Книга профилактика. І тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу
Скачать 3.31 Mb.
|
Адамның мінез-құлқын қалыптастыру механизмдері Адамның мінез-құлқының екі негізгі құрамы бар: қозғаушы және реттеуші (сур. 2.1). Қозғаушы қызмет әрекеттің басталуын және оның бағытын қамтамасыз етеді, ал реттеуші қызмет әрбір нақты жағдайда мінез-құлықтың дамуын анықтайды. Санитарлы тәрбиелеудің міндеттері мен проблемалары адамның мінез-құлқының қозғаушы жақтарын дұрыстаумен, оның мотивациясымен, яғни мінез-құлықтың таңдауын, оның басталуын, бағыттылығын және белсенділігін анықтайтын психологиялық факторлардың жиынтығымен байланысты. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ Сур. 2.1. Адамның мінез-құлқын қалыптастыратын факторлар. Мотивация – бұл адам не үшін, неге, не себепті былай әрекет етеді деген сұрақтарға жауаптар: ешқашан тістерді тазаламалау немесе керісінше гигиенаға жоғары көңіл бөлу, үнемі тәтті қабылдау немесе тәттіден бас тарту. Әрбір ересек адам стоматологқа сыртқы әсерлерге, соның ішінде санитарлы ағартуға жеткілікті төзімді қалыптасқан мотивациясы бар кезде келетінін ескеру қажет. Мотивация ішкі және сыртқы факторлардың күрделі өзара байланысының жемісі болып табылады. Ішкі мотивация шешім қабылдауға және әрекетті орындауға негізді құрайды: ересек адам «оған қалай өмір сүру керек екенін өзі біледі», кез келген өзінің әрекетіне дайын түсіндірмелері және мақтаулары бар. Ішкі мотивация ұзақ мерзімді оқуға, үлкен көлемді жұмысты орындауға, қандай да бір әрекеттерді жүйелі қайталауға негіз болып табылады. Ішкі мотивация адамның қажеттіліктеріне негізделеді. Қажеттілік – бұл адаммен сезілетін материальды немесе рухани құндылықтардың жетіспеушілігі, яғни адам сенеді, соған жету үшін өзінің уақыты мен энергиясын жұмсайды. Қажеттілік адамды белсендіреді, адамның қызметін іздеуге, әрекет етуге бағыттайды және қозу жағдайын қажеттілігі толық қанағаттандырылмағанша ұстап тұрады. Материальды (органикалық) құндылықтар мен қажеттіліктер тірі ағзалардың негізгі инстинктеріне сәйкес келеді және физиологиялық болып табылады. Рухани (екіншілік, психогенді) құндылықтар мен қажеттіліктер инстинктоидтар ретінде қарастырылады, өйткені олар негізгі инстинктердің базасында тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады. Мінез-құлықты анықтайтын қажеттіліктердің 60-80%-ы соқыр сезім деңгейінде болады және ойландырмайды, сондықтан әрекеттердің шынайы себептері адамның өз ойындағыдай болмайды. Барлық қажеттіліктердің ішінде әрбір уақыт кезеңінде мақсат маңызына ие біреуі (немесе бірнеше) «көрінеді». Мақсат ретінде қай қажеттілік жиі және күшті көрінуіне байланысты қажеттіліктердің иерархиялық баспалдағы салынады. Адам өте жоғары қажеттіліктерді алдыңғы деңгейдің қажеттіліктері қанағаттандырылмағанша сезбейді: адамның тісі ауырған кезде оған голливуд күлкісінің құпиялары қызық емес. Санитарлы ағарту орынды және тиімді болу үшін А.Маслоу ұсынған қажеттілік пирамидасына бағдарланған пайдалы. Маслоу пирамидасының екі төменгі баспалдағы (сур. 2.2) биологиялық болып табылады: адам үнемі оттегі, жылу, тағам, су, ұйқының жеткілікті мөлшерін (бірінші баспалдақ), сонымен қатар ауырсынумен, қорқынышпен, агрессиямен күреске энергияның аз жұмсалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жағдайларды (екінші баспалдақ) қажет етеді. Стоматологияға қатысты осы базалық қажеттіліктер хирург пен ортопедтің көмегімен периодонт патологиясының және тіс жегісінің проблемаларын шешетін адамның мінез-құлығын анықтайды. Биологиялыққа тұқымды жалғастыруда және сау ұрпақты өсіруде қажеттіліктер жатады, бірінші баланы босанған немесе күтуші әйелдерді санитарлы ағартудың жоғары тиімділігі себепші болады. Сур. 2.2. А.Маслоу бойынша қажеттіліктер пирамидасы. Пирамиданың қалған баспалдақтарына психоәлеуметтік сипаттағы қажеттіліктер кіреді. Осылайша, үшінші баспалдақты адамның өзіне ұқсас жалпылыққа жату қажеттілігі алады: адамдармен көрші тұру, олардың тобына қабылданған және танымал болу. Бұл қажеттілігі адамдарды өзінің аузын айналадағыларда жек көруді тудырмауға жеткілікті салыстырмалы тәртіпке келтіруге мәжбүр етеді. Егер бұл мақсатқа жетсе, адам пирамиданың келесі төртінші деңгейіне көтеріледі және сыйлауды, құрметтеуді, мақұлдауды, жете білетінін мойындауды, табысқа жетуді, бедел алуды қажет ете бастайды. Пирамиданың бұл баспалдағында тұрған адамдар мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін жақсы денсаулығының болғанын қалайды, сондықтан ауруды алдын-алуға қызығушылық тудырады. Бесінші баспалдақта адамды білуге, істей алуға, түсінуге, зерттеуге ниеттендіретін танымдық қажеттіліктер бар; қажеттіліктің мұндай деңгейі бар адам әр түрлі сенімді, соның ішінде санитарлы ақпаратқа қызығады. Алтыншы баспалдақты эстетикалық қажеттіліктер алады: бұл баспалдаққа жеткен адам үйлесімділік, симметрия, тәртіп, әдеміліктің жетіспеушілігіне сезімталдыққа ие, сондықтан өз сыртқы келбетінің сақталуына және жақсаруына көп күшін салуға дайындығын көрсетеді. Пирамиданың шыңы өзінің маңыздылығында қажеттілік болып табылады - өзінің қабілеттіліктерін жүзеге асыруда, жеке адамның дамуында және жетілуінде. Қандай да бір қажеттіліктер негізінде әр түрлі мотивтер қалыптасады – ақылды белсендіретін сананың күштері мен құралдары, қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған, оны қимылға ниеттендіретін адамның сезімі және еркі. Қимылға ұғынылмаған мотивтер құштарлық деп аталады. Ұғынылған мотивтерге тілегі (ұғынылған қажеттілік), еркелік (ұғынылмаған қажеттілік), қалауы (тілегінің белсенді түрі), қызығушылықтары (адамға ұғынылған маңызы бар затқа қызметін бағыттауға ниеттендіретін танымдық сферадан мотивтер), бейімділік (тек затқа ғана емес, онымен байланысты қызметке де бағыттылық). Сезімдер де мотивтер болып табылады, олар қимылға ниетті ынталандырады, қолдайды немесе тоқтатады. Әдеттер – ерекше мотивтер, олар ұғынуды тоқтатты және соқыр сезімдік, рефлекторлы аймаққа ауысты. Қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін құралдар болатын мотивтердің оларға сәйкес маңыздылықтың иерархиялық нұсқалары болады. Салауатты өмір салтының стоматологиялық насихаты аудиторияның (науқастың, топтың) стоматологиялық қажеттіліктеріне жауап беруі қажет. Қажеттіліктердің деңгейін дәрігер сұрастыру барысында (анкета, интервью алу) тіке сұрақтар көмегімен немесе жанама нысаналар көмегімен анықтайды (табл. 2.2). Әрбір адамның ішкі мотивациясының жүйесі сыртқы әсерлерге өте тұрақты және бірегей болып табылады. Таблица 2.2 Тұрғындардың субъективті стоматологиялық қажеттіліктерінің деңгейлері
Мұндай науқастар үшін ең әсерлі стоматологтың жағымсыз аргументациясы болады (егер науқас алдын-алу шараларын қолданбаса, оны проблемалар мазалайды – ауырсыну, жағымсыз иіс, айналадағылардың жек көруі және т.б.). Жетістікке бағдарланған адамдар (15%) барлық күштері мен көңілін қойылған мақсатқа жетуге жұмылдырады, сыртқы стимулдарға бағына отырып, сонымен қатар өзінің ішкі мотивациясын қолдана отырып оған белсенді жылжиды. Мұндай адамдардың қызметінің өнімділігі оң стимулдардың әсерінен жоғарылайды, сондықтан оларға ауыз қуысының қолайлы және эстетикалық жағдайына жетуге немесе сақтауға уәде беретін стоматологиялық ұсыныстары тартымды (жағымды аргумент). Қалған 70% науқастардың сыртқы мотивациясы үшін агрессивті және жағымды аргументтердің қосарлануы тиімді. Арнайы стимулдарға жаңа білім, істей алу немесе дағдылар жатады. Бұл стимулдар психикалық қызметті белсендіреді және жаңа құндылықтар мен қажеттіліктердің қалыптасуына әкеледі. Қарапайым графикалық түсінікте фактілер (бұл әрекетке қатысты адамның алған білімі, істей алуы және дағдылары) пирамиданың негізінде жатыр, оның ортаңғы бөлігін жалпы түсініктер, ал шыңын – құндылықтар құрайды. Сондықтан адамға ақпарат беретін санитарлы ағартудың институты оның құндылықтарының, демек қылығының модификаторы роліне талаптана алады. Дегенмен санитарлы ағартудың мақсатына жету адам психикасының күрделі құрылысымен қиындайды. Жаңа мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру сатылары Мінез-құлықты өзгертуге қажет психикалық компоненттерді адам өз мінез-құлығының ақауы туралы хабардарсыздықтан жаңа сау әдетті жасауға әкелетін, баспалдақтың сатылары бойынша жайлап көтеріліп алады (сур. 2.3). Баспалдақтың ең төменгі деңгейі хабардарсыздық болып табылады: ақпараттың жоқ болуы немесе нақты проблемаға қатысты толық емес, бұрмаланған білімнің болуы (мысалы, жас ана бала тістерінің оған түнде шырынмен кеспе берген кезде бұзылатынын білмейді). Егер қандай да бір ішкі немесе сыртқы факторлар (бала тістерінің түсінің өзгеруі) адамның көңілін проблемаға аударса, онда қызығушылық туады – ол білімінің жетіспеушілігін күңгірт немесе анық сезінуі және өзінің білімсіздігін мойындауы мүмкін, бұл оны жаңа ақпарат қабылдауға дайындайды. Бірінші сатыдан екіншіге ауысу – мәліметтілік сатысы - үйрету үрдісінде болады. Бұл сатының жетістігі ақпараттың сапасына және оны беру тәсіліне, сонымен қатар дәрігер мен науқастың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Екінші сатыда тұрған адам проблеманы біледі (ерте балалық тіс жегісі), оны шешудің принципті мүмкіншіліктері оған белгілі (басқа шаралармен қатар – түнгі қоректендіруден бас тарту), ол патологияның пайда болуын алдын-алатын сау мінез-құлық ережелері туралы дәрігердің сұрақтарына жауап бере алады (баланы түнде тамақтандыруға болмайды), бірақ бұл «абстрактты», «бөтен» білім, олар өмір салтына әсер етпейді. 7. Әдет 6. Ұғынылған әрекеттер 5. Еліктіру 4. Қызығушылық 3. Ақпараттың жеке маңыздылығы 2. Мәліметтілі 1. Хабардарсыздық Сур. 2.3. Мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру баспалдағы. Баспалдақтың үшінші сатысы – жаңа фактілерге жеке маңыздылықты иемдену. Адам ұғынып немесе ұғынбай алынған ақпаратты өз өміріне жібереді, оны өз проблемаларына және мүмкіншіліктеріне жақындатады (ана әлі де кешкісін бөтелкеге шырын құяды, бірақ таңертен баласының тістеріне үрейлі қарайды). Одан әрі адам төртінші деңгейге көтеріледі – қызығушылық сатысына. Енді адам жаңа ақпаратты қолдану және жаңа әрекеттерге кірісуді (анасы дәрігердің шырынға тыйым салғанын есте сақтаған, баласының алдында оның тістерінің бұзылғанына кінәсін сезінеді) қажет ететін жеке мақсаттарын анықтап таниды, бірақ әлі шешуші өзгерістерге дайын емес (анасы түннің барлық отбасы үшін ұйқысыз өтетінін біле тұра баласының шырынсыз қалуына тәуекел ете алмайды). Қазіргі заманғы психологтар әрекет етуді бастау шешімін қабылдау механизмдеріне, яғни сынақ әрекеттеріне оның дайындығына зор мән береді. Сынақ әрекеттеріне тәуекел етуге адамға көмектесу үшін санитарлы-ағарту жобалары болуы қажет:
Егер сынақ әрекеті болмаса – адам алдыңғы сатыға, яғни жеке маңыздылық пен қызығушылықтың қол жеткізген биіктерін жоғалта отырып, мәліметтілік деңгейіне қайтып келеді. Егер сынақ әрекеті болса, онда науқас бесінші – еліктіру сатысына көтеріледі. Бұл сатыда адам белсендірілген, ол өзгерістер қажеттілігін сезінеді және мақсатқа жолды анық көреді, сондықтан қолайлы жағдайлар және эмоциональды қолдау болған кезде алынған ақпаратты қолдана бастайды. Бұл қозғалтқыш фаза, мінез-құлықтың жаңа үлгісі тәжірибемен сыннан өтеді (анасы баланың әкесінің қолдауын алып, бөтелкеге шырынның әдеттегі мөлшерінің жартысын құяды, суды қайнатады, оны суытады және бөтелкеге қажетті көлемге дейін қосады, балаға әдеттегі мәнерде ұсынады). Егер нәтижелер уәде мен күтуді алдамаса, жеңіл қол жетілсе және кері жағымсыз әсерлер болмаса (бала ауыстырғанын байқамайды және жеңіл ұйықтайды), адам алтыншы деңгейге көтеріледі – мінез-құлықта ұғынылған өзгерістер сатысы, жаңа әрекетті өз өмір тәртібіне қосады және оны жүйелі түрде қайталайды. Бұл сатыда дәрігерлік қолдау өте маңызды, өйткені өзіне көмек көрсетудің кез келген процедурасы элементарлы бола бермейді (бала су қосылған шырыннан бас тартады және жылайды), ал жаңа мінез-құлықтан пайда бірден көріне бермейді (эмаль «өспейді», оның нығаюы ата-ана үшін айқын емес). Егер мінез-құлықтың жаңа үлгісі өмір салты жүйесінде бекітілсе, онда жаңа мінез-құлық соқыр сезімдік сфераға өту және мінез-құлықтың жетінші, жоғарғы сатысын алу үшін жетіледі (баланы жатқызудан бұрын анасы таңдауға ойланбастан алдын-ала дайындалған суды бөтелкеге құяды). Науқастың мінез-құлқының модификациясы бойынша жұмыстың басында дәрігер науқас қазіргі кезде баспалдақтың қандай сатысында тұрғанын анықтайды, өйткені бұл жолда шыңға төмен түсуге, сатыдан жоғары секіріп өтуге болмайды. Бір сатыдан басқаға өтуді жылдар бөлінуі мүмкін, үрдіс адамның ішкі немесе сыртқы мотивациясындағы оқиғалармен жандандырылуы мүмкін. Ішкі мотивацияның өзгеруі сыртқы әсерлер көмегімен (әңгімелесу, соның ішінде санитарлы тәрбиелеу және оқыту), немесе өз құндылықтары мен мінез-құлқын өзгертуге жеке адамның өзіндік жұмысы жолымен (өз мотивациясы) болуы мүмкін. Санитарлы-ағарту жұмысының ұйымдастырушысына ең маңызды ересек адамдар мен балалардың әңгімелесу, тәрбиелеу және оқытудың принциптерін қарастырайық. Санитарлы ағартуда әңгімелесу Әңгімелесу – ақпарат алмасумен жүретін тірі ағзалардың өзара әрекет жасауының тәсілі. Санитарлы әңгімелесу (health communication) адамның ақпараттануы және дәлелденуінің техникасы және шеберлігі, денсаулық үшін маңызды сұрақтар туралы ұйымдар мен институттар ретінде анықтайды. Адамдардың әңгімелесуінің нәтижесі олардың бір-біріне өзара әсері болып табылады. Әңгімелесудің құрамына және мақсатына сәйкес оның түрлерін ажыратады:
Санитарлы-ағарту қызметі негізінен мотивациялық, когнитивті және қызметтік әңгімелесуден тұрады, орта ретінде және қолдау үшін материальды және кондиционды әңгімелесу қолданылады. Әңгімелесу үшін әр түрлі құралдар мен тәсілдер қолданылады – берілетін ақпараттың кодталу, берілу, өңделу және мағынасын ашу тәсілдері. Санитарлы-ағарту жұмысында әңгімелесудің барлық мүмкін варианттары қолданылады, олар қолданылатын құралдары мен тәсілдеріне байланысты шартты түрде бөлінеді:
Науқаспен әңгімелесудің негізгі алдын-алу мақсатына – оның өмір салтын жақсартуға - жетуді қалайтын дәрігер мен оның ассистенті өзінде коммуникативті дағдыларды жаттықтыруы қажет:
Психологтар әңгімелесу техникасына маңызды орын береді. Әңгімелесудің мақсаттарына жету үшін қатынасқа икемдену, әңгімелесудің әрбір сатысын өткізу үшін тәсілдерді нақты таңдау өте маңызды. Әңгімелесудің басында бет-әлпеті, дене тұрысы, бірінші сөздерді таңдау, интонация, ым маңызды роль атқарады, олар науқасты тартады және берілген ақпаратты қабылдауға икемдейді (серіктестер арасында жақын қашықтық, күлкісі, бетпе-бет орналасу және т.б.), немесе оны алшақтатады (үлкен дистанция, беттің теріс ниетті түрі, жанына қарау және т.б.). Лекторға тыңдаушылардың, біздің жағдайымызда – дәрігерге науқастың сенім деңгейін жоғарылататын негізгі факторлар келтірілген:
Санитарлы-ағарту жұмысы үрдісінде дәрігер науқастан көп білетін және істей алатын адам ретінде шығады, бірақ бұл артықшылық тек қана стоматологияға қатысты екенін ұмытпау қажет, сондықтан дәрігердің тәрбиешілік сарынға құқығы жоқ. Тәрбиелік әсерге сенетін дәрігер науқастың адамгершілігіне кудік тудыруға, оны білімсіздігіне, ақылсыздығына, міндетті еместігіне, таза еместігіне, икемсіздігіне және т.б. кінәлауға құқығы жоқ, өйткені сондай түрдегі кез келген ым науқасты басқа қорғанышқа кетуге мәжбүр етеді және одан әрі қатынасты мүмкін емес қылады. Дәрігердің жауап сөздері терістеуден басталмауы қажет («Жоқ, әңгіме щетканың сапасында емес!»), бірақ науқастың кейбір дәлелдерімен келісумен («Иә, Сіз шынында да жақсы щетканы таңдадыңыз, бірақ...»). Ересек науқастар көбінесе жеке артықшылығын анық көрсететін дәрігерді нашар қабылдайды, сондықтан әңгімелесуді «Мен Сізге үйретемін, қалай қажет...» сияқты фразадан бастамаған жақсы, бірақ науқасты ұсынылған тезистерге жайлап әкелу («Көрейік, тістің бұл проблемалық беткейлеріне щетканың енуін қалай жақсартуға болады...»). Сауатты, адам құрметіне лайықты ретінде ересек науқастың имиджін бұзбау үшін дәрігердің кез келген пікірі білмеуге ұят, элементарлы түрде емес, науқас әрине білген, бірақ ұмытып қалған немесе өзіне маңызды деп ойламаған немесе арнайы түрде келтірілуі қажет. Әңгімелесудің өнімділігі үшін оның соңын ұйымдастыру техникасын ойластыру маңызды, ол әңгімелесудің нәтижелілігін (алынған ақпараттың сақталуы және қолданылуы) және оның жалғасуының перспективаларын анықтайды. Әңгіменің соңында тезисте негізгі келіскендікті қайталау, келесі кездесудің нақты мерзімін және оның мазмұнын белгілеу («Көреміз, бәрі Сізде ойдағыдай шығады ма, жаңа ережелер бойынша щеткамен тазарту жағдайында қызылиек қандай болады, флоссинг туралы Сіздің түсінігіңізді анықтаймыз, сондықтан өзіңізбен бірге жіп ала келіңіз...») пайдалы. |