Книга профилактика. І тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу
Скачать 3.31 Mb.
|
І тарау. Медицинаның аймағы ретінде стоматологиялық ауруларды алдын-алу Медициналық алдын-алу (грек сөзінен prophylaktikos – сақтандыратын) - адам денсаулығын қорғауға, нығайтуға және нашарлауын болдыртпауға бағытталған шаралар жиынтығы. Денсаулық – ағзаның біртұтас көп өлшемді жағдайы және адамға физиологиялық негізделген өмір ұзақтығын, өз ағзасының жағдайымен жеткілікті қанағаттануын және тиімді әлеуметтік қызметін қамтамасыз ететін адамның тіршілік әрекетінің түрі. Адам денсаулығының деңгейі үш құрамы бойынша бағаланады:
Осы жалпы медициналық анықтамалар стоматологияға да жатады, өйткені ол мүшелер мен тіндердің даму, резистенттілігі және патологиясы сұрақтарымен шұғылданады, олардың жағдайы адам өмірінің сапасына, кей жағдайда – адам өмірінің ұзақтығына әсер етеді. Стоматологиялық патология ағзада белгілі ауру өзгерістерінің әр түрлілігін қосады және медицинада тек бір белгі бойынша – топографиясы, яғни бас пен мойын аймағындағы проблемалардың айқын орналасуы бойынша (ЛОР-мүшелері, көру және бас миы мүшелерінің патологиясын қоспағанда) ерекшеленеді. Даму ақаулары арасында стоматологиялық тәжірибеде ең жиі болып табылады:
Ең белгілі стоматологиялық аурулардың инфекциялық табиғаты бар:
Ракалды (лейкоплакия және еріннің созылмалы жарылуы тұрғындардың 0,1-11% кездеседі) және адамның онкологиялық патологиясының 20%-ын құрайтын бас пен мойынның қатерлі ісіктері сияқты қауіпті жағдайлар ерекше назарды талап етеді. Жақ-бет аймағының жарақаты – тістер мен жақтар сынықтарының таралған себебі; жарақат 6 жастағы балалардың 16-40%-ында және жасөспірімдердің 4-33%-ында тіркеледі. Стоматологиялық денсаулық адам белсенділігін және өмірінің сапасын төмендететін, жалпы денсаулық үшін физикалық және психологиялық қауіп-қатер тудыратын бас пен мойын аймағындағы туа пайда болған ақаулардан, жедел және созылмалы ауырсынудан, рактан және басқа проблемалардан бостандық деп жорамалданады. Тұрғындар арасында негізгі стоматологиялық аурулардың жоғары таралуын ескере отырып, стоматологиялық сау адам болып табылады:
Алдын-алудың мақсаты адамдағы денсаулық деңгейін сақтау болып табылады. Бұл бастапқы деңгей қандай болуына байланысты, алдын-алу шартты түрде үш сатыға ажыратылады:
Дәстүрлі медицина екіншілік және үшіншілік алдын-алуға, яғни ауруды анықтау мен емдеуге қатысты сұрақтармен айналысты. Ауру науқасты емдегенше аурудың пайда болуын алдын-алу жеңіл деген пікір Гиппократ пен Авиценна заманынан бері белгілі. Дегенмен біріншілік алдын-алудың мақсаттары мен міндеттерін табысты жүзеге асыру тек ХІХ-ХХ ғғ. мүмкін болды. Медициналық алдын-алудың ғылыми негізі қандай да бір аурудың дамуының қауіп-қатер факторларын, сонымен қатар зақымдалудан табиғи және ятрогенді (ұсынылған және/немесе дәрігермен ұйымдастырылған) қорғанышын қамтамасыз ететін факторларды білу болып табылады. Аурудың себебіне әсер ететін этиотропты алдын-алу оның пайда болуын 70-100% жағдайда алдын-алады; патология дамуының бөлек механизмдеріне әсер ететін патогенетикалық алдын-алу 40-50% жағдайда тиімді. Стоматологиялық ауруларды алдын-алу үшін этиотропты және патогенетикалық шараларды өңдеу медицинаның әр түрлі аймақтарынан білімнің тартылуын талап етеді: эмбриология, гистология, фармакология, микробиология, вирусология, иммунология, гигиена, эпидемиология және т.б. Тәжірибелік алдын-алу жұмысының бағыттары мен әдістері жиналған білімдерге сәйкес қалыптасады. Адамның стоматологиялық денсаулығы бірқатар сыртқы факторлар әсерінен қалыптасады: экономикалық жағдай, әлеуметтік статус, өмірлік сфераның экологиясы және т.б. Ауыз қуысында патология дамуының қауіп-қатер факторларының екінші тобы адамның соматикалық жағдайымен байланысты. Біріншілік алдын-алудың үшінші бағыты – ауыз қуысына әсер ететін биологиялық факторлармен жұмыс: тіс жұғындылары, эмальдың сапасы, жақ-бет аймағының бұлшықеттік жиынтығы жұмысының функциональды ерекшеліктері және т.б. Стоматологиялық ауруға әсер ететін жалпы және жергілікті факторлардың 50%-ы адамның өмір салтымен байланысты, сондықтан алдын-алу жұмысының әдістері ішінде түсіндірмелі, ағарту жұмысы маңызды орын алады. Әр түрлі факторлардың мұндай кең шеңберіне әсер ететін әдістерді тәжірибелік жүзеге асыру үшін мықты әлеуметтік-экономикалық механизмдерді, айқын материальды және адамдық ресурстарды қолдану қажет, сондықтан ауруларды алдын-алу мемлекеттік, әлеуметтік, гигиеналық және медициналық шаралар жүйесі болып табылады. Тиімді алдын-алу жұмысы үшін қарапайым ұйымдастырушы сұрақтарды шешу қажет: кімге (адресат), қандай себеппен (аурушаңдық пен қауіп-қатер деңгейі), не үшін (жағдайдың өзгеруі бойынша мақсаттар), қалайша (нақты әдістер, заттар және техникалық жағдайлар), кіммен (орындаушы) және жұмыс кімнің есебінен (қаржыландыру көздері) орындалады. Бөлек адам үшін қандай да бір стоматологиялық аурулардың өзектілігінің деңгейі (яғни, нақты алдын-алу көмегіне қажеттілігі) клиникалық тексеру нәтижелері бойынша, топтар мен популяциялар үшін – эпидемиологиялық мәліметтер негізінде анықталады. Мақсаттары мен әдістерді таңдау бағдарлама қатысушыларының нақты мүмкіншіліктерімен, сонымен қатар қажеттіліктерімен анықталады. Стоматологиялық алдын-алудың мақсаттары келесі категорияларда қалыптастырылады: тістесу және периодонт патологиясынан, тіс жегісінен толық босатылған адамдар санын көбейту, сонымен қатар қазіргі кезде стоматологиялық денсаулығын толық қорғауға келмейтін адамдарда патологияның ауырлық дәрежесін төмендету (тіс жегісімен зақымдалған тістердің және периодонттың патологиялық өзгерген аймақтарының орташа санын азайту). Алдын-алу бағдарламасының орындаушылары арасында міндеттердің нақты бөлінуі және қаржыландыру әр елде денсаулық сақтаудың саясатына сәйкес ұйымдастырылады. Денсаулық сақтаудың жеке, сақтандырушы, мемлекеттік жүйелерін, сонымен қатар барлық үш нұсқалардың әр түрлі элементтерін қосатын жүйелерін ажыратады. Көп жағдайда стоматологиялық ауруларды алдын-алу мемлекет қаражаты тарапынан қаржыландырылады. Белгілі бір алдын-алу қызметтері басқармаға, гигиеналық және техникалық қызметтерге, аумақтың сауда жүйесіне жүктеледі. Тұрғындармен тікелей алдын-алу жұмыстарын стоматологтар (олар инициаторлар, ұйымдастырушылар және ең кем дегенде орындаушылар ролін атқарады), олардың ассистенттері және медициналық медбикелер, балалар емханасының және білім алатын мекемелердің педиатрлары мен медбикелері, педагогтар, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері, олардың санитарлы қоғамдық мүшесі. Алдын-алу шараларының көп бөлігі қарапайым тұрмыс жағдайында өз бетімен орындауға әрбір ересек адамға қол жетерлік, яғни өзіне көмек жасау сипаты бар. Алдын-алу көмегін кім жүзеге асырады немесе алатынына байланысты алдын-алудың бірнеше ұйымдастырушы түрлерін ажыратады. Отандық стоматологияда шараларды көмектің адресаты кім екендігіне сәйкес бөлу көрсетілген:
Шетелдік медицинада алдын-алу шараларын олардың орындаушыларына сәйкес бөлу көрсетілген:
Соңғы 50 жыл ішінде бірқатар өнеркәсіпті елдерде тұрғындардың стоматологиялық денсаулығы жақсарды, оны коммунальды алдын-алу бағдарламаларының белсенді өткізілуімен байланыстырады. Негізгі өзгерістері тіс жегісінің аурушаңдығының айқын төмендеуімен байланысты. Дегенмен әр түрлі стоматологиялық патологиямен байланысты проблемалар планета тұрғындарының көп бөлігі үшін өзінің өзектілігін сақтайды, әсіресе дамып келе жатқан, сонымен қатар дамыған елдерде әлеуметтік-экономикалық статусы жоғары емес адамдар үшін маңызды. Бұл стоматологиялық медициналық ғылым мен тәжірибенің бағыты ретінде біріншілік алдын-алудың дамуы мен жүзеге асуының өмірлік қажеттілігін және жоғары мақсатқа сәйкестілігін дәлелдейді. Халықаралық стоматологиялық федерация FDI мен зерттеуші-стоматологтардың халықаралық ассоциациясы IADR ДДҰ қолдауымен 2003 ж. оральды денсаулықты 2020 жылға жақсартудың глобальды мақсаттарын қалыптастырды: Жалпы мақсаттары:
Жалпы міндеттері:
3) тәжірибелік сынақты талдап қорытуға негізделген стоматологиялық көмек көрсету жүйелеріне бағдарламалар енгізу; 4) жалпы қауіп-қатер факторларын жою негізінде стоматологиялық аурулардың алдын-алуының экономикалық қолайлы тиімді жүйелерді тәжірибеге енгізу және өңдеу; 5) жалпы денсаулыққа әсер ететін басқа секторлармен стоматологиялық денсаулықтың жетістіктерінің бағдарламаларын интегралдау; 6) жалпы денсаулықты жақсарту үшін стоматологиялық денсаулықтың бағдарламаларын өңдеу; 7) динамикада және ақырғы нәтижелері бойынша тұрғындардың стоматологиялық денсаулық деңгейін бақылау әдістерін және жүйелерін күшейту; 8) стоматологиялық қызметкердің тәжірибелік жұмысында әлеуметтік жауапкершілік пен этикалық тепе-теңдігін қамтамасыз ету. Нақты міндеттері (европа аумағы үшін бөлек аурулар бойынша өлшенетін мақсаттар): 1) адамның өміріне оральды ауырсынудың әсерін төмендету: ауырсыну жағдайларының санын, ауырсынудан жіберілген жұмысшы/оқу күндерінің санын, тағам қабылдауда қиындықтарды төмендету және әлеуметтік белсенділікті төмендету; 2) ЖБА-ның функциональды бұзылыстарымен ауыратын – тістердің жартылай және толық жоғалуын қоса, туа пайда болған және жүре біткен жақ-бет ақауларымен байланысты сөйлеу және жұтыну, шайнау кезінде қиындықтары бар адамдардың санын төмендету; 3) стоматологиялық көмек көрсету жағдайында инфекциялық аурулардың берілуінің қауіп-қатерін төмендетуде және анықтауда кәсіби компетентті медициналық қызметкердің санын көбейту; 4) бас пен мойынның рак жағдайлары санын төмендету: темекі, ішімдік қолдануға, тамақтануды жақсартуға ерекше көңіл аудара отырып, қауіп-қатер факторларына тұрғындардың шалдығыштық деңгейін төмендету; екіншілк және үшіншілік алдын-алу деңгейін жоғарылату; <...> 7) ЖБА жарақаттарының біріншілік, екіншілік және үшіншілік алдын-алуын жақсарту; 8) темекі, ішімдік қолдануға, тератогенді агенттерге, тамақтануды жақсартуға ерекше көңіл аудара отырып, ЖБА даму ақауларының қауіп-қатер факторларына шалдығатын тұрғындардың санын азайту; <...> 9) тіс жегісімен аурушаңдықты төмендету: жоғары қауіп-қатері бар балалар топтарына көңіл аудара отырып 6-жастағы балалардың 80%-ында уақытша тістердің тіс жегісінің болмауы, 12 жастағы балаларда тіс жегісімен зақымдалған тұрақты тістердің орташа мөлшері 1,5-тен аспауы, 15 жастағы балаларда – 2,3. 10) тістердің қалыптасу бұзылыстары жағдайларының санын төмендету: тағамда, суда фторидтің құрамына және фторидтерді дұрыс емес тағайындауына, инфекциялық факторларға және дәрілерді дұрыс емес тағайындауына ерекше көңіл аудару; <...> 11) жас, ересек және қарт адамдарда периодонттың денсаулығын жақсарту: темекі тартуға, ауыз қуысының нашар гигиенасына, күйзеліске және қосалқы ауруларына көңіл аудара отырып, 12 жастағы балаларда сау периодонты бар тіс қатарлар (секстанттар) аймағының орташа санын – 5,5-ке дейін көбейту, 15 жастағы балаларда – 5,0-ке дейін, 18-жастағы балаларда – 4,0-ке дейін, 35-44 жастағы адамдарда – 2-ге дейін, қарт адамдарда – 0,5-ке дейін; нашар гигиена, күйзеліс және иммуносупрессия сияқты қауіп-қатер факторларына тұрғындардың шалдығыштығын төмендету жолымен периодонт патологиясының агрессивті және некроздалған түрлерінің санын төмендету; <...> 14) тістерді жоғалту жағдайларының санын төмендету: жасөспірімдерде барлық тістерді және толық тіссіз≤1% үлесі кезінде 35-44 жастағы адамдарда 20 қызмет ететін тістерді сақтау, қарт адамдардың ≥90%-ында табиғи тістерді сақтау және бұл жастағы адамдардың 90%-ын функциональды толық табиғи немесе қалпына келтірілген тістесуді қамтамасыз ету. Оральды денсаулықтың глобальды мақсаттарына жету патологияның этиологиясы мен патогенезін терең түсінуге негізделген стоматолог-дәрігерлердің жоғары алдын-алу белсенділігі жағдайында, превентивті әсер етудің фундаментальды негіздеріне ие болу және бүкіл кәсіби өмірі мерзімінде жалғасатын стоматологиялық алдын-алудың стратегиясы мен тактикасы туралы білімді тұрақты ІІ тарау. Ересектер мен балалардың стоматологиялық ауруларын біріншілік алдын-алуда санитарлы ағарту мен тәрбиелеу Денсаулық сақтаудың Дүниежүзілік ұйымының мәліметтері бойынша адам ауруларының себептері ішінде 20%-ды тұқымқуалаушылық факторлар, 25%-ы қоршаған орта жағдайлары және 55%-ы - өмір салтымен байланысты жағдайлар. Өмір салты – құндылықты бейімделуі негізінде жасалатын адамның саналы және санасыз қимылдарының жүйесі. Осылайша, көптеген аурулардың пайда болуының қауіп-қатер дәрежесі адамның минут сайынғы шешіміне байланысты - еңбекте, тұрмыста, демалыста материальды және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудың көптеген тәсілдері арасында оның жеке таңдауы. Стоматологияда өмір салтының бірқатар компоненттері, ДДҰ пікірі бойынша оральды денсаулықты сақтауға ең маңызды болып табылады (табл. 2.1). Ауыз қуысына мұқият және сауатты күтімі, тамақтану тәртібі, дәрігерге консультативті қаралуға ынтасы, дәрігермен ұсынылған алдын-алу шараларына белсенді қатысу – салауатты өмір салтының белгілері, олардың қалыптасуына басқа мамандармен бірлесе отырып стоматолог белсенді қатысады. Өз денсаулығына қатысты адамдардың санасыз мінез-құлқы білімсіздігімен негізделген: патологияның пайда болу жағдайлары мен себептерін білмеуі, өз өмірінің және балаларының өмірінің сапасына жеке жауапкершіліктің дәрежесін түсінбеуі. Сондықтан адам денсаулығын ойлай отыра - қауіп-қатер факторларын максимальды жоятын және денсаулықтың қолайлы деңгейін қолдайтын, өзін-өзі бағалауға және қылықты тәрбиелеуге тұрғындарға кез келген танымдық мүмкіншіліктерді беруге негізделетін санитарлы ағартуды ұсынуға болады. Таблица 2.1 Өмір салты және стоматологиялық денсаулық
Әлемде санитарлы ағартудың Дүниежүзілік ассоциациясымен басқарылатын тармақталған көп сатылы жүйе құрылды. Ассоциация мүшелері көптеген елдерде құрылған денсаулықты қалыптастырудың медициналық проблемаларының ұлттық орталықтары болып табылады. Әрбір ірі қалада медициналық алдын-алудың қалалық ораталықтары жұмыс жасайды. Алдын-алу барлық мемлекеттік және жеке меншік емдік-алдын-алу мекемелері қызметтерінің маңызды құрамы болып табылады. Қабылдауда науқастармен сөйлесу, сонымен қатар тұрғындардың әр түрлі топтарына ынталы белгілі бір мақсатқа ие үндеу кіретін санитарлы-ағарту жұмысы - әрбір дәрігердің кәсіби міндеті. Тәжірибе көрсеткендей, сау мінез-құлықтың ережелері туралы білімді беру қажетті болып табылады, бірақ адамның мінез-құлқы расында өзгеруі үшін жеткілікті жағдай Өмір салты – күрделі психологиялық үрдістердің нәтижесі, олардың дұрысталуы оңай емес іс және дәрігерден арнайы білімді талап етеді. Сондықтан стоматолог таңдау алдында тұрады: өзіне тек стоматологиялық ақпараттың көзі ролін сақтай отыра санитарлы тәрбиелеуді педагогтар мен психологтардың қолына беру немесе өз қызметтік міндеттерін сапалы және тиімді орындау үшін қажетті психологиялық білім алу. Рациональды екінші шешім болып табылады, өйткені бүгінде табысты стоматологиялық тәжірибе үшін кез келген түрінде бірдей дәрежеде клиникалық білім мен іскерлік, сонымен қатар науқасқа психологиялық әсер ету шеберлігі қажет. |