің ұршық аймағынан бастап валикті салыңыз (санның сыртқы бұрылуын алдын ала ескерту).

    11.Сирақтың төменгі үшінші бөлігі аймағына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге қысымды азайту үшін, оларды ойылудан сақтау үшін).

    12.Табанға 90° бұрышпен тіректі қойыңыз (сыртқы бүгілуді қамтамасыз ету және аяқтың салбырауын алдын ала ескерту).

    13.Науқастың қолын алақанмен төмен аударыңыз және оларды түлғасына паралельді орналастырыңыз, иық астына кішкентай жастықтарды салыңыз (иықтың артық бұрылуын азайту үшін, шынтақ буынының жазылуын алдын ала ескерту).

    14.Науқастың қолының үшы ішіне валикті салыңыз (саусақтардың жазылуын және бірінші саусақтың бүрылуын азайту үшін).

    15.Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.

    16.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    НАУКАСТЫ ҚЫРЫМЕН ЖАТҚЫЗУ

    Максаты: тесекте жайлы калып жасау.

    Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз калыптағы науқас,

    ойылудын алдын алу.

    Дайындаңыз: функциональды кереуетті, 3 жастықты, аяққа арналған

    тіреуді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқаспен сенімді қарым қатынасты орнатыңыз.

    2. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

    4. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз.

    5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).

    6. Кереуеттің бас жағын түсіріңіз.

    7. «Арқасымен жатқан» қалыптағы науқасты кереуеттің шеті жағына жақындатып жылжытыңыз.

    8. Науқасты оң жақ қырына бұрғанда сол аяғын бүгу, егерде сіз науқасты оң жақ қырына бұрғыңыз келсе, онда науқастын аяғын тізе буынынан, оң тізе астындағы ойысқа сол аяқты тығып жіберіңіз.

    9. Бір қолыңызды науқастың иығына қойыңыз, екіншісін санына, науқасты өзіңізге қарай бүрыңыз (буынның және ұлпалардың жарақатын азайту үшін).

    10. Тізеден бүгілген санға бір қолды, ал екіншісін - мейірбикеге қарама-карсы иығына «рычаг принңипін» қолдана отырып салыңыз, наукасты қырына бұрыңыз.

    11. Науқастың басының және мойынының астына жастықты салыңыз (мойынды қырына бүгілуін және төс-бұғана - емізікшелік бұлшық етінің кернеуін азайту үшін). Жауырынды алға жылжытыңыз (иық буынына дене салмағының әсер етуінен қорғау үшін).

    12. Науқастың екі қолына сәл бүгілген қалыпты беріңіз. Жоғарғы жатқан қолы, дене иық және бас деңгейінде жату қажет (иық буындарын қорғау және кеуде торысының қозғалысын жеңілдету, өкпе вентиляциясын жақсарту).

    13. Шынтақтан бүгілген келесі «төменгі» қолын басының қасындағы жастыққа салыңыз.

    14. Науқастың арқасы астына ұзындығы бойынша салынған жастықты салыңыз (науқасты қыр қалпында ұстау үшін).

    15.Науқастың жартылай бүгілген «жоғарғы» аяғы астына шат аймағынан аяғына дейін жастықты салыңыз (аяқтың түзулігін қамтамасыз ету, тізе және тобық буындары аяқ басы сүйектерінің шығынқы жері аймағының қысуын болдырмау, аяқтың жазылуын болдырмау).

    16.«Төменгі» аяқтың табанына құмы бар қапты орналастырыңыз (оның салбырауын алдын ала ескерту және аяқтың сыртқы бүгілісін қамтамасыз ету).

    17.Науқас ыңғайлы жатқанына көңіліңізді бөліңіз, науқастың дене қалпының дұрыстылығын тексеріңіз.

    18.Кереуетті түсіріп және порученді көтеріңіз (науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету).

    19.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    НАУҚАСТЫҢ ЖЕКЕ БАС ТАЗЫЛЫҒЫ

    НАУҚАСҚА ТӨСЕК-ОРЫН ДАЙЫНДАУ

    Мақсаты: төсекте жайлы жағдай жасау.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауруханаға түсуі.

    Дайындаңыз: функциональдық кереуетті, матрасты, матрас тысын,

    ақжайманы, жастық тыстарын, екі жастықты, жұмсақ қалың бәйке көрпені

    қаптама сейсебімен, кленканы, жаялықты.

    Іс-әрекег алгоритмі:

    1. Матрасты матрас тысына салыңыз.

    2. Кереуеттің торына тысқа салынған матрасты салыңыз.

    3. Зәрі тоқтамайтын науқастар үшін матрас тысының еніне сәйкестеп, кленканы жылжымайтындай етіп бекітіңіз.

    4. Матрастың үстіне ақжайма төсеңіз, ол жиырылып, қыртыстанып қалмауы үшін, ақжайманың шеттерін матрастың астына қайырып қойыңыз.

    5. Жастықтарға тысын кигізіңіз,оларды аздап көпсітіңіз, кереуеттің бас жағына қойыңыз.

    6. Астыңғы жастықты тіке қойыңыз, ал үстіңгісін сәл жоғарырақ, кереуеттің арқа сүйенішіне тіреліп тұратындай қылып қойыңыз.

    7. Көрпеге сейсебін кигізіңіз және оны мұқият түзетіңіз.

    ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ ТӨСЕК-ОРЫН ТЫСТАРЫН АУЫСТЫРУ

    (ұзынынан жасалатын әдіс)

    Науқастың төсек тәртібін сақтау жағдайларында егер оған төсекте

    аударылуға рұқсат етілсе, ұзынынан ауыстыру әдісі қолданылады.

    Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке басының гигиенасын сақтау,

    төсек жаралардың, төсек тыстарының кірлеуінің алдын алу.

    Дайындаңыз: таза ақжайманы, ластанған төсек орынды салатын

    кленка қапшықты, қолғапты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    3. Таза ақжайманы бүкіл ұзындығын бойлап ортасына дейін шиыршықтап бүктеңіз.

    4. Науқастың басын көтеріңкіреп, оның астынан жастықты алып тастаңыз.

    5. Акжайманың шеттерін матрастың астынан айнала шығарып алыңыз.

    6. Кереуеттің шетіне қарай абайлап науқасты жылжытып, оны бір қырына аударыңыз, осы қалыпта қалдырыңыз.

    7. Лас ақжайманың бос қалған бөлігін бүкіл ұзындығы бойынша науқасқа қарай шиыршықтаңыз (яғни төсек бойына).

    8. Ұзынынан бүктелген таза ақ жайманы төсектің босаған жеріне төсеңіз.

    9. Науқасты арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударыңыз, сөйтіп ол таза ақжайманың жарты бөлігінде болуы керек.

    10.Лас ақжайманы науқастың астынан жинап алыңыз, оның орнына таза ақжайманың екінші жартысын жайыңыз.

    11.Таза ақжайманы жазыңыз, ондағы қыртыстарды тегістеңіз.

    12.Ақжайманың шеттерін матрастың астына қайырыңыз.

    13.Науқастың басының астына жастықты қойыңыз және оны көрпемен жабыңыз.

    14.Лас ақжайманы тосек-орын тыстарына арналған кленкалы капқа салып, шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.

    15.Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;


    ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ ТӨСЕК-ОРЫН ТЫСТАРЫН АУЫСТЫРУ

    (көлденең әдіс) (екі мейірбикемен орындайды)

    Көлденең ауыстыру әдісі науқас ес-түссіз жатқан жағдайда немесе

    қатаң төсек тәртібінде болғанда қолданылады.

    Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

    Дайындаңыз: таза ақжайманы, ластанған төсек-орын тыстарын

    салатын кленка қапшықты, қолғапты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғаптарды киіңіз.

    3. Таза ақжайманы көлденеңінен шиыршықтап бүктеңіз (бинт тәрізді).

    4. Бір мейірбикенің алақандарын жоғары қаратып ұстап науқастың басы мен иықтарының астына қолын жіберіп, абайлап денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз, жастықтарды алып тастаңыз.

    5. Ластанған ақжайманы шыйыршықтап, кереуеттің бас жағынан бастап науқастың беліне дейін бүктеңіз, сонымен бір уақытта таза ақжайманы кереуеттің бос қалған жеріне төсеңіз.

    6. Таза ақжайманың үстіне жастықтарды қойып, оған науқастың басын түсіріңіз.

    7. Науқастың жамбасын, содан кейін аяқтарын көтеріңкіреп, ластанған ақжайманы жинап алыңыз да, орнына таза ақжайманы жазып жайып шығыңыз.

    8. Науқастың жамбасын және аяқтарын аяқ жақ бағытына карай түсіріңіз, ақжайманың шеттерін матрастың астына бүктеңіз. Науқастың үстін жабыңыз.

    9. Тыстарға арналған кленка қапқа ластанған ақжайманы салыңыз және оны шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.

    10.Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ІШКІ КИІМДІ АУЫСТЫРУ

    Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

    Қолдану көрсетілімдері: іш-киім, жейделердің ластануы, наукастың қатты терлеуі.

    Асқынулары: науқастың төсектен құлап кетуі, жалпы жағдайының нашарлауы, мейірбикенің қолымен терінің жарақаттануы және жұқпаны жұқтыруы.

    Дайындаңыз: таза іш киім жиынтығын, ластанған киімдерді салуға арналған кленка қапты.

    Іс- әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

    3. Өзіңіздің сол қолыңызды науқастың арқасының астына салыңыз.

    4. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз.

    5. Ластанған жейденің етек жағынан жинап, оны қолтық асты аймағына және желкесіне дейін шыйыршықтаңыз.

    6. Науқасты сүйемелдеп түрып ластанған жейдені басынан асырып шешіп алыңыз.

    7. Науқасты жастықтарға жатқызып, екі қолын жейденің жеңдерінен босатыңыз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда жейдені алдымен сау қолдан, содан кейін ауру қолдан шешіңіз).

    8. Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигізіңіз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда алдымен жарақаттанған қолға, содан кейін сау қолға кигізіңіз).

    9. Жейдені басынан өткізіңіз және оны бойымен жазыңыз.

    10.Науқасты жастықтарға жатқызыңыз, кеудесіндегі жейдені түзетіңіз.

    11.Ластанған жейдені кленка қапқа салыңыз.

    12.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
    Ескерту: Қатаң төсек тәртібінде жатқан науқасқа түймесіз кең жейде кигізіңіз. Кеуде торының алдын жауып алдымен абайлап бір қолына, содан кейін екінші қолына кигізіңіз. Оның төсектегі қалпын өзгертпей, кең жейденің бос қалған екі жағын науқастың кеуде торының екі жағы бөлімдерінің астына қайырып қояды.

    ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ ШАШЫН КҮТУ

    Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың енжарлық қалпы.

    Дайындаңыз: жылы суды (37-38°С), сабынды немесе сусабынды,

    шылапшынды, крушканы, тісі жиі тарақты, сүлгіні, 6% сірке су ерітіндісін,

    таза бас орамалды (мақта-матадан жасалған) кірлеген іш киімдерді салатын

    қапшықты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Халі ауыр науқастың басын төсегінде жуыңыз.

    2. Басына көтеріңкі қалып беріңіз, арнайы бастың астына қоятын құралды немесе матрасты валик тәрізді домалақтап, оны науқастың басының астына қарай қатты бұраңқырап қойыңыз, оның үстіне кленка төсеңіз.

    3. Науқастың басын мойын деңгейінде артқа қарай шалқайтыңыз.

    4. Керуеттің бас жағындағы орындықтың үстіне науқастың мойын денгейінде ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз.

    5. Науқастың басын сорғалып аққан сумен ылғалдаңыз, шашын сабындаңыз, бастың терісін мұқият түрде ысқылаңыз.

    6. Шашты бастың маңдай бөлігінен артқа қараған бағытта сабынмен немесе сусабынмен жуыңыз.

    7. Шашты сумен шайыңыз және оларды сүлгімен сығып құрғатыңыз.

    8. Шашты тісі жиі тарақпен күнделікті тараңыз. Қысқа шаштарды шаштың түбірінен үшына қарай , ал үзын шаштарды бұрымға бөліп алып, үшынан түбіріне қарай жайлымен тарайды. Оларды жұлмауға тырысыңыз.

    9. Басына таза мақта-матадан жасалған орамалды тағыңыз.

    10. Бас астындағы құралды орнына түсіріңіз, барлық күтім заттарын жинап алыңыз, матрасты түзетіңіз.

    11.Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандыратын ерітіндіге салыңыз.
    Ескерту:

    - халі ауыр науқастың басын (егер қарсы көрсетілімдері болмаса) аптасына 1 рет жуу керек;

    - осы емшараны жүргізу үшін өте ыңғайлы бастың астына қоятын арнайы құрал болып табылады, бірақ кереуеттің арқасы алмалы-салмалы болуы қажет, ол күрделі емшараны жеңілдетеді;

    - әйелдің шашын тісі жиі тарақпен күнделікті тарайды;

    - ерлердің шаштарын қысқартып алып тастайды;

    - 6% сіркесу ерітіндісімен суландырылған тісі жиі тарақ қайызғақты және шаңды өте жақсы тарайды.


    НАУҚАСТЫ ЫЛҒАЛДЫ СҮРТУ

    Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, тері тазалығын ұстау. Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі, қатаң төсек тәртіп кезінде.

    Дайындаңыз: кленканы, жаялықты, лотокты, шылапшынды, 1-35-37°С жылы суды, сүлгіні немесе салфетканы, ауыстыратын іш киімдерді және төсек-орын тыстарын, қолғаптарды, шүберектен тігілген биялайды, лас төсек-орын тыстарына арналған қапты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    3. Науқастың астына кленканы төсеңіз.

    4. Шылапшынға жылы су құйыңыз.

    5. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштаңыз.

    6. Салфетканы , сүлгінің жарты бөлігін немесе шүберек биялайды жылы сумен ылғалдаңыз, артық суды жеңіл ғана сығыңыз.

    7. Науқастың терісін келесі ізбе-ізділікпен сүртіңіз: бетін, иегін, қүлақтарының артын, мойнын, қолдарын, кеудесін, сүт бездерінің асты іркістерін және қолтық асты ойықтарын.

    8. Науқастың денесін сүлгінің құрғақ жағымен осындай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіп, ақжаймамен жабыңыз.

    9. Тура осындай ізбе-ізділікпен арқасын, ішін, сандарын, аяқтарын сүртіңіз. 10..Қолдың тырнақтарын алыңыз.

    11.Іш киім-кешектерін және төсек ақжаймаларын ауыстырыңыз (қажет болған жағдайда).

    12.Қолғаптарды шешіңіз.

    13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ АЯҒЫН ТӨСЕГІНДЕ ЖУУ

    Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайы.

    Дайындаңыз: кленканы, ішінде жылы суы бар шылапшынды,

    сабынды, жөкені, сүлгіні, қайшыны, қолғаптарды.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқаспен өзара жылы жүзді, сенімділік қарым- қатынасын орнатыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.

    3. Матрацтың аяқ жағын науқастың беліне дейін домалатып, дөңгелетіп ораңыз.

    4. Кленканы кереуеттің торына төсеңіз, оның үстіне ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз, науқастың бөкселері валиктің үстінде болуы керек.

    5. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін өтініңіз.

    6. Көрпесін қайырып тастап, науқастың аяқтарын шылапшынға түсіріңіз.

    7. Науқастың аяқтарын шылапшынның ішіндегі жеке бас жөке және сабын көмегімен жуыңыз, оларды таза сумен шайыңыз.

    8. Сүлгімен аяқтарын құрғатыңыз.

    9. Тырнақтарын алып тастаңыз.

    10.Егер терісі былжыраған немесе жарылған болса, кез-келген аяққа арналған жұмсартқыш сықпа маймен (креммен) өкшелерін майлаңыз.

    11.Жөке мен қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    12.Науқасты көрпесімен жауып қойыңыз.

    13.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


    написать администратору сайта