Книга профилактика. І тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу
Скачать 3.31 Mb.
|
Қауіпсіздік техникасының ережелері Электрлік жабдықта қауіпсіздік техникасы оның жер қосылуын талап етеді, оған емдік мекеменің қауіпсіздік техникасы бойынша инженері немесе басқарма жауапты болады. Науқаспен жұмысты бастамас бұрын қондырғыны желіге қосып, оның барлық агрегаттарының жұмыс қабілеттілігін тексеру қажет. Күйген резина немесе пластмассаның, түтіннің иіс пайда болған кезде қондырғыны электр желісінен дереу сөндіру қажет. Жұмысты аяқтаған кезде қондырғының жұмыс істейтін агрегаттарын сөндіру қажет. Бормашинаны қолданумен жұмысты бастамас бұрын механикалық байланыстардың беріктігін бақылау қажет, соның ішінде ұштықтың ротациялық щетканың, бордың және т.б. бекітілуін: егер щетка ұштықтың басына еркін кірсе немесе жұмыс кезінде шығып кетсе, онда аспирация немесе науқастың щетканы жұтуын алдын-алу үшін жұмысты дереу тоқтатады. Жұмыс барысында қызып кету және термиялық күйікті алдын-алу үшін ұштықтың температурасын қадағалау қажет. Қондырғы немесе ұштықтың жұмысында бөгде дыбыстар, құралдардың айналуы кезінде тоқтап қалуы пайда болған кезде жұмысты тоқтату қажет. Айналуды ашық шнурлардың көмегімен беретін қатты шлангысы бар қондырғыларда жұмыс кезінде шаштың машинаға оралу қаупі пайда болады, сондықтан қызметкер медициналық бас киімде жұмыс істеу қажет. Фармакологиялық алдын-алу препараттарын және биоактивті заттарды қолданған кезде науқасты уланудан сақтау қажет, ол үшін препараттардың бөлек, науқасқа қол жетпейтін жерде сақталуын қадағалау, препараттардың және олардың байланысының мөлшерін дәл таңдау қажет. Жергілікті алдын-алу процедураларын орындаған кезде науқасты қалдыруға болмайды: науқастар аппликация үшін немесе шаю үшін ауыз қуысына енгізілген препараттарды жұтпауын қадағалау қажет. Инфекция ауа-тамшылы, қатынасты, оральды-фекальды және парентеральды жолдармен берілуі мүмкін екені белгілі. Стоматологияда инфекцияның бір адамнан басқа адамға барлық берілу жолдары мүмкін: жұқтырылған құралдар арқылы, ауамен, жеке қатынас кезінде, қан арқылы, жұқтырылған тағам және су арқылы. Инфицирленудің алдын-алуы үшін инфекцияның барлық аталған таралу жолдарын бақылауда ұстау қажет. Алдын-алу қабылдауында инфекция көзі науқас та, персонал да болуы мүмкін екенін есте сақтау қажет. Ең қолайсыз таблицада (табл. 3.2) аталған патогенді микрофлорамен инфицирлену факті болып табылады. Таблица 3.2 Стоматологиялық алдын-алу қабылдауында ең қауіпті инфекциялар
Санитарлы тәртіп дезинфекция мен залалсыздандырудың физикалық және химиялық әдістері мен заттарын қолданумен ұйымдастырушы шаралардың көмегімен персоналдың, науқастың, қоршаған ортаның инфекцияға қарсы қорғанышын жорамалдайды. Бет пен қолдың терісі, ауыз қуысының кілегей қабығы, аыз сұйықтығы және науқастың тіс жұғындылары, жөтелу және түшкіру кезінде шығарылатын мұрынжұтқыншақты секреттің аэрозолі патогенді инфекцияның потенциальды резервуарлары болып табылады. Өзін қорғай отыра, медициналық қызметкерлер жарамен және тінмен, қанмен, секреторлы және экскреторлы бөліністермен немесе осы биологиялық субстраттармен ластанған заттармен тікелей қатынастан құтылуға мүмкіндік беретін қорғанудың жеке заттарын қолданылуы қажет. Манипуляцияларды орындау кезінде медициналық қызметкерде халат, бас киім болуы қажет. Бетті және көздің, мұрынның және ауыздың кілегейін қорғанышы үшін қорғаныш көзілдіріктер және маскалар (төрт қабатты дәкелі маска жаңаға әрбір 3 сағат сайын ауыстырылады немесе таза жуылған және үтіктелген; бір реттік маска алты сағат мерзімінде қолданылады) немесе бүкіл бетті жауып тұратын пластикалық экрандар қолданылады. Қолдың терісі қолғаппен қорғалады, киюден бұрын бар микрожарақаттарды пластырьмен жабу қажет және АИВ-инфекциясы таралуының өсуіне байланысты терінің, кілегей қабықтың кез келген зақымдалуы, олардың медициналық көмек көрсету кезінде науқастың биологиялық заттарымен ластануы құрамында АИВ немесе инфекциялық аурудың басқа агенті бар материалмен мүмкін болатын қатынас ретінде қарастыру қажет. Сондықтан зақымдалған тері немесе кілегей қабықтың науқастың биологиялық сұйықтықтарымен қатынасының әрбір жағдайында бірқатар сақтық шараларын қолдану қажет.
Зақымданған адамның аты-жөні, апат күні және уақыты, апат кезінде орындалған жұмыс түрі, апаттың сипатын баяндау, мүмкін жұғу көзін бейнелеу және оны АИВ-ке тексеру. Осы және басқа да мәліметтер негізінде медициналық қызметкерде АИВ анықталған жағдайда, жұғу кәсіби болып табылады ма сол шешіледі. Болған апат және жүргізілген шаралар туралы мекеменің бастығына хабарланады. Медициналық қызметкердің АИВ-инфекцияға тексеру нәтижелері қатаң болып табылады. Бірінші тексеру апаттан кейін бірден жүргізіледі. Оң нәтиже қызметкердің бұрын инфицирленгенін дәлелдейді және жұғу апаттың нәтижесінде емес, яғни кәсіби емес болып табылады. Теріс нәтиже кезінде қайта тексеру 6 айдан кейін жүргізіледі. Науқасты қызметкер жағынан инфирцирленуінен қорғау мекеменің барлық медициналық қызметкерлерінің денсаулық жағдайын тұрақты бақылаумен қамтамасыз етіледі. Дәрігерлер және орташа медициналық қызметкер жұмысқа алынғанда медициналық кітапша алады, онда келесі ақпарат үнемі көрсетіледі: дифтерияға қарсы егулер болуы; вирусты гепатитке қарсы егулер болуы; жыл сайынғы флюорографиялық тексеру нәтижелері; HBS-қа қанның тексеру нәтижелері (жарты жыл сайын өткізіледі). Инфекция таралуын алдын-алу үшін дәрігер сау емес кезінде аурулық қағаз алуы қажет. Даладан, үйден және басқа мекемелерден инфекцияның тасымалдануын алдын-алу үшін медициналық қызметкер ластануына байланысты ауыстыратын екінші аяқ-киімді және арнайы киімді (халаттар, костюмдер) қолдануы қажет. Науқас дәрігердің терілік микрофлорасынан, оның ауыз- және мұрын-жұтқыншақты секреттерінен қолғаппен, маскамен, қорғаныш экранмен қорғанады, қызметкер олармен жабдықталуы қажет. Келесі науқасты және келесі зонаны алдыңғы науқастың инфекциясынан қорғау қолданылған құралдардың, материалдардың дезинфекциясы және залалсыздандыруы бойынша шараларды жүргізу жолымен қол жетіледі. Дезинфекция бактерия спораларының мүмкін сақталуы кезінде патогенді ағзаларды жою болып табылады. Химиялық дезинфекция В гепатиті мен ЖИТС қоздырғыштарын толық жоюды қамтамасыз етпейді. Дезинфекциялық агенттерді жиі жұмысшы беткейлерді, қондырғыларды және кабинеттің мебелін өңдеу үшін қолданылады. Қанмен және кілегеймен жанасқан құралдар міндетті түрде залалсыздандыруға ұшырайды. Залалсыздандыру ең төзімді бактерия спораларын қоса барлық микроағзаларды толық жою болып табылады. Қуыс денелі және бірнеше бөліктерден тұратын құралдарды өңдеуге ерекше көңіл аударылу қажет. Қазіргі кезде залалсыздандыруды өткізудің бірнеше әдістері тиімді болып табылады: автоклавтау (құралдардың 3-15 мин мерзімінде жоғары қысымның астында болатын ыстық бумен өңделуі); салқын химиялық залалсыздандыру (құралдарды 7-12 сағатқа бактерия спораларын өлтіретін химиялық заттардың ерітінділеріне салу); химиялық бумен залалсыздандыру (бу түрінде залалсыздандырғыш ерітіндіні қолданумен герметикалық жабық камерада жүргізіледі); улы газдармен залалсыздандыру (этилен тотығының, формальдегидтің төмен температуралы булары қолданылады); құрғақ бумен залалсыздандыру (155-1750С температура кезінде 20-120 мин мерзімінде ұстау); қыздырылған болат немесе шынылы шариктердің көмегімен залалсыздандыру. Залалсыздандыру сапасын немесе орындау тәртібін бақылау үшін бірқатар индикаторлар қолданылады: биологиялық индикаторлар немесе себулер (микроағзалардың толық жойылуы туралы ақпарат береді); химиялық индикаторлар (объекттің индикатор жағдайын өзгерту, сонымен қатар залалсыздандыруға жету үшін бірдей мөлшерде қажетті физикалық жағдайлар әсеріне ұшырағанын дәлелдейді); механикалық және термиялық индикаторлар (залалсыздандыратын факторлардың – қысымның температурасы және т.б. жағдайын тіркейтін өлшеу аспаптары). Стоматологиялық құралдарды өңдеу реттілігі Қолданылған стоматологиялық құралдар мен материалдар әрбір науқасты қабылдағаннан кейін залалсыздандыруға ұшырайды. Егер құралдар мен материалдар бір реттік болып табылса, олардың пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Мақталы тампондар, пластмассалы сілекей сорғыштар және т.б. қалалық қоқыс тастайтын жерге жіберілгеннен бұрын, оларды 1 сағатқа 1% хлорамин ерітіндісіне, немесе 6% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне, немесе 3% хлорлы әк ерітіндісіне, немесе 30 минутқа инкрасепт ерітіндісіне сала отырып, дезинфекциялау қажет. Бормашиналардың, бос қалған жердің, ауалы және сулы пистолеттердің, тіс жұғындыларын алуға арналған ультрадыбыс құралдарының ұштықтары әрбір науқастан кейін екі рет 70% спиртпен өңделеді және кезектің соңында 60 мин. мерзімінде 3% хлораминмен немесе 30 мин. мерзімінде инкрасепт ерітіндісімен өңделуге ұшырайды. Науқастың кілегей қабығымен жанасқан және биологиялық сұйықтықтармен ластанған (стоматологиялық қол құралдары, шынылар, айналар, борлар) құрылғылар және қолғап қолданғаннан кейін бірден дезинфекцияға ұшырайды, содан кейін залалсыздандыруалды өңдеуден және залалсыздандырудан өтеді. Дезинфекция қолданылған құралдарды инкрасепт ерітіндісі бар сыйымдылықтарға 30 минутқа толық салу жолымен жүргізіледі (сонымен қатар 60 мин. мерзімінде 3% хлорамин, немесе 60 мин. мерзімінде 6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, немесе 10 мин. мерзімінде 2% виркон ерітіндісі, немесе 15 мин. мерзімінде сайдекс ерітіндісі, немесе 60 мин. мерзімінде 0,1% хлосепт ерітіндісі қолданылуы мүмкін). Дезинфекциялық ерітінді алты рет қолданылады, содан кейін ауыстырылады. Одан әрі құралдар залалсыздандыруалды өңделуден өтеді: 1) құралдарды инкрасепт ерітіндісі бар басқа сыйымдылыққа t=20-450 салады, мұнда әрбір құралды щеткамен 15 с. мерзімінде жуады; 2) құралдарды ағын сумен жуады; 3) дистилденген сумен шаяды; 4) тазару сапасын тексереді: қаннан – азапиран сынамасымен (оң сынама кезінде барлық залалсыздандыруалды өңдеуді қайталайды); сілтіден – фенолфталеин сынамасымен (оң сынама кезінде 2 және 3 қайталайды); 5) құралдарды құрғақ орамалмен сүртеді немесе ылғал жойылғанша ыстық ауамен кептіреді. Содан кейін құралдардың залалсыздандыруын өткізеді. Шыныдан, металдан, силиконды резинадан жасалған бұйымдарды қапсыз (ашық сыйымдылықтарда) немесе қағаздан жасалған қапта құрғақ ыстық тәсілмен (құрғақ ыстық бумен) залалсыздандырады. Залалсыздандыру тәртібі: t=1800 60мин. Полирлер, тіс жұғындыларын алуға арналған құралдардың жұмысшы бөліктері және борлар құралдар сияқты өңделеді. Стоматологиялық айналар дезинфекцияға, содан кейін – залалсыздандыруалды өңделуге (2,3 және 4) ұшырайды, кейін жоғары температура кезінде шынылы шариктермен залалсыздандырады: Петри табақшасында сақталады. Резиналы қолғаптарды, мақталы тампондарды, полимерден, текстильден, латекстен жасалған бұйымдар бикстерде автоклавтау әдісімен екі тәртіпте залалсыздандырылады: t=1200, 1 атм. қысым 45 мин.мерзімінде немесе t=1320, 2 атм. қысым 30 мин. мерзімінде. Герметикалық қапта (биксте, краф-қағазынан пакетте) құралдардың стерильдігінің сақталу мерзімі үш тәулікті құрайды, биксті ашқаннан кейін ондағы материал жұмыс күні мерзімінде стерильді болып табылады. Инфекцияға жоғары қаупі бар науқастарды қабылдауды ұйымдастыру ерекшеліктері Инфекциялық аурулары туралы бұрын белгілі науқастарды емдеу барлық қосымша процедураларды өткізуді талап етпейді. Қауіпсіздік үшін қабылдауды дұрыс ұйымдастыру қажет. АИВ-инфицирленген немесе В гепатиті бар науқастарды қабылдауды жұмыс кезегінің соңғы сағаттарында жоспарлау қажет. Тек осы науқаспен жұмыс үшін қажет құралдар мен заттарды қалдырған жөн. Емдеу басталмастан бұрын сорып алатын құрылғыларды, беткейлерді, құралдарды өңдеу үшін дезинфекциялық заттарды дайындау қажет. Егер сорып алатын құралдар және шлангалар дайындалатын материалдар дезинфекцияға нашар ұшыраса немесе қанның шашырау мүмкіндігі болса, онда оларды қабықпен жабу қажет. Қызметкер қорғаныш киімін, масканы, көзілдірікті, қолғапты қолдану қажет. АИВ-инфицирленген науқасты қызметкерден шығатын инфекциядан қорғау үшін дәрігер мен ассистент қолдарын дезинфекциялауы және стерильді қолғапты қолдануы міндетті. Қабылдау кезінде өткір құралдармен кездейсоқ түйрелуден сақтану қажет. Қажет жағдайда құралдарды, дәрілерді және т.б. беріп тұру үшін екінші ассистентті шақыру керек. Құрылғыларға және құралдарға қанның түсуі кезінде оларды бірден дезинфектанттың көмегімен мұқият тазарту керек. Қабылдаудан кейін дәрігер мен ассистент қолғапты, бір реттік масканы шешеді және оларды қоқымға арналған қапқа лақтырады. Дәрігер халатын шешеді, ассистент оны кір жууға арналған сыйымдылыққа салады. Міндетті түрде қолдың гигиеналық дезинфекциясы жүргізіледі. Науқас қолданылған маталы салфеткалар жууға жіберіледі. Түкіргіштен барлық қоқыстарды және құрылғылардан қорғаныш қабықтарды қоқымға арналған арнайы қаптарға салады. Медбике жаңа қолғапты киеді және барлық жұмысшы құралдарғы гигиеналық күтім жүргізеді. Арнайы қысқыштар көмегімен қолданылған құралдарды дезинфекциялық сыйымдылыққа салады, бұл кезде кескіш және тікенекті заттар бөлек бір реттік сыйымдылыққа салынады. Ұштықтарды спиртпен дезинфекциялайды, содан кейін арнайы майлы аэрозольдің көмегімен олардың ішкі тазартуын жүргізеді. Ең соңында қондырғыларды автоклавтайды немесе олардың ішкі бөліктерінің басқа тиімді дезинфекциясын жүргізеді. Сорып алатын құрылғыларды дезинфекциялық заттардың көмегімен тазартады. Барлық беткейлердің мұқият дезинфекциясын жүргізеді, еден жуылады. Содан кейін медбике халатын, маскасын шешеді және оларды кір жууға арналған қаптарға салады, қолғабын қоқымға арналған қапқа лақтырады, қолының дезинфекциясын жүргізеді. IV тарау. Алдын-алу қабылдауында стоматологиялық тексеру Стоматологиялық тексеру (клиникалық және эпидемиологиялық) алдын-алу көмегін ұйымдастыру және оның тиімділігін бағалау үшін ақпарратты база жасауға мүмкіндік беретін алдын-алу жұмысының маңызды сатысы болып табылады. Алдын-алу қабылдауында қолданылатын клиникалық стоматологиялық тексерудің негізгі әдістеріне сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия, ал қосымшаларға – лабораторлы және құралмен тексеру жатады. |