Главная страница
Навигация по странице:

  • Мақсаты

  • II кезең. Құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу Залалсыздандыру алдындағы тазалық орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.Мақсаты

  • Іс-әрекет алгоритмі: 1. Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.2. Жуушы ерітіндіні 20-25°С ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.ЖУУШЫ ЕРТІНДІНІҢ Қ Ұ РАМЫ

  • III кезең. Медицинада тағайындалған б ұ йымдарды залал с ыздандыру Мақсаты

  • ТАҢҒЫШ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ҚОРАБЫНА (БИКСКЕ) САЛУ Мақсаты

  • III. ҚАУІПСІЗ АУРУХАНАЛЫҚ ОРТА НАУҚАСТЫ ФАУЛЕР ҚАЛПЫНА ЖАТҚЫЗУ (жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)

  • Дайындаңыз

  • СИМС ҚАЛПЫНА НАУҚАСТЫ ЖАТҚЫЗУ (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай) Науқасты жатқызу екі мейірбикемен орындалады.Мақсаты

  • Қолдану көрсетілімдері

  • Іс-әрекет алгор и тмі

  • Стандарт. стандарты по СД (копия). олдану крсетілімдері


    Скачать 198.37 Kb.
    Названиеолдану крсетілімдері
    АнкорСтандарт
    Дата25.06.2022
    Размер198.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файластандарты по СД (копия).docx
    ТипДокументы
    #614572
    страница2 из 19
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

    МЕДИЦИНАДА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАРТУ

    КЕЗЕҢДЕРІ (ҚР ДСМ № 533 бұйрығы 23.07.2010ж.)

    Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту - зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.

    Зарарсыздандыру патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан құюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.

    Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан құюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсызсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.

    Залалсыздандыру алдында барлық бүйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындагы тазарту өткізіледі.

    Залалсыздандыру - бүл әдіс залалсыздандырған материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдар және бөлек диагностикалық аппаратуралар түрлері, медициналық қүралдар, пайдалану процессінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.

    Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:

    1 кезең - зарарсыздандыру,

    2 кезең - залалсыздандыру алдындағы тазарту,

    3 кезең - залалсыздандыру.

    I кезең. Медицинада тағайындалған буйымдарды зарарсыздандыру

    Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

    Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін: 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді) қақпағымен, белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес; №1-ыдыс зарарсыздандыру ертіндісімен құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтықтардан жууға тағайындалған; №2-ыдыс зарарсыздандыру ерітіндісімен медицинада заттарды зарарсыздандыруға тағайындалған; бирканы (таңбаны); арнайы

    киімді (халат, маска, қолғап); пайдаланған медицинада тағайындалған заттар; лотоктар.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    - арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;

    - 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;

    - ыдыстар мен қақпақ белгіленеді: заттың аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;

    1-ші ыдыста

    - пайдаланғаннан кейін медиңинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

    - медиңинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;

    2-ші ыдыста

    - медиңинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

    - оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;

    - ыдысты қакпақпен жабыңыз;

    - зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;

    - зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медиңинада тағайындалған құралдарды шығарыңыз;

    - № 2-ыдыстағы медиңинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;

    - медиңинада тағайындалған қүралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;

    - медиңинада тағайындалған қүралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуыңыз;

    - қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналғаң контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

    - медиңинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;

    II кезең. Құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу

    Залалсыздандыру алдындағы тазалық орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.

    Мақсаты: органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медиңинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүргізу.

    Дайындаңыз: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ерітіндісі бар ыдысты, сағатты, ершті немесе дәке тампондарын, лотоктарды тазартылған суы бар ыдысты, медиңинада тағайындалған қүралдарды, жүмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышты, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты «Лотос», «Айна», 27,5% сутегі асқын тотығын.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.

    2. Жуушы ерітіндіні 20-25°С ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.
    ЖУУШЫ ЕРТІНДІНІҢ ҚҰРАМЫ

    компоненттің аттары

    ертіндіні даярлауға арналған компоненттердің мөлшері

    қолданылуы

    - жуушы зат (Айна, лотос)

    5 гр

    қолмен тазартқанда қолданылады

    - ауыз суы (см3)

    1 л

    - сутегі асқын тотығы ерітіндісі 27,5%

    17 мл

    механикаланды-рылған және қолмен тазартқанда (сырғып ағу әдісімен, ерштеу үльтразвукті пайдалану)

    -жуушы зат (Айна, лотос)

    5 гр

    - ауыз суы (см )

    1 л

    3. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз.

    4. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).

    5. Медиңинада тағайындалған құралдарды лотокқа салыңыз.

    6. Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз.

    7. Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтын сапасына бақылауды жүргізіңіз.

    8. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтін пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат).

    9. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медиңинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).

    10.Медицинада тағайындалған құралдарды мақтаның немесе сүрткінін үстінен ұстаңыз, аққан реактивтің түсін бақылай отыра.

    11.Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.
    АЗОПИРАМ БАЙҚАУЫ

    Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді

    көк-күлгін түске

    егерде заттарда жасырынды қан қалса

    күрең-қоңыр түске

    егерде заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса

    қызғылт түске

    егерде заттарда жуушы зат қалдығы қалсы


    Реакция оң болады, егерде бояну болса (1 минуттан кейін)

    - бояну, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп);

    - қанға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өндеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;

    - синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды суда шайқау кезеңінен бастап;

    - байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсі өзгермейді.

    12.Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз.

    13.Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы жуыңыз.

    М.Ыстық ауа шкафында 1-85°С ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.

    III кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру

    Мақсаты: науқастарға аурухана ішілік және кәсіптік қызметкерлерге

    жұқпа жұқтырудың алдын-алу, медицинада тағайындалған құралдарда барлық

    микроорганизмдерді және оның ұрықтарын жою.

    Бүйымдардың материалына байланысты, залалсыздандырудың әдісі

    мен тәртібі таңдалады.

    1. Тордағы немесе ораудағы құрғақ бұйымдарды, тиеу нормасына сәйкес стерилизаторға орналастырыңыз.

    2. Залалсыздандыруға химиялық бақылауды жүргізіңіз. Залалсыздандыру индикаторын бу стерилизаторындағы нүктелерге конверт әдісімен, ауа стерилизаторында қабаттастырып 3 нүктеге орналастырыңыз.

    3. Залалсыздандырудың әрбір түрін сәйкесті режимде ұстаңыз.

    Автоклавта - 1-120°С, +2°С, 0,1 атм 15 минут; М32°С, -2°С, 2 атм 20 минут Ыстық ауа шкафында 1-1601)С, 150 минут, і- 180°С 60 минут

    4. Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру біткеннен соң, оның индикаторын эталонына сәйкес тексеріңіз.

    5. Залалсыздандырылған бүйымдарды залалды зонаға түсіріңіз.

    6. Химиялық залалсыздандыруда медициналық бұйымдарды стерилиянттары бар ыдысқа орналастырып, қақпағын тығыз жабыңыз. Химиялық залалсыздандыру біткен соң бұйымдарды тазартылған сумен жуып, қолданады немесе асептикалық жағдайда кейін сақтауға орауға ораңыз.

    7. Стерилизаторлардың жүмысын есептейтін журналды толтырыңыз.
    ТАҢҒЫШ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ҚОРАБЫНА

    (БИКСКЕ) САЛУ

    Мақсаты: автоклавта залалсыздандыру үшін салу және регламенттеу уақыты бойынша сақтау процесінде залалдықты сақтау.

    Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін, «бикстерге арналган» таңбалы шүберекті 2 дана, шүберектерді, зарарсыздандыруға арналған ыдыстарды, қолғапты, дем пердесін, бикстің ішкі бетіне төсеуге арналган салфетканы (үлкен бязден жасалған), дәкелік қаптардағы таңғыш материалдарды (сүрткілерді турундаларды, мақта шариктерін және т.б.). Әрбір бикске 3 данадан залалдық индикаторын, бөлімшесі (кабинеті) көрсетілген бирканы, бикстің ішіндегі заттарды, салу және залалсыздандыру күнін және бос колонканы мейірбикелердің қолын қою үшін, салуды жүргізуші және залалсыздандыруға жауапты, фильтрі бар немесе фильтрсіз залалсыздандыратын қораптарды әртүрлі ыдыстар мен түрлерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

    2. Бикстің (қораптың) бүтіндігін тексеріңіз.

    3. Қолғапты, дем пердесін киіңіз.

    4. Бикстің ішін және сыртын тізбектілікпен 2 рет, әртүрлі шүберекпен зарарсыздандыру ерітіндісімен тазартыңыз.

    5. Шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    6. Қолғапты, дем пердесін шешіңіз.

    7. Қолыңызды жуып, құрғатып сүртіңіз.

    8. Бикстерге салу нормасымен және салу түрлеріне (түрлік, мақсаттық және универсалды) сәйкесті таңғыш материалды салуға дайындаңыз.

    9. Бикстің торын ашыңыз (фильтрсіз).

    10.Фильтрсіз бикстің түбіне және шеттеріне салфетканы төсеңіз, ол бикстің 2/3 биіктігінен салбырап түруы қажет.

    11.Бикстің түбіне (бақылау нүктесіне) залалдық индикаторын орнатыңыз.

    12.Таңғыш материалды қабаттап салыңыз:

    - сектормен (шеңбердін бөлім арасы),

    - тік (қақпагына перпендикулярды),

    - бос қопсытып.

    13.Бикстің ортаңғы бөлігіне залалды индикаторды орналастырыңыз. Барлық салынған материалды бикстің шетінде салбырап тұрған

    салфеткамен жабыңыз.

    15.Бикстің қақпағының астына залалды индикаторды салыңыз.

    16.Бикстің қақпағын кілттеп жабыңыз.

    17.Бикстің тұтқасына таңбаны байлаңыз.

    18.Салынған күнін және жауапты адамның қолын қойыңыз.

    III. ҚАУІПСІЗ АУРУХАНАЛЫҚ ОРТА

    НАУҚАСТЫ ФАУЛЕР ҚАЛПЫНА ЖАТҚЫЗУ (жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)

    Науқасты жатқызу бір мейірбикемен орындалады.

    Мақсаты: төсектегі науқасқа жайлы қалыпты жасау.

    Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.

    Дайындаңыз: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Науқасқа психологиялық жайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз (палатаға бөтен адамдарды кіргізбеңіз).

    3. Науқастың жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз (егерде ол болса).

    4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

    5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы поручендерді түсіріңіз (егерде ол болса).

    6. Кереуетті көлденең жағдайға келтіріп, науқасты кереуеттің бас жағына қарай жылжытыңыз.

    7. Науқас кереуеттің ортасында арқасымен жатқанына көзіңізді жеткізіңіз, жастықты алыңыз.

    8. Науқастың бас жағын 45-60° бұрышпен көтеріңіз (90° - жоғарғы Фаулер қалпы, 30° - төменгі Фаулер қалпы), немесе 3 жастықты салыңыз: кереуеттегі тік отырған адам Фаулер қалпында болады (жоғарлату қалпы өкпедегі ауа алмасуды жақсартады және науқастың қарым қатынасына ыңғайлы жағдай жасайды).

    9. Білек пен қол ұшы астына жастықты салыңыз (егерде науқас ерікті қолын қозғалта алмаса). Білек пен қолдың білезік буын тұсы көтеріңкі және алақандары төмен қаратып орналасқан болуы қажет (төмен қаратып бағытталған қол ауыр қолдың әсерінен болатын иық буынының шығуын алдын алу ескерту, қол мен қол ұшының көк тамырындағы тоқталысты азайту үшін және бүгілетін бүлшық еттердің контрактурасын алдын-ала ескерту). Кереует үстіндегі үстелге жансызданған қолы үшін тірекпен қамтамасыз етіңіз, науқастың қолын тұлғасынан ысырып қойып, шынтақ астына жастықты қойыңыз. Қол ұшын аздап қана жазылдырып, қолдың астына жартылай кесілген резеңке допты салыңыз.

    ІО.Науқастың белінің астына жастықты салыңыз (бел омыртқаларының бүгілісін азайту үшін және бел омыртқасын ұстауға).

    П.Науқастың санының астына кішкентай көпшікті немесе валикті салыңыз (дене салмағы әсерінен болатын тізе буыны астындағы күре тамырдын қысылуын және тізе буының қатты жазылуын алдын ала ескерту).

    12.Науқастың сирағының төменгі бөлігіне бірнеше қабаттап салынған көрпені (валикті) немесе кішкене жастықты салыңыз (өкшені матраспен үзақ қыспауын алдын ала ескерту).

    13.Өкше астына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге матрастың ұзақ қысуын алдын ала ескерту).

    14.Аяқ басын ұстау үшін 90°бұрышпен тіректі қойыңыз (егерде қажет болса). Аяқ басының сыртқы бүгілісін ұстау үшін тірек койылады, олардың «салбырауын» алдын ала ескерту. Егерде науқаста гемиплегия (дененің бір жақ жартысының салдануы) бар болса, онда оның табанын жүмсақ көпшікпен тіреу қажет. Қатты тірек бұндай науқастардың бүлшық ет күш қуатын көбейтеді.

    15.Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Қырындағы порученді көтеріңіз.

    16.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
    СИМС ҚАЛПЫНА НАУҚАСТЫ ЖАТҚЫЗУ (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)

    Науқасты жатқызу екі мейірбикемен орындалады.

    Мақсаты: төсекте жайлы қалып жасау.

    Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз науқас

    қалпы, ойылудын алдын алуы.

    Дайындаңыз: 3 жастықты, валикті, аяққа арналған тіреуді (құмы бар

    қап), функциональды немесе жәй кереуетті.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    3. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

    4. Кереуеттің тежеуін (тормызын) бекітіңіз.

    5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).

    6. Кереуеттің бас жағына көлденең қалыпты беріңіз.

    7. Науқасты арқасымен жатқызып кереуеттің шетіне жылжытыңыз.

    8. Қырына және жартылай ішіне жату қалпына науқасты ауыстырыңыз.

    9. Науқастың басының астына жастықты салыңыз (мойынның қырына иілуін алдын ала ескертеді).

    10.Шынтақ және иық буынынан 90° бұрышпен бүгілген «жоғарғы» қолы астына жастықты салыңыз, «төменгі» қолды бүктірмей төсекке салыңыз (науқастың дене биомеханикасын дұрыс сақтау. Науқастың денесін түзету және иықтың ішіне қарай бұрылуын болдырмау).

    11.«Жоғарғы» бүгілген аяқ астына жастықты салыңыз, «төменгі» сирақ санның төменгі үшінші бөлігі деңгейінде болуы керек (тізе буындары және тобық аймақтарындағы ойылудың алдын алу, санның ішке қарай бұрылуын және аяқтың созылуын алдын ала ескерту).

    12.Табанға арналған тіреуді (құмы бар қапты) аяқтың табанына 90° бұрышпен қойыңыз (яқтың сыртқы бүгілуін дұрыс қамтамасыз ету жэне олардың салбырауын алдын ала ескерту).

    13.Науқастың денесінің түзелуін тексеріңіз.

    14. Науқастың ыңғайлы жатуына көзіңізді жеткізіңіз. Ақ жайманы түзетіңіз.

    15.Поручендерді көтеріңіз.

    16.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


    написать администратору сайта